Банк центр кредит АҚ жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 20:42, доклад

Описание работы

Менің тәжірибе жинақтаған жерім «Банк ЦентрКредит» АҚ. «Банк ЦентрКредит» АҚ - өз клинттерінің игілігіне көп уақыт жұмыс істеп келе жатқан, Қазақстан Республикасының ірі әмбебап коммерциялық банкісі, сонымен қатар сенімді және диверсификацияланған қаржылық құрылымы.
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының негізгі мақсаты шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................................3
І бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң қысқаша даму тарихы, банк қызметінің мәні..............4
1.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң менеджменті, құрылымы және қаржылық жағдайы.........10
1.3 «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ-ң даму стратегиясы..................................................47
ІІ бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ НЕСИЕ САЯСАТЫ.
2.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ несие саясатының құрылу тәртібі .................................49
2.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң Несие нысандары, олардың жіктелуі..........................52
2.3 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң несие түрлері................................................................55
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................59
Қолданылған материялдар.............................................................................................60

Работа содержит 1 файл

БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 784.50 Кб (Скачать)

      Қазақстан  Республикасының Ғылым және Білім  министрлігі

                         Алматы Технологиялық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған: Оразалиев  Б.М

Орындаған: Смагулова.Г.О

 

 

                                                       

                                 

 

                                                        

 

 

 

 

 

Алматы 2012

Жоспар

КІРІСПЕ............................................................................................................................3  
 
І бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.  
1.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң қысқаша даму тарихы, банк қызметінің мәні..............4 
1.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң менеджменті, құрылымы және қаржылық жағдайы...........................................................................................................................10 
1.3  «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ-ң даму стратегиясы..................................................47

ІІ бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ НЕСИЕ САЯСАТЫ. 
2.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ несие саясатының құрылу тәртібі .................................49 
2.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң Несие нысандары, олардың жіктелуі..........................52


2.3 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң несие түрлері................................................................55

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................59

Қолданылған материялдар.............................................................................................60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің тәжірибе жинақтаған жерім «Банк ЦентрКредит» АҚ. «Банк ЦентрКредит» АҚ - өз клинттерінің игілігіне көп уақыт жұмыс істеп келе жатқан, Қазақстан Республикасының ірі әмбебап коммерциялық банкісі, сонымен қатар сенімді және диверсификацияланған қаржылық құрылымы.

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының негізгі мақсаты шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.

Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.

Активтері мен меншікті капиталының көлемі жағынан Халық  банкі Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейлі ірі банктердің үштігіне кіреді. 2006 жылғы 1 cәуірдегі жағдай бойынша Банктің активтері 651,7 млрд теңге, жарғылық капиталы 29,9 млрд теңге, меншікті капитал мөлшері (есеп айырысу) 64,5 млрд теңге, тапқан таза пайда көлемі — 3,4 млрд теңге шамасында болды.

«Банк ЦентрКредит» АҚ әртүрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен тұрақты іскерлік қатынастарға ие. Банктің серіктестеріне шетелдік және қазақстандық банктер, инвестициялық қорлар, заң компаниялары, рейтингтік агенттіктер, бизнес-құрылымдар және компаниялар жатады.

Бұл жұмыста келесідей  маңызды сәттер қарастырылады: «Банк ЦентрКредит» туралы қысқаша мәліметтер; жаңадан өз қызметін ұсынып келе жатқан «Дербес қызмет көрсету орталығы», бөлімнің құрылымы, негізгі өнімдері, атап айтсақ – бөлімде ашылатын карточкалар, қабылданатын салымдар, ұсынылатын несиелер  және ДҚКО-ның басқа да қызметтері; заңды тұлғаларға ұсынылатын несиелер; банктің рейтингісі; 2011-2012 жылдарға арналған даму стратегиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. «БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.  
1.1  «Банк ЦентрКредит» АҚ-ң қысқаша даму тарихы, банк қызметінің мәні

 

 «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған, активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы төртінші банк және Қазақстанның алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Біздің мақсатымыз – шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ Қазақстан және ТМД елдеріндегі орта топтың қалыптасуына жан-жақты ықпал ету.Бүгінгі таңда ЦентрКредит Банкі қаржылық қызметтің толық спектрін ұсынады, қаржылық инжинирингті белсенді зерттеп, оны кеңінен насихаттайды. Біздің банкте ірі коммерциялық компанияларға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға тиісті дәрежеде қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Банктің Қазақстан бойынша кең тараған филиалдық желісі 20 филиалдан, 180 бөлімшеден, 541 банкоматтан және 1 350 pos-терминалдан құралып, клиенттердің барлық қажетті қызмет пен өнімдерге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Үш жергілікті еншілес компаниясы: брокерлік-дилерлік қызмет және активтерді басқару саласында – «BCC Invest» АҚ, лизинг саласында – «Центр Лизинг» ЖШС және зейнетақы қызметі саласында – «Капитал» ЖЗҚ» АҚ, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы еншілес банкі – «Банк БЦК-Мәскеу» ЖШҚ және Қырғызстан мен Украинадағы өкілдіктері бар.Банктің ұжымы көп ұлтты және 4500-ге жуық адамды қамтиды. Бүгін біз өз жұмысымызда адалдық, кәсібилік, шапшаңдық және қайырымдылық сияқты құндылықтарды жоғары бағалаймыз.

Кукмин Банкі ЦентрКредит Банкінің жарғылық капиталына қосылғаннан кейін 2008 жылдан бастап біздің банк қызмет көрсетудің ғаламдық, сондай-ақ сапалы әрі жаңа деңгейіне қадам басты: алдымыздан тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашыла бастады. Біз өз клиенттеріміздің бізге артқан сенімін жоғары бағалаймыз және құрмет тұтамыз, өйткені ол экономикалық жандану кезеңінде де, қиыншылық пен ымыраға келу кездерінде де көздеген биік мақсаттарымызға қол жеткізуімізге ықпал етеді.

Банктің республикамыз бойынша кеңінен тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелері арқылы заңды тұлғаларға және жеке адамдарға қызмет көрсетеді.

Банк ішінде бизнес-клиенттерге  теңгемен және валютамен ақша аудару тегін. Банктің бірегей қызметі  – «Жедел түсім» жүйесі компанияларға Қазақстанның әр алуан аймақтарындағы жеке тұлғалардан төлемдер мен түсімдерді жеңіл әрі тез жинауға мүмкіндік береді.

Банктің корреспонденттік желісіне 40 шақты шетелдік банк кіреді, бұл Сізге өз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырысуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ сенбі күндері де жеке адамдарға қызмет көрсетіліп, заңды тұлғалардың түсімдері қабылданады.

Банктің жоғары технологияларды қолдануының  арқасында біздің клиенттеріміз Интернет банкинг жүйесі бойынша әлемнің кез келген елінен нақты уақыт режимінде өз есепшоттарын басқаруға, яғни өз офисінен немесе Интернет желісіне қосылған басқа кез келген ыңғайлы жерден банктік операциялар жүргізуге мүмкіндік алады. Мұның нәтижесінде өз есепшоттарының жай-күйі туралы қажетті ақпаратты алудың шапшаңдығы артады, жоғары сапамен және тұрақтылықпен қаржы ағымдарын қашықтан басқаруға қол жетеді, ал бұл банкке баруға уақыт пен шығыс жұмсамай, бизнесті дамытуға бағытталған тиімді жұмыс болып табылады. Интернет банкинг жүйесінің тағы бір ерекшелігі бар: аймақтық шектеулерді жояды. Клиент өзіне жақын орналасқан банкті іздемейді, банкті таңдаған кезде ол іс жүзінде ұсынатын сервиске: тарифтеріне, көрсететін қызмет түрлеріне және өз клиентіне деген жалпы көзқарасына жүгінеді.

Банктің Call Center анықтама қызметі (тел. (727) 2 58 41 58) Сізге қызмет көрсетеді, мұнда банктің барлық қызмет түрлері мен өнімдері бойынша ақыл-кеңес беріп қана қоймай,клиенттерге телефон арқылы құпия сөз бойынша шұғыл түрде өздерінің есеп айырысу шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға, ЦентрКредит Банкі ұсынатын қызметтер бойынша құжаттық ақпарат (fax, e-mail) алуға мүмкіндік береді.

Call Center қызметі ЦентрКредит Банкіндегі клиенттерге қызмет көрсету сапасы жөнінен клиенттердің хабарламаларын (арыз, ескерту, алғыс және тағы басқа) қабылдау пункті ретінде де қызмет етеді.

ЦентрКредит Банкі алғашқылардың  бірі болып дербес қарым-қатынас менеджерлеріинститутын енгізді.

2010 жыл, желтоқсан The Banker журналы (Financial Times баспасы) ЦентрКредит Банкін «Қазақстандағы 2010 жылы Жыл банкі» деп таныды.

2009 ЕҚДБ наградасы – 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.

2008 ЕҚДБ наградасы – 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.

2007 жыл, мамыр Халықаралық «Euromoney» журналы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия банктерінің ішінде «Менеджменті ең үздік банк» деп таныды.

2006 жыл, желтоқсан «Клуб-500» сайысының нәтижесі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ Western Union төлемдеріне ең үздік қызмет көрсету сапасы үшін дипломмен марапатталды.

2006 жыл, желтоқсан Сомасы 500 млн. АҚШ долларын құрайтын еуробондтарды орналастыру аяқталды.

2006 жыл, қараша Raiffeisen Zentralbank AG (Вена) және Citibank N.A. (Лондон) банктерімен әр түрлі қаражат көзінен алынған несиенің сомасын 200 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтып, мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды.

2006 жыл, қараша Шет ел банктерінің синдикаты 2005 жылғы қарашада ұсынылған әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды 66,1 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайтты және оның мерзімін бір жылға ұзартты.

2006 жыл, қазан Банктің еншілес компаниясы – BCC Invest Қазақстанның қор биржасына шығарылған компаниялардың саны бойынша отандық бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар арасында бірінші орынды иеленді және бағалы қағаздар саудасының жалпы деңгейі бойынша нарықтағы жетекшілердің бірі болып танылды.

2006 жыл, қыркүйек Банк 2,5 млрд. теңге мөлшерінде еурооблигацияларды орналастырды.

2006 жыл, тамыз Қызметінің әділдігін арттыру мәселелері бойынша ҚР Қаржылық қадағалау жөніндегі агенттігімен ынтымақтасу және бірлесіп қызмет ету туралы меморандум жасалды.

2006 жыл, шілде ЦентрКредит Банкі жеке процессинг орталығын пайдалануға енгізді.

2006 жыл, маусым ING Bank, Standard Bank Pic және Mitsui Banking Corporation Europe Limited ұйымдастыруымен 300 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада синдикатталған несиелік келісімге қол қойылды.

2006 жыл, мамыр Банк акционерлері ЦентрКредит Банкінің корпоративтік басқару кодексін қабылдады.

2006 жыл, мамыр Moody`s рейтинг агенттігі шет ел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер бойынша Банктің рейтингін «оң» болжамнан «тұрақты» болжамға өзгертті.

Қаржылық тұрақтылығы бойынша "D-"рейтингінің «тұрақты» болжамы «оң» болып өзгертілді.  
Қамсыздандырылмаған борыштық міндеттемелердің «Ва1» рейтингінің болжамы және реттелген борыштық міндеттемелердің "Ва3" рейтингі «тұрақты» деңгейден «оң» деңгейге өзгертілді.

2006 жыл, сәуір Әр түрлі қаражат көзінен алынған сомасы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын Schuldscheindarlehen несиелік келісіміне қол қойылды.

2006 жыл, наурыз Банк мерзімі 1 жылға Мурабаха исламдық қаржыландыру ұйымы тарапынан 38 млн. АҚШ долларын алды.

2006 жыл, ақпан 10 жылдан кейін өтеу мүмкіндігі бар 100 млн. АҚШ долларын құрайтын сомадағы мерзімсіз гибридтік ноталардың бастапқы шығарылымы орналастырылды. Ноталарға сұраныс оған жазылушылардың санынан 6,5 есе артық болды.

2006 жыл, қаңтар Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі CenterCredit International B.V. еурооблигацияларының болашақтағы шығарылымына "BВ-" ұзақ мерзімді рейтингін берді.

2006 жыл, қаңтар Moody′s халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің жүз пайыздық еншілес құрылымы болып табылатын CenterCredit International B.V. компаниясының Нидерландыда тіркелген еуроноталардың болашақтағы шығарылымына "Ва1" ұзақ мерзімді рейтингін берді.

2005 жыл, желтоқсан ЦентрКредит Банкі АҚШ үкіметінің OPIC мемлекеттік агенттігінің кепілдігімен 9 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада несие алу жөнінен Wachovia Bank National Association (АҚШ) банкімен келісім жасады. Қарыз шағын және орта бизнесті, сондай-ақ Банктің жеке клиенттерін қаржыландыруға бағытталған.

2005 жыл, желтоқсан Банк өзінің бес жылдық реттелген облигацияларының бірінші эмиссиясын өтеуді жүзеге асырды.

2005 жыл, қараша Астық қолхаттарын кепілге алу арқылы астық компанияларын қаржыландыру үшін 24 млн. АҚШ доллары сомасында Еуропалық қайта құру және даму банкімен несиелік келісімге қол қойылды. Осы келісім бойынша ЕҚДБ-мен қатар Rabobank International, Natexis Banques Populaires және Standard Bank London кредитор болды.

2005 жыл, қараша Банк 200 млн. АҚШ долларын құрайтын әр түрлі қаражат көзінен алынған қарыз тартылды. Синдикатқа 40-тан астам халықаралық коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары қатысты.

2005 жыл, қараша Экспорттық-импорттық келісімшарттарды қаржыландыру үшін сомасы 200 миллион АҚШ долларын құрайтын әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды тарту жөнінде Raiffeisen Zentralbank Цsterreich Aktiengesellschaft-пен (Вена) және Citibank N.A.-мен (Лондон) келісімге қол қойылды. Синдикаттың құрамына 40-тан астам халықаралық коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары кірді. Синдикатқа қатысушылардың үштен бірі – қазақстандық коммерциялық банктермен бұрын өзара қатынаста болмаған жаңа банктер.

2005 жыл, қазан Еуропалық қайта құру және даму банкімен ЦентрКредит Банкіне Шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын іске асыру бойынша өкілеттікті толық тапсыру туралы меморандумға қол қойылды.

2005 жыл, қазан Western Union компаниясы ЦентрКредит Банкін «Бизнесті дамыту үшін» номинациясында Еуропа және ТМД агенттері арасында жеңімпаз ретінде танып, «Алтын гүлдесте» сыйлығымен марапаттады.

2005 жыл, қыркүйек Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Банктің рейтингтерін: ұзақ мерзімді – «В+» деңгейінде, қысқа мерзімді – «В» деңгейінде, жеке - "D" деңгейінде, қолдау – «4» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

2005 жыл, қыркүйек Microsoft корпорациясымен Корпоративтік лицензиялар туралы келісімге қол қойылды.

Информация о работе Банк центр кредит АҚ жалпы сипаттамасы