Кедендік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік құралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимараттарын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтін техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру-кеден бақылауының түрлері болып табылады [1, 115 б].
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс Бибка.docx

— 89.26 Кб (Скачать)

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту  пункттерінде мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау Қазақстан Республикасының  ветеринария саласындағы заңнамасы  талаптарының орындалуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады және кеден одағының кедендік аумағын кеден одағының мүшесі болып табылмайтын басқа  мемлекеттерден жануарлардың инфекциялық  және экзотикалық ауруларының әкелінуінен  және таралуынан қорғауға бағытталған. Кеден Одағының аумағындағы ветеринарлық-санитарлық бақылау Кеден Одағының 11 желтоқсан 2009 жылғы ветеринарлық-санитарлық шаралар келісіміне сәйкес жүргізіледі [8].

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту  пункттерінде өсімдіктер карантині  бойынша бақылау Қазақстан Республикасының  өсімдіктер карантині саласындағы  заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және кеден одағының кедендік аумағын кеден одағының мүшесі болып табылмайтын басқа  мемлекеттерден тізбесін Қазақстан  Республикасының Үкіметі бекітетін  карантиндік объектілердің әкелінуінен  немесе өздігінен еніп кетуінен қорғауға бағытталған.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту  пункттерінде өсімдіктер карантині  бойынша бақылауды Қазақстан  Республикасының Үкіметі айқындайтын  тәртіппен Қазақстан Республикасының  өсімдіктер карантині саласындағы  уәкілетті мемлекеттік органының  кеден органдарына іссапарға  жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі  мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

Адамдар мен тауарларды (жүктерді) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде кеден  одағының кедендік аумағына инфекциялық  және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал  қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында жүргізілетін тауарлардың (жүктердің) санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін және адамдардың денсаулық  жағдайын бақылау санитарлық-карантиндік  бақылау болып табылады.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту  пункттерінде санитарлық-карантиндік  бақылауды кеден органдарының лауазымды  адамдары кеден ісі саласындағы  уәкілетті орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  саласындағы уәкілетті орган  арасында жасалатын бірлескен актіде айқындалған тәртіппен жүргізеді.

Кеден одағының мүшесі болып  табылмайтын басқа мемлекеттен  инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қаупі туындаған  жағдайда кеден органдары санитарлық-карантиндік  бақылау жүргізу мақсатында кеден  ісі саласындағы уәкілетті орган  мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті  органның бірлескен актілерінде  айқындалған тәртіппен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы  саласындағы аумақтық органдарды тартады [2, 139 б].

 

2.2 Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі

 

Кедендік тексеру камералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру түрінде жүзеге асырылады. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы және жоспарсыз болып бөлінеді. 

Көшпелі кедендік тексеруді  кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне, жеке кәсіпкердің қызметті жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың  қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге бару арқылы жүргізеді.

Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін жоспарлы тексерулер негізінде жүзеге асырылады. Көшпелі кедендік тексеру  ұйғарымның негізінде жүргізіледі. Ұйғарымға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға  тиіс. Ұйғарым Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  прокуратура органдарында тіркеледі. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді белгілеу үшін мыналар:

1) кеден органдарының және мемлекеттік  бақылау (қадағалау) органдарының  дерекқорындағы кеден одағының  кеден заңнамасын және Қазақстан  Республикасының заңнамасы бұзылуының  ықтималдығын куәландыратын ақпаратты  талдау нәтижесінде алынған деректер;

2) шетелдік ұйымдармен сыртқы экономикалық  мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру  жүргізу туралы шет мемлекеттің  құзыретті органының өтініші  (сұрау салуы);

3) мемлекеттік бақылау (қадағалау)  органдары ұсынған, Қазақстан  Республикасының кеден заңнамасының  талаптарын бұзуды куәландыратын  мәліметтерді алу; 

4) шет мемлекеттердің салық, кеден  және құқық қорғау органдарымен  ақпараттық алмасу нәтижесінде  алынған мәліметтерді тексеру; 

5) Қазақстан Республикасының қылмыстық  іс жүргізу заңнамасында көзделген  жағдайлар; 

6) жеке және заңды тұлғалардан,  мемлекеттік органдардан, Қазақстан  Республикасы Парламентінің депутаттарынан  және кеден одағының кеден  заңнамасының және (немесе) Қазақстан  Республикасы заңнамасының бұзылу  ықтималдығы туралы куәландыратын  өзге де тұлғалардан ақпараттар  мен өтініштер алу; 

7) тексеруді жүзеге асыру үшін  қажетті ақпаратты алу мақсатында  тексерілетін тұлға азаматтық-құқықтық  қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру; тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;

9) тексерілетін тұлғаның қайта  ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін  тұлғаның банкроттыққа (таратылуға) арналған құжаттарды беруі негіздемелер болып табылады.

Камералдық  кедендік тексеру кедендік декларацияларда  көрсетілген мәліметтерді, тексерілетін тұлға табыс еткен коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарды, бақылаушы мемлекеттік органдардың  мәліметтерін, сондай-ақ аталған тұлғалардың  қызметі туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады. Камералдық кедендік тексеруді  кеден органы орналасқан жердегі  кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ ұйғарымды ресімдеместен жүргізеді [2, 149 б].

Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға  кедендік тексеру жүргізу кезеңділігі. Кеден органдары уәкілетті экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексерулерді үш жылда  бір рет жүргізеді. Жоспардан  тыс көшпелі кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі бойынша  шектеу қойылмай жүзеге асырылады.

Жоспарлы  көшпелі кедендік тексеру жүргізуді  бастар алдында кеден органдары  тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі  кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны жібереді. Жоспарлы көшпелі  кедендік тексеру тексерілетін тұлға  хабарламаны алған күннен бастап кемінде он бес күнтізбелік күннен кейін басталуы мүмкін.

Көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі  екі айдан аспауға тиіс.

Кеден органының лауазымды тұлғалары  кедендік тексеру жүргізу кезінде  коммерциялық, көлік (тасымалдау) құжаттарын, бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарын және басқа да, оның ішінде тексерілетін тауарларға қатысты электрондық  жеткізгіштердегі ақпаратты талап  етуге, алуға және тексеруге; Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу  кезінде кеден органдарынан Қазақстан  Республикасының кеден заңнамасының кедендік тексерулерді жүргізу тәртібіне  қатысты ережелері туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. Кедендік тексеру аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру актісін жасайды. Актіде тексерілетін тұлға туралы барлық деректер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, кеден ісі саласында анықталған құқық бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаты көрсетіледі.

Кедендік  тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі  міндеттерге әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда бес жұмыс  күні ішінде кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама  шығарылады.

ОҚО бойынша КБД пост-кедендік бақылауды  ұйымдастыру басқармасы 6 айда СЭҚ  қатысушыларына 107 тексеріс жүргізген. Аталған тексерістің нәтижесінде  төленген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 100,1 млн.теңгені құрап, мемлекет бюджетіне 1 млрд 409,7 млн теңге өндірілген [9].

Кедендік  төлемдер, салықтар және өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламадағы талапты  орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға  табыс етілген күннен бастап күнтізбелік  жиырма күннен аспайтын мерзімді құрайды.

Төлеуші хабарламаны «Қазақстан Республикасындағы  кеден ісі туралы» ҚР Кодексінің 19-тарауында көзделген тәртіппен  және мерзімдерде шағымдануға құқылы. Камералдық кедендік тексеру кедендік декларацияларда көрсетілген мәліметтерді, тексерілетін тұлға табыс еткен коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және өзге де құжаттарды, бақылаушы мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметі туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.

Камералдық  кедендік тексеруді кеден органы орналасқан жердегі кеден органдары  тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ ұйғарымды ресімдеместен жүргізеді.

Камералдық  кедендік тексерулер оларды жүргізу  кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады [2, 150 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ТАРАУ ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ  ЖҮЙЕСІ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ  НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

 

           Кеден органдары тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, осындай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылау жүргізу дәрежесін айқындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады. Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Тәуекелдерді басқару  жүйесін қолдану мақсаттары:

1) кеден органдарының  құзыреті шегінде ұлттық (мемлекеттік)  қауіпсіздікті, адам өмірі мен  денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны  қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз  ету;

2) назарды жоғары тәуекел  салаларына шоғырландыру және  иелікте бар ресурстарды неғұрлым  тиімді пайдалануды қамтамасыз  ету;

3) кеден одағының кеден  заңнамасын және Қазақстан Республикасының  заңнамасын бұзушылықтарды анықтау,  болжау және оларды болғызбау;

4) декларанттарға және  кеден ісі саласындағы қызметті  жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасын сақтайтын тұлғаларға  тауарларды кеден одағының кедендік  шекарасы арқылы өткізу үшін  қолайлы жағдайлар жасау;

5) тауарларды кеден  одағының кедендік шекарасы арқылы  өткізу кезінде кедендік операциялар  жүргізуді жеделдету болып табылады.

Кеден органдары тәуекелдерді азайту бойынша қолданылатын шаралар  туралы ақпаратпен, сондай-ақ кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін  арттыруға ықпал ететін өзге де ақпаратпен өзара алмасуды Қазақстан Республикасының  халықаралық шартында белгіленген  тәртіппен жүзеге асырады.

Кеден одағының комиссиясы тәуекелдерге қатысты кеден органдары  міндетті түрде оларды азайту бойынша  шаралар әзірлейтін және қолданатын тәуекелдердің саласын айқындай алады.

Тәуекелді талдау объектілеріне:

1) кедендік бақылаудағы  не ішкі тұтыну үшін шығару  кедендік рәсімімен орналастырылған  тауарлар;

2) халықаралық тасымалдаудың  көлік құралдары;

3) сатып алу-сату не  айырбастаудың сыртқы экономикалық  шарттарында (келісімшарттарда), тауарларды  иелену, пайдалану және (немесе) билік  ету құқығына жасалған келісімдерде  не өзге де құжаттарда бар  мәліметтер;

4) көліктік (тасымалдау), коммерциялық, кедендік және өзге  де құжаттарда бар мәліметтер;

5) декларанттардың және  кедендік бақылаудағы тауарларға  қатысты өкілеттіктерге ие өзге  де тұлғалардың қызметі; 

6) кедендік бақылау  нысандарын қолданудың нәтижелері  жатады. 

  Тәуекелдерді бағалау және басқару  бойынша кеден органдарының қызметі  мынадай: 

1) кеден органдарының  тәуекелдерді басқару жүйесінің  ақпараттық деректер базасын  қалыптастыру;

2) мыналарды: 

тәуекелдерді талдау объектілерін;

тәуекелдердің алдын  алу және оларды азайту бойынша шараларды  қабылдаудың қажеттілігін айқындайтын  тәуекелді талдау объектілері бойынша  тәуекелдің индикаторларын;

тәуекелдер туындаған  жағдайда ықтимал залалды бағалауды  жүйелі айқындауды қамтитын тәуекелді  талдау және бағалау;

3) мыналарды:

тәуекелдер туындауының  ықтималдығын және мүмкін болатын салдарын;

тәуекелдерді болдырмау  және оларды азайту жөніндегі мүмкін шаралардың қолданылуын талдауды;

Қазақстан Республикасының  кеден заңнамасының тәуекелді талдау объектілеріне қатысты талаптарын ықтимал бұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару бойынша практикалық  шараларды әзірлеу және іске асыру  міндеттерін орындаудан тұрады.

Информация о работе Кедендік бақылау