Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері

Автор: n***********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Работа содержит 1 файл

курсовой работ f1.doc

— 760.00 Кб (Скачать)

    2.3 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ 

    Ұлттық  Банктің төлем жүйелері саласындағы 2009 жылғы қызметі ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге жəне төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын түрлендіруге бағытталды.

    Төлем жүйелерінің операциялық сенімділігін жəне өндірістік тиімділігін арттыру мақсатында 2009 жыл ішінде төлем жүйелерін барлық құрамдас бөліктері ресурстарды үнемдеу жəне барынша пайдалану, қорғаныш пен рұқсат етудің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету талаптары ескеріле отырып əзірленген жаңа бағдарламалық-техникалық платформаға көшіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

    Қазақстанның  төлем жүйелерінің клиенттің  банк шоты нөмірінің ISO 13616:1997IBAN халықаралық  стандартқа негізделген жаңа құрылымын  пайдалануға жəне банктік сəйкестендіру кодына көшу шеңберінде 2009 жыл ішінде нарықтың барлық қатысушыларының (банктердің жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың), төлем жүйелерінің операторы – «ҚБЕО» РМК-ның жəне Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының іс-қимылдарын ұйымдастыру жəне үйлестіру бойынша жұмыс жүргізілді. Клиенттің банк шотының жаңа құрылымын пайдалануға жəне банктік сəйкестендіру кодына көшу 2010 жылғы 7 маусымнан бастап жүзеге асырылады.

    Сондай-ақ 2009 жылы Ұлттық Банк Қазан қ. (Ресей) өткен «Payments Week 2009» халықаралық форумына жəне ТМД елдері бастамаларының төлем жүйелері жəне бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу саласындағы Жұмыс тобының (CISPI) ІІІ отырысына қатысты, оның жұмысына ТМД елдерінің ұлттық (орталық) банктерінің өкілдерімен қоса, Дүниежүзілік Банктің, Халықаралық есеп айырысу банкінің жəне Еуропа Орталық Банкінің өкілдері қатысты. Аталған Форумның жұмысы ТМД өңіріндегі бөлшек төлемдік қызметтер көрсету нарығын дамыту, қазіргі заманғы үрдістер жəне олардың даму перспективалары, халық үшін бөлшек қызметтер көрсетудің қолжетімділігін арттыру мəселелерін, сондай-ақ жедел дамып отырған электрондық төлемдердің инновациялық жүйелерін реттеудің жəне қадағалауды жүзеге асырудың проблемалық мəселелерін талқылауға арналды.

    Төлем жүйелерін дамытудың жəне жалпы  мемлекеттік мəні бар, Қазақстанның төлем жүйелерінің инфрақұрылымына қатысты жобаларды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасаудың басым бағыттары жөніндегі келісілген саясатты əзірлеу мақсатында Ұлттық Банкте консультативтік-кеңес органы – Ұлттық төлем кеңесі құрылды.

    Тұтастай  алғанда, 2009 жылы Қазақстанның төлем  жүйелері арқылы 159,7 трлн. теңге (немесе 1083,0 млрд. АҚШ долл.) сомаға 25,9 млн. транзакция жүргізілген.

    2008 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдердің саны 6,1%-ға (1,5 млн.ранзакцияға) ұлғайды, төлемдер көлемі 12,6%-ға (17,9 трлн. теңгеге) өсті.

    2.2.-сурет

    Қазақстанның  төлем жүйелеріндегі  төлем ағындарының  динамикасы

    

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.4 АКТИВТЕРДІ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ БОЙЫНША

          КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР  

    Ұлттық  қорды басқару.

    Ұлттық  қордың портфелінің 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы  жалпы нарықтық құны 26 216,8 млн. АҚШ долл. тең болды, оның ішінде валюталық портфель – 24 352,3 млн.долл. (92,89%) жəне «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ-ның жəне «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның облигацияларының портфелі – 1 864,6 млн. долл. (7,11%). Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру жəне жинақ портфельдерінің нарықтық құны – тиісінше 5 989,8 (24,60%) жəне 18 362,5 (75,40%) млн. долл.

    Ұлттық  қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың жəне басқа қаржы құралдарының нарықтық құны BNY Mellon Asset Servicing кастодиан-банкінің деректеріне негізделген.

    BNY Mellon Asset Servicing кастодиан-банкінің деректері бойынша 2009 жылы инвестициялық кіріс құралған, ол 1 464 млн. долл. құрайтын базалық валютада – АҚШ долларымен есептелген.

    Ұлттық қор активтерін басқару кезіндегі кірістілік.

      2009 жылы Ұлттық қордың кірістілігі 7,31% болды. Ұлттық қордың құрылуынан бастап 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында кірістілігі 54,98% болды, бұл жылдық көрсеткіште 5,24% болды. Кірістілікті есептеу Ұлттық қордың базалық валютасы – АҚШ долларында жүзеге асырылды (қосымша 1-сурет).

    2009 жылы жинақ портфелінің кірістілігі 10,19% болды, эталон портфелінің кірістілігі 11,95% болды. Жинақ портфелінің 2009 жылғы асқан кірістілігі теріс болды жəне (-) 1,76 болды, бұл облигациялар портфелінің пайдасына 15.12.0910 дейін əлемдік қор нарығының өсу аясында активтерді тактикалық бөлу бойынша белсенді позициямен негізделген (қосымша 2-сурет)

    «Ауқымды облигациялар» мандатының түрі.

    Мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтерін басқаруды Ұлттық Банк дербес те, инвестициялық басқару жөніндегі халықаралық компаниялар да (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырады. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің дербес басқаруындағы мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтері 98,30% болды, ал осы қосалқы портфель активтерінің қалған 1,70%-ы сыртқы басқаруда болды (қосымша 4-сурет).

    2009 жылы облигациялардың қосалқы  портфелін немесе жинақ портфелінің активтерін басқарудың кірістілігі «Ауқымды облигациялар» мандатының түрі бойынша 5,76% болды. Осы қосалқы портфельдің эталондық портфелінің кірістілігі 5,96% болды.

    Сөйтіп, осы мандат түрін басқару нəтижесінде  алынған асқан кірістілік (-) 0,20% болды.

    «Ауқымды  акциялар» мандатының түрі.

      Мандаттың осы түрі бойынша  жинақ портфелінің активтерін басқаруды Ұлттық Банк дербес те, инвестициялық басқару жөніндегі халықаралық компаниялар да (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырады. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің дербес басқаруындағы мандаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтері 5,14% болды, ал осы қосалқы портфель активтерінің қалған 94,86%-ы сыртқы басқаруда болды. Бенчмарк кірістілігі 29,71% болғанда, мандаттың осы түрі бойынша активтерді басқарудың кірістілігі 30,80% болды.

    Осылайша, осы мандат түрі бойынша активтерді басқарудың нəтижесі эталондық портфельге қатысты оң болды, асқан кірістілік 1,10% құрады.

    «Ауқымды  тактикалық бөлу» мандатының түрі.

    Жинақ портфелінің «Ауқымды тактикалық бөлу» мандатының түрі бойынша активтерін басқару инвестициялық басқару жөніндегі 2 халықаралық компания (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырды. Бенчмарк кірістілігі 11,95% болғанда, жинақ портфелінің осы мандат түрі бойынша активтерін басқарудың кірістілігі 20,83% болды. Сөйтіп, жинақ портфелінің осы мандат түрі бойынша активтерін басқарудың нəтижесі эталондық портфельге қатысты оң болды, асқан кірістілік 8,88% болды. (қосымша 2-кесте).

    Клиенттердің  Ұлттық Банкте кастодиандық, сенімгерлік  жəне брокерлік қызмет көрсетуде тұрған активтерінің жалпы сомасы 2009 жылдың басындағы деректермен салыстырғанда 3,2 есе ұлғайып, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 535 720,5 млн. теңге болды.

    Ұлттық  Банктің кастодиандық қызмет шеңберінде 2009 жылдың басында 3 клиент болды. Клиенттердің Ұлттық Банкте кастодиандық сақтауда тұрған активтерінің жалпы сомасы 2009 жылдың басындағы деректермен салыстырғанда 31%-ға ұлғайып, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 320 891,8 млн. теңгеге жетті. Ұлттық Банктің көрсеткен қызметтен болған кірістер сомасы 134,7 млн. теңге болды, өтелген шығыс сомасы – 22,6 млн.теңге.

    Ұлттық  Банктің сенімгерлік қызмет көрсетуінде 2009 жылдың басында 10 клиент болған. 2009 жыл ішінде 4 клиент Ұлттық Банкпен жасалған бұрын күші бар шарттарды бұзды, ал 1 клиент брокерлік қызмет көрсетуге өтті. 2010 жылғы 1 қаңтарда клиенттердің сенімгерлік басқарудағы активтерінің жалпы сомасы 2009 жылдың басындағы көрсеткіш деректермен салыстырғанда 65,4%-ға ұлғайып, 329 279,8 млн. теңгеге жетті. Ұлттық Банктің көрсеткен қызметінен болған кіріс сомасы 29,5 млн. теңге болды, шығыстарды өтеу сомасы – 27,8 млн. теңге.

    Ұлттық  Банктің брокерлік қызмет көрсетуінде 2009 жылдың басында 2 клиент болды.

    2009 жыл ішінде тағы 2 клиент Ұлттық  Банктің клиенті болды. Ұлттық  Банктің бастамасы бойынша 2009 жылғы 1 желтоқсаннан бастап барлық клиенттерге брокерлік қызмет көрсетудің күші бар шарттарын бұзу туралы хабарлама жіберілді, осыған байланысты 2клиенттің активтері басқа номиналдық ұстаушылардың шоттарына аударылды. Брокерлік қызмет бойынша сатып алынған бағалы қағаздардың 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құны 2009 жылдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 25 есе ұлғайып, 885 548,9 млн.теңгені құрады. Ұлттық Банк көрсеткен қызметтен болған кірістердің сомасы 203,6 млн. теңге, өтелген шығыстар сомасы – 44,5 млн. теңге. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ  БАНКІНІҢ

       ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ІШКІ ҚЫЗМЕТІ 

    3.1. ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ  

    Ұлттық  Банктің құрылымы жəне жалпы штаттық  саны (3 580 адам) Президенттің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін жəне құрылымын бекіту туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген.

    Ұлттық  Банк 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Əкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына сəйкес жəне əкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттар бойынша лауазымдар тізілімін (бұдан əрі – Тізілім) тиісінше Тізілімді əзірлеу кезінде уəкілетті орган ескермеген Ұлттық Банктің филиалдары басшыларының: директор, директордың орынбасары жəне бөлім бастығы лауазымдарымен толықтыру (Президенттің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 25 ақпандағы № 749 жарлығы) мақсатында жұмыстарды орындады.

    Президенттің  «Орталық жəне жергілікті мемлекеттік  органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларда əкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкімді жəне Премьер-Министрдің 2009 жылғы 10 сəуірдегі № 20-23/007-735 тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк 2009 жылы оның ұйымдарын (РМК) қоса алғанда бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын оңтайландыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. Президенттің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 27 наурыздағы № 775 Жарлығымен орталық аппараттың құжат айналымы, жұртшылықпен байланыс жəне халықаралық қатынастар бойынша қызметтерді орындайтын үш дербес бөлімшені бір департаментке (Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы жəне қоғамдық байланыстар департаменті) қайта құру арқылы Ұлттық Банктің құрылымына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Ұлттық  Банктің құрылымын одан əрі оңтайландыру мақсатында орталық аппараттың жəне филиалдардың ішкі құрылымына филиалдардың жəне дербес бөлімшелердің құрамында жекелеген құрылымдық бөлімшелерін қысқарту жəне қайта құру бөлігінде өзгерістер енгізілді, оларды Ұлттық Банктің Директорлар кеңесі бекітті.

    Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, нəтижесінде Ұлттық Банктің штат саны 231,75 адамға немесе 6,5%, оның ішінде: ОА бойынша 87 адамға (11,8%), филиалдар бойынша 99 адамға (5,4%) жəне ұйымдар бойынша 45,75 адамға (4,6%) қысқарту жүзеге асырылды.

    Ұлттық  Банктің ұйымдық құрылымы 2009 жылдың аяғында 12 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), орталық аппараттың 9 дербес басқармасынан, 18 филиалдан, Ресей Федерациясындағы 1 өкілдігінен жəне 4 есеп беретін ұйымнан тұрады.

    Сондай-ақ Ұлттық Банк «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның жəне «ҚҰБ-нің «Q-BRO» Резервтік Орталығы» АҚ-ның жалғыз құрылтайшысы (100%), сондай-ақ «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (90%) жəне «Қазақстан Республикасының Үкіметі жəне Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ (37,7%) акционерлерінің бірі болып табылады.

    Ұлттық  Банк Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 112 қаулысына жəне Үкіметтің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы №2226 қаулысына сəйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі жəне Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ-ның Ұлттық Банкке тиесілі акциялар пакетін Үкіметтің меншігіне өтеусіз беруді жүзеге асырды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері