Иран Ислам республикасы мен Түркияның саяси жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 23:06, курсовая работа

Описание работы

Иран Ислам республикасы мен Түркия мемлекеттері мұсылман елдері арасындағы мәдени ,рухани құндылықтары мол, терең тарихы бар ұлы мемлекеттер қатарына жатады.Бұл екі мемелекеттің саяси жүйесіне үңілер болсақ араларында ұқсастықтары да айырмашылықтары да мол. Ұлы тарихы бар Түрік мемлекетінің саяси жүйесі Ұлы қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік бастауымен бірнеше ата заңды басынан өткізе отырып, әлі күнге дейін өзгерістер қабылдауда.Ал Иран ислам республикасы өзінің басқаға ұқсамайтын мемлекеттік құрылымымен таңғалдырады.

Содержание

Кіріспе

Иран Ислам республикасы
Жалпы мағлұмат
Саяси жүйесі

Түркия
Жалпы мағлұмат
Саяси жүйесі


Қорытынды сараптама:
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Иран туркия.docx

— 120.77 Кб (Скачать)

                     Абылай хан атындағы

Қазақ Халықаралақ Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті 

                    Шығыстану факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Иран Ислам республикасы мен  Түркияның саяси жүйесі

 

 

 

 

 

Орындаған: Аусат Алишер

           Нукусбекова Айбала

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

 

Жобаның мақсаты: Иран Ислам республикасы мен Түркия мемлекеттерін салыстырыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сараптама жасау.

 

Жоба  барысы:

 

  1. Кіріспе

 

  1. Иран Ислам республикасы
    1. Жалпы мағлұмат
    2. Саяси жүйесі

 

  1. Түркия
    1. Жалпы мағлұмат
    2. Саяси жүйесі

 

 

  1. Қорытынды сараптама:

Ұқсастықтары мен айырмашылықтары 

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Кіріспе

Иран Ислам республикасы мен Түркия мемлекеттері мұсылман елдері арасындағы мәдени ,рухани құндылықтары мол, терең тарихы бар ұлы мемлекеттер қатарына жатады.Бұл екі мемелекеттің саяси жүйесіне үңілер болсақ араларында ұқсастықтары да айырмашылықтары да мол. Ұлы тарихы бар Түрік мемлекетінің саяси жүйесі Ұлы қолбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік бастауымен бірнеше ата заңды басынан өткізе отырып, әлі күнге дейін өзгерістер қабылдауда.Ал Иран ислам республикасы өзінің басқаға ұқсамайтын мемлекеттік құрылымымен таңғалдырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%),әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.

                                                                        Туы

 

 

 

 

 

 

Елтаңбасы

 

 

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ))1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар

ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен  шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік  топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп  жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу  үшін Ислам конференциясы ұйымы  құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда  ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып  тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін  тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі  емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке  ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен  АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны  белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық  байланысы орнаған

Иран 1979 жылғы конституциясы бойынша ислам республикасы боп табылады. Иран ислам республикасы 1979  жылы 1-і сәуірде 1978-1979 жылдардағы ислам революциясының нәтижесінде пайда болды. Иран дүниежүзіндегі сирек теократиялық мемлекеттердің бірі.

Жоғарғы басшы

Жоғарғы басшы, «Рахбар» (перс. رهبر معظم‎ — рахба́ре моаззам)  мемлекет басшысы және қарулы әскери күштердің бас қолбасшысы.Ол мемлекеттің негізгі даму бағыт – бағдарын ,сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді.Рахбар күштер тізімдемесінің басшысын,мемлекеттік теле-радио , және де Күзет кеңесінің он екіден алтауын тағыйындайды. Жоғарғы басшы сарапшылар кеңесімен сайланады. Өз кезегінде бұл кеңес халық арасындағы құрметті дін басылары арасынан сайланады.

Иран Ислам республикасының конституциясының 57 – і бабында мемлекет құрылысының қағидаттарын анықтайды: Иран Ислам республикасының басқаруы атқарушы, заң шығарушы және сот биліктерімен жүргізіледі.Олар төмендегі конституция баптарына сәйкес Діни көшбасшының қол астында толыққанды бақылауында қызмет атқарады.Аталған биліктер бір біріне бағынбайды.

 Ресми түрде Рахбар Кеңеске есеп береді.Кеңес үкімі бойынша кез келген уақытта өз қызметінен босатылады.

Конституция бойынша президент атқарушы биліктің және ирандағы екінші жоғарғы басшы.Президент министрлер кабинетін тағайындап оның жұмысын басқарады.Шын мәнінде президент Ислам революциясына дейінгі премьер -министр қызметін атқарады.Үкімет құрамы мәжіліспен бекітілетін жиырма бір министрден тұрады.Сонымен қатар он вице президет Иран парламентімен бекітіледі.Иранный басты ерекшеліктерінің бірі қарулы күштердің атқарушы күштерге бағынбайтындығы.Қорғаныс министрлігі жоғары басшы келісімімен президентпен тағайындалады. Президент бүкіл халық дауыс беруімен төрт жылға , екі реттен артық сайланбайды. Оның кандидатурасы Күзет кеңесімен бекітіледі.

 Ислам сабағаттық кеңесі

Ислам сабағаттық кеңесі,Меджлис  – Иранның бір палаталы парламенті,Меджлис бүкілхалықтық дауыс берумен төрт жылға сайланатын 290 депутаттан тұрады. Ол халықаралық келісімшарттарды ратификациялаумен, заң жобалары мен бюджет құрастырумен айналысады.Депутатқа кандидаттар да Күзет кеңесімен бекітіледі.

Күзет кеңесі

Күзет кеңесі, —  он екі адамнан тұратын ерекше мемлекеттік орган: алтысы Жоғарғы басшы таңдауымен ислам дін басының өкілдерінен, алты заңгер  сот жүйесі басшысының таңдауымен тағайындалады. Күзет кеңесінің мемлекет конституциясына түзеулер енгізуге ерекше құқықтары бар. Және де жоғарғы мемлекеттік лауазымдардың, соның ішінде президенттің де кандидатурасын  бекітуге құқылы. Согымен қатар , Кеңес міндеттеріне Меджлис іс әрекеттерін қадағалау кіреді. Кеңес кез келген заң жобаға вето қойып, парламентке қайта қарастыруға жіберуге құқылы.

Саяси мақсаттылықты анықтайтын кеңес

Саяси мақсаттылықты анықтайтын кеңес —  Жоғарғы басшы қарамағындағы кеңес органы және де Күзет кеңесі мен Меджлис арасындағы  даулы мәселелерді шешумен айналысалы.

Жоғарғы басшымен тағайындалған  сот жүйесінің басшысы Жоғарғы  сот төрағаларын және бас прокурорды тағайындайды.Сот жүйесі азаматтық  және қылмыстық істермен айналысатын  Халық сотынан және ерекше қылмыстар , оның ішінде мемлекетке қарсы әрекеттерді  қарастыратын Революциялық соттан тұрады. Сонымен қатар ерекше діни сот  та бар. Бұл сот шешіміне  шағым  берілмейді және де ол жалпы сот  жүйесінен тыс әрекет етеді.

Сарапшылар кеңесі 86 ислам дін басы өкілдерінен тұрады және де жылына екі рет бір аптаға жиналады. Кеңес Жоғарғы басшыны сайлайды және оны кез келген уақытта орнынан түсіріп тастауға құқылы. Кеңес отырыстары жабық түрде өтеді. Кеңес мүшелері жалпы халықтық сайлауда сегіз жылдық мерзімге сайланады.

Иран 30 Останға , 324 облысқа және 865 ауданға бөлінеді. Остандар ( استان‌ها) презитенттің келісімімен ішкі істер минимтрімен тағайындалатын губернаторлармен басқарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иран 30 останға бөлінеді:


  1. Tегеран
  2. Құм
  3. Маркази
  4. Қазвин
  5. Гилан
  6. Ардабил
  7. Занчан
  8. Шығыс Әзірбайжан
  9. Батыс Әзірбайжан
  10. Күрдістан
  11. Һамадан
  12. Керманшаһ
  13. Илам
  14. Лұрстан
  15. Хузистан

 

  1. Чахормақал ва Бахтиёри
  2. Кугилуя у Буйир-аҳмад
  3. Бушеһр
  4. Парс
  5. Құрмұзған
  6. Сейістан у Белуджстан
  7. Керман
  8. Язд
  9. Исфаған
  10. Симнон
  11. Мазандаран
  12. Гүлстан
  13. Солтүстік Қорасан
  14. Ризауи Қорасан
  15. Оңтүстік Қорасан

 

 

 

 

 

                             Түркия

Түркия Республикасы (түр. Türkiye, Türkiye Cumhuriyeti) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Гүржістан мен, Әзірбайжанмен,Иранмен, Әрменстанмен, батыста Бұлғаристанмен,  Грекиямен,оңтүстікте Ирак пен Сириямен  шекара-лас. Генерал Мұстафа  Кәмәл Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кәмәл Ататүрік сайланды.

                                                               Түркия туы

 

 

 

 

 

 

Түркия елтаңбасы

 

Түркияның әкімшілік бөлінуі:

Аудандары:

  • Эгей ауданы
  • Қара теңіз ауданы
  • Орталық Анатолия ауданы
  • Шығыс Анатолия ауданы
  • Мәрмәрә ауданы
  • Жерорта теңіз ауданы
  • Оңтүстік-Шығыс Анатолия ауданы

 

I. Атазаңның қалыптасуы (I. Мешрутийет), Атазаң (Канұн-и Есаси) жаңа Парламeнт (Мәжіліс-і умуми)

1 қыркүйек1876 ж.таққа щыққан патша  ІІ. Абдулхамит,Осман Мемлекетінің  алғашкы Атазаңын дайындау мақсатымен 30 кыркүйек 1876 ж. Арнайы Мәжіліс  (Мәжіліс-и Махсуса) деп аталатын 28 мүшелі арнайы Алқа кұрған. Митхат  Паша басқаруындағы арнайы алқаның  дайындаған заң жобасы 20 Қараша 1876 ж. де толықтырылып, Патшаға ұсынылды. Патшаның жарлығымен 23 Желтоқсан  1876 ж. “Атазаң” деп (Канун-і  Есаси) қабылданды.

Осман империясының алғашқы  Парламенті (Мәжіліс-и Умуми), 19 Наурыз 1877 жылғы Патшаның жарлығымен жұмысқа бастады. Парламент  (Мәжіліс-Умуми) сайлау арқылы құрылған Өкілдер Мәжілісінен (Мәжіліс-и Мебусан) жаңа Патшаның өмірлік тағайындаған мүшелерінен тұратын Сенат (Мәжіліс-і Аян) деп аталатын екі палатадан құралды.

Атазаң (Канун-і Есаси)Өкілдер Мәжілісіне Министрлерді жұмысынан босату уәкілеттілігіне  ие болмаса да, кейбір жауапты тұлғаларды Жоғарғы Сотқа ұсыну хақы танылды. Өкілдер Мәжілісі бұл хақын колдану  барысында мемлекеттік жауаптыларды Жоғарғы Сотқа ұсынғаны үшін 28 маусым 1877 жылы патша Өкілдер Мәжілісін  кызметтен босатты. 1878 жылдың Қаңтар айында Атазаң  (Канун-і Есаси) қажеттілігінен туған сайлау нәтижесінде кұрылған ІІ. Мәжіліс 13 желтоқсан 1877 мен 14 ақпан 1878 жылдары арасында қызмет атқарғаннан уәкілеттілігінің болмауына карамастан басуәзірді (Садразам) кызметінен босатқаны үшін патша оларды мерзімсіз жабылуға мәжбүр етті.

ІІ. Атазаңныңқалыптасуы(ІІ. Мешрутийет)

Атазаңды қайтадан  қалпына келтіру мақсатымен Салонникиде,  Бірлестік жаңа Жетістік Коғамы (Иттихат уә теракки жәмийеті) мүшелері офицерлердің қол астындағы әскери күштерімен көтеріліске шықты. Көтеріліс нәтижесінде Патша 23 шілде 1908 жылы Атазаңды қайтадан қалпына келтірді.

Өткізілген сайлау нәтижесінде  жаңа Парламент (Мәжіліс-и Умуми), 17 желтоқсан 1908 жылы ашылды. Бұл сайлаудың  нәтижесінде Бірлестік және Жетістік Қоғамы парламентте көпшілік дауыспен сайланды. Бұл дәуірде саяси және қоғамдық тұрақсыздық Бірлестік  және Жетістік Қоғамына қарсы басталған  қарсылық көтерілісі- Македониядағы  Әрекет Армиясының СтамБұлға келуімен тоқтатылған. 27 сәуір 1909 жылы Парламент  Сұлтан Абдүлхамитті тақтан алып тастап, орнына інісі Мехмет Решадты тағайындады.

Информация о работе Иран Ислам республикасы мен Түркияның саяси жүйесі