3. Қызметкерге
осы бапқа сәйкес міндеттерді
уақытша атқаруды жүктеу және
оны осыған байланысты негізгі
лауазымы бойынша міндеттерді
атқарудан босату, тікелей басшысы
болмаған кезеңде оның лауазымы
бойынша міндеттерді атқару қызметкердің
қызметтік міндеттерінде көзделген
жағдайларды қоспағанда, басшының
немесе уәкілетті басшының актісімен
жүзеге асырылады.
40-бап. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс
уақыты
1. Қызметкерлердiң
жұмыс уақытының ұзақтығы осы
Заңда көзделген ерекшеліктер
ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Әрбір
құқық қорғау органында қызметтік
әрекеттің ерекшеліктерімен және жедел
жағдаймен, жыл мезгілімен, жергілікті
жағдайлармен және басқа да нақты
мән-жайлармен анықталатын, қатаң
регламенттелген күн тәртібі
белгіленеді.
2. Күн
тәртібі қағидалары құқық қорғау
органы басшысының немесе уәкілетті
басшысының актісімен бекітілетін
жұмыс уақыты мен тынығу уақытын,
азаматтарды қабылдау сағаттарын
(халық үшін барынша қолайлы),
қызметкерлердің жекелеген санаттарының
қызмет атқару кезегін белгілейді.
3. Қажет
болған жағдайда қызметкерлер
белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ
түнгi уақытта, демалыс және мереке
күндерi қызметтiк мiндеттерiн орындауға
шақырылуы мүмкiн. Өтемақы төлеу
тәртібі мен шарттары Қазақстан
Республикасының заңнамасында айқындалады.
41-бап. Құқық қорғау қызметінің өтілі
(еңбек сіңірген жылдары)
1. Құқық
қорғау қызметінің өтілі зейнетақыға
құқық беретін еңбек сіңірген
жылдарын есептеу, еңбек сіңірген
жылдары үшін қосымша демалыс
беру, қызметкер жұмыстан шығарылған
кезде біржолғы жәрдемақы төлеу,
сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
құрметті атақтарын беру және
құқық қорғау органдарының ведомстволық
айырым белгілерімен марапаттауға
ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленетін тәртіппен
есептеледі.
2. Қызметкерлердің
еңбек сіңірген жылдарын есептеу
Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте
зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін
еңбек сіңірген жылдары Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, күнтізбемен
есептеледі.
3. Қызметкерлердің
құқық қорғау органдарында қызметте
болу кезеңі олардың жалпы
еңбек өтіліне, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес
мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
4. Қызметкердің
құқық қорғау органының қарамағында
болған уақыты қызмет өтіліне
есептеледі.
42-бап. Жеке істі және есепке алу құжаттарын
жүргізу
1. Құқық
қорғау органында қызметкерлердің
дербес деректерін, қызмет әрекеттері
мен құқық қорғау қызметіндегі
өтілі туралы мәліметтерді қамтитын
жеке істер, есепке алу құжаттары
жүргізіледі.
2. Қызметкердің
дербес деректерін алу, сақтау,
өңдеу, пайдалану және беру
кезінде құқық қорғау органында
мына талаптар сақталуға тиіс:
1) қызметкердің
дербес деректерін өңдеу қызметкердің
құқық қорғау қызметін өткеруіне,
оқуына және лауазымдық өсуіне
ықпал етуді, қызметкердің жеке
басының және оның отбасы мүшелерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында, сондай-ақ оған тиесілі
мүліктің сақталуын қамтамасыз
ету, лауазымдық міндеттерін атқару
нәтижелерін есепке алу мақсатында
жүзеге асырылады;
2) осы
Заңға сәйкес қызметкерден алынған
дербес деректердің анықтығын
тексеру мемлекеттік органдардың
қатысуымен жүзеге асырылады;
3) қызметкердің
дербес деректерін заңсыз пайдаланудан
немесе жоғалтудан қорғау осы
Заңмен және Қазақстан Республикасының
өзге де заңнамалық актілерімен
көзделген тәртіппен құқық қорғау
органының қаражаты есебінен
қамтамасыз етіледі;
4) заңдарда
көзделген жағдайларды қоспағанда,
қызметкердің жазбаша нысанда
білдірген келісімінсіз оның
дербес деректерін үшінші тарапқа
беруге жол берілмейді.
3. Қызметкердің
жеке ісіне құқық қорғау органының
қызметін қамтамасыз етуге қажетті,
құқық қорғау қызметіне тұрумен,
оны өткерумен және құқық қорғау
қызметінен шығумен байланысты
оның дербес деректері және
өзге де мәліметтер енгізіледі.
4. Құқық
қорғау немесе әскери қызметті
өткерген (өткеріп жатқан) азаматты
(қызметкерді) қабылдау (ауысу) кезінде
азаматтың (қызметкердің) құқық қорғау
немесе әскери қызметті өткерген
(өткеріп жүрген) мемлекеттік органдардан
немесе ұйымдардан құқық қорғау
органы басшысының немесе уәкілетті
басшысының сұратуы бойынша құқық
қорғау органының мекенжайына
қызметкердің сіңірген еңбегінің
есебі, қызметтік тізімінің көшірмесі,
соңғы аттестаттау бойынша қорытындысы
және қызметтік әрекетін сипаттайтын
басқа да материалдар жіберіледі.
5. Қызметкердің
жеке ісінде және есепке алу
құжаттарында қамтылған мәліметтер
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес мемлекеттік құпияларға
жатады.
6. Басқа
қызметкердің дербес деректерін
алуды, сақтауды, өңдеуді, пайдалануды
және беруді реттейтін нормалардың
бұзылуына, сондай-ақ осындай
деректердің жоғалуына немесе
жария болуына кінәлі қызметкер
осы Заңға және Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарына сәйкес жауаптылыққа
болады.
7. Қызметкердің
дербес деректерін қамтыған жеке
ісін жүргізу тәртібін құқық
қорғау қызметінің басшысы бекітеді.
43-бап. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған,
қайта ұйымдастырылған немесе таратылған
кездегі құқық қорғау қызметіне байланысты
құқықтық қатынастар
1. Құқық
қорғау қызметінің штаты қысқартылған
кезде қысқартылатын лауазымды
атқарып жүрген қызметкерге қатысты
құқықтық қатынастар:
1) қызметкерге
сол не басқа құқық қорғау
органында өзге де лауазымды
атқару мүмкіндігі ұсынылған;
2) қызметкер
кәсіптік қайта даярлауға, біліктілігін
арттыруға немесе құқық қорғау
органының білім беру ұйымдарына
оқуға жіберілген жағдайларда
жалғасады.
2. Құқық
қорғау органы таратылған кезде қызметкерге
қатысты құқықтық қатынастар қызметкерге
таратылған құқық қорғау органының функциялары
берілген құқық қорғау органында не басқа
құқық қорғау органында өзге лауазымды
атқару мүмкіндігі ұсынылған жағдайда
жалғасуы мүмкін.
3. Қызметкер
ұсынылған өзге лауазымды атқарудан
бас тартқан жағдайда, ол осы
Заңда белгіленген тәртіппен
құқық қорғау қызметінен шығарылады.
44-бап. Құқық қорғау органына жатпайтын
лауазымдарда қызме өткеру
Қызметкерлер
құқық қорғау органдарының кадрында
қалдырыла отырып, оған жатпайтын
лауазымдарда:
1) құқық
қорғау органының қарамағында болған;
2) мемлекеттік
органдарға және халықаралық
ұйымдарға іссапармен барған;
3) мемлекеттік
қызметшілерді даярлау жөніндегі
мемлекеттік бағдарламалар аясында
оқып жатқан жағдайларда құқық
қорғау қызметін өткере алады.
45-бап. Құқық қорғау қызметін өткеру ерекшеліктері
1. Қызметкерлерді
республиканың өзге өңірлерінде
қоғамдық тәртіпті қорғауға немесе
төтенше жағдайдың құқықтық режимін
қамтамасыз етуге және төтенше
жағдайларды жоюға қатысуға тарту
мерзімінің ұзақтығы үш айдан
аспауға тиіс.
2. Қызметкерлер
Қазақстан Республикасының Yкiметi
айқындайтын тәртiппен құқық қорғау
органдарының кадрында қалдырыла
отырып, мемлекеттiк органдарға және
халықаралық ұйымдарға іссапармен
баруы мүмкін.
46-бап. Қызметкерді іссапарға жіберу
1. Қызметкерді
іссапарға жіберу құқық қорғау
органының тиісті лауазымдарына
тағайындауға құқығы бар басшысының
немесе уәкілетті басшысының
бұйрығымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте
қызметкерді лауазымға тағайындау
ол іссапарға жіберілген күннен бастап
жүргізіледі.
2. Қызметкердің
баянаты және қызметке қабылдайтын
құқық қорғау органының жазбаша
өтінішхаты іссапарға жіберуге
негіз болып табылады.
3. Қызметкерді
іссапарға жіберу туралы шешімді
қабылдау мерзімі қабылдаушы
құқық қорғау органынан жазбаша
өтінішхат түскен күннен бастап
бір айдан аспауға тиіс.
6-тарау. Аттестаттау
47-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
1. Қызметкерлерді
аттестаттау олардың кәсіптік
даярлығының, құқықтық мәдениетінің
деңгейін және азаматтармен жұмыс
істеу қабілетін анықтау бойынша
мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын
рәсім болып табылады.
2. Қызметкерлердің
өздеріне жүктелген міндеттерді
орындау қабілеті аттестаттау
кезінде негізгі бағалау өлшемі
болып табылады.
3. Қызметкерлер
құқық қорғау органдары жүйесінде
үздіксіз қызметте болған әрбір
үш жыл сайын аттестаттаудан
өтеді. Бұл ретте аттестаттау
көрсетілген мерзім басталған
күннен бастап, алты айдан кешіктірілмей
өткізілуге тиіс.
Егер
аттестаттауға жатқызылған қызметкерлер
жаңа лауазымдарға тағайындалса, олар
тағайындалғаннан кейін бір жылдан
соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі
лауазымға тағайындалған кезде,
егер ол функционалдық міндеттерінің
өзгеруіне әкеп соқпаса, бұл мерзім
есепке алынбайды.
Аттестаттау
кезінде қызметкердің құқық қорғау
органдары жүйесіндегі қызметтен
босатылған күн мен оның құқық
қорғау органдары жүйесіне қызметке
қабылданған күніне дейін үш айдан
артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген
кезеңде өзге заңды (мемлекеттік
органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен
еңбек қатынасы болмаған жағдайда,
құқық қорғау органдары жүйесінде
қызметте болған уақыты үздіксіз қызмет
деп есептеледі.
4. Құқық
қорғау органының басшысы және
оның орынбасарлары, сондай-ақ
құқық қорғау органдарында кемінде
жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер
аттестаттауға жатпайды.
Қызметкерлер
арасындағы әйелдер жүктілігі және
бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде
аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке
шыққаннан кейін кемінде алты
айдан соң және бір жылдан кешіктірілмей
аттестатталуға тиіс.
5. Аттестаттау
бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) аттестаттау
өткізуге дайындықты;
2) прокуратура
органдары қызметкерлерін қоспағанда,
кәсіптік жарамдылығын анықтау
бойынша белгіленген нормативтерді
тапсыруды;
3) аттестаттауға
жатқызылған қызметкердің Қазақстан
Республикасы заңнамасын білуін
және логикалық ойлау қабілетін
компьютерлік тесттен өткізуді;
4) қызметкермен
аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді;
5) аттестаттау
комиссиясының шешім шығаруын
қамтиды.
48-бап. Аттестаттауды өткізуге дайындықты
ұйымдастыру
1. Аттестаттауды
өткізу мерзімі келген кезде
құқық қорғау органы басшысының
немесе уәкілетті басшысының
тапсырмасы бойынша тиісті кадр
бөлімшелері аттестаттау өткізуге
дайындықты ұйымдастырады.
2. Дайындық
мынадай іс-шараларды:
1) аттестаттау
өткізудің кестесін әзірлеуді;
2) аттестаттау
өткізудің мақсаты мен тәртібі
туралы түсіндіру жұмыстарын
ұйымдастыруды;
3) тест
мерзімдерін және оны өткізетін
орынды айқындауды;
4) аттестатталушы
қызметкерлердің қажетті құжаттарын
дайындауды қамтиды.
Тесттен
өтудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ
лауазымдардың санаттары үшін шекті
мәні (бұдан әрі – шекті мән)
құқық қорғау органдарының нормативтік
құқықтық актілерімен белгіленеді.
3. Құқық
қорғау органының кадр бөлімшесі
осы Заңға сәйкес аттестатталуға
тиіс қызметкерлерді алты ай
ішінде бір рет айқындайды.
4.Басшы
аттестатталуға тиіс қызметкерлердің
тізімін және оны өткізу мерзімін
кадр бөлімшесінің ұсынымымен
бекітеді.
5. Кадр
бөлімшесі аттестаттауды өткізу
мерзімі туралы оны өткізудің
басталуына кемінде бір ай
қалғанда қызметкерлерге жазбаша
хабарлайды.
6. Аттестатталуға
тиіс қызметкерге оның қызметтік
мінездемесі ресімделеді және
аттестаттау комиссиясының отырысына
дейін үш апта мерзімнен кешіктірілмей
кадр бөлімшесіне жіберіледі.
7. Қызметтік
мінездеме аттестатталуға тиіс
қызметкердің құқық қорғау органдары
жүйесіндегі қызметте үзіліссіз
үш жыл болуы және одан кейінгі
аттестаттау өткізіліп отырған
мерзімге дейінгі кезең ішіндегі
кәсіптік, жеке басының қасиеттері
мен қызметтік әрекеті нәтижелерінің
объективті және негізделген
бағасын қамтуға тиіс.