Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 09:00, курсовая работа
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылык ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
I. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы …………………………………...5
1.2. Бағалы қағаздар және бағалы қағаздар нарығының түсінігі……………..7
1.3. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі…………………13
II. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
2.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жай-күйі…23
2.2. Еліміздің экономикасының экономикалық өсімінің факторы ретіндегі бағалы қағаздар нарығы…………………………………………………………29
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….36
90-шы жылдардың экономикалық
тәжірибесі дәлелденгендей
Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндіріс инвестициялық үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі – қысқа мерзімді мемлекеттік векесльдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дол осы жолды пайдалануда.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер каржы нарығы жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін проценттік мөлшерін нарық деңгейіне сай келгенде ғана оларды есеп шоттарда сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу - өндірістің өсуін қамтамасыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік он өзгерістердің болуының кепілі.
Бағалы қағаздар нарығы
басқа нарықтардан онда сатылатын
өзінің айрықша тауарымен
Жалған капитал - нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, қарыз капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылыктардын орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қордың инструменті немесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншісіне ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Бағалы кағаздар нарығы - нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл - алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың мұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағытталып отырады.
Нарықтық экономиканын тәжірибесінде капитал, ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл - өркендеген нарықтық экономиканың басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған – жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамнын зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал, нарықтық қатынастарды дамыту - қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардын бастылары – негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық коньюнктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар коньюктураның өзгеруі белгілі бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі бір уақытта, яғни нарық коньюктурасынын өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзір мұндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектеулі, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде.
Елде бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар: 1. сұраныс пен ұсыныс; 2. делдалдар мен басқа қатысушылар; 3.нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер қор биржалары. инвестициялық институттар және с.с; 4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтын осы құрамдас
бөліктері қазіргі уақытта
Экономиканың қазіргі қарышты дамып келе жатқан жағдайында, әсіресе, оның қаржы секторында буырқанды өзгерістер жүріп жатқан тұста біз бағалы қағаздар нарығынан да көп нәрсені күтуге тиістіміз.
Осы ретте бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына жеке тұлғалардың қатысуы да жылдан жылға артып келе жатқандығына қуаныш білдіруге болады.
Қазіргі күні қаржы орталықтарында бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушылары үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Соның ішінде жеке тұлғалар сату немесе сатып алу операциялары жүргізген бағалы қағаздар бойынша салықтың екі түрінен босатылады.
Біздің ойымызша, мұндай
жеңілдіктің қарапайым халық
үшін де, мемлекет үшін де маңызы зор. Қарапайым
халыққа беретін пайдасы
ҚОРЫТЫНДЫ
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез-келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып, осы қорды үнемді, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығы – нарықты экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.
Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттеп жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын-ала дайындалған концепцияға жүргені дұрыс деп ойлаймын.
Және де әлі Қазақстанда Бағалы қағаздар нарығы дұрыс дамымаған. Бірақ болашақта бағалы қағаздардың нарықтық қатынастарда үстемдік орнату үшін, біріншіден Қазақстанның экономикалық жүйесін реттеу керек, яғни жаңа реформалар енгізу керек, екіншіден шетелдік инвестицияны қолдау керек, яғни шетелдік елдермен тығыз қарым-қатынаста болып, олардан әр түрлі моделдерді үйреніп, оны қазіргі кезеңге сай жүзеге асыру керек. Сонда ғана біздің бағалы қағаздардың нарығы алға жылжи алады.
Бағалы қағаздар нарығының
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылар санын көбейту;
Бағалы қағаздарды иемденушілердің құқығын тұрақтандыру;
Қатысушылар үшін бағалы қағаздар нарығының «мөлдірлілік» ақпаратын енгізу, яғни бұл арқылы инвесторлар үшін тәуекелділікті төмендетіп, нарыққа жаңа бастау алады;
Еркін ақша қатынастарының
эффективті мобилизациясын иемденетін
инфрақұрылымдық нарықты
Сонымен қорытындылай келгенде бағалы қағаздар нарығының Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуі үшін:
1) бағалы қағаздар нарығының жіктелуін ұлғайту;
2) бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын рөлін көбейту;
3) бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмін зерттеу;
4) бағалы қағаздар
нарығының дамуын тежейтін
5) бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуына әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу.
“Неліктен теңіз соншама үлкен? Өйткені, ол ешқандай өзеннен, тіпті жылғадан да бас тартпайды” деп түсіндіреді Мэрианн заңы. Біздегі бағалы кағаздар нарығының ауқымы мен жұмыс істеу принциптері, шартты түрде алғанда, теңіздің осы кеңею зандылығына сәйкес келуі тиіс. Бұл нарықтан ірі инвесторлармен қатар қолындағы азғантай қаржысын іске жаратуға ұмтылған жеке адамдарға да орын табылған кезде ғана біз оны заман талабына сәйкес дамып отыр деп айта аламыз. Келешекте Қазақстан Республикасындағы қор биржасы осындай жағдайға жетеді деген сенімдеміз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Зиядин С. Т. Қаржы нарығы: оқу құралы / С. Т. Зиядин. - Алматы : Экономика, 2012
2. Ермекбаева, Баян Жүндібайқызы. Бағалы қағаздар нарығы: оқу құралы / Б. Ж. Ермекбаева; ред. К. Сәбит. - Алматы : Қазақ университеті, 2009. - 156 б.
3. Искаков Ұ. М. Қаржы нарығы және делдалдары: оқулық / Искаков Ұ. М., Бохаев Д. Т., Рузиева Э. А. - Алматы : Экономика, 2008. - 296 б.
4. Көшенова Б. Бағалы қағаздар нарығы және іс биржа ісі: оқу құралы / Көшенова Б. - Алматы : [б. ж.], 2007. - 374 б.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы желтоқсан №1424 қаулы. Егемен Қазақстан. - 2003. - 25 қаңтар.
6. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу: қажеттілігі, алғышарттары және мәселелері// Қаржы-қаражат журналы, 2008, -№5. – Б. 67-72
7. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері // АльПари экономикалық журналы, 2007, -№ 3-4. – Б.136-137
8. Қаржы, ақша айналысы және несие: оқу құралы. - Алматы : Экономика, 2008. - 462 б.
9. Құлпыбаев, Серік. Қаржы: оқулық / С. Құлпыбаев, С. Ж. Ынтықбаева, В. Д. Мельников. - Алматы : Экономика, 2010. - 522 б.
10. Тұсаева, А. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері/ Тұсаева А. // Альпари. - 2007. - №1. - Б. 109.
11. Тусаева, Алия Куанышовна. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы: теориясы, тәжірибесі және мемлекеттік реттеудің қаржылық негіздері: экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / А. К. Тусаева. - Алматы, 2009. - 26 б.