Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 09:00, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылык ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3

I. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы …………………………………...5
1.2. Бағалы қағаздар және бағалы қағаздар нарығының түсінігі……………..7
1.3. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі…………………13

II. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
2.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жай-күйі…23
2.2. Еліміздің экономикасының экономикалық өсімінің факторы ретіндегі бағалы қағаздар нарығы…………………………………………………………29

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….36

Работа содержит 1 файл

Багалы кагаздар нарыгы.doc

— 2.73 Мб (Скачать)

Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге талап етуі көрсетілетін құжаттар.

Төртіншіден, бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып ату-сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, жекешелендіру құжаттары) айналымы байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдылық және техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандылығын жоғары деңгеймен ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы, эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға – бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстық және орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға – бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілген мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. 

 «Қазақстан Республикасындаға бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебеп тауар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, диспозитариилік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.

Бағалы қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық механизмі, немесе бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал, бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толықғырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату нарығында бағалы қағаздардың биржалық айналымы және биржадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады.

«Биржалық айналым» ұғымы бағалы қағаздарды биржаның сату-сатып алуын білдіреді. Бағалы қағаздардың биржадан тыс тікелей келіміс түрінде сату-сатып алу аудасы «бағалы қағаздардың биржадан тыс айналымы» деп анықталады.

Биржаға кез-келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелу қажет болады. Биржада тіркелу үшін фирма оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.

Биржа өзінің беделін  сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес болуға ұмтылады. Егер фирма  биржада тіркелген болса, онда бұл фирманың акциясы биржалық бағамдама алғанын немесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Фирманың биржада тіркелуі осы фирманың қалыптасқан нарықта өз орнын алуын білдіреді.

Әрбір биржа бағалы қағаздарды тіркеуге алғанда өзінің талап-тәртібін белгілейді. Сондықтан, кейбір компаниялардың қағазы бір биржада бір түрлі тіркеліп бағамдалса, басқа бір биржада өзгеше бағамдалуы мүмкін.

Биржадан тыс айналымға  екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары  түседі. Кейбір фирмалардың қағаздары  биржада да, биржадан тыс айналымда да болады,

Биржадан тыс нарық  телефон, телекс, компьютер негізінде  мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйесге біріктіреді. Биржалық нарық тек ірі компанияларға  қолайлы болса, биржадан тыс нарыққа  кез келген компания кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.  

 

       

 1.3. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі

 

Құнды қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

Іс жүзінде акция, облигация  және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін  заңды тұлғалар эмитент деп аталады  және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.

Эмитенттің кім болғанына  байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:

    • мемлекеттік;
    • муниципалды;
    • корпоративтік.

Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік  сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:

      • Ұлттық жинақ облигациялары;
      • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
      • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)

Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін  шығарудағы басты мақсат – құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.

Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.

Нарықтағы айналымдағы  ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге  бөлінеді:

    • нарықтық бағалы қағаздар;
    • нарықтық емес бағалы қағаздар.

Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.

Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:

    • негізгі (акция, облигация);
    • көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
    • туынды (варранттар, опциондар,  фьючерстер, бондар тағы да басқалар)

Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін  қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым  мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

    • жәй акциялар;
    • артықшылығы бар акциялар.

Жәй акциялар – акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.

          Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.

Қазақстандағы бағалы қағаздардың  жіктелімі 
Сипаттамасы  
Бағалы қағаздың түрлері

Сипаттамасы

Бағалы қағаздың түрлері

1

2

Эмитенті бойынша

  • мемлекеттік
  • корпорациялық
  • жеке меншіктік
  • шетелдік

Қызмет ету мерзімі бойынша

  • мерзімді – бұл бекітілген қызмет ету мерзімі бар бағалы қағаздар
  • мерзімсіз – белгілі мерзімі жоқ бағалы қағаздар

Қызмет ету формалары бойынша

  • қағаздық (құжаттық)
  • қағаздық емес (құжаттық емес) – бұл электронды жазбалар жиынтығы түрінде шығарылған бағалы қағаздар

Ұлттық қатыстылығы бойынша

  • отандық
  • шетелдік

Пайдалану типі

  • инвестициялық немесе капиталдық – бұл капиталға салым объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар);
  • Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа нарықтарда ақшалай есеп айырысуға  қызмет көрсететін бағалы қағаздар (коносаменттер)

Иемденуіне байланысты

  • ұсынушылық – иемденушілердің аты тіркелмейтін және олардың айналысы бір тұлғадан екінші тұлғаға қарапайым беру арқылы жүзеге асырылатын бағалы қағаздар
  • атаулы бғалы қағаздар – иемденушінің аты болатын және арнайы реестрде тіркелетін бағалы қағаздар
  • ордерлік – бұл беру жазбасы жолымен басқа тұлғаларға берілетін бағалы қағаздар.

Беру жазбасы – индоссамент

Шығарылу нысанына қарай

  • эмиссиялық – бұл ірі сериялармен үлкен көлемде шығарылатын және әрбір серияның ішіндегі бағалы қағаздар біртекті болатын бағалы қағаздар
  • эмиссиялық емес – бір данадан немесе шағын сериялармен шығарылатын бағалы қағаздар

Меншік нысанына қарай

  • мемлекеттік – мемкелеттік органмен шығарылатын бағалы қағаздар
  • мемлекеттік емес – корпорациялар, банктер мен компаниялар шығаратын бағалы қағаздар

Айналымдылық сипатына

  • нарықтық немесе еркін айналатын бағалы қағаздар
  • нарықтық емес бағалы қағаздар айналысы шектеулі және уақыт өтісімен бағалы қағаздарды оның эмитентінен басқа тұлғаларға сатуға болмайтын бағалы қағаздар

Тәуекел деңгейі

  • тәуекелсіз – бұл пайдалану тәуекелі болмайтын бағалы қағаздар. Әлемдік тәжірибеде оларға қысқа мерзімді мемлекеттік қарыздық міндеттемелер (1-3 ай) қарыздық векселдер жатады.
  • тәуекелді бағалы қағаздар, тәуекел деңгейіне қарай:

- төменгі тәуекелді (мемлекеттік  б.қ.) 
- орта тәуекелді (корпорациялық облигациялар) 
- жоғары тәуекелді (акциялар)

Табыстылығына қарай

  • табысты табыс әкелетін
  • табыссыз табыс әкелмейді

Қаражат тарту нысанына қарай

  • қарыздық – бұл тіркелген проценттік ставкасы бар және болашақта белгілі бір уақытта қарыз сомасын төлеп беру міндеттемесі болып табылатын бағалы қағаздар
  • үлестік – сәйкес активтерге меншік құқығын беретін бағалы қағаздар

Эмитент міндеттемелері

  • үлестік
  • борыштық
  • тауарды иелену құжаты

Айналыс территориялары бойынша

  • аймақтық
  • ұлттық
  • халықаралық

Айналыс мерзімі бойынша 

  • мерзімсіз
  • мерзімді

– қысқа мерзімді (1 жылға дейін)  
– орта мерзімді (1 жылдан 10 жылға дейін)  
– ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары)

Базистік активі бойынша 

  • негізгі
  • туынды

Табысты төлеу тәсілдері бойынша

  • ұдайы (жүйелі) төлеммен
  • бір жолғы төлеммен
  • тіркелген % мөлшерлемесімен
  • өзгермелі % мөлшерлемесімен

Валюта бойынша номинал

  • ұлттық валютаның номинал құнымен
  • шетелдік валютаның номинал құнымен
  • қос номинал құнмен
  • номинал құнсыз

 

Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Облигация мынадай негізгі  тұрпаттарға бөлінеді: Айырбасталымды облигация – иелеріне белгілі  бір жағдайлар басталғанда оларды шығарған кәсіпорынның акцияларына айырбастау құқығын береді.

Табыс облигациясы – фирмада (компанияда) табыс болғанда ғана ол бойынша пайыз төленеді.

Нөл купонды облигация – еурооблигациялардың бір түрі‚ олар айырбасталымды акциялар және бағалы қағаздардың басқа да тұрпаттары.

Опционды облигация – олардың иелерінде бағалы қағаздардың басқа түріне айырбастау мүмкіндігі болады. Мұндай тұрпаттағы облигацияны‚ егер акция бойынша дивиденд облигация бойынша табыстан көп болса‚ акцияға айырбастауға болады.

  

 Туынды  бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін айяқтайды.

 Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажетіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға, өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққа шығуының мүмкіндігін алуға байланысты.

          Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты екі типке бөлінеді: Европалық және Американдық.

          Европалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберетін опцион.

         Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез – келген уақытта да орындауға жіберетін опцион.

          Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісі айтады. Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тиым салмаса да, фьючерстік мәмлелер негізінен биржада жасалады.

         Фьючерстік келісім – қор немесе тауар биржасының бір түрі. Фьючерстік келісімнің шарты бойынша акцияларды немесе ақша сомасын төленген тауар келісім жасалған кейінгі белгілі мерзімге шартта көрсетілген баға бойынша беріледі.

          Форворттық келісім – валюталық немесе басқа да келісім бойынша, ол жасалғанна кейін кемінде екі жұмыс күннен соң есеп айырысу.

         Спот келісім  – тауар қолма – қол ақшаға  сатылатын және дереу берілетін  келісім.

          Биржалық  келісім – бағалы қағаздармен,  тауарлармен немесе шетелдік  валютамен сауда келісімін жасау.  Бұл негізгі екі топқа бөлінеді: кассалық келісім – мұнда ақша  төленеді, мерзімдік келесімде бағалы  қағазадар немесе тауарлар келісім  жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір мерзімнен кейін беріледі.

Информация о работе Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы