Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2011 в 12:06, курсовая работа

Описание работы

Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ-ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс.

Содержание

Кіріспе

1.Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері
1.1. Бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
1.2. Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
1.3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң
қалыптасу ерекшеліктері

2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет
жүйесінің алатын орны талдау

3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Работа содержит 1 файл

курсовая бюджет.doc

— 273.50 Кб (Скачать)
МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе  
   
1.Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері  
1.1.  Бюджеттiң мазмұны мен құрылымы  
1.2.  Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi  
1.3.  Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк  бюджеттiң  
қалыптасу ерекшеліктері
 
   
2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау  
2.1  Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау  
2.2  Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет  
жүйесінің алатын орны талдау
 
   
3.Қазақстан  Республикасының  бюджет жүйесін  жетілдіру жолдары  
3.1 Бюджет  жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары  
   
Қорытынды  
   
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi  
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Экономикалық  категория ретiнде мемлекеттiк  бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң  орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны  ұдайы өндiрiстi  ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

    Бюджет  экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

    Мемлекеттiң  негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика  Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

    ҚР аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық  жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес  ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.

    Экономиканың  қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн  салалық және аумақтық  құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ²Мемлекеттiк бюджет² айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.

    Мына  қорларға түсетiн  және олардан аударылатын  қаражат республикалық бюджеттiң  кiрiсi  құрамында ескерiледi.

    Ал, шығысына келетiн болсақ  ҚР халықтарын әлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады

    Мемлекет  басшысы Н.Назарбаев осы жолғы халқына арнаған Жолдауында мемлекеттің демократиялық дамуының алдағы 10 жылына айырықша мән берді. Осы күнге дейін талқыланып, әзірленген демократиялық бағдарламалар аясындағы саяси реформаларға қатысты заң жобаларына қарап, қазақстандық саясаттанушылар Қазақстанның болашақ басқару жүйесінің моделіне қаысты түрлі пікір білдірген болатын. Бірақ өз жолдауында Президент:

  • біз қазақстандық саяси реформалар моделін құрып жатырмыз, ал оның басты ерекшелігі президенттік басқару формасын счақтай отырып, қабылданған шешімдердің тепе теңдігін сақтау, жалпы ұлттық диалог, негізгі саяси күштерді бірікіріп, реформаны кезең кезеңмен жүргізу болып табылады. Мемкомиссияның ұсыныстары басқа біреудің тәжірибесін көшіру емес, ол біздің қоғамның Қазақстанның даму ерекшелігін көрсету болып таылады. Таяуда құрылған жұмысшы тобы еліміздің негізгі заңы мен бірқатар қолданыстағы заңарға өзгерістер енгізу үшін дайындық жұмысына кірісіп кетті – деді. Сонда жүзеге асырылуға тиіс саяси реформалардың қазақстандық моделі қандай болмақ:
  • экономиканың тұрақты дамуы реформаардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл біздің экономикалық саясаттың маңызды нәтижесі, - деп атап өткен Елбасы Үкіметке ана мен баланы әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту, зейнетақы мөлшерін ұлғайту мен индекстеу, бюджет саласы қызметкерлерініңеңбегіне ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі бір қатар нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда:
  • 2008 жылы 1қаңтардан астап, баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөшерін 34740 тенгеге дейін немесе 2 есе арттыруы, баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төлейтін ай сайынғы жәрдемақыны көтенруді;
  • жұмыс істейтін әйелдердің жүктілігін, босануы мен аналық кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізуге және декреттік демалыста және бір жасқа толғанға дейін нәресте күтімі жөніндегі демалыста жүрген кезінде олардың зейнетақылық жинақтаулары жүргізіле беруін;
  • іргелілік зейнетақының мөлшерін ұлғайтуды және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% денгейінде сақталуын қамтамасыз етуді;
  • зейнетақы есептеу үшін ескерілетін табысты шектеуді өзгертуді, оны 15 мәрте айлық есептік көрсеткіштен 25 мәртеге дейін арттыруды;
  • зейнетақы төлемдерін индекстеуді сақтауды және тұтыну бағаларын индексінің болжамды өсімінен екі пайыз арттыруды жүзеге асыруды;
  • бюджет саласы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде жұмысты жалғастыруды.

    Осы аталған барлық төлемдерді көбейтуге жұмсалатын қаражатқа қажетілік 2008 жылы шамамен 108 миллиард тенгені құрайды.

    Президент сондай ақ үш жылдың ішінде 100  мектеп пен 100 аурухана салуды, әрі олардың  еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған аудандаында  салуды тапсырды

    Әлеуметтік  инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет дәрежесіне енгізуіміз керек,- деп атап өтті Н.Назарбаев.

    Еласы «Қазақстан -2030» стратегиясын дәйектілікпен  іске асыру еліміздің алдағы ілгерілеуі және оның жедел әрі жан жақты  жаңартуының берік негізін қалағанын атап өтті.

    Жүйелілік біздің бүгінгі дүниедегі алдағы он жылдықта жедел алға жылжуымыздың басты қағидасы, міне осы. Қазақстанның әлемдегі тауарлар, көрсетілген қызмет, еңбек ресурстары, каптал, осы заманғы  идеялар мен технологиялар нарықтарының шын мәнінде ажырағысыз серпінді бөлігіне арналуы біз он басты міндет шешуіміз керек,- деді Н.Назарбаев.

    Бірінші міндет – экономиканың тұраулы дамуын қамтамасыз етіп, ұстап тұрумен ғана шектеліп қалмай, оның өсуінің басқаруға  қол жеткізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, Үкімет Қазақстанды индустрияландыруға түбегейлі жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуді, табиғи монополиялар аясын қысқартуды, қаржы жүйесін күшейтуді, тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құруды, Қазақстанның қолайлы шарттармен БСҰ-ға кіруін қамтамасыз етуі, халықаралық техникалық стандарттарды енгізуі тиіс. Менің Үкіметке беетін ең басты тапсырмам осы деп атап  көрсетті Н.Назарбаев.

    Екінші  міндет Қазақстанның экономикалық дамудың  «өңірлік локомативіне» айналдыру  және оны әлемдік экономиканың оңтайлы «ойшысы» ету. Үшінші өндіруші сектордың тиімдіігін арттыру. Төртінші өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бесінші өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа ролімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту. Алтыншы осы заманғы білім беру және кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту. Жетінші атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Сегізінші саяси жүәені жаңарту демократиялық реформаларды одан әрі жүзеге асыру. Тоғызыншы халықаралық іс тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу. Оныншы мінет жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік  қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ала жылжыту.

    10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды  жаңа әлемде орнықтыру үшін  біз жаңа уақыттың өктем талабына  уақтылы әрі лайықты үн қатуымыз  керек. Сондықтанда Үкіметке 2030 стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңакезеңге сай дамытып отырған жоғарыда атап көрсеткен барлық міндетерін дәйекті тапсыратынын айтты.

 

     1. Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері 

    1.1 Бюджеттiң мазмұны  мен құрылымы

    Салық -  мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана  азаматтарды  белгiлi бiр көлемде  ақшалай  қаржыларды  беруге  мiндеттi.  Қазақстан  Республикасында  салықты  төлеу  мiндеттемелерi  азаматтардың  Конституциялық  мiндеттемелерiнiң  қатарына  жатады.  Осыған  байланысты  мемлекет  саяси  үкiмет  субъект  өкiлдiгiне  сүйене  отырып  әрекет  етедi. Мемлекет  ақшалай  қаржыларды  түрлi  жолдармен  табады,  бiр  жағдайда  мемлекеттiк  зайымдар   iшкi  және  сыртқы  ретiнде  меншiк  иесiнiң  қаражаты  өз  еркiмен  беруге  негiзделетiн әдiс қолданылады,  ал  басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар  ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.  Салықтар  мемлекеттiк  бюджетке  заңды  және  жеке  тұлғалардан  белгiлi  мөлшерде  мiндеттi  төлемдер  болып  табылады.  Салықтар  шаруашылық   жүргiзушi  субъектiлер мен  халық  табысының  қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың  бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен  қатар, шаруашылық жүргiзушi  субъектiлермен  халық  табысының  белгiлi  бiр  мөлшерiн  мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық  қатынастарын көрсетедi. Салықтар  мемлекеттiң  пайда  болуымен  бiрге  қалыптасады  және  мемлекеттiң  тiршiлiк  етiп  дамуының  негiзi  болып  табылады.

    ҚР  бюджетiнiң  қалыптасуында   маңызды орынды  салық  түсiмдерi алады. ҚР әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық  қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi ic-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн  айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен,  ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ²Мемлекеттiк бюджет² деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды (1).

    Көптеген  қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық  үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар  үлестiру процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сүранысты қанағаттандыру  үшiн жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру  ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу  үшiн қажет, және экономиканы түзеу  үшiн де қажет. Бағамдық  үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру  үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.

    Мысалы,  үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын  және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.

    Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.

    Осыған  орай мемлекеттiк бюджет бағамдық  үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде  өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сүранысты қанағаттандырады. Обьективтi  үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола түра, ерекше қоғамдық iс-әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады (2).

   Мемлекеттiк  бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы  қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың  үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды  үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары