Иран Ислам республикасы мен Түркияның саяси жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 23:06, курсовая работа

Описание работы

Иран Ислам республикасы мен Түркия мемлекеттері мұсылман елдері арасындағы мәдени ,рухани құндылықтары мол, терең тарихы бар ұлы мемлекеттер қатарына жатады.Бұл екі мемелекеттің саяси жүйесіне үңілер болсақ араларында ұқсастықтары да айырмашылықтары да мол. Ұлы тарихы бар Түрік мемлекетінің саяси жүйесі Ұлы қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік бастауымен бірнеше ата заңды басынан өткізе отырып, әлі күнге дейін өзгерістер қабылдауда.Ал Иран ислам республикасы өзінің басқаға ұқсамайтын мемлекеттік құрылымымен таңғалдырады.

Содержание

Кіріспе

Иран Ислам республикасы
Жалпы мағлұмат
Саяси жүйесі

Түркия
Жалпы мағлұмат
Саяси жүйесі


Қорытынды сараптама:
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Иран туркия.docx

— 120.77 Кб (Скачать)

10 шілде 1909 жылы  Өкілдер Мәжілісі (Мәжіліс-и Мебусан) қайтадан отырыс өткізіп, 8 тамыз 1909жылы Атазаңға (Канун-и Есаси) өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістерде Үкіметтің және уәзірлердің Өкілдер Мәжілісіне (Мәжіліс-и Мебусан) қарсы жауапты болуы шарты енгізілді. Патшаның билігі шектелді.

1876 Атазаңы (Канун-иEсaси)1908 - 1918 жылдары  арасында жеті рет өзгеріске  ұшыраса да тұрақтылык орнамай,  осы уақыт аралығында сайланған  Мәжілістің барлығы жабылуға  мәжбүр болды.

Мондрос Уақытша Бітімі (Мондрос Мүтарекеси), Ұлттық Келісімінің (Мисак-ы Милли) Қабылдануы және жаңа Мәжілістің дайындықтары

Бiрiншi Дүниежүзілік Соғыстың аяғында  одақтастарымен бірге жеңілген Осман  Империясы 30 Қазан 1918 жылы Осман Империясы-Антанта  елдері арасындағы үйлестіруге байланысты Мондрос Уақытша Бітіміне кол  қойды. Бұл уақытта  елдің ішіндегі кейбір бөлінуші кұрылыстар көтерілісдайындығы жасап жатканда, Анатолия, Фракиядағы ұлтшылдар болса Құқықты қорғау Қоғамы (Мүдаафа-и Құқык Жемийеті) атында мемлекеттің азаттық шараларын ойлайтын, мемлекеттегі күш-куаттың басын косатын ұлттық және жалпы мемлекеттік күрес бастататын бір коғам кұрды.

15 Maмыр1919ж.Грецияқтардын Измирге  басқыншылығынан бір күннен кейін,9. Армия Ревизоры болып тағайындалған  Мұстафа Кемал мен жолдастары  Ыстанбұлдан Анатолияға ат басын  тартып, 19 мамыр 1919 ж.  Самсунға келуімен бірге Түрік тарихында жеке меншікті егемендіктен-ұлттык егемендікке өту кезеңін бастаған болатын. Самсун мен Хавза қалаларында; ұлттык тәуелсіздік және еркіндіктің халықтың бір тұтас болуы түсінігімен бүкіл Анатолияда қарсылық білдіру митингтері жүргізілуі үшін әскери және тағы баска органдарға  бұйрық берілген, ұйымдастырылған құрылтайлар арқылы ұлтшылдар өздерінің аймақтарын құтқаруға күш салға бастағанды. Бұл мақсатпен бастаған іс -әрекеттері ұлттық егемендікке апаратын тәсіл деп саналатын 21-22 маусым 1919 мерзімді -Амасия Жарияламасымен- аяқталған. Жарияламада -Ұлттың тауелсіздіғін ұлттын батылдығы мен қайраттылығы құтқаратыны- анық айтыла тұрып бұл максатпен Сівас және Ерзұрұмда халықтын өкілдері катынасатын құрылтайлар өткізілетіні жарияланған.

23 шілде1919ж. Eрзұрұм Конгресі құрылды.  Конгресте; “Отанның айрылмас  бір бөлігі, Шығыс  аймақтарында тұратын халықтың бірігіп дұшпанмен күресуі және Ыстанбүлдағы Өкілдер Мәжілісінін қайтадан жиналып, тисті шаралары қолданылуы қажеттігі шешімі қабылданды”. Бұдан баска Өкілдер Тобы деп аталатын басқару органы кұрылып, төрағалығына Мұстафа Кемал Паша сайланған. Бұл мерзімде Әгейде көптеген қалаларда құрылтайлар өткізіліп, Ұлттық Күш атты ұлтжанды қарулы күштер қүрылды.

4 қыркүйек 1919 ж. ұлттық егемендік  ережесіне сүйенген жаңа Түрік  Мемлекетінің негізі  деп саналатын Сәвас Конгресі құрылды. Конгғресте; отанның бөлінбейтін бір тұтас екенін, мемлекеттегі бүкіл ұлтжанды қарулы күштердің Анатолия мен Румелия Құқықты қорғау Қоғамы (Анатолия мен Румелия Мүдаафа-и Құқык Жемийеті) астында топтасқан, бұл Коғамның төрағалығында да Мұстафа Кемал Пашаның сайлануы сияқты маңызды шешімдер қабылданды. Кұрылтай нәтижесінде -Өкілдер Кеңесі- кұрылып, отанның азаттығы үшін кешікпей Өкілдер Мәжілісінің (Межіліс-и Мебұсан) жиналуы кажеттігін жаңа  Патшаға ұсынылу шешімі қабылданған.

Парламенттін сайлау арқылы кұрылатын  палатасы , соңғы Өкілдер Мәжілісі (Мәжіліс-і Мебұсан), Сәвас Конгресінде  қабылданған шешімғе орай 12 қаңтар 1920 ж. құрылып, 20 қаңтар 1920 ж.  Егемендікдеңгейінде Ұлттық Келісім деп аталатын (Мисак-ы Милли) маңызды шешімдер қабылдаған. 

Ұлттық Келісім (Мисак-и Милли) шешімдері  мазасызданған Антанта Елдері 16 Наурыз 1920 ж.  Ыстанбұлды ресми түрде басып алды. Өкілдер Мәжілісінің (Мәжіліс-и Мебұсан) 2 сәуір 1920 ж. жұмысын мерзімсіз үзіліс қабылдағаны үшін Патша 11 сәуір 1920 Мәжілістің жұмысын токтатқан. Мұстафа Кемал 19 Наурыз 1920 ж. жариялаған мәлімдемесінде төтенше жағдайларда жаңа бір Мәжілістің Анкарада жиналатынын, Ұлттық Күрес орталығының Анкарадан басқарылатыны және жұмыстан босатылған Өкілдер Мәжілісі (Мәжіліс-і Мебұсан) мүшелерінің Анкарадағы Мәжіліске кіру мүмкіндіктері болатынын айқындаған.

Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ашылуы және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжiлiсі (ТҰҰМ) атының қабылдануы.

27 Желтоқсан1919ж.  Анкараға келген Мұстафа Кемал Паша 21 Наурызда жариялаған екінші мәлімдемесінде Мәжілістің 23 Наурыз 1920 ж. Жұма күні жиналатынын хабарлады.

23 Наурыз1920ж.  Жұмакүні алғашқы Мәжіліс ғимаратының  ашылу салтанаты өткізілді. Мүше саны- Құқықты қорғау Әрекетінің бүкіл мемлекеттегі бөлімшелерінен  232, Өкілдер Мәжілісі (Мәжіліс-і Мебұсан) Анкараға келген мүшелерінен 92 кісі барлығы 324 болғанмен, сол кезеңдегі шарттар себебімен ашылу күні тек қана  115 өкіл Мәжіліске қатыса алды.

Мәжілістің алғашкы отырысында жасы үлкен  мүше болғандықтан, Төрағалық еткен Синоп Өкілі Шериф Мырза  "... Ұлтымыздың іште және сыртта толық тәуелсіздікпен тағдырдың міндетін меншіктеніп, өзін өзі билей бастағандығын бүкіл әлемге жариялай отырып, Ұлы Ұлттық Мәжілісті ашып отырмын.”деп Мәжілістегі алғашкы үндеуді жасады. Шериф Мырзаның Мәжіліс үшін айтып өткен “Ұлы Ұлттық Мәжілісі”атауын баска да ұсыныстар болса да қысқа мерзімде барлық мүшелер мақұлдаған. 23 Наурыз 1920 ж. шығарылған 1 нөмірді Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің құрылымы жөніндегі жалпы мүшелердің шешімімен Мәжілістің аты Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі деп аталынды.

Төтенше жағдайларда билікке келер  мәжіліс міндетін атқарған Ұлы Ұлттық Мәжіліс заң шығарудан басқа, атқару билігін де колына алған. Ашылудың екінші күні өткізілғен отырыста Мұстафа  Кемал Паша Мәжіліс Төрағасы, Ерзұрұм  өкілі Желаледдин Ариф Мырза екінші Төраға болып сайланды. Мұстафа Кемал  Пашаның төрағалығында 25 Сәуір 1920 ж. жеті адамнан тұратын уақытша  орындау комиссиясы құрылды. 29 Сәуірде  “Отанға  Қиянат Заңы”қабылданып, Мәжілістін “ұлы халифалық пен сұлтандықты және шетелдік дұшпандардан мемлекетті құтқару”максатында болғаны- бұл заңға қарсы тұратындардың отанға опасызық жасады деп саналатын шешімін қабылданған. 2 мамырда орындау өкілдерінің сайлау заңы қабылданып, Күштердің Ынтымақтастығы деген жүйе қалыптасты.

1921 жылғы Атазаң

23 Сәуір1920 ж. ашылған Түркия Ұлы  Ұлттық Мәжілісі Төтенше Жағдайда  мемлекеттің қажеттерін орындау  және  басқаруды камтамасыз ету мақсатымен жаңа Атазаң шығару жұмысы басталды. Атазаң (Тешкилат-ы Есасие) мазмұны жөніндегі Мәжіліс отырыстары 20 қантар 1921 ж. аяқталып, 1921 Атазаңы (Тешкилат-и Есасие) Мәжіліс тарапынан қабылданды.

1876 жылғы Атазаңды бүтіндей істен  шығармаған 1921 Атазаңы 24 баптан тұратын  және алғашқы 9 бапта мемлекеттің  негізгі қағидаларына орын берген  бір Атазаң болып табылады. Атазаң;  егемендіктің  кедергісіз және шартсыз  Халықтікі болғанын, Заң шығару мен атқару билігі Мәжілісте жиналғандығын,Мәжіліс жалпы отырысында сайланған Мәжіліс Төрағасының, Мәжілістің Төрағасы және Министрлер Кабинетінің табиғи басшысы екендіғін айқындады.

ТҰҰМ да Атазаң жобаларынан баска, әскери жеңістері нәтижесінде шет  ел мемлекеттермен халықаралык келісімдер жасалынып жатқан еді. ТҰҰМ қол қойған алқашқы халықаралық келісім 3 желтоксан 1920 ж.  Армениямен қол қойылған Ғгюмри бейбітшілік Келісімі аркылы Шығыс майданы жабылған. 16 Наурыз 1921 ж  СССР- мен жасалынған Мәскеу Келісімі алғаш рет шет елдік бір мемлекеттің жаңа кұрылған мемлекетті Ұлттық Келісімнің  тануы нәтижесін берген. Сакария жеңісінен кейін, 20 қазан 1921 ж. франциялықтармен жасалынған Анкара келісімі бұл мемлекеттің соғыстан шегінуін қамтамасыз еткен.

30 тамыз1922 ж. Түрік әскерінің  жеңісінен кейін қарсы қуыным  (Антанта)Мемлекеттерімен 11 қазан 1922 ж. Муданья уақытша бітімі жасалынған. Одан кейін Швейцарияның Лозанна каласында өткізілетін келісім үшін Анкарада да,  Ыстанбұлда да үкімет жиналысқа шақырылған. Бұл оқиға егемендікте екі алтернатива жаратқаны үшін ТҰҰМ да үлкен наразылыққа себеп /болды. 1 қараша 1922 ж. Сұлтандық жойлуы  шешімі қабылданды. Осымен мемлекеттің баскарудағы билікті тек ғана Анкарадағы ТҰҰМ қолға алған болды.  24 шілде 1923 ж. қол қойылған Лозанна Бейбітшілік Келісімі болса Мәжілісте 24 тамыз 1923 те қабылданған. Осылайша ТҰҰМ мен ТҰҰМ ны әрі өкілеттік жасаған әрі басқарған жаңа мемлекет әскери, құқыктық және экономикалық жақтардан танылып еркіндікке жеткен.

Республиканын Жариялануы

Мұстафа Кемал Пашанын ұсынысымен Сәуір 1923 жылы кезектен тыс сайлау өткізілді. Сайлаудан кейін кұрылған Үкімет пен Мәжіліс арасында болған сенімсіздік  мәселесі Үкіметтің орынды босатуымен аяқталды. Үкіметсіздік мәселесін шешуді калаған Мұстафа Кемал Паша Мәжіліске  Республиканың жариялануы ұсынысын енгізген, Мәжіліс  көпшілігі бұл ұсынысты қабылдап, 29 қазан 1923 ж.  Республика жарияланды. Мәжіліс Мұстафа Кемал Пашаны алғашқы Елбасы, Исмет Пашаны болса алғашқы бас министр ретінде тағайындады.

Республиканың жариялануыҮкімет пен  Ыстанбұлдағы Халифа жолын қуушылардың  арасында дау бастатты. Сөз таластың мәселесі Халифаның болашақтағы  мәртебесі болатын. Екі жақтын арасындағы қысым бар күшімен өршіп тұрғанда 1 наурыз 1924 ж. жаңа зан шығару кезеңі басталды. 3 наурыз 1924 ж. Халифаттың жойылуы  шешімі қабылданып, Османдық патша  әулет мүшелерінің елден кету шешімі қабылданды. Сонымен қатар, Шариғат  және Қор Министрліғі жұмыстан босату заңы мен Бірлік Заңы қабылданды.

1924 жылғы Атазаң

Қиындық толы жылдардың артынан, Лозанна  Бейбітшілік Келісімі бойынша жаңа Республиканы жариялаған ТҰҰМ 1924 жылдың бастарында жаңа бір Атазаң дайындау шешімін қабылдады. Жаңа Атазаң 20 Сәуір 1924 ж. ТҰҰМде  қабылдайды.

36 жыл жұмыс жасаған, 105 баптан  тұратын 1924 жылдың Атазаңы үкімет  жүйесінің сүйеніші болған халықтың  егемендігі, республика секілді  негіздерге қарағанда бұрынғы  Атазаңның қайталауы еді. Атазаңда  заң шығару мен атқару билігі  Мәжіліске берілгендіктен,  үкіметке Мәжілісті тарқатып жіберу билігін бермеген болатын. Атқару билігі болса Елбасы мен Министрлер кабинетіне берәлген еді. Үкіметтің ұйымдастыру тәсілі мен ортақ міндеті жағынан парламентарлық қағидалар тиімді еді.

1924 Aта Заңызаң алдында құқықтық  теңдік, заңдық иммунитет, зорлық-зомбылық, қинау, қызметті қолдана отырып,керексіз  жұмыс жасатудан адам еркіндігіне,  ар-ұждан мен дін еркіндігінен, ойлау және пікір еркіндігіне  дейін кең салада азаматтық  жаңа саяси қақ мен еркіндіктерді  қорғайтын еді. Бірақ Атазаңда экономикалық және коғамдық қақ мәселесі атап өтілмеген.

Атазаңға 10 Сәуір 1928 ж. енгізілген өзгерістермен  мемлекеттін діниң Ислам екендігі үкімі Атазаңнан шығарылып, діни зайырлық лайықтық (Лаик) жолы ашылған. 5 желтоксан 1934 ж. енгізілгең өзгерістермен  әйелдерге сайлау және сайлану қақы берілген. 5 ақпан 1937 ж. мемлекеттін  республикан, ұлтжанды, халықшыл, мемлекетшіл, төңкерісшіл және діни еместіғі Атазаңға енг/ізілген.

 

 

 

 

 

Алғашкы оппозиция партиялары мен көптік партиялы жүйеге өту

Биліктегі Республикалык Халық Партиясының (ЖХП) мүшелері Али Фуат Паша, Рефет Паша мен Казым Паша бастаған бір топ депутат жаңа партия ойластыруды бастады.  Осыған байланысты Ұлы Ұлттық Мәжілісте өкілдік ететін алғашкы оппозициялық партияның жұйесі 18 қараша 1924 ж. жарияланған. Даму корғаушы Республикан партиясы деген атпен кұрылған бұл партия бірінші де тыныштықты орнастыру, Заң және Азаттық Соттар сияқты мәселелерде, үкімет ұсыныстарына күшті  қарсылық жасаған. Бірақ партия Отанға Қиянат Заңы бойынша, саяси максаттармен кейбір әрекеттер жасағаны себебімен 5 маусым 1925 ж. жабылды.

Елбасы Мұстафа Кемалдің талабымен бұрынғы премьер министр Фетхі мырзанын басшылығында  жаңа саяси ашылуларға басшылық ету үшін 12 тамыз 1930 ж. Тәуелсіз Республика Партиясы кұрылды. Бірақ кейбір айыптау актісі себебімен 17 қараша 1930 жылы партия төрағасының өз қолынан жабылған. Бұл уакыттан 1945 жылга дейін осындай ұмтылыстар болмаған.

Әлемнің көптеген мемлекеттеріндегідей жағдай сияқты Түркияда да екінші Дүние Жүзілік Соғыстың аяғына дейін сыртқа жабық саясат қолданылған. Республикалық Халық Партиясы билігіндегі жылдарда мемлекеттесайлаулар өткізілген. Согыстың аяқталуымен басқа сырт мемлекеттер секілді саяси және экономикалық ізденімдер жылдамдатылды.

Шілде 1945ж. курылған Ұлттық Даму Партиясынан кейін саны 20 дан асқан жаңа партия кұрылды. Бұл мерзім көп партиялы жүйеге өту кезеңі деп аталған. Желал  Баяр басшылығындағы  Демократия Партиясы 7 қаңтар 1946 ж. ресми түрде кұрылды. ДП сол жылы өткізілген сайлауда Мәжілістеғі 465 орыннан 62сін алған. Жасырын дауыс, ашык санак тәртібімен өткізілген 14 Мамыр 1950  жылғы сайлауда болса Демократиялық  Партия 415, Республикалық Халық Партиясы болса 69 депутат шығарған.

1961 жылғы Атазаңы

Түрік Қарулы Қүштері 27 Мамыр 1960 ж. билікке  келді. ТҰҰМ тарихында алғаш рет болған бұл килігуде Елбасы Желал Баяр, Премьер Аднан Мендерес, Министрлер мен ДП нің активисттері туткынға алынып, ТҰҰМ жұмыстан кетірілген, мемлекетті Ұлттық Бірлік Комитеті (ҰБК) басқара  бастаған. ТҰҰМ нің бүкіл билігі, уақытша Атазаң мен Ұлттық Бірлік Комитетіне өткізілген. Атқару билігі болса тағы да ҰБК тағайындаған Министрлер арқылы жүргізілген.

Бұл мерзімде мемлекетті уақытша Атазаңмен  басқарған ҰБК мүшелері жаңа  толық бір Атазаң үшін жүмыска кіріскен. Ыстанбұл Комитеті дайындаған жоба қабылданбағандықтан құрылған Құрушы Мәжіліс 6 қаңтар 1961 ж. жұмысқа бастаған. Құрушы Мәжіліс ҰБК мүшелері мен Сенаттан тұратын. Сенат болса ҰБК тағайындаған кадрлар, Республикалык Халық Партиясы (РХП) және Республикашыл ауыл тұрғындары мен Ұлт Партиясы(РАТҰП) тағайындаған өкілдер мен әртүрлі кәсіптік мекемелердің өкілдерінен тұратын.

Информация о работе Иран Ислам республикасы мен Түркияның саяси жүйесі