Кедендік режим

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді

Работа содержит 1 файл

кеден.docx

— 179.87 Кб (Скачать)

 Кеден органдары  кеден одағының кедендік аумағында  мынадай негізгі міндеттерді  шешуді: 
      1) кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесуді; 
      2) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағының кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз етуді; 
      3) кедендік операциялар жасауды және кедендік бақылау жүргізуді, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізуді; 
      4) кедендік төлемдерді және салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың есептелуінің дұрыстығын және уақтылы төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде оларды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды; 
      5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік реттеу шараларының, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуді; 
      6) өз құзыреті шегінде кедендік реттеу саласында тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуді және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдай жасауды; 
      7) өз құзыреті шегінде кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді; 
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді; 
      9) өз құзыреті шегінде кеден одағының кедендік аумағында зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуді; 
      10) кедендік статистиканы жүргізуді; 
      11) Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді әзірлеуге қатысуды және іске асыруды;  
      12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді; 
      13) кедендік декларациялау мен кедендік бақылауды жүзеге асыруды және жетілдіруді, сондай-ақ кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасауды; 
      14) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ берешектерді өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдауды; 
      15) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді және Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысуды; 
      16) бірыңғай бюджет саясатын іске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысуды;  
      РҚАО-ның ескертпесі! 
      17) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз). 
      17) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізуді; 
      РҚАО-ның ескертпесі! 
      18) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз). 
      18) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік және санитарлық-карантиндік бақылау жүргізуді; 
      РҚАО-ның ескертпесі! 
      19) тармақша 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз). 
      19) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау органдарының қызметтерін үйлестіруді; 
      20) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты; 
      21) осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.     

9-бап.  Кеден органдарының құқықтары     

 Кеден органдары: 
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға; 
      2) кедендік бақылау жүргізу кезінде білімнің әр түрлі салаларының мамандарын тартуға; 
      3) кеден одағының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға; 
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюға; 
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге; 
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазба жасауға, киноға және фотосуретке түсіруге; 
      7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге жіберуге; 
      8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеуге, жасауға, иеленуге және пайдалануға; 
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттерді қоса алғанда, тауарларды иеленуге; 
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдануға; 
      11) «Жедел-iздестiру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-iздестiру қызметін жүзеге асыруға; 
      12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар жасауға; 
      13) кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға; 
      14) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.     

10-бап.  Кеден органдарының міндеттері     

1. Кеден органдары: 
      1) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекет мүдделерін қорғауға; 
      2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға; 
      3) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;  
      4) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруға; 
      5) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыруға; 
      6) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге; 
      7) кедендік төлемдер мен салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге; 
      8) өз құзыреті шегінде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдауға және декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға; 
      9) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға; 
      10) өз құзыреті шегінде кеден одағының кедендік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге; 
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметіне, кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;  
      12) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оларды анықтау жөнінде жұмыс жүргізуге; 
      13) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға; 
      14) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, кеден одағының кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;  
      15) өтініштерді уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және кеден ісі саласына келіп түсетін сауалдар мен ұсыныстарды ескере отырып, жауап беруді немесе тиісті іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз етуге; 
      16) кеден ісі саласында ақпарат және консультация беруді өтеусіз жүзеге асыруға; 
      17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде аталған органдардың келісімімен өзара іс-қимыл жасауға;  
      18) кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға; 
      19) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етуге; 
      20) белгіленген мерзімдерде бюджетке төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ өсімпұлды өндіріп алуға; 
      21) кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға; 
      22) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге; 
      23) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті. 
      2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруге міндетті.     

11-бап.  Кеден органдарының орналасатын  жерлері     

1. Кеден органдарының  орналасатын жерлерін кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы өткізілетін  халықаралық тасымал тауарлары  мен көлік құралдарын кедендік  бақылауды жүзеге асыру қажеттігін  ескере отырып, тауарлар партиясының  көлемін және Қазақстан Республикасы  көліктік әлеуетінің даму қарқынын  негізге ала отырып, кеден ісі  саласындағы уәкілетті орган  белгілейді. 
      2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдары тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда орналасады. 
      3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық почта алмасу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн. 
      Көрсетілген жағдайларда қажетті аумақтар және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен шарт негізінде беріледі. 
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      

12-бап.  Кедендік операциялар жүргізілетін  орындар     

 Осы Кодексте  белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылаудағы тауарлар  мен көлік құралдарына қатысты  кедендік операциялар осы Кодекстің 186-бабында айқындалған кедендік бақылау аймақтарында жүзеге асырылады.      

13-бап.  Кеден органдарының жұмыс уақыты      

1. Кеден органдарының  жұмыс уақытын кеден ісі саласындағы  уәкілетті орган осы баптың 2-тармағында  көзделген жағдайларды ескере  отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді. 
      2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты шекарадағы өзге де бақылаушы органдардың жұмыс режимімен, көрсетілген өткізу пункттері орналасқан теңіз және өзен порттарының, әуежайлардың, темір жол станцияларының жұмыс режимімен, сондай-ақ шет мемлекеттің шектес өткізу пункттеріндегі кеден органдары мен өзге де бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен үйлестіріледі.      

14-бап.  Кеден органдарының талаптарын  орындаудың 
              міндеттілігі     

1. Кеден органдарының  және олардың лауазымды адамдарының  талаптары Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасына сәйкес осы  талаптар өздеріне қатысты қойылатын  барлық тұлғалардың орындауы  үшін міндетті. 
      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.     

15-бап.  Кеден органдарының құқық қорғау  қызметі     

1. Кеден органдары  контрабанда туралы, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтару  туралы істер бойынша анықтау  органдары болып табылады, олар  бойынша іс жүргізу Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады. 
      2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыс деп танылған, олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сауал салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады. 
      Кеден органдары жедел-іздестіру қызметін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.     

16-бап.  Кеден органдары алған ақпаратқа  көзқарас     

1. Кеден одағының  кеден заңнамасына немесе Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  кеден органдары алған кез  келген ақпаратты олар тек  кеден мақсаттары үшін, оның ішінде  қылмыстар мен әкімшілік құқық  бұзушылықтардың алдын алу және  жолын кесу үшін ғана пайдаланады. 
      2. Кеден органдарының, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа қол жетімділік алған өзге де тұлғалардың мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты және басқа да жабық ақпаратты, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға не үшінші тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға беруге құқығы жоқ. 
      Кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты, егер мұндай ақпарат мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тәртібімен және талаптарын сақтай отырып, осы органдарға береді. 
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты өтініштер бойынша: 
      1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына – тіркелген тергеуге дейінгі тексеру материалдары, сондай-ақ іс жүргізуіндегі қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша прокурордың тексеру жүргізу туралы қаулысының негізінде; 
      2) соттарға – олардың талап етуі бойынша; 
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына; 
      4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес береді. 
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мемлекеттік органға ақпаратты беру жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған кез келген ақпарат жария етуге және таратуға жатпайды.     

Информация о работе Кедендік режим