Банк пайдасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 17:21, реферат

Описание работы

Банк жүйесінің маңызды элементі - банктер болып табылады.

Содержание

Кіріспе

1- бөлім. Банк және оның Қазақстандағы дамуы

1.1. Банктің пайда болуы және мәні

1.2. Банк капиталының Қазақстанға келуі

1.3. Қазақстандағы банктік реформалар

2- бөлім. Банк пайдасын қалыптастыру көздері Альянс Банк мысалында

2.1. Банк пайдасы және олардың қалыптасу көздері

2.2. Қазақстан Республикасындағы Альянс банктің таза пайдасы


3- бөлім. Қазақстан Республикасында Коммерциялық банктердің таза пайдасын салыстыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банк пайдасы.doc

— 210.00 Кб (Скачать)

Жоспар 
 
 

Кіріспе 

       1- бөлім.   Банк және оның  Қазақстандағы дамуы 

1.1. Банктің пайда  болуы және мәні 

1.2. Банк капиталының  Қазақстанға келуі 

1.3.  Қазақстандағы  банктік реформалар 

2- бөлім.  Банк пайдасын қалыптастыру көздері Альянс Банк  мысалында 

2.1. Банк  пайдасы және олардың  қалыптасу  көздері   

2.2.  Қазақстан Республикасындағы  Альянс  банктің  таза пайдасы  
 

3- бөлім. Қазақстан  Республикасында  Коммерциялық банктердің таза  пайдасын салыстыру  

Қорытынды 

Қолданылған әдебиеттер тізімі  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.1. Банктің пайда болуы және мәні 

     Банк  жүйесінің маңызды элементі -  банктер болып табылады. Ежелгі  ғасырлар  тарихы  кейінгі ұрпаққа  банктердің  қашан пайда болғаны  туралы ғана емес, сондай-ақ олардың  қандай операцияларды орындағандығы  туралы да   толық мәлеметтер қалдырмаған секілді.

     Кейбір  ғалымдардың пікірінше, алғашқы  банктер  капитализмнің мануфактура  тұрғысында  және ең бастысы Италияның  жекелеген  қалаларында (Венеция, Генуя) 14-15ғғ. пайда болған. Олардың еңбектерінде  банк тауар шаруашылығының ерекше институты  ретінде тауар шаруашылығының рете кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының  дамуына байланыссыз, ақша айналысын  реттеу үшін пайда болған. 15-16ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, саудагер клиенттер арасында  қолма-қол ақшасыз есеп  айырысуларды жүзеге асыру үшін  жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің  клиенттері арасында  белгілі салмағы бар  бағалы қағаздардан  жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің  бос ақша қаражаттарын жиробанктер  мемлекеттке,  қалаларға  және артықшылығы бар компанияларға ссудаға береді.

     Ал  кейбір мамандар,  банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында  пайда болған деп атайды. Олар феодалдық  шаруашылық тұрғысында банктердің  төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын айтады.

     Дегенмен  де, деректерге сүйене отырып, банктердің  пайда болуының  екі мың  жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

     «Банк»  сөзі ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл айырбас  столы тауарлармен сауда жасалатын   алаңдарда құрылады. Сауда  мемлекеттермен қалалардың , жекелеген тұлғалардың  әр түрлі  монеталарымен жасалған.  Ол уақытта  монеталардың  біртұтас жүйесі  болмағандықтан,  олармен сауда саттық  барысында әр түрлі формадағы  монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында  ақша-сауда капиталының өкілдері  саудагерлердің  ақшалай салымдарын  қабылдап,  оларды әр түрлі  елдің ақшаларына  айырбастауға  маманданып отырған. Уақыт өте келе,  айырбастаушылар  бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің  ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар  біртіндеп банкирлерге  айналады. (5: 7- беттер)

     Біздің  түсінігімізде,  банк ұғымы айырбастаушылардың  және олардың  айырбас орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктер Италияда пайда болу себебі,  оның сол уақыттарда  дүниежүзілік сауда  сауда орталығы  болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары  мен  тауарларының  сол елге  қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Алғашқы банктер  жинақталған зор ақша  байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтының, оларды уақытша пайдалануға беріп,  пайда табу қажеттігін түсінеді. Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен  қатар, салым иелеріне  біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетеді. Есеп айырысулар  банктердегі  салым иелерінің   бір шотынан  басқа бір шотқа  аудару арқылы жүргізіледі. Банктер қызметінің қолайлылығы іскер адамдардың  назарынан тыс қалмады.  Банктің клинеттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде  клиенттер арасында жасалатын келісім-шарттарды  құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда саттықта  делдал қызметін атқарды.

       Банктік мекемелердің қызметі  сан алуан.  Қазіргі қоғамда  банктер әр түрлі  операциялармен  айналысады.  Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру,  бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.

     Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан  келуге болады: заңдылық және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы «банктік операциялар»  ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына  банк қызметі туралы  заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады. Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін анықтау  оның қызметінің   заңмен қатынасын  білумен ғана  шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы  және банктің жаратылысы анықтайды.Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы  атқарған қызметтерін жоққа шығаруға болмайды.  Жалпы кез келген құбылыстың  мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа  жауап іздеудің  қажеті шамалы.  Бұл жерде ең бастысы оның сапасына  және басқа институттардан өзара айырмашылығына  мән берген дұрыс.

     Банктің мәнін басқа институттардан өзара  айырмашылығына  байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім  шығарумен айналысатын  кәсіпорын болып саналады. КСРО  тұсында кәсіпорын ретінде  тек  фабрика, зауот немесе материалдық өнім шығаратын  өндіріс сферасы  түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына «кәсіпорын» деген атақты  иеленуге ешқандай  тиым салынбаған. Ежелгі Русьте «кәсіпорын» деп қандай да бір  іспен  немесе қызметпен айналысатын  субьектіні айтқан. Сондықтан да  белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субьектіге «банк- бұл кәсіпорын» деп айту өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс  емеспіз, себебі «кәсәпорын» - бұл біздің  ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.  Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді. Себебі банк шын мәнінде фабрикада, зауотта емес. Ол бұлардан ерекше қызмет көрсетуіне  қарай ажыратылады. Ең бастысы-  банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің  өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.

     Банктің ерекше кәсіпорын ретінде  шығаратын  өнімі  материалдық өндіріс аясының  өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның  тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары  түрінде шығады.

     Қызмет  көрсету  аясында  банктің өнеркәсіптік  кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие  беруі байқалады. Оның негізгі өнімі  «несие» болғандықтан, банкті-«несиелік  мекеме» деп атаған. Сондай-ақ, банк  өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да  байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар  мен басқа да  бағалы қағаздар шығарып қана қоймайды. Сол сияқты басқа элементтердің  бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға  байланысты операцияларды жасайды.

     Банкті  сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Банк капиталының  Қазақстанға келуі 

     Қазақстанның  экономикасы Ресейдің  экономикасының  бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі 19 ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Ревалюцияға дейінгі  Қазақстанның экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған.  Қазақстанның несиелік жүйесі  негізінен Ресей империясының  несиелік жүйесінің  бір бөлігі ретінд:мемлекеттіе банк бөлімшелерінен,  акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, қалалық  қоғамдар банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ  несие мекемелерінен  жинақ кассаларынан тұрады.

     Ресейде мемлекеттік банк 1860 жылы өз қызметін бастап,  барлық несие жүйесіндегі  – Орталық банк болып саналады  және оның  айналысқа қағаз ақшаларды  шығаруда монополиялық құқығы  болды. Ресейдің мемлекеттік банкі  барлық акционерлік, коммерциялық банктердің  есеп суудалық операцияларының үштен бірн бөлігіне  жуығын,т салымдар мен  ағымдық шоттардың көбін тартып отырған.

     Мемлекеттік  банктік бөлімшелері Қазақстан  территориясында  ірі сауда - өнеркәсіп  қызметтерінің  орталығы болып саналатын  Оралда (1876ж), Қызылжарда (1881ж), Семейде (1887ж), Омбыда (1895ж) және бұрынғы Верныйда ( қазіргі Алматыда)   1912 жылы ашылып жұмыс жасады. Филиалдары жағынан екінші орынға  ие болатын Орыстың сауда-өнеркәсіп банкісінің бөлімшелері Қызылжарда, Қостанайда, Оралда және Омскіде ашылды.  Қазақстанның сыртқы сауда  үшін Орыс банкі мен Волжекамский коммерциялық банкі  жұмыс істеді. Осылардың біріншісі Омбыда және Семейде өз бөлімшелерін ашты. Қызылжарда , Семейде  және Оралда жер банкісінің агенттері ашылып, қызмет көрсетті.

     Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың  бастапқы кезеңінде  Қазақстанның  әр аудандарында  Мемлекеттік банктің 6 бөлімшесі, акционерлік –коммерциялық  банктердің  18 филиалдары, 12 өзара  несие беру қоғамдары, 8 қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық  серіктестіктер жұмыс істейді.  Несиелік мекемелердің  санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болып отыр. Мемлекеттік банк  бөлімшелері болмаған  аудандарда  қарапайым операцияларды   жүргізу міндеті  қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері   тікелей қазыналық палаталарға, солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды. Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары   жылдам өсе түсті, мысалға: жіберілген векселдер бойынша   коммиссялық және есептік төлемдерді алу;  жай және шартты  ағымдық шоттарды ашу; мемлекеттік бағалы  қағаздарды сатып алу және оларды сақтау;  өмірлік заемдар бойынша пайыз төлеу және  т.б. Қазына иелері  Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға : Омбы, Орынбор және Түркістан палаталарына  бағынды.

      19-20ғғ. ең басты Қазақстандағы  банктер  - бұл  мемлекеттік  банктер  болды және олар  төмендегідей   операцияларды   жүзеге асырды:

    • Вексельдерді есепке алу
    • тауарларды  кепілге ала отырып,  ссуда беру
    • тауар құжаттарын  кепілге ала отырып, ссуда беру
    • ауыл шаруашылыққа ссуда беру
    • бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру
    • қайта есеп жүргізу
    • вексельдер үшін арнайы шоттар ашу
    • бағалы қағаздарға   арнайы шоттар ашу
    • ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру
    •   барлық есеп ссудалық операцияларымен  айналысу
    • меншікті бағалы қағаздар шығару
    • салымдық және ағымдағы шоттар ашу. (3: 25-беттер)

     Вексельдерді  есепке алу  операцияларымен айналысу  мемлекеттік банктің 1960 жылғы жарғысына  сай көзделген.  Вексельдерді есепке алу  төлеу уақытынан  алты ай бұрын  мерзімде жүргізіледі.  Вексельдік несиелердің  ең көп мөлшері   ссуданың үлесіне тиеді. Сол кездері сауданың үш түрі болған:  айырбас,  жәрменке, стационарлық.  Бұл шаруашылықтың үш типіне көшпелі,  жартылай көшпелі,  отырықшылыққа сай қалыптасты.  Қазақстанның коммерциялық банктердің  филиалдарының  қызметі активтік операциялары бойынша;  вексельдерді есепке алу;  тауарларға және тауарлық құжаттарды  есепке ала отырып, ссуда беру;  бағалы қағаздармен жасалатын  операциялар қамтылды. 

     Жергілікті  коммерциялық банктер.   Қазақстанда Ресейдің басқа аудандарымен салыстырғанда  өзара несие беру қоғамы  кеш пайда болды.  Өзара несие беру қоғамының   қаражаттары:   жарна қосудан, ағымдық шоттардағы қаражаттар мен  қоғам мүшелерінің   салымдарынан құралды.  Бұл қоғамның басты мақсаты өз мүшелеріне  несие берумен шектелді. Осы  қоғамның  жарғысына сай әрбір қоғам мүшесі өзі қосқан жарнасының  он есе көемінде несие алуға  құқылы болды.  Бұл қоғамның мүшелеріне саудагерлер,  үй иеленушулер,  сол сияқты ұсақ және орта буржуазиялар  жатты. Қызметінің сипаты жағынан өзара несиелену қоғамдарының  коммерциялық банкттерден айырмашылықтар болмады.  Олар да салымдар қабылдап,  ағымдық шоттар ашты, вексельдерді есепке ала отырып, ссуда берді және тауарлармен байланысты операциялармен айналысты.

     Қалалық  қоғамдық банктер.  Қалалық қоғамдық банктердің  өзара несие беру  қоғамдары сияқты , тауар өндірісінің  өсуі және сауда  өнеркәсіп  буржуазияларының   арзан банк иелігіне деген сұранысынан  туындады.  Қалалық  қоғамдық банктердің  өзара несие беру қоғамдарынан  айырмашылығы олардың ұйымдастырылу  құрамына байланысты қалыптасты.  Олар негізінен қалалық басқарманың  негізінде   жүргізіліп  және олардың  қадағалауында  бола отырып,  олардың алдында есеп берді.  Қалалық қоғамдық банктерге   негізінен сауда  және өнеркәсіп буржуазиялары  мен  үй иеленушілер  қожалық етеді.   
 
 
 

1.4. Қазақстандағы банктік реформалар 

   Қазақстандағы қайта құүру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРо – да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987 – 1988) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде : КСРО – ның Мемлекттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде – КСРО Өнеркәсіп – құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО – ның Мемлекттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде – КСРО Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде – КСРО Сыртқы эканомикалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға ккссалық және есеп айырысу қызметін көрсетуду тоқтатты. Сөйтіп, КСРО – ның Орталық банкісіне айналды.

Информация о работе Банк пайдасы