Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері

Автор: n***********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Работа содержит 1 файл

курсовой работ f1.doc

— 760.00 Кб (Скачать)

    Алайда  толық қалпына келу үдерісі, ең алдымен, бірқатар факторлардың, оның ішінде шикізатқа деген əлемдік сұраныстың жəне бағаның оңға қарай өзгеруіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда экономикалық саясат өнімдері ішкі нарыққа бағдарланған экономикалық салаларға мемлекеттік қолдау көрсету арқылы түзетілетін жəне сұранысты ұлғайтуға бағытталатын болады. Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының негізгі теріс үрдістерін тексергенімізді ескерсек, оның қалпына келуінің 2009 жылы байқалған белгілері ЖІӨ нақты өсуі 2010 жылы 2-2,5% деңгейінде болады деп болжам жасауға мүмкінік береді.

     2009 жылдың қорытындылары бойынша  жылдық инфляция 9,5%-дан 6,2%-ға дейін, орташа жылдық инфляция 17,0%-дан 7,3%-ға дейін төмендеді. Қазақстан Республикасы экономикасындағы ең төменгі инфляциялық əлеует 2009 жылы Ұлттық Банкке ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде халықтың ұлттық валютаға жəне қаржы нарығының тұрақтылығына қолдау көрсетуге деген сенімін қалпына келтіруге көңіл бөлуге мүмкіндік берді. 2010 жылы инфляцияны 6,0-8,0% дəлізде ұстап тұру болжанады.

    2009 жылғы ақпанда Ұлттық Банк  теңгенің құнсыздануын жүргізіп, теңгенің айырбастау бағамының дəлізін бұрынғы бір долларға +/-2% 120 теңге болған айқын емес дəліздің орнына бір долларға +/-3% 150 теңге деңгейінде белгіледі.

    Валюта  саясатының өзгеруі Қазақстан Республикасының  сауда əріптес-елдері валюталарының құнсыздануына жəне Қазақстан экспортының негізі болып табылатын энергоресурстар бағасының 2008 жылдың екінші жартысында – 2009 жылдың басында болған айтарлықтай төмендеуіне жауабы болды. Теңгенің номиналды бағамының төмендеуі нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бəсекеге қабілеттілігін қалпына келтіруді жəне алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал əлемдік нарықтардағы шикізат бағасы өсуінің жандануы төлем балансы көрсеткіштерінің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етті.

    Бағам қалыптастыру икемділігін көтеру үшін жағдайлар жасау мақсатында теңгенің ауытқу дəлізі 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап (+)10%-ға дейін немесе 15 теңгеге жəне бір долларға 150 теңге болатын таргеттеу мəні сақталған жағдайда (-)15%-ға немесе 22,5 теңгеге кеңейтілді. Теңге бағамының динамикасындағы басым үрдістер əлемдік қаржы жəне тауар нарықтарындағы ахуалға жəне төлем балансының жай-күйіне байланысты болады.

    Ұлттық  Банктің жалпы алтынвалюта активтерінің көлемі 2009 жылдың аяғында 23,2млрд. долл. болып, бір жыл ішінде 16,8%-ға ұлғайды. Республиканың төлем балансы, алдын ала жасалған деректер бойынша, 2,7 млрд. долл. оң сальдомен қалыптасты.

    Банк  секторына мемлекеттік қолдау шаралары, банктердің дағдарыс сабақтарын есепке ала отырып істеген ішкі түзетулері банк секторының тұрақтылығын, сондай-ақ банктердің депозиттік базасын, оның ішінде халықтың салымдарын сақтап қана қоймай, өсуін де қамтамасыз етті. Сонымен қатар «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның мүмкіндіктерін арттыру үшін Ұлттық Банк оның жарғылық капиталын 110 млрд.теңгеге дейін ұлғайтты.

    2009 жылы резиденттердің депозит  ұйымдарындағы депозиттері 19,7%-ға өсті, бұл ретте жеке тұлғалардың салымдары 28,5%-ға, заңды тұлғалардікі 16,3%-ға ұлғайды.

    Банк  секторының өтімділігімен ахуалдың айтарлықтай жақсаруы Ұлттық Банкке банктерді қайта қаржыландыру көлемін едəуір азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 2009 жылдың екінші жартысынан бастап Ұлттық Банк банктер өтімділігінің Ұлттық Банктің құралдарындағы (қысқа мерзімді ноталары, депозиттері), сондай-ақ корреспонденттік шоттардағы жинақталған резервін ішкі кредиттеуді ұлғайтуға қайта бағыттау жөніндегі шараларды қолдануда. Алайда банктердің ресурстық базасын ұлғайту экономиканы кредиттеудің өсуіне əкеп соққан жоқ. 2009 жылы банктердің экономикаға кредиттік борышының көлемі 2,5%-ға ғана өсті.

    Ақша  базасының 2009 жылы кеңеюі 60,7% құрады, ақша массасы 17,9%-ға, айналыстағы қолма-қол ақша 6,5%-ға артты. Қолма-қол ақшаны шығарудан жəне алудан болған эмиссиялық нəтиже 2009 жылы оң болып қалыптасты, соған қарамастан 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда ол 2 еседен аса азайды. Қазақстан Республикасының төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі 2009 жылы төлемдер саны бойынша 6,1%-ға жəне төлемдер сомасы бойынша 12,6%-ға ұлғайды. Айналыстағы төлем карточкаларының саны 6,2%-ға өсті.

    2009 жылы бірқатар отандық банктер  («БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ жəне «БТА Банк» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ) борыштық міндеттемелерін орындау қабілетінің болмауынан дефолт болып жарияланды, соған байланысты банктер одан əрі банкроттыққа жол бермеу мақсатында қайта құрылымдау үдерісіне бастама жасады. 2009 жылғы 7 желтоқсанда Кредиторлар комитеті жəне «БТА Банк» АҚ «Principal Commercial Terms Sheet» қайта құрылымдау туралы келісімге қол қойды, 2009 жылғы 15 желтоқсанда Кредиторлар комитеті «Альянс Банк» АҚ қайта құрылымдау жоспарын бекітті, 2009 жылғы 18 желтоқсанда Кредиторлар комитеті «БТА Банк» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ міндеттемелерін қаржылық қайта құрылымдауға қатысты «Terms Sheet» құжатына қол қойды. Соның арқасында көрсетілген банктердегі ахуал тұрақтанды, ал борыштық жүктемесінің одан кейінгі төмендеуі олардың кредиттік белсенділіктерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

    Ғаламдық  қаржы-экономикалық дағдарыс жалпы  əлемдік ауқымда да, ұлттық деңгейде де қаржылық қатынастардың қолданылып жүрген модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Əлсіз жақтары мемлекеттік реттеу құрылымында жəне қаржы институттарының өз қызметінде де анықталды.

    Қаржы институттарының проблемалары тəуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмегенінде жəне қазіргі заманғы үрдістер мен қабылданатын тəуекелдер деңгейіне (тəуекелдердің дəрежесі бойынша да, сапасы бойынша да) сəйкессіздігінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмендігінде, жеткілікті дəрежеде айқын болмауында, соның нəтижесінде, теріс үрдістерге сезімталдық байқатқан бизнес-модельдердің тиімсіздігінде көрінді.

    Соған байланысты Ұлттық Банк Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен жəне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігімен, сондай-ақ қаржы нарығының қатысушыларымен бірлесіп Қазақстан

    Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын əзірледі. Осы Тұжырымдама шеңберінде қаржы секторының тұрақтылығын арттыруға, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға жəне инвесторлар тарапынан да, қаржылық қызмет көрсету тұтынушылары тарапынан да республиканың қаржы секторына деген сенімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар іске асырылатын болады.

    2009 жылы Ұлттық Банктің мүдделі  мемлекеттік органдармен бірлесіп  əзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу жəне бақылау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.

    Инвестициялық басқарушысы Ұлттық Банк болып табылатын  Ұлттық қордың кірістілігі базалық валютасы – АҚШ долларымен – 2009 жылы 7,31% болды. Оның кірістілігі құрылған кезден бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында 54,98% болды, бұл жылдық көрсеткіште 5,24% құрайды.

    Қаржы-шаруашылық қызмет нəтижесінде Ұлттық Банк 2009 жылы 50 134,8 млн. теңге мөлшерінде кіріс алды, ал шығындары 15 970,1 млн. теңгені құрады. Нəтижесінде таза пайда 2008 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға ұлғайып, 34 164,7 млн. теңге болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. «Қазақстан  Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы.  30.03.1995
  2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
  3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004ж.
  4. Банковское дело Под ред.  О.И. Лаврушина. Москва "Финансы и статистика " 1998.
  5. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы,2000
  6. Н. Назарбаев Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына  Жолдауы,  Алматы – 1998 ж..
  7. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
  8. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория»,  Алматы -2002 ж.
  9. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды, 2002 ж.
  10. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметі туралы// Банки Казахстана-2006, №3
  11. Банки Казахстана. №12, 1. -2003Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке» 2005ж. стр.2
  12. Банки Казахстан №8,2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы» бет.2.
  13. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
  14. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы- 2006

Газеттер:

      1. Егемен Қазақстан. Астана: 16.05.2004.-8 бет.

      2. Егемен Қазақстан. Астана: 4.03.2006.-3 бет

      3. Егемен Қазақстан. Астана: 29.11.2008 ж.

      4. Егемен Қазақстан. Астана: 19. 11. 2008 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР 

    ІІ  бөлімнің 2.2.-бөлімшесіне қосымша

    1-кесте 

Банктердегі қолма-қол ақшаның  қозғалысы 

 
 
 
 
 
 
 

    ІІ  бөлімнің 2.4.-бөлімшесіне қосымша

    1-сурет 

    Ұлттық  қордың құрылғанынан бастап кірістілігі, АҚШ доллорымен  

 

2-сурет 

Жинақ портфелінің 2009жылғы кірістілігі 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3-сурет 

Жинақ портфелінің мандат түрі бойынша кірістілігі 

 
 

4-сурет 

Басқарушылар  бойынша «Ауқымды облигациялар» қосалқы  портфелінің активтерін бөлу 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2-кесте 

Жинақ портфелін басқарушылар бойынша 2009 жылғы үстеме кірістіліктің салыстырмалы кестесі 

млн.АҚШ  доллоры

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ бөлімнің 3.3.-бөлімшесіне қосымша 

    3-кесте 

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің нәтижелері 

 
 

4-кесте 

Ұлттық  Банктің монетарлық қызмет бойынша кірістері мен шығындары (нетто-негізге) 

 
 

5-кесте

Ұлттық  Банктің монетарлық емес қызмет бойынша  кірістері мен  шығындары

6-кесте

Ұлттық  Банктің күрделі  шығыстары 

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері