Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 09:00, курсовая работа
Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылык ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3
I. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы …………………………………...5
1.2. Бағалы қағаздар және бағалы қағаздар нарығының түсінігі……………..7
1.3. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі…………………13
II. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
2.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жай-күйі…23
2.2. Еліміздің экономикасының экономикалық өсімінің факторы ретіндегі бағалы қағаздар нарығы…………………………………………………………29
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….36
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімді белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:
- қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
- ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданыдалы. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).
Инвестицциялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).
2013 жылғы 1 қаңтардағы
жағдай бойынша жиынтық
Бұл облигациялар, бактік сертификаттар, вексельдер және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы уақытга бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты беріледі.
II. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДА
2.1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жай-күйі
Қазақстан жан-жақты қамтылған жүйелі де мақсаты және белсенді қаржы саясатын ұстанып отыр.
Мүлікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіруге байланысты мемлекеттік кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналдырылып қайта құрылды.
Орташа кәсіпорындар қорының 30% акциялары мемлекет меншігінде қалдырылып, қалғандары жеке меншікке үлестіріледі. Ірі кәсіпорындардың 50% акциялар пакеті мемлекет иелігінде қалдырылады, қалғаны жеке меншікке айналдырылады.
Жекешелендірілген өндіріс орындарының 5% дейінгі акциялары инвестициялық қорлар арқылы Қазақстанның барлық тұрғындарына үлестірілген жекешелендіру купондарына айырбасталады.
Бұл іс-шаралар бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудағы Қазақстанның бірінші қадамы.
Жекешелендіру мен акционерлердің нарық жүйесіне көшудің ең негізгі алғышарты болғанымен, нарықтық қызмет атқару механизімін қалыптастыра алады.
Қазақстан жағдайында өндіріс орындарының тиімді қызмет атқаруы, олардың сыртқы әлем нарығына шығып, орын алуына тіркеліп отыр. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымы тарихи түрде сыртқы әлемдік шаруашылық қажеттіліктеріне бағытталып қалыптасқан.
Қазақстан өндірілетін өнімдердің 80-90% экспортқа арналған, ал Қазақстанға қажетті дайын өнімдердің 80-90% шетелдерден желінеді. Соңғы 2-3 жылда әлемдегі қаржы валюта дағдарысына байланысты Қазақстан Үкіметі қысқа және орта мерзімдік Ұлттық өндіріс Бағдарламаларын жасап ішкі өндіріс пен Ұлттық нарық жүйесін қалыптастыру саясатын қолға алған.
Ұлттық экономиканың
тарихи жағдайда қалыптасқан құрылымын
қайта құру, жетілдіру үшін ауқымды
инвестициялар қажет болып
Сонымен, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру саясаты ұлттық кәсіпкерлікті қолдау, ішкі және сыртқы инвестициялардың өндіріске тарту экономика салаларын әлсіз де тиімсіз шаруашылық құрылымдарынан тазарту экономиканы асқындап кеткен төлем дағдарыстан шығару және басқа да экономикалық ұйымдастыру құқықтың іс-шаралар жүйесінде жүргізіледі.
Қазақстанда қаржы нарығы, оның құрамында бағалы қағаздар нарығының негізгі секторлары ретінде мыналарды айтуға болады:
Елімізде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы құрылған 1995 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ерекше әзірлеп бекітілді” бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып қор биржаларында тіркелетін болды.
Республикада бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Бағалы қағаздар нарығын реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары басқа да көптеген құжаттар пакеті қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Үкіметі Батыс елдерінің бірқатар қарсы инвестициялық құрылымдарын келісімге келіп, өзінің орта мерзімдік облигацияларын Еуропада орналастырды.
Соңғы 1-2 жылда экспорттан импорт көлемі артты, Қазақстанда теріс сауда балансы пайда болды. Қазақстан теріс сауда балансын жабудың бір ғана жолы бар активтерді шетке сату әдісі. Активтерді шетке сату мемлекет меншігіндегі корпорациялардың акцияларын әлем нарығына орналастыру деген сөз.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек.
Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғандардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмылдырып, экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп банкаралық сақтандыру қаржысы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты түрде өсімін қамтамассыз ету мақсатында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап, оларды заңдастыруға күш салып отыр.
Сонымен, тұрғындардың сақталған қорларын банк және бағалы қағаздар арқылы тұжырымдап, өндіріске тарту оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саяси бағыт ретінде танылып отыр.
Егер ішкі өндіріс көтерілсе, ішкі ұлттық нарық қалыптасуда кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорларын өсуіне жол ашады, астық негізінде бағалы қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.
Бағалы қағаздар нарығын жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты.
1996 жылдың мамыр айында 1996-1998 жылдар аралығындағы бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кездегі негізгі бағыты рыноктық тиімділігі ілкімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады.
1997 жылдың 1 маусымында 3758 акционерлік қоғам акциялар шығарылымын тіркеуден өткізді. Олардың басым бөлігі акционерлік қоғамы айналған бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар.
Корпаративті бағалы қағаздар нарығында талдау жасағанда қайтара шығарылым кәсіпорынның қор нарығы арқылы инвестиция алуға дайындығы бар екендігін білдіретін елеулі фактор ретінде аталады. Бағалы қағаздар нарығы руталы заңға сәйкес бірінші шығарылымы құрылтайшылар арасында жабық орналастырады.
ҚР корпоративтік
Қайтара шығарылым акциялары үстіміздегі жылдың 1 маусымында 25 миллиард теңге болды. Бұл барлық шығарылымының 20%, қайтара шығарылымның аз ғана мөлшерін еске ала келе, акциялардың әлі толық инвестициялық құрал болып үлгермегендігін, олардың шығаралымын тек жекешелендіру қорытындысын нығайтуға қызмет ететіндігін түйіндеуге болады. Соның өзінде қайтара шығаралымдар санының ар тенденциясы байқалады.
1997 жылдың алғашқы 5 айының өзінде 157 қайтара шығарылым тіркелді.
Акциялардың қосымша шығарылымын қарай отырып, әсіресе құрылыс корпорациялары мен өндірістік кәсіпорындардың акциялардың өсе түскендігін оң нәтиже деп бағалауға болады. 1996 жылдың 90,9% болса, 1997 жылдың 5 айы ішіндегі көрсеткіші 94,9%.
1997 жылдың Наурызында бірқатар негізгі заңдар мен нормативтер, құжаттар қабылданды. Олардың қатарында “бағалы қағаздардың нарығы туралы заң”, “бағалы қағаздарды тіркеу туралы заң”, “инвестициялар туралы заң” және т.б. бар.
Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіпқой қызметке қойылар заң талаптардың күшеюі қалыптасушылар санын азайтты. Алайда, олар болса сапалы қатысушылар инвестордың сапасын арттыруда үлкен роль атқармақ.
Техникалық инфраструктураны дамыту жобасын жүзеге асыру бойынша депозиттер айырысу жүйесінің аралық үлгісі жасалып болып қалды, ол еліміздің біріңғай төлем жүйесі аясында жүргізілген болатын.
Осы жылғы мамырда орталық депозиттарияны құрған құрылтай болып өтті. Онда құрылтайшылық құжаттар жарлық қор мөлшері бекітілді. Президентпен Бақылау кеңесі, тексеру комиссиясы сайланды.
Жарлық қор мөлшері 5800000 теңге 29 құрылтайшы 200000 мың теңгелік аты-жөні жазылған 29 акцияны иемденді.
Бағалы қағаздар нарығының бүгінгі ахуалы төңірігіндегі әңгімені қорытындылай келе корпоративті қағаздар рыногына қарағанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қай тарапта болмасын жүзеге асырылуы үстінде екендігін атап айтамыз.
Сондай-ақ шетелдік инвесторлар да мемлекеттік бағалы қағаздарға сенім арта түсуде. Бұл біздің қаржы жүйеміздің тұрақтану теңденциясына оң ықпалын тигізе бермек.
2.2. Еліміздің экономикасының экономикалық өсімінің факторы ретіндегі бағалы қағаздар нарығы
Қазіргі таңда бағалы
Соңғы жылдар бойы
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәләлдейді. Бірақ, бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды.
Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей хадық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерін қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.