Кедендік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік құралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимараттарын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтін техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру-кеден бақылауының түрлері болып табылады [1, 115 б].
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс Бибка.docx

— 89.26 Кб (Скачать)

Тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді  және талдауды кеден органдары тұрақты  негізде жүзеге асырады.

Ақпаратты жинау және өңдеу, тәуекелдерге талдау және бағалау  жүргізу, тәуекелдерді басқару жөнінде  шаралар әзірлеу және іске асыру  тәртібін кеден ісі саласындағы  уәкілетті орган белгілейді.

Тәуекел бейіндерінің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануына арналған құпия ақпарат болып  табылады және Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген жағдайларды  қоспағанда, басқа тұлғаларға жария  етуге жатпайды [2, 151 б].                   

     Кедендік бақылау комитетінің 2012 жылғы « 27 »__тамыз_№_КБК-6-1-15/8163                                                                                                              Тәуекелдерді басқару жүйесінің шеңберінде кедендік бақылау нысандарын дифференциалды таңдауды қолдану туралы нұсқау 

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 216-бабы бойынша кеден органдары тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, осындай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылау жүргізу дәрежесін айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.Кодекстің 183-быбының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі. Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады. Кедендік бақылау нысандарының дифференциалды таңдау мәселесін жедел шешу мақсатында ұқсас тауарларға бір тәуекел бейіні іске қосылғанда кедендік тазартуды жүргізуге уәкілеттелген лауазымды тұлғалар келесіні орындау қажет.

Қосымша тексерулерді жүргізу бойынша КОК №376 шешіміне сәйкес.               Тәуекелдің алдың алу немесе азайту шарасы болып табылатын кедендік тексеру, бір уақытта келесі міндеттемелерді сақтағанда жүргізілмейді:           1. бір келісімнің шеңберінде келісімнің өзгертілмейтін шарттары бойынша ұқсас тауарлар әкелінеді (мысалы сол бір алушы/жөнелтуші, келісім бойынша тауардың құны өзгерілген жоқ, келісім бойынша жеткізу міндеттемелер өзгерген жоқ);                                                                                2. бір келісімнің шеңберінде (келісімнің шарттары өзгертілмегенде) бұрын бір тауарға жұргізілген косымша тексерулердің саны бір кедендік бақылау департаментінде екеуден кем емес, бұнымен бұрын тауарларға арналған декларацияларда мәлімделген кедендік құнына қосымша тексеру жүргізілгенде тәуекел расталған жоқ («әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны жөніндегі әдіс» кедендік құнын айқындауға негізгі әдіс болып қабылданған).                                                                                                                      Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу және кедендік сараптамаға жіберу бойынша.                                                                                   Тәуекелдің алдың алу немесе азайту шарасы болып табылатын кедендік сараптама, келесі міндеттемелерді сақтағанда жүргізілмейді:                            1. бір келісімнің шеңберінде келісімнің өзгертілмейтін шарттары бойынша ұқсас тауарлар әкелінеді/әкетіледі (мысалы сол бір алушы/жөнелтуші);                      2. бұрын кедендік сараптамаға жіберілген тауарларға арналған декларациялардың саны екеуден кем емес;                                                          3.  бұрын мәлімделген тауарларға арналған декларациярардың кедендік сараптамалары тәуекелді растаған жоқ (декларантпен мәлімделген код қабылданды)                                                                                                              4. кедендік тазартуды жүргізуге үкілетті кеден органының лауазымды тұлғасында күмәні жоқ;                                                                                        Тек жоғарыда аталған шарттардың барлығы сәйкес келген жағдайда тауарлар кедендік сараптамаға қайта жіберілмейді. [15].

         Ал кеден саласында тәуекелге  мыналар жатады: кеден және салық  төлемдері, импорттық және экспорттық  шектеулер, экономикалық контрабанда,  зияткерлік меншік нысандары,  есірткіні заңсыз тасымалдау  және тағы басқалар.Еуропа мен  Азия елдері арасындағы байланысты  орнатуда өзіміздің пайдалы географиялық  жағдайымызды жүзеге асыру, ежелгі  «Жібек жолының» сауда бағыттарын  қалпына келтіру – Қазақстан  үшін аса маңызды міндет, оны  орындауда кедендік қызметтің  рөлі өте зор. Халықаралық ынтымақтастықты  кеңейту, бірігу үрдістерін тереңдету  және халықаралық сауда көлемін  арттыру кеден органдарынан транзитті  жүк және жолаушылар легін  кедергісіз өткізуге қолайлы  жағдай жасауды талап етуде.  Осыған байланысты кедендік әкімшіліктендіру  ісіне ерекше мән беріліп отыр. Бұған тек кедендік бақылауды  ұйымдастыру арқылы тәуекелді  басқарудың тиімді жүйесін қолдану  негізінде қол жеткізуге болады. Кеден органдарында пайдаланылып  отырған түрлі жобалар және  тәуекелді басқару жүйесін қолдануды  кеңейту елде қолайлы инвестициялық  жағдай орнатуға мүмкіндік бермек. Ал жалпы алғанда, бұл Қазақстанның  бәсекеге қабілеттігін арттыра  түспек [10].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі таңда Қазақстан, Ресей және Белорусьтің Кеден одағының қызметінің нәтижелері көрініп жатыр. Тек 2010 жылдың 10 айының нәтижелері бойынша Ресей және Белорусьпен жасалған сауда көлемі 38 пайызға өсті. Қазақстандық өнімдердің Кеден одағы елдеріне экспорты 52,4 пайызға өсті. Сонымен бірге бюджетке түскен кедендік баж салығының өсімі 25 пайызды құрады. Осының бәрі Кеден одағының үш мемлекеттің экономикалық мәселелерін шешетін, сондай-ақ еліміздің бизнес саласын бәсекеге қабілетті тауарлар шығаруға және қызмет көрсетуге ынталандыратын өте прагматикалық және нақты жоба екендігін көрсетеді.

Жалпы алғанда Қазақстан  Кеден қызметі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы  жағдай жасауға бағытталған белсенді шаралар жүргізуді жалғастыруда. Кеден одағының құрылуына байланысты ҚР кедендік заңнамасын жетілдіру жөніндегі 2009 жылы басталған жұмыстар Кеден  одағының Кедендік кодексін әзірлеу  барысында жалғасын тапты,  бұл  туралы Келісімшарт 2010 жылы бекітілді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР  Кодексі қабылданды. Кеден ісі саласындағы қатынастарды реттейтін осы Кодекс  Кеден рәсімдерін жеңілдету және үндестіру туралы Халықаралық Конвенцияның стандарттарына және ұсынылған ережелеріне негізделген.

Бүгінгі күні рәсімдерді одан әрі жеңілдету, құжат айналымын  қысқарту, кеден органдары көрсететін қызметтерді жетілдіру жолдарын іздестіру жүріп жатыр. Кеден  органдары өз құзыреттері шегінде  Қазақстан Республикасының егемендігін  және экономикалық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортаны қорғау және азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етуге бар  күштерін салады.

Кеден органдары қоғам  өмірінде  елеулі рөл атқарады және елімізде болып жатқан экономикалық  процестерге іс жүзінде әсер ете  алады. Сондықтан Кедендік бақылау  комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға  және кеден ісіне әкімшілік жүргізудің тиімді түрлерін және әдістерін енгізуге, жаңа ақпараттық және  коммуникациялық  технологияларды жаңғыртуға, есірткі  тасымалы мен лаңкестікке қарсы  күресті күшейтуге және дамытуға бағытталған нақты шаралар жасауда. 

Өзара саудадағы тауарларға кедендік тазарту және бақылау жасау  жойылған Кеден одағының бірыңғай кеден  аумағы туралы ұғым пайда болды; транзиттің бірыңғай шарттары жасалды; кеден ісі  саласында қызмет ететін тұлғаларға қатысты бірыңғай талаптар белгіленді; сенім білдіруші тұлғаның мүддесі  үшін арнайы жеңілдіктерді пайдалануға  және белгілі бір кедендік операцияларды  жүзеге асыруға құқылы Уәкілетті  экономикалық операторлар, Кедендік өкілдер  институттары енгізілді. Кедендік рәсімдеу кезіндегі міндетті құжаттардың  тізімінен Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы карточкасы алынып тасталды, тауарларды кедендік мағлұмдау кезінде  кеден органына тапсырылатын міндетті құжаттардың тізімі 3-ке дейін қысқартылды, қазіргі кезде оған  кедендік мағлұмдама беруші тұлғаның өкілеттігін  растайтын құжат;  коммерциялық құжаттар; көліктік (тасымал) құжаттары кіреді. Кеден органының тауарларды өткізу мерзімі кедендік мағлұмдаманы тіркеу күнінен кейінгі 1 жұмыс күніне дейін  қысқартылды, ал тауарлардың жекелеген  категорияларына қатысты тауарларды өткізу мерзімі 4 сағатқа дейін қысқартылды. Көрсетілген мерзім ішіне кедендік бақылау жүргізу уақыты кіреді. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден  органдарының іс-әрекеттері іріктеп  жүргізу қағидасына негізделеді  және кедендік бақылаудың кедендік заңнаманы  орындауды қамтамасыз етуге жеткілікті түрлерімен шектеледі. 2010 жылдың қазан  айынан бастап кедендік мағлұмдаманы тексеру және кедендік бақылау тәуекелді  басқарудың автоматтандырылған жүйесін  қолданып жүргізіледі.  Осы жүйе шеңберінде тәуекелді басқару жүйесін  пост-кедендік бақылау кезінде қолдану  алғашқы рет көзделген. Пластикалық  төлем карталарының жүйесін қолдану  мақсатымен барлық кеден органдары  мен кеден бекеттерінде  шамамен 200 сауда терминалдары жұмыс істеуде. Қомақты тауарларды кеден қоймасына  іс жүзінде орналастырмай (кеден  органының жазбаша рұқсаты болған жағдайда және кеден төлемдерінің төленуін қамтамасыз ету шартымен) кеден қоймасының кедендік рәсімдеуіне орналастыруға  жол беретін ереже енгізілді. Көліктік және коммерциялық құжаттарды транзиттік мағлұмдама ретінде қолдануға  болады. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжат  ретінде қысқаша мағлұмдама орнына  көліктік, коммерциялық құжаттар немесе транзиттік мағлұмдама қабылданады. Шекарада кеден органдарына бақылаушы  органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру, тауарлар мен көліктерге берілген құжаттарды қабылдау және беру қызметін жүктейтін  біріктірілген кедендік бақылау  енгізілді. Бақылаушы органдармен  бірлескен қашықтан бақылау жасау  үшін  Оперативті басқару орталығына 20-дан аса кеден органдарының жұмыс орындары және мемлекеттік  шекарадағы 60-тан аса көлік өткізу бекеттері қосылды. Тауарлар мен  көліктерді Кеден одағының сыртқы шекарасынан  алып өтуді бақылауды күшейту  мақсатымен шекараны бақылаудың аймақтық орталықтары құрылуда, темір жол, әуе және теңіз көліктерін ведомствоаралық  бақылау жүйесіне қосылу жүргізілуде. Тауарларды және жолаушыларды өткізу бекеттерінде контактсыз тексермелеуге  арналған кедендік бақылаудың техникалық құралдары орнатылды. Кедендік құжаттардың  электрондық көшірмелерін тегін  түрде жасауға және кез келген кеден органының мекенжайына  Интернет желісі арқылы  жолдауға мүмкіндік  беретін «Web-декларант» электрондық  мағлұмдама берудің бағдарламалық  кешені тәжірибелік пайдалануға  берілді. Кедендік реттеуді жетілдіру, кеден ісіне әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу  мақсатымен   барлық аймақтарда кеден ісін жетілдіру  мәселелері бойынша консультациялық  кеңестер жұмыс істеуде. Кедендік бақылау  комитеті кәсіпкерлермен және олардың  қоғамдық ұйымдарымен іскерлік қарым-қатынастарды жолға қою бойынша белсенді жұмыс  жүргізеді. Орталық аппаратта және аймақтық кеден органдарында кедендік саясат бойынша Қоғамдық Консультациялық  Кеңестер құрылды, олардың құрамына кеден бөлімшелерінің қызметкерлері  және мемлекеттік органдар жұмыскерлерімен  қатар, кәсіпкерлік құрылымдардың  өкілдері мен олардың қоғамдық ұйымдары кірді. Консультациялық Кеңестердің  құрылымы және олардың мүшелерінің  арасындағы қарым-қатынастар серіктестік  қағидаларына негізделіп құрылған және кеден ісі саласындағы күрделі  мәселелерді тығыз өзара байланыс жасап шешуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кәсіпкерлер, брокерлер және мағлұмдаушылар қатысатын  «дөңгелек үстел» уақытылы өткізіледі. Еліміздің барлық кеден бөлімшелерінде тәулік бойы жұмыс істейтін «сенім телефондары» орнатылған, олар арқылы кез келген тұлға кеден органдарының жұмысындағы кемшілік деректері  туралы хабарлай алады. Өз қызметіне  әділетті баға беру және қоғамдық пікірді  зерделеу мақсатымен  кеден органдары  сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға  уақытылы анонимді сауалнама жүргізеді. Осы мақсатпен кеден органдарының тапсырысы бойынша социологиялық  зерттеуді кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің тәуелсіз қызметтері де жүргізеді.   

Кеден органдарында Елбасымыздың халыққа Жолдауындағы нормалар мен  ережелерді насихаттау, түсіндіру және халыққа жеткізу  шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде кеден қызметі алдында  – қысқа мерзім ішінде кеден ісі  жүйесін құру және халықаралық стандарттар  деңгейіне дейін дамыту – қажеттілігі  туды. Шындығында ең басынан бастап, заманауи дамыған мемлекеттердің алдыңғы  қатарлы кедендік ұйымдастыру жүйесі деңгейіне жету керек болды. Қазақстандық кеденнің қалыптасу кезеңі аяқталды, енді ол кеден қызметі дамуының заманауи деңгейіне сәйкес жаһандық мәселелерді  шешуге көшеді. Экономикалардың бірігуі  мен жаһандануы кеден ісіне әкімшілік  жүргізу жүйесіне өзгерістер енгізбей қоймайды. Кеден өзгерістерге дайын  болуы керек, болып жатқан оқиғаларға жауап берудің тек бір ғана жолы бар – жаңа жағдайларға бейімделу, тиісті өзгерістер енгізу және ахуалдың әрі қарай дамуын алдын ала  болжауға тырысу. Бүгінгі күні рәсімдерді одан әрі жеңілдету, құжат айналымын  қысқарту, кеден органдары көрсететін қызметтерді жетілдіру жолдарын іздестіру жүріп жатыр. Кеден  органдары өз құзыреттері шегінде  Қазақстан Республикасының егемендігін  және экономикалық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортаны қорғау және азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етуге бар  күштерін салады. Кеден органдары  қоғам өмірінде  елеулі рөл атқарады және елімізде болып жатқан экономикалық  процестерге іс жүзінде әсер ете  алады. Сондықтан Кедендік бақылау  комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасауға  және кеден ісіне әкімшілік жүргізудің тиімді түрлерін және әдістерін енгізуге, жаңа ақпараттық және коммуникациялық  технологияларды жаңғыртуға, есірткі  тасымалы мен лаңкестікке қарсы  күресті күшейтуге және дамытуға бағытталған нақты шаралар жасауда.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, 2010 жыл
  2. Әлібеков С.Т., ҚР Кеден құқығы/оқу құралы/Алматы,2007
  3. Ким А.Г., Досмырза Д., Таможенное администрирование/учебное пособие/Астана,2008.
  4. Нүрмашев Ү.Ү., Нүрмашев Р.Ү., Кеден ісін ұйымдастыру негіздері/ оқу құралы/ Алматы,2007.
  5. www.customsvko.kz
  6. Мадияров Д.М., Қалдыбаев М.А., Текенов А.Е., Есімбаев С.О. Кеден ісін  ұйымдастыру және басқару/оқу құралы/ Алматы,2008.
  7. Соглашение о едином порядке  экспортного контроля государств-членов Евразийского экономического сообщества от 28 октября 2003 года
  8. Соглашение Таможенного союза по ветеринарно-санитарным мерам от 11 декабря 2009 года;
  9. www.cci.kz
  10. www.keden.kz
  11. Соглашение от 12 декабря 2008 года О порядке таможенного оформления и таможенного контроля в государствах – участниках Таможенного союза
  12. www.e.customs.kz
  13. www.tsouz.kz
  14. «Кеден ісі» мамандығына арналған «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары» пәнінен оқу-әдістемелік құралы

15.www.adilet.zan.kz

 

 

 


Информация о работе Кедендік бақылау