Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері

Автор: n***********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Работа содержит 1 файл

курсовой работ f1.doc

— 760.00 Кб (Скачать)

Регистік  құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді  сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.

    Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер  өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін  қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті  клиенттері үшін әр түрлі  қызметтер  орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады.

    Коммерциялық  банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару  үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.

    Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде  қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді  түрде, басқаларына заңмен немесе сот  шешімімен қойылады.

    Инвестиция  дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.

    Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты -  қаражаттардың сақталуын  қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты  және өтімділікті қамтамасыз ету.

    Бағалы  қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген  қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген  құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

    Қордық  бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

    Олар  негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді(купондар, талондар).

    Мәлімдеуші  бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық  анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

    Бағалы  қағаздармен операциялар жүргізуге  коммерциялық банктерде мынадай  құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

    Бағалы  қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары  кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында.

    Коммерциялық  банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

    Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер  өздерінің клиенттеріне банктік  мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер   банктер тарапынан  пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.

    Ақпараттық  қызмет көрсету. Қазіргі кездегі  телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды  игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен  қатар, банктер клиенттерге әр түрлі  қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.

    Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.

    Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда  барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған  ресурстарға өзара қатынасында  өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.

    Дәстүрлі  түрде осы қаражаттардың негізгі  бөлігін депозиттер құрайды. Депозит  пен банктің кленттерінің жинақ  салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз  салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды   салымдарға   тарту   және    оларды    пайда  табу  мақсатында орналастару  жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде   коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құалады. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.

    Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын  ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшырармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.

    Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан  жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы  үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншік меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала алады.

    Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың  кеңірек тараған түрі кәдімгі  жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек.   Депозиттердің   басқа   түрлеріне   қарағанда   жоғары    пайыздардың төлеудің жинақ салымдары құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданалды.

      Коммерциялық банктер негізінен өз  клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

      «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

    - ақылы негізде депозиттерді тарату;

    - клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;

    - қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;

    - инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;

    - заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);

    - төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;

    - банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;

    - клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);

    - банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;

    - лизинтік операцияларды жүзеге асыру.

    Ұлттық  банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОНЫҢ  ІШІНДЕГІ

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ  БАНКІНІҢ

      ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 

    2.1 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫ 

    2009 жылы қалыптасқан тəуекелдің  түрлі факторларының комбинациясы Қазақстанның экономикасына айтарлықтай тұрақсыздану ықпалын көрсетті жəне қаржы тұрақтылығын қолдау мақсатында мемлекетті экономикалық жəне қаржылық үдерістерге араласуға мəжбүр етті. Экономикадағы теріс үрдістер 2009 жылы тəуекелдің сыртқы, сондай-ақ ішкі факторларының тұтас жиынтық болып айқындалды.

    1. Негізгі экспорттық баптарға əлемдік бағалардың төмендеуі жəне

Қазақстанның негізгі сауда əріптес елдерінде құнсыздану. 2008 жылдың аяғындағы – 2009жылдың басындағы қолайсыз сыртқы конъюнктура төлем балансының ағымдағыоперацияларының шотына теріс əсер етті, ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының ұсынысын төмендетті жəне бюджеттің кірістерін азайтты. Осы кезеңде валюта нарығында ауқымды алыпсатарлық белсенділік байқалды, сол себепті Ұлттық Банк теңге бағамының тұрақтылығын қолдауға жүйелі түрде ауқымды интервенциялар (жалпы алғанда 2008 жылғы қазан - 2009 жылғы қаңтар аралығында олардың көлемі 6 млрд. долл. болды) жүргізуге мəжбүр болды.

    2009 жылдың басында Қазақстанның  негізгі сауда əріптес елдерінің  көпшілігі өздерінің ұлттық валюталарына девальвация жүргізді, бұл Қазақстандық өндірушілердің бəсеке қабілеттілігін айтарлықтай төмендетті. Қазақстандық тауарлардың бəсеке қабілеттілігін сақтау жəне алтынвалюта резервтерін сақтау қажеттігі 2009 жылғы 4 ақпанда жүргізілген теңгенің құнсыздануы жəне валюталық дəлізді енгізу туралы шешім қабылдауға себепші болды. Валюта нарығындағы алыпсатарлық əрекеттер 2009 жыл бойы байқалды жəне тек қарашаның басынан бастап шетел валютасына ұсыныстың сұраныстан салыстырмалы түрде жасалатын қарама-қарсы үрдіс байқала бастады.

            2009 жылғы ақпандағы ұлттық валютаның құнсыздануы жəне Ұлттық Банк таңдаған ақша-кредит саясатының басымдылықтары нарықтағы алыпсатарлық күтулерді өтеугемүмкіндік берді, кəсіпорындардың əлемдік тауар нарықтарындағы қолайсыз баға конъюнктурасынан болған шығындарды ішінара өтеді жəне төлем балансының құрылымына сыртқы күйзелістердің теріс ықпалын шектеді. Шикізат тауарларына əлемдік бағалардың ізінше өсуі экспортқа бағытталған салаларды қосымша қолдады, олар жылдың екінші жартысында өндірісті қалпына келтіру динамикасын жəне қаржы көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетті.

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері