Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 09:28, курсовая работа

Описание работы

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біре қайнасқан ерекше тауар. Яғни, ақша – тауар өндірумен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар. Оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама рөлін атқару. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «Жеке адам өзінің қоғамдық билігін де қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады.

Содержание

Кіріспе 3

1. Нарықтық экономикадағы ақшаның алатын орны
1.1. Ақшаның мәні мен мазмұны 4
1.2. Нарықтық экономикадағы ақшаның алатын орны 6

2. Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары
2.1. Реформаның калыптасу ерекшелігі және оның тарихи маңызы 16
2.2 Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасын жетілдіру жолдары 19

Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер 30

Работа содержит 1 файл

Курс. Ақша, 1993 жылгы реформа.doc

— 222.50 Кб (Скачать)

Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:

- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты мін-деттемелер;

-  еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

-  мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

-  сақтандыру міндеттемелері;

-  әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.

Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.

Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерінен айырамшылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді. [7. 15-43бб]

Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.).

Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшанын төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қа-жеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.

Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза қазына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.

Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған күнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.

Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.

Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн теңгені құрады.

Несиелік және қағаз акшалар қазына жинау құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.

Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар корлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді: 

- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп  айырысу  және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен ха-лықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу процесіне дәнекер болады.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

              Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері фор-масында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде

К. Маркстің айтуынша: "ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді"', яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.

Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті.  1913 ж. халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

Бреттон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді.  Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.

Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады. [8. 14-23бб]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және  жетілдіру  жолдары

2.1. Реформаның  калыптасу ерекшелігі және оның тарихи маңызы

 

Бір адамның ауыстыратын ақшасының ең жоғары мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбастауға рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

1991 ж 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек кою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл-құжаттарына белгі қойылды.

"Павловск" реформасы нәтижесінде айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болытын.

              Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді.  Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз өсуінде байқалды.

              Қайта кұру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 ж. - 300 т., 1990 ж. - 234 т.

1990 ж.  нақты  ақшаның эмиссиясы  25  млрд  рубльді құрады, бұл 3981-1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы  бос тұтыну  нарығына  сәйкес келмеді.

1991 ж. қантарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы"  Президенттің  Жарлығы   мен   КСРО   Министрлер Кабинетінің қаулысы  қабылданды.  Айналысқа  1991   жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны   жаңа   ақшаға   айырбастауына   не   бары   үш   күн берілді. [9. 32-44бб]

КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы -  рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аумағында айналыста жүре берді. Әр түрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелсіздікке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.

КСРО ыдырағын соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кенес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілумен аяқталды.

КСРО республикаларының егемендігі жариялағаннан кейін барлық 15 ұлттық банктер бір-біріне тәуелсіз түрде орталық банктер ролін атқара бастады. Мұндай салдардың біріне несиелік экспанциялау жатты. Мысалы, Украина Ұлттық банкі 1992 ж. маусымда несие беру көмегімен кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысуды өткізді.  Бұл мысалды ТМД елдердің көптеген орталық банктері қайталады. Ресей қолма-қол рубльді шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбір КРСО-ның бұрынғы республикалары өздерінің ішкі тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан "қорғау" мақсатында өздерінің валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар, Украинада, Литва, Латвияда және Әзірбайжанда болды.

1992 ж. шілде айында Орталық банктердің корреспонденттік   шоттарындағы   ақша   қаражаттар   көлемінде   және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттері арасындағы төлемдерді күнделікті екі жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгізілгенде ғана бұл іс жүзінде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердің құрылуына әкеліп соқтырады. Келесі қадам - меншікті валюталардың шығарылуы екені, осы бастан белгілі болды, сөйтіп 1992 ж. маусым-шілдеде Эстония, Латвия, 1992 жылы қазанда Литва, 1992 жылы қарашада Украина мен Беларусь мемлекеттері өз ұлттық валюталарын еңгізе бастады. 1993 жылы мамырда Қырғызстан, тамызда Грузия ұлттық валюталарын енгізді. Бұл жерде соңғы болып енгізгендер қатарына (1995 ж. Тәжікстанды қоспағанда) Түрікменстан. Өзбекстан, Армения, Молдова және Қазақстан (1993 ж. қараша) болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкінің 1993 ж. рубльдік банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргізген соң барып кетті. Кейбір елдердің оның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтіруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.

              1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегіз мемлекеттерімен қол қойылған "Рубльді ресми төлем құралы ретінде пайдаланатын мемлекеттердің біртұтас ақша жүйесі мен келісілген ақша-несие және валюта саясаты туралы", соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерімен бірге "рубль аумағында" қала берді. 1992 ж. айналысқа 200, 500,1000 рубльдік купюралар шықты. Олардың эмитенті ретінде жұмысын тоқтатқан КСРО Мемлекеттік банкі атап көрсетілді. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10 000 және 50 000 купюрлары шығарылды.

Сөйтіп, Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегі айналыста ақшаның үш түрі: 1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді.

              1993 ж. 23 шілдесінде Ресейдің Орталық банкі 3961-1991 жж. кеңес ақшаларының белгілерін, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардын айырбасына бір апта берілді. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.

              Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен екі күн өткен соң айырбас мерзімі 1993 ж. 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасыдағы 1993 жылғы ақша реформасының қалыптасу ерекшеліктері және жетілдіру жолдары