Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2011 в 12:06, курсовая работа

Описание работы

Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ-ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс.

Содержание

Кіріспе

1.Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері
1.1. Бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
1.2. Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
1.3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң
қалыптасу ерекшеліктері

2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет
жүйесінің алатын орны талдау

3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Работа содержит 1 файл

курсовая бюджет.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

    -мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сүранысты қанағаттандыру  үшiн қолданылатын  үлестiру қатынастарының экономикалық формасы

    -халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды  үлестiру  үшiн қолданылады

    -ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.

    Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн  мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық  үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және  ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.

    Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта  үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi  ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi. Осыған орай "Мемлекеттiк бюджет"  атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi: 

  • мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
  • экономикаға әсер ететiн құрал;
  • мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
  • қоғамның барлық м үшелерi оны заң ретiнде орындау керек.

    Мемлекеттiк  бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк  бюджет арқылы  ұлттық кiрiстiң 30%, жалпы iшкi өнiмнiң 20%, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10%  үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi. Ол ақша қорын  ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында  үлестiрiледi (3). Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде  ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету  үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.

    ҚР ²Бюджет жүйесi туралы² заңы республиканың түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.

      Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген  салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.

    Бюджет  жiктелуi -  функционалдық, ведомстволық және  экономикалық сипаттама бойынша  бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен  жұмсалатын шығыстарының топталуы.

    Бюджет  құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң  ұйымдастырылуы.

    Бюджет  процесi - мемлекетттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi.  

    Мемлекеттiк  бюджет - республикалық және жергiлдiктi бюджеттердiң бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын жиынтығы.

    Мемлекеттiк  кепiлдiктер - ҚР  Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнiң алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы берешектi  iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi.

    Мемлекеттiк  шотты - мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң  және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртiбi.

    Бюджет  тапшылығы - үкiметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда , шығыстар көлемiнiң  және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.

    Республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi  ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi.

    Бюджет  кiрiстерi - салық және салықтық емес түсiмдермен алымдардың сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен жасалатын операциялардан жасалатын кiрiстердiң көлемi.

    Мемлекеттiк  бiрiктiрiлген қаржы балансы - дербес жұмыс iстейтiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң (соның iшiнде арнаулы экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алынбайтын ақша қаражатының жиынтығы.

    Жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық ( республкалық және облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерi.

    Ресми трансферттер  - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.

    Бюджет  профицитi - бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми трансферттер түсiмдерi жалпы сомасының жалпы  шығыстар көлемiнен және қайтарымды  негiзде бөлiнетiн несиелерден асып түсуi. Республикалық бюджет профицитiнiң мөлшерi  ұлттық  валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен есептелiнедi.

    Бюджет  шығыстары - бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн қаражат.

    Резервтiк  қор - бiржолғы сипаттағы тосым шығындарды қаржыландыру  үшiн бюджет қаражаты есебiнен құралатын қор, соның iшiнде республикалық бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат.

    Ерекшелiк - бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткiш.

    Субденциялар - нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн төменгi бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерден бекiтiлген сомалар шегiнде  алатын ресми трансферттерi.

    Субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды) қаржыландыру  үшiн  ұйымдарға  бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн  трансферттiк төлемдер.

    Есептi кезең - жаңа қаржы жылына  енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен қаржы жылында бекiтiлген  қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар  жүргiзiледi. Есептi кезеңнiң ұзақтығын  ҚР  Қаржы министрлiгi бегiлейдi.

    Қаржы жылы - күнтiзбелiк жылдың бiрiншi 1 қаңтарында басталып, 31 жетоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттiк есепке  алу  кезеңi. Қаржы жылына есептi  кезең енбейдi.

    Функционалдық топ- жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы.

    Нысаналы  қорлар - бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiне енгiзiлетiн және арнайы белгiленген кiрiстер көздерiнiң есебiнен қалыптастырылатын қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.

    Таза  несие беру - берiлген және өтелген несиелердiң жалпы сомасы арасындағы айырма.

    ҚР  жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен  тыс қорлар дербес жұмыс iстейдi.

    Барлық  денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын есепке алу  ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

    ҚР  бюджеттiң құрылысы - республиканың бюджет жүйесiне кiретiн барлық бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы,нақтылығы, жариялығы және дербестiгi принциптерiне негiзделедi.  Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi бiрынғай құқықтық негiз, бiрынғай бюджеттiк  жiктеудi пайдалану, бюджеттiң бiр денгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.

    Экономиканың  қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық  құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер  жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ²Мемлекеттiк бюджет² айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.

    ҚР  әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен  жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық  қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды фактор. Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу дипломдық жұмысымның тақырыбын  маңыздылауға негiз болып отыр. Қазақстан Республикасының  бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да төлемдерден құралады:

    Салықтар:

-корпорациялық табыс салығы;

-жеке табыс салығы; 

-қосылған құн салығы;

-акциздер;

-жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi;

-әлеуметтiк салық;

-жер салығы;

-көлiк құралдары салығы;

-мүлiк салығы.

    Алымдар:

-заңды тұлғаларды мемлекеттiк  тiркегенi  үшiн алым;

-жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi   үшiн алым;

-жылжымайтын мүлiкке құқықтарды  және  олармен жасалған мәмiлерлердi мемлекеттiк  тiркегенi  үшiн алым;

-радиоэлектрондық құралдарды  және жиiлiгi жоғары құрылғыларды  мемлекеттiк  тiркегенi  үшiн алым;

-механикалық  көлiк құралдары  мен тiркемелердi мемлекеттiк  тiркегенi  үшiн алым;

-теңiз, өзен кемелерi мен  шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк  тiркегенi  үшiн алым;

-азаматтық әуе кемелерiн  мемлекеттiк тiркегенi  үшiн алым;

-дәрi-дәрмек  құралдарын мемлекеттiк  тiркегенi  үшiн алым;

-автокөлiк  құралдарының  Қазақстан Республикасының аумағы арқылы  жүру алымы;

-аукциондардан алынатын алым;

-елтаңбалық алым;

-жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы  үшiн лицензиялық алым;

-телевизия және радио хабарларын тарату  ұйымдарына  радиожиiлiк спекторiн -пайдалануға рұқсат беру  үшiн алым.

    Төлемақылар:

-жер учаскелерiн  пайдаланғаны  үшiн  төлемақы;

-жер бетiндегi  көздердiң  су ресурстарын пайдаланғаны  үшiн төлемақы;

-қоршаған  ортаны ластағаны  үшiн  төлемақы;

-жануарлар дүниесiн пайдаланғаны  үшiн төлемақы;

-орманды пайдаланғаны  үшiн төлемақы;

-ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны  үшiн төлемақы;

-радиожиiлiк спекторiн пайдаланғаны  үшiн төлемақы;

-кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны  үшiн төлемақы;

-сыртқы  жарнаманы орналастырғаны  үшiн төлемақы.

    Мемлекеттiк  баж:

-мемлекеттiк баж

    Кеден төлемдерi:

-кеден бажы;

-кеден алымдары;

-төлемақы;

-алымдар. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары