Кедендік бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:33, курсовая работа

Описание работы

Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік құралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимараттарын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтін техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру-кеден бақылауының түрлері болып табылады [1, 115 б].
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс Бибка.docx

— 89.26 Кб (Скачать)

Тауарларда арнайы маркалардың, сәйкестендіру белгілерінің және тауарларды белгілеудің өзге де тәсілдерінің болмауы, егер онда мұндай тауарлар табылған тұлға, декларант не өзге де мүдделі тұлға  керісінше дәлелдемесе, кеден одағының кедендік аумағына кедендік операцияларды  жасамастан және тауарларды шығармастан  жүзеге асырылған тауарларды әкелу  ретінде қаралады.

 

9. Үй-жайлар мен аумақтарды  кедендік қарау

 

Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру кедендік бақылаудағы, соның ішінде шартты шығарылған, уақытша  сақтау орындарындағы, кеден қоймаларындағы, бажсыз сауда дүкендеріндегі және кедендік бақылаудағы тауарлар болуы мүмкін өзге де жерлердегі, сондай-ақ оларда тауарлар осы Кодекспен көзделген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес болуы  тиіс тауарлардың болуын растау мақсатында жүргізіледі.

Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды кеден органдары.

Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында, шекаралық аймақта.Тауарларды көтерме немесе бөлшек сатуды жүзеге асыратын, тауарларды кедендік бақылау аймақтары болып табылмайтын орындарда сақтайтын тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодексте көзделмеген тәртіпті бұза отырып, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және (немесе) онда орналастырылған тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшін осы тұлғаларда, оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғаларда жүргізілуі мүмкін [5, 15 б].

Кеден органдары үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеруді  осы үй-жайлар мен аумақтардың  сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру  мақсатында да жүзеге асыруы мүмкін.

Тұрғын үй-жайларға кедендік тексеру жүргізуге жол берілмейді.

Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру нұсқаманы (нұсқауды) және кеден органы лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігін көрсеткен кезде  жүргізіледі.

Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеруге нұсқаманың (нұсқаудың) нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

Аумаққа және үй-жайға кіргізуден бас тартқан жағдайда, кеден органдарының лауазымды тұлғалары аумаққа  және үй-жайға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық  үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы.

Үй-жайларға қарсылықтың  жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды  адамдарының аумақ пен үй-жайларға кіруіне қарсылық көрсеткен адамдар  кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

 

10. Кедендік бақылаудағы  тауарларды есепке алу

 

Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың және соның  ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияны пайдалана отырып, олармен жасалатын  кедендік операциялардың есебін жүргізеді.

Кедендік бақылаудағы  тауарларды есепке алу тәртібі және нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

11 Тауарларды есепке алу жүйесін және есептілікті тексеру

Кеден ісі саласындағы  қызметті жүзеге асыратын, арнайы оңайлатуларды  пайдаланатын, сондай-ақ шетел тауарларын пайдаланатын және (немесе) иеленетін  тұлғалар кеден органдарының талабы бойынша кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, сатылатын, қайта өңделетін  және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар  туралы есептілікті ұсынуға міндетті.

Есептілікті ұсыну нысаны және тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

Кедендік бақылаудың нысаны ретінде тауарларды есепке алу жүйесін  тексеру мынадай жағдайларда:

1) арнайы оңайландыруларды  қолданған кезде;

2) кеден ісі саласындағы  қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға  қатысты;

3) кеден одағына мүше  мемлекеттің заңнамасына сәйкес  мұндай тауарларды жүргізуді  көздейтін кедендік рәсімдерде  орналастырылған тауарларға қатысты  жүргізіледі.

Тауарларды есепке алу  жүйесін тексеруді жүргізу тәртібі  кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.

 

12. Кедендік тексеру

 

Кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың кеден  одағының кеден заңнамасымен және кеден  одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауын тексеру  мақсатында жүргізеді.

Кеден одағына мүше мемлекеттің  кеден органы кедендік тексеруді  осы кеден одағына қатысу мемлекеттің  заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген, тексерілетін тұлғаларға қатысты  жүргізеді.

Тексерілетін тұлғалар деп: декларант;кедендік өкім, тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы, шығарылғаннан кейін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға немесе оның өкілі,тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға,

бажсыз сауда дүкендерінің, кеден және өзге де қоймалардың иелері,уәкілетті  экономикалық оператор,тиісті кеден  рәсімдеріне орналастырылған тауарлармен  жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама қатысқан өзге де тұлғалар,оның иелігінде және (немесе) пайдалануында  осы Кодекспен көзделген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың  болуы туралы оған қатысты ақпарат бар тұлға түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

\

2 ТАРАУ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 

2.2 Кедендік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру

 

Кедендік бақылауды ұйымдастыру  – бұл кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты кеден органдарымен өткізілетін  шаралар жиынтығы. Бұл жиынтыққа  белгіленген жерлер мен кедендік бақылауға жататын тауарлар мен  көлік құралдары болуы мүмкін жерлерде де қамтамасыз етуге кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді мүмкіндік беретін кедендік және кеден маңы инфрақұрылымын құрудан  тұрады.

Бұдан басқа кедендік бақылауды  ұйымдастыруға мынадай мәселелерді  шешу жатады:

−кеден  одағының шекарасын  кесіп өтудің нақты жерлері мен  уақыты туралы;

−кедендік бақылаудың орны мен уақыты туралы;

−СЭҚ қатысушыларын көздеген экспорттық немесе импорттық операцияларды  жүзеге асырулары туралы ескерту  тәртібі туралы;

−уақыты, орны, тауарлар мен  көлік құралдарын жеткізу, ұсыну  және көрсету тәсілдері туралы және кеден органдарына олардың құжаттарын беру туралы;

−тауарлар мен көлік құралдарын кеден бақылауына алу тәртібі, оларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыру  туралы және т.б.

Кеден органының орналастыру  орындарында тауар ағымдарының  қарқындылығы мен сипатын, СЭҚ қатысушыларының  пайдаланатын түрлері мен санын, сондай-ақ кедендік бақылаудағы кеден  органының бар мүмкіндіктерін (маман,техника  және өзге де) талдауда: оларды өндірудің  технологиялық сұлбалары жасалынады; жұмыс орындарына кеден органдары  қызметкерлері қойылады; оларға кедендік бақылауды жүзеге асыру бойынша  нақты қызметтер мен жұмыс  операциялары бөлініп беріледі; олардың  арасында өзара іс-әрекеттер ұйымдастырылады; жұмыстың үйлестірілуі мен кедендік бақылауды жүзеге асыру барысын  бақылау мәселелері шешіледі [6, 64 б].

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында  кеден органдары кедендік бақылауды  жүзеге асыру мақсаттары үшін кедендік бақылау аймақтарын құрады. Сонымен  қатар уақытша сақтау орындары мен  қоймаларының, кедендік және еркін  қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары  кедендік бақылау аймақтары болып  табылады.

Кедендік бақылау аймақтары  кеден ісі саласындағы уәкілетті  органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны алмастыратын тұлғаның) өткізу пункттерінің аумақтарында, кедендік декларациялау және  өзге де кедендік операциялар жүргізу  орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негізінде құрылады.

Кедендік бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледі  және:

1) кедендік рәсімдер  өткізу орындарында – өлшемдері:  биіктігі – 50 сантиметр, ені  – 100 сантиметр болатын белгілермен  белгіленеді. Белгінің көк түсті  тақтасына биіктігі 10 сантиметр  және ені 3,7 сантиметр ақ түсті  әріптермен, үш жолға, үш тілде  (қазақ, орыс және ағылшын) «Кедендік  бақылау аймағы» деген жазу  жазылады;

2) суда жарық шағылыстырғыш  бояудың көмегімен орындалған  «Кедендік бақылау аймағы» деген  жазуы бар қызыл түсті қалтқылармен  белгіленеді [2, 131 б].

Кедендік бақылау барысында  кеден органдарының жүзеге асыратын шаралары барынша тиімді нәтижелерге  жету мақсатындағы бақылаудың бүкіл  қатысушылары арасында өзара әрекет етуді жетілдіруге бағытталған  процестер мен әрекеттердің жиынтығы арқылы іске асады. Бұған тек осындай  бақылауды дұрыс ұйымдастыру  арқылы ғана қолжеткізуге болады.

Кедендік бақылауды ұйымдастырудың ең бірінші міндеті кеден одағының шекарасы арқылы тауарлар мен жеке тұлғаларды өткізуге уақытты қысқарту мақсатында кеден жүйелері мен ішкі экономикалық байланыстар қатысушыларына  барынша қарқынды ішкі экономикалық қызмет орындарына жақын олардың  құрылым бөлімшелерін ұйымдастыру  болып табылады. Кеден мен кедендік қызмет орындарында кедендік бақылау  мен рәсімдеуді жүзеге асыруға тура келеді. Сондықтан да мақсатты, қағидаттарды, негізгі бағыттарды көрсететін кеденнің (кедендік қызмет орнының) тиімді құрылымын  анықтаумен байланысты кеден органдары  арасындағы мәселелерді шешу- бұл  кедендік бақылауды ұйымдастырудың екінші бір маңызды міндеті.

Кедендік бақылауды ұйымдастырудың тағы бір бағытына осы процеске ішкі экономикалық қызметтің, көлік пен  байланыс кәсіпорнының, басқа да құқық  қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы субъектілерінің атқарушы органдары  қатысушыларын қосу жатады. Бұл жерде  кеден өкілдері, кеден тасымалдаушылары, уақытша сақтау қоймалары мен  кеден қоймаларының иелерінің қайсысының тікелей қатысы кеден операцияларын  жүзеге асыруда кедендік  бақылауды  барынша жеңілдетіп және жылдамдатса, сондай-ақ уақытты, күш пеен керек-жарақты  үнемдей алса, сол айрықша роль атқарады. Мысалы, кедендік өткізу пунктеріндегі 1 автокөлікке кедендік бақылау жүргізу  уақыты биылға жылы «110 минут» деп ҚР Үкіметінің №94 қаулысында бекітілген болатын. Бірақ бұл берілген уақыт  жорамал бойынша  жылдан жылға  азайтылуда, сйкесінше, 2012-100 минут, 2013жылы-85 минут, 2014 жылы-75 минут, 2015жылы-65 минут.

Сондықтан да тауарларды, көлік  құралдарын және жеке тұлғаларды кеден  шекарасы арқылы өткізуде барлық қарастырылған  және өзге де ұйымдастыру мен практикалық  шаралардың келісімдеріне қол жеткізу  жолымен тиімді кедендік бақылауды  ұйымдастыру үшін жағдайлар туады [5, 66-67 бб].

Тиімді кедендік бақылау  жүргізу мақсатында кеден органдары  басқа мемлекеттік органдардың  мамандары мен сарапшыларын тартуға  құқылы.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және басқа  мемлекеттік бақылаушы органдардың  бақылауына жататын тауарларға кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден  органдары мұндай әрекеттерді жалпы  үйлестіруді және бірлескен актіде айқындалған тәртіппен бірлескен  бақылауды бір мезгілде өткізуді қамтамасыз етеді.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру  мақсатында кеден органдары мен  мемлекеттік бақылаушы органдар ақпараттық жүйелер мен технологияларды  пайдалана отырып, кедендік бақылау  мен мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті  ақпаратпен (мәліметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады.

Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде  мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеделдету мақсатында кедендік тексеріп қарау кеден одағының кедендік шекарасында  бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік  органдардың қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте кедендік тексеріп қарау актісі жасалады.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру радиациялық бақылау болып табылады [ 2, 136 б].

 

Сурет 2 ОҚО КБД КБҰБ 2010 жылдың 6 айында және 2011 жылдың 6 айында жүргізілген радиациялық бақылау  көрсеткіштері берілген.

   

 

 

 

 

Радиациялық бақылауды  кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде орналасқан кеден  органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру  режимінде жүргізеді.

Радиациялық бақылауды  жүргізу тәртібін кеден ісі саласындағы  уәкілетті орган тиісті уәкілетті  мемлекеттік органдармен келісе отырып белгілейді.

Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлар кеден  одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде аталған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асырады.

Кеден ісі саласындағы  уәкілетті орган экспорттық бақылау  саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.

Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың  кеден одағының кедендік шекарасынан  заңсыз өткізілуінің алдын алады  және жолын кеседі. 28 қазан 2003 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің арасында  экспорттық бақылауды жүргізудің бірыңғай тәртібі туралы келісіміне қол қойылды [ 7 ].

Информация о работе Кедендік бақылау