Банк центр кредит АҚ жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 20:42, доклад

Описание работы

Менің тәжірибе жинақтаған жерім «Банк ЦентрКредит» АҚ. «Банк ЦентрКредит» АҚ - өз клинттерінің игілігіне көп уақыт жұмыс істеп келе жатқан, Қазақстан Республикасының ірі әмбебап коммерциялық банкісі, сонымен қатар сенімді және диверсификацияланған қаржылық құрылымы.
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының негізгі мақсаты шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
І бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң қысқаша даму тарихы, банк қызметінің мәні..............4
1.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң менеджменті, құрылымы және қаржылық жағдайы.........10
1.3 «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ-ң даму стратегиясы..................................................47
ІІ бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ НЕСИЕ САЯСАТЫ.
2.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ несие саясатының құрылу тәртібі .................................49
2.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң Несие нысандары, олардың жіктелуі..........................52
2.3 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң несие түрлері................................................................55
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................59
Қолданылған материялдар.............................................................................................60

Работа содержит 1 файл

БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 784.50 Кб (Скачать)

3) тұрғындардың  барлық топтары үшін: сатылымның  ауқымды көлемдері, бәсекеге жарамды  бағалар, процестердің автоматтандырылуы,  сатылым арналарының кең спектрін  пайдалану (банкоматтар, «Үйдегі  банкинг», «Мобильді банкинг», төлем терминалдары, интернет-киоскілер, Сall center қызметі).

Заңды тұлғалар бойынша:

1) ЖІӨ бойынша  үлесі жоғары деңгейдегі кәсіпорындар  үшін: ірі компаниялар мен олардың  қызметкерлеріне белсенді қызмет  көрсету, холдингтік құрылымдардың  сыртқы және ішкі қаржылық ағындарын бақылауға мүмкіндік беретін есеп айырысуларды тиімді жүзеге асыруға және банктік есепшоттардағы қалдықтарды басқаруға арналған электрондық төлемдер мен қызмет кешенін қолдану.

2) Дамыған бизнес  үшін: несиелерді жылдам ресімдеу, банкпен өзара қарым-қатынасын жақсарту, шетел валютасымен жасалатын операциялар және сауданы қаржыландыру бойынша қызметтердің кеңейтілген спектрі, консалтинг қызметі.

3) Дамып келе жатқан  клиенттер үшін: жоғары деңгейде  қызмет көрсету және өнімдердің/қызметтердің тиімді пакеттері, клиенттің Банктің құрылымдық бөлімшелеріне келу уақытын және барлық ұсынылатын өнімдер мен қызметтер бойынша бір менеджердің қызмет көрсетуінің қолайлылығын оңтайландыру, «Даму» қорының «Бизнестің жол картасы», «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламалары, салалық бағдарламалары бойынша қаржыландыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ НЕСИЕ САЯСАТЫ. 
2.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ несие саясатының құрылу тәртібі

 

«БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ несие саясаты – бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметі. 
Несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары, несиелендіру бағытын таңдау; несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы; несиелендіру үрдесін бақылау жатады. Несие саясатының мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасау. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Бұнда банктер Коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары – пайда табу мүддесін жүзеге асырады. Несие саясатының тапсырмалары :Банктік несие құрамының жақсаруымен байланысты болуы мүмкін, айналымдылық жылдамдығының қажеттілігіне қамтылғани ссудалардың үлесінің көлемінің өсуі және т.б. Несиелендіру бағытын таңдау несие саясатының мақсатынан шығады,оның орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл элемент банк стратегиясының бөлігі болып табылады. Банктер халық шаруашылығының белгілінген салаларыны, ұйымдарының несие қызметіне өз күшін салады, несиелендіруде негізінен жеке тұлғалар мамандандырылуы керек, банк аралық несиелерді, соның ішінде халықаралық несие операцияларын және т.б дамуы керек. Несие саясатында несие операциясын жетілдіру технологиясыда басты орын алады. Тәжірибе көрсеткендей банктер белгіленген ережелерді бұза алмайды, экономикалық және заңдық нормалардың қатынасында қателіктерді жібермеу керек, бұл негативті жағдайларға әкеліп соқтырады. Банктер бұндай жағдайда өздерінің несиелерін талап ете алмайды, ссудалық пайызды өз уақытында ала алмайды және т.с.с. Несие саясатында тағы бір маңызды элемент болып несиелендіру үрдісінде банктердің жүргізетін бақылауы табылады. Аталған элементтердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың ішінен біреуін бұзсақ несие қызметінде зиянға әкеледі. Банк мысалы, несиелендіруді , оның жүзеге асуын бақылап алмай мақсат қоя алмайды. Ссуда алу үшін құжаттары дұрыс жиналып тұрса да, егер несиелендіру бағытымен мақсаты дұрыс таңдалмаса онда несие операциясының тиімділігіне негативті әсер етеді. Банк өз бетімен несиелік мекеме бола отырып, кейбір факторларды ескере отырып, өзінің несие саясатын жүзеге асырады. Несие саясатына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөледі. Сырткы факторларға саяси және экономикалық жағдай, банк заңдылығының  даму деңгейі; банкаралық бәсекелестік жағдайы; банктік инфрақұрылымның даму дәрежесі және т.б. жатады. Елдегі саяси жағдайлардың тұрақсыз жағжайы банктердің несиелік салымдарын ұстап қалуы мүмкін, шекарадан капиталдарды шығартпауы мүмкін. Экономикалық жағдай несие операциясының дамуын шешуші болып табылады. өндірістің құлдырауы кезінде несиеге сұраныс төлем қаражаты сияқты өседі, бұл мезгілде несиені қайтармау тәуекеліде өседі. Экономикалық құлдыраудың артында жүретін инфляция кенеттен ұзақ мерзімді несиелік салымдарды қысқартады, делдалдық операциялар мен сауда сомасына өндірістік сомадан ссудалық капиталдардың құйылуына әкеліп соқтырады. 
Елдің ішіндегі экономиалық жағдайлар келесідей әсерлерге байланысты болады;  
    Мемлекетің салық саясаты (банктің пайдасына салық қазіргі жағдайда кәсіпорын пайдасына салықтан жоғары)- Банктердің меншікті капиталына Ұлттық Банктің резервтеу нормасының мөлшерін талап етеді (мысалы несие операциясының дамуы үшін банктер тартылған қаражаттардың  20%-ын өзіне алып қалмайды)- Кәсіпкерліктің ережелері туралы берілген ұлттық дәстүрлерден тұратын жұмыс ортасы.-Банктердің несие саясатына заңдылық базасының да әсері өте зор. Банктік заңдылық жалпы банк – несие беруші мен несиегердің  мүдделерін қорғауынан  оның жетілдіру дәрежесін, банктік қызметтің ережелерін анықтайды. Заңдылық базы мықты болмаса несиелік немесе басқа да банктік операциялардың  түрлері дами алмайды. 
Мысалы, ипотека туралы заңның болмауы несиелік қатынастарының, яғни әлеуметтік саланың дамуына кедергі келтіреді (үй құрылысына). 
Несие операциясының дамуының басты факторы болып банкаралық бәсекелестік табылады.Несие саясатына әсер етуші сыртқы факторларға банктік инфрақұрылым жатады. Бұдан банктің өмірлік қызметін қамтамасыз ететін жүйе түсінігі анықталады. Бұл ақпараттық, әдістемелік, ғылыми және оқуды қамтамасыздандыру, байланыс пен комуникацияның қазіргі құралдары. 

ЦентрКредит Банкі «Телефондық Банкинг» жүйесі атты жаңа қызмет туралы ақпаратпен танысуды ұсынады.

Агенттердің назарына!  
ЦентрКредит Банкі Банктің бөлшекті өнімдерін бірігіп іске асыру бойынша өкілдерді/агенттерді ынтымақтастыққа шақырады. 

  • Егер Сіздің табысыңыз тұрақты және анықтама арқылы расталатын болса, егер Сіз ипотекалық несиені 20 жылға дейінгі мерзімге алғыңыз келсе, онда «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-пен бірге ипотекалық несие беру бағдарламасы Сізге арналған.
  • Сізді бекітілген мөлшерлеме, табысыңызды растайтын анықтамасыз несие алу мүмкіндігі қызықтыра ма? Банк Сіз үшін тиімді талаптармен және барынша аз шығынмен Ипотека-Стандарт ипотекалық несиесін ұсынуға дайын! Бұл несиемен Сіз ақша іздеп әуре болмай-ақ, жаңа үй сатып ала аласыз немесе үйіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізе аласыз!
  • Сізді ипотекалық несиені ұзақ мерзімге, сондай-ақ ең кіші пайыздық мөлшерлемемен алу қызықтыра ма? Банк Сізге барынша аз шығынмен, тиімді талаптармен Ипотека – Люксипотекалық несиесін беруге әзір.
  • Жылдық 10% мөлшерлемемен берілетін несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге берумен бөлшекті несие («Стандарт» ипотекасы, «Оңай» несиесі, «Оңай плюс» несиесі, Бөлшекті несие беру лимиті) өнімі қолайлы төлем жасау кестесімен және өзінің ағымдағы берешегін Банктің нарықтағы бағдарламалары бойынша қайта қаржыландыру мүмкіндігімен 1 жылға дейінгі қысқа мерзімге несие алғысы келетін кісілерге арналған.
  • Жеке тұрғын үй құрылысы несиесі коммерциялық емес мақсаттағы жылжымайтын тұрғын мүліктің жеке құрылысына (құрылысын аяқтауға) беріледі.
  • Қайта қаржыландыру – бұл бұрын алған несиеңізді Сіз үшін тиімді талаптармен өтеу мақсатында біздің Банктен несие (ипотека, тұтыну несиесін) алу мүмкіндігі немесе көптеген ұсақ несиелерді бір үлкен несиеге жинау мүмкіндігі. Пайыздық мөлшерлемені төмендетудің есебінен ай сайынғы төлемдеріңізді азайту, сонымен қатар несие мерзімін, сомасын және валютасын түзету мүмкіндігіне ие боласыз.
  • Жеке қолма-қол – бұл кепілдік қамсыздандырусыз, жалақы туралы анықтамасыз және несиелеу мақсатын көрсетусіз жеке тұлғаларға берілетін тұтыну қарызы.
  • Өмір кенеттен орын алатын төтенше оқиғаларға толы. Сізге ақша шұғыл қажет, бірақ оны іздеуге уақыт болмай қалды ма? «Оңай» (шұғыл мұқтаждықтарға арналған) несиесінпайдалану арқылы Сіз мақсатын көрсетусіз, қосымша құжаттарды жинамай-ақ несиені тез арада ала аласыз.
  • Оңай несиесі (шұғыл плюс) қарыз алушының жеке тұтынуы үшін беріледі. Несиенің бұл түрі ақша шұғыл қажет болып, оны іздеуге уақыт болмай қалатын жағдайларға арналған. Сіз өтімді кепіл – жылжымайтын мүлікті берсеңіз, біз несие береміз.
  • Оңай экспресс (экспресс плюс 2) несиесі уақыты аз және төлем қабілеттігіне талдау жүргізусіз несие алғысы келетін тұлғаларға арналған.
  • Автокөлігі жоқ әрбір адам оны сатып алуды немесе жеке көлігі болса да, жаңа, жабдықталған және көрнекті басқа көлік алуды армандайды. Қай-қайсымыз болсақ та, автобустың кешігіп келуінің, бұзылып қалуының салдарынан кездесулерге кешіккен кездеріміз болды. Мұндай сәттерде жеке автокөлікті сатып алу туралы жиі ойланамыз. Қазіргі кезде ақша жинамай-ақ, Автокөлік (коммерциялық, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған) сатып алуға арналған несиені пайдалануға болады.
  • «Тойота Тсушо Қазақстан Авто» ЖШС автосалонынан жаңа автокөлік сатып алуға арналған несие беру бағдарламасы әмбебап болып табылады және тұрақты табысы бар адамдарға ғана емес, өз табысын растауға мүмкіндігі жоқ адамдарға да арналған.
  • Егер Сіз төмен пайыздық мөлшерлемемен автокөлік алуға және автокөліктің нарықтың бағасының барынша жоғары сомасында несие алғыңыз келсе, онда «Автостоп» несиелеу бағдарламасы Сізге арналған.
  • Егер Сіз өз қызметкерлерінің жағдайын ойлайтын компанияда қызмет етіп отырсаңыз, егер компания біздің Банкпен ынтымақтасуға әзір болса, біз серіктес компаниялардың қызметкерлеріне жеңілдетілген талаптармен Корпоративтік несие беру атты несиелеу бағдарламасын ұсынамыз.
  • Егер Сіз Банктің корпоративтік клиенті болып табылатын компанияның немесе VIP-клиентінің қызметкері болсаңыз, онда біз Сіз үшін арнайы әзірленген «Корпоративтік»пакетін қуана ұсынамыз!
  • Егер Сіз Банктің сервистік жекелеген қызметін («Үйдегі Банкинг» жүйесі, «Телефондық Банкинг» жүйесі, «SMS–Банкинг» жүйесі, несие картасы) пайдаланушы болсаңыз немесе жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен тұтыну несиесін алуға ықылас білдірсеңіз, онда біз Сіз үшін арнайы әзірленген «Жаппай» пакетін қуана ұсынамыз!
  • Ақша қажет, бірақ пайызды жоғалтып алғыңыз келмегендіктен депозиттегі ақшаны жаратқыңыз келмей ме? Онда Депозит кепілдігімен несие беру бағдарламасын пайдаланыңыз.
  • Қажет затыңызды сатып алу үшін үнемі қаражат жетіспей, банкке жиі баруыңызға тура келе ме? Қымбат уақытыңыз зая кетпесін! Бар болғаны Бөлшекті несие беру лимитін ашу қажет, оны Сіз ұзақ жылдар бойы пайдалана аласыз.
  • Револьверлік несие карточкасы бойынша несие лимиті - жеке тұлғалардың несие карточкаларына кепілдік қамсыздандырусыз және несиелеу мақсатын көрсетпей-ақ берілетін тұтыну несиесі.

.

 

 

 

 

2.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң Несие нысандары, олардың жіктелуі


 

Несиенің нысандары, оның құрылымымен және белгілі бір  дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен  тығыз байланысты келеді.

Несие нысаны — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді

Несие берушілер мен  қарыз алушылар арасындағы байланыстар  қалай өзгергенімен де, несиенің нысаны сол күйінде сақталады.

Несиенің екі нысаны бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені — коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені — банктік деп атайды.

Қалған несиенің түрлері  осы екі нысанының тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық  несие — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді

Коммерциялық  несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы нысаны. Несиенің бұндай нысанының басты мақсаты — тауарлардың өту үдерісін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы  да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай калуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме -вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметгі сатумен айналысатын кез келген занды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар нысанында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезендегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңи түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.

Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларга ақшалай турде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие — бұл  экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардын, нысаны болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты — бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

V. Қайтарылу дәрежесіне  қарай:

1. Стандартты несие — қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;

2. Кумәнді несиелер — қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

3. Үмітсіз несиелер — қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі еткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

VI. Валютамен берілуіне  қарай:

  • ұлттық валютамен;
  • шетел валютасында.

VII. Берілу шартына  қарай:

  • Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

Ипотекалық  несие—бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.

Халыққа берілетін ипотекалық несиені үш түрге бөлуге болады:

  1. тұрғын үй құрылысына арналған жерді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер;
  2. түрғын үй құрылысына және қайта құруға берілетін ипотекалық несиелер;
  3. тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотекалық несиелер

Овернайт несиесі — өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

Онкольдық несие — кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қыска мерзімді несие.

Банкаралық  несие—банктердің бір-біріне беретін несиесі.

Овердрафт (ағылш. оvеrdraft — жоспардан жоғары) — клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны.

Мұндай жағдайда клиенттің  шотынан қаражатты толық көлемде  шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан  асатын сомада клиентке автоматты түрде  несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.

  • Маусымдық несие — жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
  • Лизингтік несие—банк клиенттерінің қүрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
  • Сенім несиесі — банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоративтік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
  • Консорциалдық несие — ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердін өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
  • Инвестициялық несиелер — жаңа өндіріс орнын ашуға, ендірісті қайта құруға және кенейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
  • Инновациялық несие— банк клиентгерінінөндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды игеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
  • Вексельдік несие — банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдыұ құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
  • Рамбурстық несие—шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
  • Контокорренттік несие — клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
  • Ломбардтық несие — тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып, қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
  • Форфейтингтік несие—сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерді немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнгедейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай

Информация о работе Банк центр кредит АҚ жалпы сипаттамасы