Банк пайдасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 17:21, реферат

Описание работы

Банк жүйесінің маңызды элементі - банктер болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1- бөлім. Банк және оның Қазақстандағы дамуы

1.1. Банктің пайда болуы және мәні

1.2. Банк капиталының Қазақстанға келуі

1.3. Қазақстандағы банктік реформалар

2- бөлім. Банк пайдасын қалыптастыру көздері Альянс Банк мысалында

2.1. Банк пайдасы және олардың қалыптасу көздері

2.2. Қазақстан Республикасындағы Альянс банктің таза пайдасы


3- бөлім. Қазақстан Республикасында Коммерциялық банктердің таза пайдасын салыстыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банк пайдасы.doc

— 210.00 Кб (Скачать)

   Қазақстанда жоғарыда аталған  мамандырылған банктердің республикалық  кеңселері (филиалдары) ашылып қызмет  ете бастады. 

    КСРО – ның Өнеркәсіп –  кұрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте,и құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру құызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорыдар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа шоттарды жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін  ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік умақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарындарында Тұрғые үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банк жүргізді.

    Сыртқы экономикалық банк, экспорттық  және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.

    Мамандырылған банктер құрылымы  әкімшіл – аумақтық қағидаға  сәйкес құрылды. Республикалық  банктер одақтас республикаларда  және банктік басқармалары саласында  ұйымдастырылды. Аудан немесе қала  деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандырылған банктердің төменгі буындары маманданырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана жүргізілді, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.

       Мамандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құруға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік

Шоттар  бойынша банкаралық есеп айырысуға  өту қажет болды.

        Мемлекеттің ықпалымен бөлінген  коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларында (өнекркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни, мұнда, бұл кәсіпорндардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті.

        Жалпы банктерді мамандандыру  идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа әкеліп, ол монополиядандырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс негізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік банкінің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай әсер ете алмады.

          Мұндай жағдайда, банк реформасын  батыс үлгілеріне қалыптасқан  екі деңгейдегі банктік жүйеде  жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.

          1987 жылы реформаға дейінгі банктік  жүйенің мынадай кемшіліктері  болды:

  • вексель айналасының болмауы;
  • кәсіпорындардың қарыздардын кешіруі, әсіресе ауыл шараушылығына байланысты;
  • шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының байқалуы;
  • банк мамандандырылуының жойылуы;
  • кәсіпорындардағы басқа да несие көздерінің болмуынан туындаған монополизмнің орын алуы;
  • пайыз мөлшерлемесінің төменгі деңгейде болуы;
  • эканомиканың әр саласының  қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының әлсіздігі;
  • бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басылып шығарылуы. (3: 36-беттер)

      1987  жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің манаполиясын бірнеше банктер манаполиялары ауыстырды.

      1987 жылғы банк жүйесін қайта  ұйымдастырудың оң жағынан теріс  жақтары басым болды, атап айтсақ;

  • банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала береді;
  • оалрдың монополизмы толық сақталып, монополистердің саны өсті;
  • реформа жаңа экономикалық механизмдердің жоқтығына қарамай-ақ жүргізілді;
  • кәсіпорындар белгілі бір банкке бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктерді таңдау мүмкіндігі болмады;
  • клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
  • ақша нарығы және несие ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
  • банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
  • ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында «банктік соғыс»  щыға бастады;
  • қайта ұйымдастыруда несиені қайтару басты көздері ретіндегі сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайындағы қозғалыс болмады.

    Бұл реформаның оң жақтары ретінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.

   Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның  банк жүйесінде, оның ішінде  Қазақстанда қатаң түрде оратлықтандыру  мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кең орын алады. Сол уақытта қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Социалистік эксперимент жүргізу барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығымен құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтрін өзі реттеп отырады.

    1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы коммерциялық банкттер, кооперативтік және жеке банктер жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктерге – Интеринвестбанк, Крамдсбанк, қазіргі Казкоммерц банк және т.б. жатады.

    1990 жылы Қазақстан Республикасы  өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарыга сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

     1190 жылы желтоқсан айында қабылданған  «ҚазКРО – дағы банктер және  банктік қызмет туралы» алғашқы  заң Қазақстандағы банктік реформаны  жүргізудің бастапқы қызметтерін қамтиды.

      Бұл банктік реформа Ұлттық  банктің 10095 жылға арналған «Қазақстандағы  банктік жүйені реформалау» бағдарламасына  сәйкес жүзеге асырылды.

      Нарық эканомикасына өту жағдайында  және эканомикалық дағдарысты  жоюда, макроэканомикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде Қ Р  банк жүйесі маңызды роль атқарады.

       Қазіргі уақытта қалыптасқан  екі деңгейлі банктік жүйенің  қызмет етуіне байланысты жасалған  талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай, кемшіліктердің басым бөлігі  банктер қызметін реттейтін нормативті\к базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады.

       Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында  жұмыс жасап отырған банктік  жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

       I кезең.  1988 – 1991 ж.ж  (КСРО – ның тұсында) – мемлекттік салалық мамандырылған банктер қызметтерінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

       II кезең. 1992 жылдың  аяғы 1993 жылдары –  рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банкінің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

        III кезең. 1993 қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қызметтерін енгізу, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

         1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшілкітеріне мыналарды жатқызуға болады:

   а)  Ұлттық (орталық)  банк қызметіне  байланысты:

  • мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық бан пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
  • коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;
  • екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
  • валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
  • макроэканомикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану деңгейінің төмендігі;
  • осы уақытқа дейін пайдаланылып келген Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық эканомика талаптарына сай келмеуі;
  • Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету деңгейінің жоғарлығы;

  ә) Екінші деңгейдегі банктерге байланысты;

  • Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық (қазіргі пруденциалдық) нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ету беруі; 
  • Қаржы ресурстардың жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдердің әлсіздігі;
  • Шарушылық субъектілерін несиелеу барысында жобаларды бағалау деңгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несинің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттаналарлықысыз деңгейде болуы;
  • Орта және ұзақ мерзімді ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдың жеткіліксіздігі;
  • Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
  • Банк қызметтерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен деңгейде болуы.

     Сонымен бұрынғы мамандандырылған  банктерді қайта түрлендіруге  байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. орта кезінен бастап 1995 жылға дейін жалғасты.

    Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық  банктің ұсынысы бойынша Кабинет  Минитсрлігінің Қаулысына сәйкес  арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп  банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шарушылықтардың нақты төлем қабілетілігін ескермей, Жоғары Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша жылдардағы берілген) байланыстың мерзімі өткен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банкінің балансын Қаржы Министрлігінің қарамағында  құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беруге шараға асырды.

    Екінші кезекте Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік  Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі  Эксимбанк) және әмбебап акционерлік  ӘлемБанкке бөлуге шаралар жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесі- 35% құрады. Бұл бір жағынан, ӘлемБанктегі мемелекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан ӘлемБанктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.

      Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған  Халық банкін әмбебап банкке  түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді  қамтыды: 

     Бірінші кезеңде  (1995 жылдың 1-ші жартысын) мемелекеттік емес акционерлерден акция сатып алу жолымен 100% мемелекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталы ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алынған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992 ж. жағдайға байланысты халық салыфмдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

     Екінші кезеңде  ( 1995 ж. 2-щі жартысында  және 1996 ж) Халық банкіне пластикалық дебиттік және кредиттік карточкаларды енгізу және оларды қолдану ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.

    Үшінші кезеңде ( 1997 ж  ішінде) Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгіленген пруденциялдық нормативтерге сәйкес 01.01.1998 ж бастап салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымжық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.

    Төртінші кезеңде әмбебап банк- Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі ( 61%,1994 ж сәуіріне ) анықталып, ондағы негізгі борышқор- кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.

Информация о работе Банк пайдасы