Кедендік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік құралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимараттарын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтін техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру-кеден бақылауының түрлері болып табылады [1, 115 б].
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс Бибка.docx

— 89.26 Кб (Скачать)

          Кедендік бақылаудың объектілері  мен нысандарын таңдаған кезде  тәуекелдерді басқару жүйесі  қолданылады. Тәуекелді басқару жүйесі бүкіл әлемде қызу талқылануда. Тәуекел жүйелерін енгізудегі мақсат қажетті жағдайда бақылаудың заңнамалық және жедел индикаторларын орнату болып табылады.

           Кедендік бақылауды жетілдіру  мақсатында кеден органдары Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттарына  сәйкес шет мемлекеттердің кеден  органдарымен ынтымақтасады.

Кедендік бақылаудың тиімділігін  арттыру мақсатында кеден органдары  басқа бақылаушы мемлекеттік  органдармен, сондай-ақ экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кеден тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Кеден органдары өз құзіреті шегінде , Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық  және радиациялық бақылауды жүзеге асырады [2, 131 б].

Кедендік бақылау жүргізу  уақытын қысқарту және оның тиімділігін  арттыру мақсатында кеден органдары  тізбесі мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін. Көрсетілген техникалық құралдарды қолдану адамның өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуға тиіс және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді [2, 141 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 Онтүстік Қазақстан  облысы бойынша КБД 2010 жылғы кеден бекеттеріндегі  кедендік бақылауда құқықбұзушылықтарды анықтауда КБТҚ тиімділігі.

 

 

 

    1. Кедендік бақылау түсінігі мен қағидалары

 

Кедендік бақылау –  кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының  заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету  мақсатында, оның ішінде тәуекелді  басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы [2, 7 б].

Кеден Одағына мүше мемлекеттердің арасында Еуразиялық экономикалық қауымдастық  шеңберінде Кеден Одағына мүше мемлекеттің  бірыңғай кедендік аумағында тауарларды кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау  тәртібі туралы келісімдерге жету мақсатында 12 желтоқсан 2008 жылы Қазақстан, Белорусь және Ресей мемлекеттері арасында келісімге  қол қойылды.

Келісім Кеден Одағының біріңғай аумағында тауарлардың кедендік  рәсімделуі мен кедендік бақылауының  тәртібін айқындайды.

Кедендің бақылаудың басты  мақсаты − жүргізілген кедендік операциялар мен іс-әрекеттердің Кеден Одағының заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкестігін кедендік бақылау жүргізудің әртүрлі нысандары арқылы анықтау.

Кедендік бақылаудың негізгі  функциялары:

−кеден заңнамаларының сақталуын  қамтамасыз ету;

−кеден ісін жүргізуде  заңды және жеке тұлғалардың құқықтары  мен  мүдделерін қорғау;

−өз құзіреті шегінде Қазақстан  Республикасының экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету;

−өз құзіреті шегінде валюталық  бақылауды жүргізу;

−кедендік баждар, салықтар мен басқа да кедендік төлемдерді алу;

−кедендік шекара арқылы рұқсат етілген тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін қамтамасыз ету;

−кеден шекарасынан өткізілетін  және рәсімделетін тауарлардың айналымына жағдай жасау [3, 53 б].

Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті  кеден органдарының лауазымды тұлғалары  жүргізеді.

Кедендік бақылау объектілеріне:

−кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) декларациялауға жататын тауарлар мен көлік құралдары;

−кеден одағының кеден  заңнамасына және Қазақстан республикасының  заңнамасына сәйкес табыс ету  көзделген декларациялар,тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтер;

−кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге,кеден  ісі саласында қызметтер көрсетуге  байланысты тұлғалардың қызметі,сондай-ақ жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтер;

−кеден одағының кеден  шекарасын кесіп өтетін тұлғалар жатады.

Тауарлар мен көлік  құралдарын бақылау Кеден Одағының бүкіл кедендік шекарасында,сонымен  қатар уақытша сақтау орындары мен  қоймаларында,кедендік және еркін қоймаларда,арнайы экономикалық аймақтарда,бажсыз сауда  дүкендерінің аумақтарында ұйымдастырылып, жүзеге асырады.

Кедендік  бақылау оның өнімі,сақталуы,сатып алу, сату, тиеу, тасымалдау, сақтандыру, пайдалану  және т.б. тауар қозғалысының осындай  кезеңдеріне қатысты. Бұл тауар  шыққан ел туралы мәліметтерді, тауардың кедендік құнын, оның сапасын, ТН СЭҚ-ке сәйкес дұрыс жіктелуін тексеруде  жүргізіледі. Көрсетілген мәліметтерді білу мен тексеру Кеден Одағы  мен Қазақстан Республикасының  заңнамалары, халықаралық шарттарды, бекітілген кедендік  рәсімдерді сақтау немесе оларды тауарлар иелерінің немесе өзге біреулердің тауарларды өндіру не болмаса оларды шығарғаннан кейін  пайдалануда тәртіп бұзу мәселелерін  шешу үшін қажет.

Кедендік бақылау субъектілеріне кеден органдар жүйесі,кеден шекарасы арқылы тауарлар мен қызметтерді  өткізумен байланысты СЭҚ қатысушыларымен  өзара байланысты өкімет өкілдерінің  қызметін атқаратын олардың лауазымды  тұлғалары жатады.

Кедендік бақылау субъектілерінің  СЭҚ қатысушыларының және өзге де тұлғалардың кедендік заңдылықтар  талаптарын орындауларын тексеру,осындай  тексеру барысында бекітілген деректер бойынша шешімдерді қабылдау мен  игеру,дайын үшін ақпараттарды дайындаумен  байланысты нақты әрекеттерді жүзеге асыруға белгілі бір құзіреттері (құқықтар жиынтығы,міндеттер мен  жүргізу тақырыптары) бар.

Кедендік бақылау субъектілерінің қызметіне, яғни кедендік бақылауға бақылау объектілерін қадағалау шараларының жиынтығы, кеден нормалары мен ережелерін сақтау және бекітілген құқықтық емес әрекеттерін, кеден шекарасы арқылы өткізілетін  тауарларға қатысы бар бақыланатын адамдардың  әрекетсіздіктерін реттеу жатады. Осы шаралар жиынтығы нақты жағдайларға байланысты,бірақ жалпы  алғанда белгілі бір  объектілерге кедендік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру туралы заңдар мен өзге нормативтік актілерді қолданумен байланысты ұйымдастырушылық-басқару шаралары кіреді.

Ұйымдастырушылық – басқару  шараларын жүзеге асыру құқықбұзушылықтарды  табу, ескерту, әшкерелеу және жол  бермеуді, сондай-ақ  кедендік төлемдерді есептеу мен жинау, оларды бюджетке аударудан тұратын фискальды  шараларды қамтамасыз ететін құқық  қорғау шараларын жүзеге асыруды  ұйымдастыруға мүмкіндік береді [4, 62 б].

Кедендік бақылауды жүргізу  барысында кеден органы әдетте оның заңдылықтарды сақтауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті түрлерін қолданады. Кедендік бақылау  түрлерін іріктеп  алу мен жеткіліктілігі оның ұйымдастыру  қағидаттары болып табылады.

          Кедендік бақылау түрлерін таңдау  кеден аумағына әкелінетін тауарлардың  сипаты мен құнына, оларды өткізетін  кеден рәсіміне байланысты.

          Кедендік бақылаудың объектілері  мен нысандарын таңдаған кезде  тәуекелдерді басқару жүйесі  қолданылады. Тәуекелді басқару жүйесі бүкіл әлемде қызу талқылануда. Тәуекел жүйелерін енгізудегі мақсат қажетті жағдайда бақылаудың заңнамалық және жедел индикаторларын орнату болып табылады.

           Кедендік бақылауды жетілдіру  мақсатында кеден органдары Қазақстан  Республикасының халықаралық шарттарына  сәйкес шет мемлекеттердің кеден  органдарымен ынтымақтасады.

Кедендік бақылаудың тиімділігін  арттыру мақсатында кеден органдары  басқа бақылаушы мемлекеттік  органдармен, сондай-ақ экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кеден тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Кеден органдары өз құзіреті шегінде , Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық  және радиациялық бақылауды жүзеге асырады [2, 131 б].

Кедендік бақылау жүргізу  уақытын қысқарту және оның тиімділігін  арттыру мақсатында кеден органдары  тізбесі мен қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі  белгілейтін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалануы мүмкін. Көрсетілген техникалық құралдарды қолдану адамның өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз болуға тиіс және тұлғаларға, тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмеуге тиіс.Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік бақылау кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Кедендік бақылаудың мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді [2, 141 б].

 

 

 

        1.2 Кедендік бақылау жүргізу нысандары мен тәртібі.

     

      Кедендік бақылау нысандарын қолдану негізінде «Қазақстан               Республикасындағы кеден ісі туралы» заны  3-бөлім 21-тарауы кедендік бақылау нысандары мен тәртібі арқылы жүргізіледі

 

Кедендiк бақылау нысандары:

1) кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;

2) ауызша пiкiр сұрау;

3) түсiндiрмелер алу;

4) кедендiк қадағалау;

5) кедендік тексеру

6) кедендік тексеріп қарау;

7) жеке кедендік тексеріп қарау;

8) тауарлардың арнайы маркалармен маркалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру;

9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру;

10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу;

11) тауарларды есепке алу жүйесін және есептілікті тексеру.

12) кедендік тексеру болып табылады [3, 86 б].

Кедендік бақылау жүргізу  нысандары :

 

1. Құжаттар мен мәліметтерді  тексеру

 

Кеден органдары мәліметтердің  дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқалылығын  және (немесе) оларды толтыру және (немесе) ресімдеу дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде  ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексереді.

Кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде  берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана  отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен  жүзеге асырылады.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік құжаттардағы ақпараттарды тексеру  мақсатында жазбаша түрде қосымша  құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы.

 

2. Ауызша пікір сұрау

 

Кедендік операцияларды  жасау кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары жеке тұлғалардан, олардың өкілдерінен, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты  өкілеттігі бар ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғалардан  жазбаша нысанда көрсетілген  тұлғалардың түсініктемелерін ресімдеместен, пікір сұрауға құқылы.

 

3. Түсіндірмелер алу

 

Түсіндірмелер алу - кеден  органдары лауазымды адамдарының  тасымалдаушылардан, декларанттардан  және кедендік бақылауды жүзеге асыру  үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден  ісі саласындағы қажетті ақпаратты  алуы.

Түсіндірме Кеден одағы  комиссиясының шешімімен белгіленген  жазбаша нысанда ресімделеді.

Адамды түсіндірме алу  үшін шақыру қажет болған жағдайда, кеден органы шақырылатын тұлғаға  табыс етілетін жазбаша нысандағы  хабарламаны ресімдейді.

 

4. Кедендік қадағалау

 

Кедендік қадағалау - кеден  органдары лауазымды адамдарының  тауарлардың, соның ішінде кедендік бақылаудағы көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге операциялардың жасалуын ашық, мақсатты, жүйелі немесе бір жолғы, тікелей  немесе жанама түрде көзбен шолып, соның  ішінде техникалық құралдарды қолдана  отырып қадағалауы.

Информация о работе Кедендік бақылау