15-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау
қызметін өткеруге байланысты құқықтары
1. Қызметкерлердің:
1) лауазымдық
міндеттерін атқару үшін қажетті
ақпараттар мен материалдарды
белгіленген тәртіппен алуға;
2) өздерінің
құқықтары мен лауазымдық міндеттерін
айқындайтын ережемен, өзге де
құжаттармен және жоғарылатуға
ұсыну шарттарымен танысуға;
3) лауазымдық
міндеттерін атқарумен байланысты
мемлекеттік органдарға, ұйымдарға
олардың ұйымдық-құқықтық нысанына
қарамастан, белгіленген тәртіппен
кіріп-шығуға;
4) егер
мемлекеттік құпияларды және
заңмен қорғалатын өзге де
құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалану лауазымдық міндеттерін
орындауға байланысты болса, белгіленген
тәртіппен осындай мәліметтерге
қол жеткізуге;
5) лауазымдық
міндеттерін атқаруға және кәсіби
дамуына құқық қорғау органының
қажетті жағдайлар жасауына;
6) қызмет
әрекеті нәтижелерін, мемлекеттік
қызмет өтілі мен біліктілік
деңгейі ескеріле отырып, қызметте
өсуіне;
7) өзінің
кәсіптік қызмет әрекеті туралы
пікірлермен және басқа құжаттармен
олар жеке ісіне енгізілгенге
дейін, жеке ісінің материалдарымен
танысуына, сондай-ақ өзінің жазбаша
түсініктемелерін және басқа
құжаттар мен материалдарды жеке
іске қосуына;
8) Осы
Заңмен және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық
актілерімен белгіленген тәртіппен,
кәсіптік қайта даярлыққа, біліктілігін
арттыруына және тағылымдамадан өтуіне;
9) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес
өз өмірінің, денсаулығының және
мүлкінің, өз отбасы мүшелері
өмірінің, денсаулығының және мүлкінің
мемлекеттік қорғалуына;
10) өзінің
дербес деректерінің қорғалуына;
11) өзінің
құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау үшін, сондай-ақ құқық қорғау
қызметін өткеруге байланысты
жеке дауларды шешу үшін бағыныстылық
тәртібімен жоғары тұрған лауазымды
адамдарға, жоғары тұрған органдарға немесе
сотқа жүгінуге;
12) медициналық
және санаториялық-курорттық қызмет
көрсетілуіне;
13) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес
зейнетақымен қамсыздандырылуға;
14) тұрғын
үймен қамтамасыз етілуге және
әлеуметтік қамсыздандырылуға;
15) құқық
қорғау қызметінің ерекшеліктері
ескеріле отырып, қызметте тиісінше
ұйымдастырушылық-техникалық және
санитариялық жағдайлар жасалуына;
16) осы
Заңға және Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес демалуына;
17) оқытушылық,
ғылыми немесе өзге де шығармашылық
қызметті жүзеге асыруына құқығы
бар.
2. Қызметкерлерге,
мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдарының қызметкерлерін қоспағанда,
атыс қаруы мен арнаулы құралдарды
алып жүру, сақтау және қолдану
құқығы берiледi. Олар дене күшін,
оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк
тәсiлдерiн қолдануға да құқылы.
Атыс қаруын, арнаулы құралдарды
және дене күшін қолдану тәртiбi
осы Заңмен айқындалады.
3. Қызметкерлерге
өз құзыреті шегінде өздеріне
жүктелген міндеттерге сәйкес
Қазақстан Республикасының құқық
қорғау қызметін реттейтін заңдарымен
көзделген өзге де құқықтар
беріледі.
16-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау
қызметін өткеруге байланысты міндеттері
1. Қызметкерлер:
1) Қазақстан
Республикасының Конституциясын
және Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтауға;
2) адам
мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының, сондай-ақ жеке
және заңды тұлғалардың, мемлекеттің
заңды мүдделерiнiң сақталуы мен
қорғалуын қамтамасыз етуге;
3) заңмен
көзделген тәртiп пен мерзiмде
жеке және заңды тұлғалардың
өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша
қажеттi шаралар қолдануға;
4) өздерiне
берiлген құқықтар шегiнде және
лауазымдық мiндеттерiне сәйкес
өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
5) қызметтік
және еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) басшылардың
заңды бұйрықтары мен өкiмдерiн,
жоғары тұрған органдар мен
лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi
шегiнде шығарған шешiмдерi мен
нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк
құпияларды және заңмен қорғалатын
өзге де құпияны, оның iшiнде
құқық қорғау қызметiн тоқтатқаннан
кейiн де, ол жөнiнде қолхат
бере отырып, заңмен белгiленген
уақыт iшiнде сақтауға;
10) қызметтiк
мiндеттерiн атқару кезiнде алған,
азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын
және қадiр-қасиетiн қозғайтын
мәлiметтердi құпия сақтауға және
заңдарда көзделген жағдайларды
қоспағанда, олардан мұндай ақпарат
берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк
мүлiктiң сақталуын қамтамасыз
етуге;
12) қызметкердің
жеке мүддесi өзінің өкiлеттiгімен
ұштасатын немесе оған қайшы
келетiн жағдайларда, жазбаша
нысанда баянат беруге және
тікелей және уәкілетті басшыны
дереу хабардар етуге;
13) өзiнiң
кәсiптік деңгейi мен біліктiлiгiн
арттыруға;
14) мемлекеттік
қызмет мүдделеріне зиян келтіретін
жария сөйлеуге жол бермеуге;
15) Қазақстан
Республикасының азаматтығынан
шығу туралы өтініш бергендігі
туралы оны берген күні өзінің
тікелей басшысына хабарлауға;
16) қызметкер
өзінің өкілеттіктерін орындау
кезеңінде жыл сайын, сондай-ақ
құқық қорғау қызметінен теріс
себептер бойынша шығарылған
адамдар және олардың жұбайлары
(зайыптары) Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында белгіленген
тәртіппен үш жыл бойы тұрғылықты
жеріндегі салық органына табысы
мен мүлкі туралы декларация
табыс етуге мiндеттi.
2. Қызметкерлерге
өз құзыреті шегінде қойылған
міндеттерге сәйкес, Қазақстан Республикасының
құқық қорғау органдарының қызметін
реттейтін заңдарында және Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамаларында
көзделген өзге де міндеттер белгіленеді.
3. Қызметкерлер
адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке
және заңды тұлғалардың заңды
мүдделерін бұзған жағдайда, құқық
қорғау органдары сол құқықтарды
қалпына келтіріп, келтірілген залалды
өтеуге, кінәлі қызметкерлерді Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес
жауаптылыққа тартуды қамтамасыз
етуге тиіс.
17-бап. Қызметкердің құқық қорғау қызметінде
болуына байланысты шектеулер
1. Қызметкердің:
1) өкiлдi
органдардың депутаты және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару органдарының мүшесі
болуға, партиялар, кәсіптік одақтар
қатарында болуға, қандай да бір
саяси партияны қолдауға, құқық
қорғау органдары жүйесінде өз
мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да
әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен
мүдделерін білдіру мен қорғау және еңбек
жағдайын жақсарту үшін олардың кәсіптік
мүдделерінің ортақтығына негізделген
саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық
бірлестіктерді құруға;
2) педагогтiк,
ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтердi
қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен
айналысуға;
3) кәсiпкерлiк
қызметпен айналысуға, оның iшiнде
оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан,
коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
4) заңдарда
көзделген жағдайларды қоспағанда,
үшiншi тұлғалардың істерi бойынша
өкiл болуға;
5) өзiнiң
қызметтiк әрекетiн қамтамасыз
ететін материалдық-техникалық, қаржылық
және ақпараттық қамтамасыз ету
құралдарын, басқа да мемлекеттiк
мүлiк пен қызметтiк ақпаратты
қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi
қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың
қалыпты жұмыс iстеуiне және
қызметтiк мiндеттердi орындауға
кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық
өкiлеттiктерін атқаруға байланысты
жеке және заңды тұлғалардың
қызметiн жеке мақсатында пайдалануға;
8) пайдакүнемдiк
мақсатта, оның ішінде лауазымды
немесе өзге де адамдармен
сөз байласу жолымен қызмет
бабын пайдалануға;
9) өзінің
жақын туыстары (ата-аналары, балалары,
бала асырап алушылары, асырап
алынған балалары, ата-анасы бір
және ата-анасы бөлек аға-інілері
және апа-сіңлілері, қарындастары,
аталары, әжелері, немерелері) немесе
жұбайы (зайыбы) атқаратын қызметіне
тікелей бағынысты лауазымды
атқаруға құқығы жоқ.
2. Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен, қызметкер лауазымға
кіріскеннен кейін бір ай ішінде
коммерциялық ұйымдардағы өзінің
меншігіндегі акцияларды (жарғылық
капиталға қатысу үлестерін) және пайдаланылуы
табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті
құқық қорғау қызметін өткеру уақытына
сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті,
бұған өзіне заңды түрде тиесілі ақша,
облигациялар, ашық және аралық пайлық
инвестициялық қорлардың пайлары, сондай-ақ
мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын
нотариат куәландыруға тиіс.
Қызметкердiң
сенiмгерлікпен басқаруға берiлген
мүлiктен, оның iшiнде сыйақы, дивидендтер,
ұтыстар түрінде табыс алуға,
мүлiктi жалға беруден және басқа
да заңды көздерден табыстар алуға
құқығы бар.
3. Осы
бапта көзделген шектеулерді
сақтамағаны үшін жауапкершілік
осы Заңмен, Қазақстан Республикасының
басқа да заңдарымен белгіленеді.
18-бап. Әскери жағдай қолданылатын кезеңде
құқық қорғау қызметінде құқықтық қатынастардың
туындауы мен өзгеруі
Әскери
жағдай қолданылатын кезеңде құқық
қорғау қызметінде құқықтық қатынастардың
туындау және өзгеру ерекшеліктерін
және оны жалғастыруды Қазақстан
Республикасының Президенті айқындайды.
19-бап. Қызметкерлердің жауапкершілігі
1. Өзiнiң
қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны
немесе тиiсiнше орындамағаны
үшiн қызметкерлер Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік,
азаматтық-құқықтық, тәртiптiк жауаптылықта
болады.
2. Көрінеу
заңға қайшы бұйрықты немесе
нұсқауды орындау қызметкерді
жауапкершiлiктен босатпайды.
Атқару
үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына
күмәнданған жағдайда, бұл жөнiнде
ол өзiнiң тiкелей басшысына және
өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда
дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша
жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi
жазбаша растаған жағдайда қызметкер,
егер оны орындау қылмыстық жазалануға
тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын
болса, оны орындауға мiндеттi. Қызметкердің
заңсыз өкiмдi орындауының салдары
үшiн осы өкiмдi растаған басшы
жауаптылықта болады.
3. Қызметкерлердiң
iс-әрекетiне (әрекетсiздігіне) Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
4. Заңға
қайшы әрекеттерімен құқық қорғау
органына келтірілген материалдық
залал үшін қызметкер Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес
материалдық жауаптылықта болады.
20-бап. Қызметкерлердің қызметтік куәліктері
және жетондары
1.Қызметкерлерге
олардың жеке басын және өкілеттіктерін
растайтын қызметтік куәліктер
және жетондар беріледі.
Жетондар
прокуратура органдарының қызметкерлеріне
берілмейді.
Қызметтік
куәліктің сипаттамасын және жетондардың
үлгілерін құқық қорғау органының басшысы
бекітеді.
2. Қызметтік
куәлік адамның құқық қорғау органына
қатыстылығын, оның құқық қорғау қызметіндегі
лауазымын және арнаулы атағын немесе
сыныптық шенін растайтын құжат болып
табылады.
Қызметкердің
қызметтік куәлігі, мемлекеттік
өртке қарсы қызмет қызметкерін
қоспағанда, оның атыс қаруын, арнаулы
құралдарды алып жүру және сақтау құқығын,
қызметкерге Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес берілген өзге де
өкілеттіктерді растайды.
21-бап. Қызметкерлердің нысанды киімі
және айырым белгілері
1. Қызметкердің
құқық қорғау қызметін өткеретін
құқық қорғау органына байланысты
оның құқық қорғау қызметіне
қатыстылығын көрсету мақсатында
қызметкерлердің арнаулы атақтары
немесе сыныптық шендері бойынша
нысанды киім және айырым белгілері
белгіленеді.
2. Арнаулы
атақ немесе сыныптық шен берілген
қызметкерлер нысанды киіммен
тегін қамтамасыз етіледі.
3. Нысанды
киімнің сипаттары, айырым белгілері,
киіп жүру тәртібі және онымен
қамтамасыз ету нормасы Қазақстан
Республикасының заңнамасында айқындалады.