Банк қызметтерін қадағалау және бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 21:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты –банктік қызметті бақылау және қадағалау және оның тиімділігін талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- банктік қызметті бақылау және қадағалау жүргізу аспектілері;
- банктік қызметті бақылаудың мәні мен рөлін;
- банктік қызметті бақылаудың әдістерін;
- банктік қызметті қадағалау және бақылаудың түрлерін талдау;
- Қаржылық бақылау бағыттарының бірі - аудиторлық бақылауды;
- банктік қызметті бақылау және қадағалауды жетілдіру шараларын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
I бөлім. Банк және оның қызметі және оны қадағалау негіздері
1.1 Банктердің қызметі мен міндеттері ...............................................................
1.2 Банктік қадағалаудың концептуалдық негізі.......................................
II бөлім. Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
Банктік қадағалаудың процестік сатылары.............................................
Банктік қадағалау жүйесінің маңызы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ролі..

III бөлім. Нарықтық экономикадағы банктер қызметін қадағалау және оны жетілдіру шаралары
3.1 Коммерциялық банктердің экономикадағы күрделі қызметтерін жетілдірудің экономикалық тиімділігі......................................................
3.2 Банктің қадағалаудың шетелдік тәжірбиесі.............................................
ҚОСЫМШАЛАР...................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................

Работа содержит 1 файл

банк кызмет терин кадагалау жане бакылау.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ  ...................................................................................................................3 

Негізгі бөлім.

I бөлім. Банк және оның қызметі және оны қадағалау негіздері

1.1 Банктердің  қызметі мен міндеттері ...............................................................

1.2 Банктік  қадағалаудың концептуалдық негізі....................................... 

II бөлім. Банк қызметін  қадағалау және  бақылау жүйесі мен сатылары

    1. Банктік қадағалаудың процестік сатылары.............................................
    2. Банктік қадағалау жүйесінің маңызы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ролі..
 

III бөлім.  Нарықтық экономикадағы банктер қызметін қадағалау және оны жетілдіру шаралары

3.1 Коммерциялық  банктердің экономикадағы күрделі  қызметтерін жетілдірудің экономикалық  тиімділігі......................................................

3.2 Банктің қадағалаудың  шетелдік тәжірбиесі............................................. 

ҚОСЫМШАЛАР...................................................

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................... 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Республикамызда банктерді бақылау мен кадағалау  Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық қаржылық қызметті және банктегі оның мекелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді жиынтығы  ұсынылады.

    Банктер үстінен жасалатын бақылау мен  қадағалауды халыкаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

    Қаржылық  бақылаудың   болуы  экономикалық  категория  ретіндегі  қаржыға  бақылау  функциясының  тән  болуымен  объективті  түрде  шарттасылған. Бұл  функция  арқылы  қаржы  бөлудің  қалыптасып отырған  үйлесімі, қорлардың  ара  салмағы, оларды  қалыптастырудың  көздері,  пайдаланылуы  туралы  ескертіп  отырады.  Қаржының  бақылау функциясы материалдық   игіліктерді  өндіру,  айырдастау, бөлу және  тұтыну  процесіне қоғам, ең  алдымен мемлекет  тарапынан ықпал жасауға мумкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық  қатынастарда  ғана  адамдардың   қатысуымен,  мынадай белгілі бір шарттардың  кезінде:  бақылаудың  айрықша  органдарын  құрғанда;  оларды  білікті  мамандармен   толықтырғанда;  бұл  органдардың  құқықтарын  реттемелегенде   шындыққа  айналады.

    Курстық жұмыстың мақсаты –банктік қызметті бақылау және қадағалау және оның тиімділігін талдап, зерттеу.

    Курстық жұмыстың міндеттері:

    -  банктік қызметті бақылау және қадағалау жүргізу   аспектілері;

    -  банктік қызметті бақылаудың  мәні  мен     рөлін;

    -  банктік қызметті бақылаудың  әдістерін;

    -  банктік қызметті  қадағалау  және бақылаудың  түрлерін талдау;

    -  Қаржылық бақылау бағыттарының бірі - аудиторлық  бақылауды;

    -  банктік қызметті бақылау және қадағалауды жетілдіру шараларын зерттеу.

    Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып  отыр. Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі – клиент есебінен (тексерілетін субъект жекелеген жағдайда бюджеттік қаражаттар есебінен) шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.

    Соңғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор  кадрларды дайындау және олардың  қызметін лицензиялау, қабылданған  жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.

    Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, 3 тараудан, қортыныдыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    Бірінші тарауда, банктік қызметті қадағалау және бақылаудың  мәні  мен     рөлі, бақылаудың  әдістері қарастырылды.

    Екінші  тарауда, банктік қызметті қадағалау және бақылаудың  түрлерін талдау, қаржылық бақылау бағыттарының бірі - аудиторлық  бақылау ретінде талданды.

    Үшінші  тарауда, қаржылық бақылауды ұйымдастыру, қаржылық бақылауды жетілдіру шаралары сипатталды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I бөлім. Банк және  оның қызметі және  оны қадағалау  негіздері

1.1 Банктердің қызметі  мен міндеттері

    Коммерциялық  банктердің негізгі атқаратын қызметтері мынадай болып

келеді:

  • ақша қаражатын шоғырландыру және тарту;
  • несие беру;
  • шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
  • төлем құралдарын шығару;
  • бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
  • сенімхат бойынша клиенеттредің мүлкін басқару яғни траст операциясын жүргізу,
  • клиенттерге кеңес беру;

    Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру

банктердің  ежелден атқаратын қызметтерінің  бірі. Заңды және жеке тұлғалардың  уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.

      Коммерциялық  банктердің атқаратын келесі бір  қызметі- несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз  алушының арасында тікелей несие  қатынастарының туындауына кедергі болатын жайттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады.Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін.

     Коммерциялық  банктер қарыз беруші мен қарыз  алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әртүрлі  секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.

     Ұйымдасқан  және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу  жүйесінсіз тұрақты экономика болуы  мүмкін емес. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол  ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде  клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.

     Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі  жетілдіруін талап етеді. Сондықтан  бұл елдерде есеп айырысудың әр түрлі жүйесі құрылуда. Мысалы, есеп айырысуға қатысушы банктердің арасындағы клиринг жүйесі немесе жире жүйесі. Сондай-ақ банктер арасында өзара келісім бойынша корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент банктер арқылы да жүргізіледі. Банктерді төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін арттыру үшін қазіргі кезде есептесудің электрондық жүйесі енгізілуде.

     Коммерциялық  банктердің ерекше қызметі төлем  құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты болып келеді. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді. Мысал, егер клиент банкке 10 мың долл. салып, оны талап бойынша алынатын шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының активінде кассалық қалдық 10 мың долл. өседі, ал пассивінде депозиттер де осы сомаға артады. Шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі өзгермейді, себебі ақша қолма-қол формасынан қолма-қол емес формасына ауысты.

     Келесі  мысал. Банк қарыздарға 100 мың долл. сомаға несие беріп, оны депозиттік шотқа есептеді дедік. Онда шаруашылықтағы ақшаның жалпы көлемі 10 мың долл. өседі, себебі банк өзінің несиелеу операциясымен жаңа төлем құралын, яғни чек шығарды. Осы депозит сомасына ақша массасы артты.

     Дегенмен, банк өзінің қызметі барысында ақша шығарумен қатар ақшаның бірсыпыра  бөлігін «жоюмен де» айналысады. Бұл біріншіден, клиент банктегі шотынан  қолма-қол ақша алғанда (бірақ жалпы  ақша массасы өзгермейді), екіншіден, несиені қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Бұл жағдайда жалпы ақша массасы кемиді. Дәл осындай нәтиже банктер бағалы қағаздарды сатқанда алынады-ақша салушылардың шотындағы салым (депозит) сомасы және шаруашылықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.

     Коммерциялық  банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтер шегінде) әрекет етеді.

     Коммерциялық  банктер акция және облигация  түріндегі бағалы қағаздарды шығарып  және орналастырып эмиссиялық-құрылтайшылық  қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсыры бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.

     Сол сияқты  банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта  сатуда делдал ретінде екінші нарық  ұйымдастырылады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монопольды түрде жүргізеді. Мысалы, АҚШ-та онымен 6 коммерциялық және 13 инвестициялық банктер шұғылданады (қосымша-1).

     Банктер сенімхат бойынша клиенеттердің  мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі  үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтын мүлікке салу), құндылықтарды сейфте сақтау және тағы да басқалар қызметтер көрсетеді. Ал компанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан өзгеше: банктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансфертті тіркеу үшін (яғни атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және тағы да басқалар қызметтер атқаруы мүмкін.

     Бірақ бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде, ол көптеген капиталды қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.

     Банк  бұл қызметтерді формалды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен, шын  мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды  қадағалауға және экономикалық хабарларды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады. Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп, банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құпия мағлұматтарға ие болады.

     Экономикалық  мағлұматтарды өзіне жинақтауы  банктердің клиенттерге кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне, бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.

     Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейін  нұсқау береді.

Информация о работе Банк қызметтерін қадағалау және бақылау