Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:44, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы.
КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҒЫ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның түрлері...............5
1.2 Бағалы қағаздар нарығы, мәні, оның қатысушылары және ҚР пайда
болуы.......................................................................................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер және оны төмендету
әдісі........................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын дамыту
туралы ұсыныстар................................................................................20
3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы.........23
3.2 Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы....................................26
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................
Әлемдік дағдарыс аясында жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің инвестициялық стратегияларын ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының және шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестициялау көлемдерін қысқарту пайдасына өзгертті.
2009 жылдың 1 қаңтарындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық меншікті портфеліндегі мейлінше ауқымды көлемді ҚР мемлекеттік емес бағалы қағаздары иеленді – 31 418 млн. теңге (61,97%). Бұл ретте меншікті активтер портфелінің 5,87%-ы екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар үлесі 28,75% болды.
Сонымен бірге ЕДБ портфелінің қомақты үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары құрайды – 47,3% немесе 391 481 млн. теңге. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі 23,0% келеді. Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары жиынтық портфельдің 7,8%-ын, шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 17,6% құрайды.
Бағалы қағаздар нарығында тұрақтылық болмайды, яғни онда ай сайын өзгерістер болып тұрады. Мысалы, акция нарығында жыл басында құлдыраулар болса, сәуір айында ол қайта қалпына келді. Бұл мұнай мен металлдарға деген бағаның өсуімен байланысты болды. Осыған орай тау-кен компаниялары – Қазақмыс және ENRC инвесторлар арасында акцияларына деген сұраныс жоғары болады.
Ағымдағы жылдың жаз айларында Қазақстан акциялар нарығында бағаның төмендеуі қайта байқалды. Нарықтан капиталдар кете бастады. Бұл құбылыс маусым айының басында қалпына келе бастады.
Әлем елдерінде акция жағдайы да өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер Қазақстанға үлкен әсерін тигізуде. Қазақстан нарығы сол әлеммен бірге жүріп отырады, бірақ қор нарығына капиталдың ағылып келуін біз әлі көре алмаймыз.
3.2 Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер баршылық.
Экономикалық мәселелерге:
нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
нарықты дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;
нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал мүшелері және хатшысы болып бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатта куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналасуға құқық алып, қызмет атқаруда.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі – мүлікті кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделегн бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.
Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінен банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:
1. Нарықта акционерлік капитал үлесінен көптігі;
2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі;
3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
4. нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.
Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығынң нарықтық үлгісінен таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:
1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылатын акциядан түсетін ақша – «арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.
2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз ктивтерімен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды деген болжамдар көп. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруға тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
3. Саясат факторы – дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі – халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адмды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру – бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.
Қазiргi уақытта бағалы қағаздар нарығының тартымды құралдарының өте зәру тапшылығы байқалады, бұл ішкі институционалдық инвесторлардың инвестициялық әлеуетінің тұрақты түрде өсуi себептi едi. Институционалдық инвесторлардың құралдары үшiн тартымды тапшылықты бiлдiретiн басқа фактор "А" санаты бойынша, оның ішінде эмитенттерi қаржы ұйымдары, көпшiлiк жағдайларда банктер болатын акциялар бойынша қазақстан қор биржасының ресми тiзiмiндегi негiзгi эмитенттермен қаржы рыногы қатысушыларының шоғырлануының жоғары деңгейi болып табылады. Сонымен, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерiн түрлендiру мақсатында өздерінің басқаруындағы зейнетақы активтерiн шетелдiк рыноктарға орналастыруға мәжбүр болып отыр.
Бағалы қағаздар нарығын дамытудың қазіргі тенденциялары мыналар[17]:
1. Нарықтың интернацоналдануы мен жаһандануы. Ол - әр елдің ұлттық капиталының өз шекарасынан шығуы, әлемдік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы, ал ұлттық нарықтың екінші деңгейге ығыстырылуы. Бұнда кез-келген елдің инвесторлары бос қаражаттарын басқа елдің айналыстағы бағалы қағаздарына салуға мүмкіндік алады. Бағалы қағаздар нарығы жаһандық сипатқа ие болады, басқаша айтқанда, бүкіл әлемді қамтиды. Ұлттық нарық – ол бүкіл әлемдік бағалы қағаздар нарығының құрамдас бір бөлігі ретінде қалады. Бұндай жаһандық нарықта сауда үзіліссіз, әрі жер-жерде жүргізіледі. Оның негізін трансұлттық компаниялардың бағалы қағаздары құрайды.
2. Нарықты ұйымдастырудың деңгейін көтеру және оны мемлекеттік бақылауды қатаңдату. Оның мақсаты – бағалы қағаздар нарығына сенімділікті арттыру, сонымен қатар көпшілік инвесторлардың нарыққа деген сенімін қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығының масштабы мен маңызы ұдайы өсуде. Егер бағалы қағаздар нарығы күйзеліске ұшыраса, ол экономикалық процестің және жалпы ұдайы өндірістің бұзылуына соқтырады. Сондықтан, ешбір мемлекет өз елінің немесе басқа елдің бағалы қағаздарын сатып алған өз халқының жинақ ақшаларының әлде қалай болған астан-кестен өзгерістерінің немесе алаяқтықтың кесірінен жоғалып кету қаупі тууына жол бермейді.
3. Бағалы қағаздар нарығын компьютерлендіру. Ол – нарыққа қызмет көрсетуге – ең алдымен нарыққа қатысушылар үшін және олардың өзара есеп айырысу үшін тез, әрі жан-жақты нарық процесін тегіс қамтитын қазіргі жүйесі арқылы түбегейлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік тудырады. Оған қоса сауда тәсіліне де көптеген өзгерістер енгізді.
4. Нарыққа енгізілген жаңалықтар:
1) нарықта жаңа қаржы құралдарының, яғни көптеген туынды бағалы қағаздардың жаңа түрлерінің пайда болуы;
2) бағалы қағаздармен сауданың жаңа жүйесінің пайда болуы – ол компьютерлерді және қазіргі байланыс құралдарын қолдану негізінде делдалдарсыз және де сатып алушымен сатушының бір-бірімен тікелей кездесуінсіз сауданы толығымен автоматты режимде жүргізуге мүмкіндік беретін сауда жүйесі;
3) нарықтың жаңа инфрақұрылымының қалыптасуы – ол қазіргі ақпараттық жүйе, клиринг және есеп айырысу, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына депозитарлық қызмет ету жүйесі.
5. Секьюритизациялау. Ол – ақша қаражаттарының өзінің дәстүрлі формасынан (жинақтау, қолма-қол ақша алу, депозитке салу және т.б.) бағалы қағаздар формасына ауысу тенденциясы; көптеген капитал массасының бағалы қағаздар формасына өту тенденциясы; бағалы қағаздардың бір формасынан басқа көпшілік инвесторлардың қолына тиетін формасына ауысу тенденциясы.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты Қазақстан бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, оны ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бағалы қағаздарды шығару үшін мүмкіндіктерді кеңейту, инвесторлардың құқығын қорғау және адал бәсекелестікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл орайда бағдарламаның мақсаттарымен міндеттерін негізге ала отырып мынадай негізгі іс-шаралар жүзеге асырылды.
1. Отандық инвесторларды дамыту. Отандық инвесторларды дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамытуды жетілдіру және ынталандыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, инвестициялық қорлардың активтерін сенімгерлік басқаруды құру, оларды есепке алу және сақтау, сондай-ақ олар шығарған бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жіберу және сатып алу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттеу мәселелерді қоса алғанда инвестициялық қорлар қызметін құқықтық қамтамасыз етудің мәселелері шешілді. Қажетті нормативтік құқықтық базасын және өзге жағдайларды құру инвестициялық қордың жоғары өсу қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге елдің қаржы секторына халықты тарту бойынша міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымындағы № 536 қаулысымен Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама халықтың өзінің ақша қаражатын инвестициялау жөнінде шешімдер қабылдауына әсер етудің оңтайлы шараларын таңдау үшін қор нарығы қызметтерін тұтынушылардың нысаналы топтарын анықтауды, Қазақстан халқының арасында қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауды, азаматтарға бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндіктері туралы ақпарат берудің жалпыға қол жетімді жүйесін құруды көздейді.
2. Эмитенттерді дамыту және нығайту. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде эмитенттер қызметінің айқындылығын арттыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары меншікті веб-сайттарда ақпаратты ашып жариялауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді және қабылданды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бағалы қағаздар ұстаушылар- өз клиенттері туралы ақпаратты Орталық депозитарийге және тіркеушіге ұсынуды номиналды ұстаушының міндеттемесі белгіленді. Бағалы қағаздар нарығын дамытуында жағымды кезеңі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы нарығына ұлттық компаниясының бағалы қағаздарды шығару туралы шешім болып табылды.
3. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту. Бағдарламаны табысты іске асырудың ең маңызды құрамының бірі толық бағалы және тиімді қызмет ететін қор нарығынң инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады. Бағдарламаның іс-әрекеті кезінде бағалы қағаздар нарығынң инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұйымдық-құқықтық нысанға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының лицензиаттарды оларды оңтайландыру мақсатында капиталдандыруға қойылатын талаптарды қайта қарау жүзеге асырылды, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары орындауға міндетті пруденциялдық нормативтері белгіленді.
Бағалы қағаздар нарығын дамытуында маңызды қадамы болып инвестициялық банкинг институтын енгізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Президенттінің тапсырмасына, Қазақстан қаржыгерлерінің IV конгресінде мәліметтеріне сәйкес оларды бағалы қағаздар нарығында қызметі шеңберінде жүзеге асырған жағдайда жекелеген банк операцияларының түрлерін брокер-дилер жүзеге асыралатыны көзделді.
4.Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралары жоғарыда айтылғандай негізінен кәсіби қатысушылардың қызметінің айқындылығын арттыруға, акционерлердің және клиенттердің құқықтарын қорғауға, қаржы ұйымдарын институционалды нығайтуға, құқықтық, салық және қор нарығын дамытуды ынталандыру үшін өзге жағдайлар жасауға бағытталған.
Информация о работе Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы