Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері

Автор: n***********@gmail.com, 26 Ноября 2011 в 09:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Работа содержит 1 файл

курсовой работ f1.doc

— 760.00 Кб (Скачать)

    3.2 АҚПАРАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУ  

    Жобалау жəне зерттеу жұмыстары.

    2009 жылы Ұлттық Банктің интеграцияланған автоматтандырылған ақпарат жүйесін дамыту жəне əзірлеу бойынша 22 жоба бойынша жұмыс жүргізілді, оның ішінде 14 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, 8 жоба бойынша жұмыстар 2010 жылы жалғастырылады.

    Жобалау жұмыстары шеңберінде:

    қолданыстағы  автоматтандырылған ақпарат шағын жүйелерін (бұдан əрі – ААШЖ) клиенттердің банк шоттарының нөмірлерінің (ЖСК) жəне банктік сəйкестендіру кодтарының (БСК) жаңа құрылымға өту бөлігінде, жеке сəйкестендіру жəне бизнес-сəйкестендіру нөмірлеріне (ЖСН/БСН) өту бөлігінде пысықтау жүргізілді, төлем жүйесін пайдаланушылармен кешенді тестілеу жүргізілді;

    Ұлттық  Банк бөлімшелерінің өтінімдері бойынша  жаңа ААШЖ əзірлеу жəне бар ААШЖ пысықтау жүргізілді;

    активтерді, тəуекел менеджментін басқару жəне талдау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ендіру бойынша жұмыстар жалғастырылды;

    «POMS AI Manager» жүйесін өнеркəсіптік пайдалануға  енгізу жүзеге асырылды жəне күйіне келтіру аяқталды;

    Euroclear Bank бірыңғай коммуникациялық платформасына  өту шеңберінде ScreenFlow бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату жəне күйіне келтіру жəне Euroclear Bank жəне SWIFT бірлесе отырып байланысты сынақтан өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

    Ұлттық  Банкте қолдану мүмкіндігін талдау мақсатында жаңа технологиялар мен бағдарламалық өнімді зерделеу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.

    Ақпараттық  технологияларды  дамыту жəне стандарттау.

      Ұлттық Банктің ақпараттық технологиялары бойынша нормативтік базасын дамыту жөніндегі жұмыс жүргізілді.

    Ақпарат технологиясы департаментінің сапа менеджменті жүйесін (бұдан əрі - СМЖ) қолдау үшін «InterCert» сертификаттау орталығы Ақпарат технологиясы департаментінің СМЖ-нің бірінші бақылау аудитін ISO 9000 халықаралық стандартының талаптарына сəйкес жүргізді. Аудит нəтижесі бойынша Ақпарат технологиясы департаменті СМЖ-нің ISO 9001-2008 стандарттарының талаптарына сəйкестігін растады жəне TUV Rheinland InterCert сертификациялау жөніндегі органнан сертификат алды.

    АТ-инфрақұрылымын қолдау.

      Ұлттық Банктің АТ-ресурстарын  қолдау АТ- ресурстарын басқару, қызмет көрсету жəне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметті ұсыну арқылы жүзеге асырылды.

    Ұлттық  Банктің бөлімшелері мен филиалдарында  пайдаланылатын ИААЖ 40 тапсырмасы мен шағын жүйесіне қызмет көрсету жəне басқару жүзеге асырылды. Пайдаланушылардың өтінімдерін Help Desk қолдау қызметі қабылдады жəне өңдеді. Microsoft SMS Server, оның ішінде оқу кластарын пайдалана отырып, жұмыс станцияларын ажыратылған қолдау жүзеге асырылды.

    Пайдаланушылар  тарапынан іркілістерсіз жəне ескертулерсіз  қаржы жылын аяқтау бойынша жұмыс жүргізу қамтамасыз етілді. Консультациялық жəне практикалық көмек көрсетілді, пайдаланушылардың жұмысын жақсарту үшін есептер əзірленді жəне түрлендірілді.

    2008 жылғы 3 379 бірлік компьютер жабдығына  қарағанда 2009 жылы 3 849 бірлік пайдаланылуда жəне қызмет көрсетілуде, оның ішінде: серверлер - 148, дербес компьютер - 2 483, қолға алып жүретін компьютер - 133, принтер – 940 бірлік жəне сканер – 145 бірлік. Оған қоса, байланыс құралдары: автоматты телефон станциялары - 20, факсимильді аппараттар - 166.

    Ұлттық  Банктің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында серверлерді, тармақталған кабель желісінің активті жабдығын, деректер базасын жəне почта жүйелерін жұмыс жағдайында ұстау, ЭЕМ залының қосымшалар кешені бойынша ақпаратты шешу жəне беру жүзеге асырылды. Ұлттық Банктің орталық аппараты бөлімшелерінің жəне оның филиалдарының компьютер жабдығына техникалық қызмет көрсету жəне жүйелік қызмет көрсету бойынша жұмыстар орындалды, сондай-ақ есептеу техникасына жəне байланыс құралдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Ақпараттық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Негізгі өңдеу орталығынан аумақта орналасқан Ұлттық Банктің Резервтік есептеу орталығының жұмыс істеуі қамтамасыз етілді. Маңызды күрделі шағын жүйелер бойынша ақпаратты резервтеу Ұлттық Банкті нормативтік құқықтық құжаттарында айқындалған технологиялық тəртіпке сəйкес нақты уақыт режимінде жүзеге асырылды.

    Вирусқа қарсы қорғау қамтамасыз етілді: Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшелерінде вирусқа қарсы түгендеу жүргізілді, оның барысында əрбір жұмыс орынында базаның маңыздылығының барынша жоғары деңгейіне жəне вируске қарсы бағдарламаның болуына қол жеткізілді, Ұлттық Банк орталық аппаратының пайдаланушыларын қорғаудың анағұрлым жоғары көрсеткіші бар Касперский вирусқа қарсы жаңа 6.0.4.1212 нұсқасына көшіру жүргізілді.

    Ұлттық  Банктің Астана қаласында Резервтік  орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

    Техникалық  инфрақұрылымды жетілдіру.

    Ұлттық  Банктің ақпараттық жүйелерін пайдаланушылардың өсіп келе жатқан қажеттілігін басқарудың сапасын жақсарту, барынша қанағаттандыру мақсатында сенімділік, өндірушілік, қауіпсіздік саласында анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған қызметтің түрлі бағыттарын дамыту жəне түрлендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

    Ұлттық  Банктің орталық аппаратында  жəне филиалдарында нақты жəне моральдық тұрғыдан ескірген техникалық құралдарды жаңа компьютерлерге ауыстыруға байланысты оларды пайдаланудан шығару жөнінде жұмыс жүргізілді. Осы мақсатта 5 сервер, 460 дербес компьютер, 20 қолға алып жүретін компьютер, 44 сканер, 60 принтер жəне 23 факсимильді аппарат сатып алынды.

    Ұлттық  Банктің аумақтық филиалдарымен 2009 жылы «IP-VPN» хаттамасы бойынша ақпаратпен алмасу қызметін жақсарту мақсатында барлық аумақтық филиалдар ВОЛС (соңғы миль) көшірілген. ІР-телефония үшін өткізу қажеттілігі 192 Кб/сек дейін ұлғайтылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3.3 ҚАРЖЫ – ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ  

    2009 жылы Ұлттық Банктің кірісі 50 134,8 млн. теңге болды, шығындары  – 15 970,1млн. теңге, таза пайда  34 164,7 млн. теңге жəне 2008 жылмен  салыстырғанда 3 967,7 млн.теңгеге (13,1%-ға) ұлғайған.

    Ұлттық  Банк еншілес ұйымдарының пайдасы 12 295,3 млн. Теңгені (РМК – 1 225,5 млн. теңге, АҚ – 11 069,8 млн. теңге) құрады.

    Ұлттық  Банктің шоғырландырылған таза пайдасы (еншілес ұйымдарды ескере отырып) 46 460,0 млн. теңгені құрады.

    Ұлттық Банктің монетарлық қызметі бойынша 2009 жылы сыртқы жəне ішкі нарықтардағы операциялардың нəтижесінде нетто-кіріс 5 715,3 млн. теңгеге немесе 13,2%-ға өсіп 49 055,2 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты (қосымша 4-кесте).

    Сыртқы  нарықтағы операциялар бойынша нетто-кірістер валюта портфелі бойынша нетто-кірістердің 27 118,7 млн. теңгеге (40,6%-ға) азаюы нəтижесінде 27 074,9 млн. теңгеге (40,3%-ға) азайып, 40 125,6 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты, оның ішінде ішкі басқарудағы нетто-кірістер 24 063,8 млн теңгеге азайып 42 732,7 млн. теңгені құрады, сыртқы басқарудағы нетто-шығындар 3 054,9 млн. теңгеге өсіп 3 069,3 млн. теңгені құрады.

    Алтын портфелі бойынша нетто-кірістер 43,8 млн. теңгеге (10,5%-ға) өсті жəне алтын бағасының өсуіне байланысты 462,2 млн. теңгені құрады.

    Ішкі  нарықтағы операциялар бойынша нетто-кірістер ішкі банктерді қайта қаржыландыру бойынша операциялар көлемінің ұлғаюына байланысты қаржы жүйесімен операциялар бойынша нетто-кірістер 31 836,3 млн теңгеге өсуі есебінен 30 712,6 млн. теңгеге (137,5%-ға) өсіп 8929,6 млн. теңге сомасында қалыптасты.

    Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар  бойынша нетто-шығындар Ұлттық Банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемінің 2008 жылғымен салыстырғанда облигацияларды өтеу, сондай-ақ бағалы қағаздарды сату себебінен азаюына байланысты 11 582,1 млн. теңгеге (75,4%-ға) азайып, 3 787,5 млн теңгені құрады.

    Үкіметтің депозиттері бойынша шығындар 55,3 млн. теңгеге (28,9%-ға) өсіп, 246,6 млн. теңгені құрады, бұл орналастырылатын депозиттер көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

    2009 жылы банктерге берілген заемдар  бойынша провизиялар құрылды,  соның нəтижесінде нетто-шығындар 10 654,2 млн. теңгені құрады.

    Ұлттық  Банктің монетарлық емес қызметі бойынша  2009 жылғы кірістері 244,8 млн. теңгеге (29,3%) ұлғайып, 1 079,6 млн. теңгені құрады, шығындар 1 992,3 млн. теңгеге (14,3%-ға) ұлғайып, 15 970,1 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты. Нəтижесінде нетто-шығындар 14 890,5 млн. теңгені құрады. (қосымша 5-кесте)

    Монетарлық  емес қызмет бойынша кірістер негізінен  есепті кезеңде алтынның шағын құймаларының сатылуына жəне «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның акцияларын Үкіметтің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 668 қаулысына сəйкес Ұлттық Банктің меншігіне берілуіне байланысты 353,7 млн. теңгеге (4,4 есе) өсіп, 458,3 млн. теңгені құраған көзделмеген кірістер есебінен ұлғайды.

    Монетарлық  емес қызмет бойынша шығындар негізінен  көзделмеген шығындар есебінен болды, бұл «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның Ұлттық Банкке тиесілі акцияларын Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 19 қаулысы негізінде Үкіметке өтеусіз беруге жəне Ұлттық талдау орталығының Ұлттық Банкке тиесілі акцияларын Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 112 қаулысы негізінде Үкіметтің меншігіне беруге байланысты болды.

    Ұлттық  Банктің күрделі шығыстары негізінен Ұлттық Банк ұйымдарының жарғылық капиталын толықтыруға шығыстардың азаюы есебінен 75 571,7 млн. теңгеге төмендеп, 13 161,1 млн. теңге сома мөлшерінде жүзеге асырылды (қосымша 7-кесте)

    Ұлттық  Банктің ұйымдары. Ұлттық Банктің республикалық мемлекеттік кəсіпорындарының өнімді (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатудан түскен кірістері 2009 жылы 9 829,0 млн. теңгені, өнімді (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіруге жұмсалған шығыстар 8 421,5 млн. теңгені құрады. Бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегеннен кейінгі кəсіпорындардың таза кірісі 1 225,5 млн. теңге болды.

    Ұлттық  Банктің акционерлік  қоғамдары. Акционерлік қоғамдардың кірістері 2009 жылы 19 805,2 млн. теңгені, шығыстары 7 192,6 млн. теңгені құрады. Бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегеннен кейінгі таза кіріс 11 069,8 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Екі жыл болған турбуленттіктен кейін 2009 жылдың екінші жартысында əлемдік экономика біртіндеп рецессиядан шыға бастады. Бұған əлемнің көптеген елдерінде 2008- 2009 жылдары қабылданған дағдарысқа қарсы қолдау шаралары, сондай-ақ əлемдік тауар жəне қаржы нарықтарындағы конъюнктураның жақсаруы себеп болды. Экономикалық динамиканың нақты нəтижелері жасалған болжамдардан жақсы болып шықты. ХВҚ-ның бағалауы бойынша, 2009 жылы барлық елдердің жиынтық ЖІӨ болжанған 1,1%-ға құлдырау кезінде 0,8%-ға қысқарды. Атап айтқанда, АҚШ экономикасы 2,5%-ға, Жапония экономикасы 5,3%-ға құлдырайды деп бағаланады, еуро аймағы елдерінің жиынтық ЖІӨ 3,9%-ға қысқарады. Экономикалық өсу көрсеткіштерінің 2009 жылдың қорытындылары бойынша 2008 жылға қарағанда нашар болғанына қарамастан, 2010 жəне 2011 жылдары əлемдік экономиканың өсуі тиісінше 3,9% жəне 4,3% болады деп күтіледі.

    Қазақстан Республикасының макроэкономикалық дамуында 2009 жылы оң үрдістер байқалды. Мəселен, 2009 жылдың 3-тоқсанынан бастап 2009 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нақты ЖІӨ айтарлықтай төмендеуін өтеген экономикалық өсудің аздап қалпына келуі байқалады. Бұл ретте қызмет көрсету секторына қарағанда экономиканың нақты секторына əлемдік дағдарыс салдарлары едəуір ауыр əсер етті. Тауарларды өндіру көлемінің төмендеу үдерісі қызметтер өндірісіне қарағанда ерте басталып, ұзағырақ болды, 2009 жылдың 4-тоқсанында ғана экономиканың екі секторында айтарлықтай өсу байқалды, ол жылдың қорытындылары бойынша нақты ЖІӨ-нің 1,2%-ға өсуіне мүмкіндік берді.

    Экономикалық  өсудің оң қарқындарының сақталуына Үкіметтің 2008 жылғы 25қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Үкіметтің, Ұлттық Банктің жəне Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономиканы жəне қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарының (бұдан əрі – Бірлескен іс-қимылдар жоспары) шеңберінде іске асырылған іс-шаралар кешені əсер етті. Бірлескен іс-қимылдар жоспарына сəйкес банк, құрылыс жəне агроөнеркəсіп секторларына қаржылай қолдау көрсету, инвестициялық жобаларды іске асыру əлемдік дағдарыстың экономикаға теріс əсерін төмендете отырып, тұрақтану үдерісіне айтарлықтай қолдау көрсетті.

Информация о работе Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері