Дін және мәдениет

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 21:55, реферат

Описание работы

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.

Работа содержит 1 файл

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ.docx

— 42.34 Кб (Скачать)

 Мәдениеттің негізгі факторлары мыналар:

1. Дін: Әр ұлттың өзіне тән иман және сенім жүйесі.

2. Тіл: Әр ұлттың өзіне тән сөйлеу және түсінісу құралы.

3. Өнер: Әр ұлттың өзіне тән сән, зауық және сезімдердің бейнеленуі және жасалуы.

4. Тарих: Әр ұлттың өзіне тән өмір сүру салтының, мәдени байлығының замана ағымындағы көрінісі, іс-әрекеттердің даму барысы.

5. Әдет-ғұрыптар: Құқықтық-қалыптық құжат еместігіне қарамастан, қоғам тарапынан есепке алынатын, іске асырылатын салт-дәстүрлер.

 Қорыта айтар болсақ, қазақ халқының мәдениетінің жоғарыда көрсетілген тармақтарының барлығында да ислам дінінің мызғымас әсерін, үлесін ешкім жоққа шығара алмайды. «Дініміз өзгерсе өзгерсін» деген сөздің қандай мақсатпен айтылғанын түсіну мүмкін емес. Қазір, халқымыздың дінін тұтастай өзгерту туралы әңгіме күн тәртібінде тұрған жоқ, яғни қазақ халқының күн тәртібінде жоқ. Ал, енді халқымыздың мәдениетімен, дінімен, тарихымен қақтығыста жүрген бір-екі адам айтты деп, ислам дінін тастап, басқа дінді қабылдайын деп жатқан біздің халық та жоқ. Халқымыздың, мәдениетіміздің толып жатқан көкейкесті проблемалары тұрғанда жазушы ағамыздың қажетсіз әңгімені көтеруі көңілге күмән келтіреді. Сол себепті, ислам дініне қарсы айтылған сөздерді қасақана айтылған демесек те, сәтсіз һәм орынсыз айтылған деуге толық хақымыз бар. Бүгінгі конференция өткізіліп жатқан осы Орталық Мұражайды аралағанда қазақ халқының мәдениетіндегі исламияттың өшпес орнын тайға таңба басқандай паш ететін жәдігерлерді көруге болады. Тек көретін көз болса болғаны... 
 

ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ[1] 

 Елiмiзде дiн  социологиясы iлiмдерi соңғы жылдары ғана жандана, негiзделе бастағанын ескерген жөн. Бұл туралы пiкiрлерiмiздi баяндамас бұрын, алдымен дiн социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталық. Қысқаша айтқанда, дiн социологиясы адамдардың дiнге негiзделген әлеуметтiк қатынастарын зерттейдi (Kehrer G. Religionssoziologie. – Berlin: Walter de Gryter und Co., 1968). Әлеуметтiк қатынастардағы дiннiң ықпалды рөлiн жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында дiннiң нормативтiк күшi шектелген сайын дiни феномендердiң зерттелуi таза теология мәселесінен гөрi социология, саясаттану, антропология, құқық, психология сияқты эмпирикалық iлiмдердiң зерттеу нысанасына айналған. Сондықтан, дiн әлеуметтiк феномен ретiнде социологтар үшiн аса маңызды зерттеу объектiсi ретiнде қарастырылуда. Дiн социологиясы дiннiң кейбiр бағыттары бойынша адамдарды белгiлi әлеуметтiк әрекеттерге жетелейтiн қоғам сегменттерiнiң пайда болуын зерттейдi. Мәселен, белгiлi бiр дiннiң яки сектаның (тариқаттың) мүшелерi өздерiнiң дiни нанымдары негiзiнде белгiлi бір әлеуметтiк іс-амалдарды жүзеге асырып жатса, белгiлi бiр формада киiнiп, белгiлi қоғамдық қатынастарға түсiп жатса, бұл тiкелей дiн социологиясының зерттеу саласына кiредi.

 Батыста дiн  социологиясы мынандай негiзгi зерттеу  салаларына бөлiнген:

1-Дiндердiң әлеуметтiк тұрғыдан пайда болуының себептерiн түсiндiру: негiзiнен ХIХ-ғасырдың өзектi зерттеу саласы. Бұл салада Х. Спенсер (Herbert Spencer, 1820-1903), Эдуард Бернетт Тайлор (Edward B. Taylor, 1832-1917), Сэр Жеймс Фрейзер (James Frazer, 1854-1941), Карл Маркс (1818-1883) және Эмиль Дуркгейм (Emil Durkheim, 1858-1917) қомақты еңбектер жазған (Din Sosyolojisi, Der.: Yasin Aktay-M.Emin Köktaş, - Istanbul: Vadi Yayınları, 1998, 130-152 беттер).

2-Шiркеу табының әлеуметтiк һәм дiни өмiрiн зерттеу. Бұл саланың белгiлi зерттеушiсi француз Габриел Ле Брас (Gabriel Le Bras, 1891-1970).

3-Дiн мен зайырлы  (светский) қоғам арасындағы ықпалдасушылық. Әсiресе, ХХ-ғасырда қызу зерттеулер жүргiзiлген бұл саланың уәкiлдерi Макс Вебер (Max Weber, 1864-1920), Йоахим Вах (Joachim Wach, 1899-1955) және Г. Меншинг (Gustav Mensching, 1901-1978). Дегенмен, ғалымдардың басым көпшiлiгiнiң ортақ пiкiрi – дiн социологиясының зерттеу тақырыптарын бұлармен ғана шектеуге болмайды. Ол құрамында «дiн» бар әр түрлi әлеуметтiк феномендер мен олардың себеп-салдарын зерттейдi.

 Дiндердi зерттеген  Батыс социологтары дiннiң эмпирикалық, бiрақ құндылық қоюшы емес ғылымнан, эмпирикалық һәм құндылық қоюшы идеологиядан және эмпирикалық уә құндылық қоюшы емес философиядан парықты қасиеттерi бар екенiн анықтаған. Себебi, адамдардың дiннен туындайтын әлеуметтiк қатынастарында дiн анықтаған «киелi» және «киелiден тыс» ұғымдар, ұстанымдар уә мәмiлелердiң айтарлықтай маңызды әсерi бар. Осы мәлiметтер негiзiнде дiн социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыста болады: этно-социология, әлеуметтiк философия, құқық, дін психологиясы, теология, әлеуметтiк антропология, дiндер тарихы және феноменологиясы.

 Ендi, дiн социологиясының зерттеу әдiстерi туралы айталық. Эмпирикалық, яғни тәжiрибеге сүйенген iлiм ретiнде дiн социологиясы нақтылы зерттеулер мен тәжiрибелердi жүзеге асырады. Жоғарыда аталған ғылым салалары тарапынан дайындалған ғылыми материалдар негiзiнде дiннiң әлеуметтiк сыр-сипаттары жөнiнде тұжырымдар жасалады. Дiннiң қоғам өмiрiндегi маңызды орны уә ықпалын анықтаудағы ең тиiмдi әдiс адамдармен сұхбаттар жүргiзу (тiкелей кездесу әдiсi) және дiни топтар мен секталардың, маргиналды дiни ағымдардың (суфи тариқаттары сияқты – М.Б.) ритуалдерi мен жыйналыстарына қатысу және тәжiрибе жыйнақтау (эмпирикалық әдiс). Бұған қоса дiни мәтiндер мен баспасөзде келтiрiлген дiни ақпараттарды сұрыптау, талдау, герменевтикалық сараптау пайдалы әдiстерге жатады. Жыйналған материалдар сапалы һәм саналы сарапқа салынбайынша ғылыми нәтижелер шығаруға болмайды дейдi белгiлi зерттеушiлер Эмиль Дуркгейм, Макс Вебер және Б. Малиновски (1884-1924).

Информация о работе Дін және мәдениет