Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

4-тарау.Арнаулы атақтар  немесе сыныптық шендер

22-бап. Арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру 

1. Қызметкерлерге  мынадай арнаулы атақтар немесе  сыныптық шендер беріледі:

1) қатардағы  құрам:

қатардағы қызметкер;

2) кiшi  басшы құрам:

кiшi сержант;

сержант;

аға сержант;

старшина;

3) орта  басшы құрам:

кiшi лейтенант;

лейтенант, 3-сыныпты заңгер;

аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер;

капитан, 1-сыныпты заңгер;

4) аға  басшы құрам:

майор, кіші кеңесші;

подполковник, кеңесші;

полковник, аға кеңесші;

5) жоғары  басшы құрам:

генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші;

генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші;

генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші;

жоғары  сыныпты мемлекеттік кеңесші.

2. Арнаулы  атақтар немесе сыныптық шендер  қызметкерлерге бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметке  қатысы, еңбек сiңiрген жылдары  және атқаратын штаттық лауазымы  ескерiле отырып, реттілік тәртібімен  дербес берiледi.

3. Қызметкерлердің  арнаулы атақтарының немесе сыныптық  шендерінің алдынан тиісті септікте, олардың қайсысына қатыстылығын  көрсететін мынадай сөздер қосылады:

1) прокуратура  органдарына – «әділет»;

2) ішкі  істер органдарына – «полицияның»;

3) қаржы  полициясы органдарына – «қаржы  полициясының»;

4) қылмыстық-атқару  жүйесіне – «әділет»;

5) мемлекеттік  өртке қарсы қызметке –  «өртке қарсы қызмет»;

6) кеден  органдарына – «кеден қызметінің».

4. Қызметте  болудың шекті жасына жеткен  немесе зейнетақыға құқық беретін  еңбек сіңірген жылдары бар  қызметкерлердің арнаулы атақтарының  немесе сыныптық шендерінің алдынан  «отставкадағы» деген сөз қосылады.

5. Құқық  қорғау органдары білім беру  ұйымдарының күндізгі оқу нысаны  бойынша оқитын курсанттарының (тыңдаушыларының)  қатарына қабылданған азаматтарға  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес арнаулы атақтар беріледі.

6. Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштерiнiң  запасында тұратын азаматқа, ол  құқық қорғау органдарындағы  басшы құрам лауазымына тағайындалғаннан  кейiн, оның өзiнде бар әскери  атағынан төмен емес арнаулы  атақ немесе сыныптық шен беріледi.

7. Құқық  қорғау органдарында бұрын қызмет  атқарған адамдар қызметке жаңадан  қабылданған (оқуға түскен), сондай-ақ  басқа құқық қорғау органынан  іссапарға жіберу тәртібімен  қабылданған кезде өздерінде  бар арнаулы атақпен немесе  сыныптық шенмен лауазымға тағайындалады  (оқуға қабылданады). 

Бұрынғы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде  болу мерзімі кезекті арнаулы  атақ немесе сыныптық шен беру үшін еңбек сіңірген мерзіміне есептеледі.

8. Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  құқық қорғау органдарына жүктелген  негізгі міндеттер мен функцияларды  тікелей орындайтын лауазымды  адамдарға арнаулы атақтар немесе  сыныптық шендер беруге құқық  беретін лауазымдар тізбесін  олардың өкілеттіктеріне сәйкес  Қазақстан Республикасының Президенті  және Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітеді.

23-бап. Бірінші және кезектi арнаулы атақтар немесе сыныптық  шендер берудің тәртібі 

1. Арнаулы  атақтар немесе сыныптық шендер  берілу ретіне қарай бірінші  және кезектi болып бөлiнедi.

2. Қатардағы  және кiшi басшы құрамның арнаулы  атақтарын (бірінші және кезектi) уәкілетті басшы бередi.

3. Орта  және аға басшы құрамның бірінші  арнаулы атақтарын немесе сыныптық  шендерін  құқық қорғау органының басшысы береді.

4. Кiшi  лейтенанттың бірінші арнаулы  атағы:

1) қатардағы  немесе кіші басшы құрам лауазымдарын  атқарып жүрген, жоғары білім  беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру   ұйымдарының соңғы курстарында оқитын және орта басшы құрам лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;

2) техникалық  және кәсіптік, орта білімнен  кейінгі оқу бағдарламаларын  іске асыратын білім беру ұйымдарын  бітірген және орта басшы құрам  лауазымдарына тағайындалған азаматтарға  беріледі. 

5. Лейтенант  арнаулы атағы, 3-сыныпты заңгер  сыныптық шені:

1) кiшi  лейтенанттарға - арнаулы атақта  еңбек сiңiрудiң осы Заңда белгiленген  мерзiмiнің өтуі бойынша, ал  жоғары білім беретін кәсіптік  оқу бағдарламаларын іске асыратын  білім беру ұйымдарын бітіргендерге  - бұл атақта еңбек сiңiру мерзiмiне  қарамастан;

2) қатардағы  қызметкер мен кiшi басшы құрамның  арнаулы атақтары бар, техникалық  және кәсіптік, орта білімнен  және жоғары білімнен кейінгі  кәсіптік оқу бағдарламаларын  іске асыратын құқық қорғау  органдарының білім беру ұйымдарын  бiтiрген және орта басшы құрам  лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге;

3) жоғары  бiлiмi бар және орта немесе  аға басшы құрам лауазымдарына  тағайындалған адамдарға берiледi.

6. Басшы  құрамның кезектi арнаулы атақтары  немесе сыныптық шендері атқаратын  штаттық лауазымы бойынша көзделген  арнаулы атақтар немесе сыныптық  шендерге сәйкес болған жағдайда  және арнаулы атақтар немесе  сыныптық шендерде еңбек сiңiрудiң  белгiленген мерзiмi өткен соң  реттілік тәртібімен   берiледi.

7. Орта  және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын немесе сыныптық  шендерін:

1) капитанға  дейін, 1-сыныпты заңгерді қоса  алғанда – құқық қорғау органының  уәкілетті басшысы;

2) полковникке  дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда  – құқық қорғау органының басшысы  береді.

8. Жоғары  басшы құрамның арнаулы атақтары  немесе сыныптық шендері Қазақстан  Республикасының Президентi белгілейтін  лауазымдар тізбесі және тәртіп  бойынша беріледi.

9. Бағынысты  қызметкердi кезектi арнаулы атақты  немесе сыныптық шенді беруге  ұсынуды негiзсiз кешiктiрген құқық  қорғау органының басшысы немесе  уәкілетті басшысы тәртіптік  жауапкершілікке тартылады.

10. Орта  және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтары немесе сыныптық  шендері құқық қорғау органдары  білім беру ұйымдарының тыңдаушылары  мен докторанттарына, сондай-ақ  оқу ақысын бюджет қаражаты  есебінен төлей отырып, құқық  қорғау органдарының жолдамалары  бойынша шет мемлекеттердің құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарында оқитындарға - оқуға түскеннен кейiн, осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтар немесе сыныптық шендерге енгiзiлген өзгерiстер ескерiлместен, олар оқуға түскенге дейiн атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес тиiстi арнаулы  атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмiнің өтуіне орай; кезектi арнаулы немесе әскери атақтар, сыныптық шендер қызметкерлер оқуды аяқтаған соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда – білім беру ұйымдарын, магистратураны, докторантураны бiтiруіне орай берiледi.

24-бап.Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңіру  мерзімдері 

1. Қатардағы  және кіші басшы құрамның арнаулы  атақтарда еңбек сіңіру мерзімдері:

қатардағы қызметкер атағында – үш ай;

кіші  сержант атағында – бір жыл;

сержант атағында – екі жыл;

аға сержант  атағында – үш жыл.

Cтаршина  атағында еңбек сіңіру мерзімі  белгіленбейді.

2. Орта  және аға басшы құрамның арнаулы  атақтарда және  сыныптық шендерде еңбек сіңіру мерзімдері:

кіші  лейтенант атағында – бір жыл;

лейтенант, 3-сыныпты заңгер атағында – бір  жыл;

аға лейтенант, 2-сыныпты заңгер атағында – үш жыл;

капитан, 1-сыныпты заңгер атағында – төрт жыл;

майор, кіші кеңесші атағында – бес жыл;

подполковник, кеңесші атағында – жеті жыл.

3. Полковник  арнаулы атағында, аға кеңесші  сыныптық шенінде, сондай-ақ жоғары  басшы құрамның атақтарында және  сыныптық шендерінде еңбек сіңіру  мерзімі белгіленбейді.

4. Арнаулы  атақта немесе сыныптық шенде  еңбек сіңіру мерзімі қызметкерге  тиісті арнаулы немесе әскери  атақ, сыныптық шен берілген күннен  бастап есептеледі, бұл ретте  еңбек сіңіру мерзіміне лауазымдардағы  қызметтің нақты уақыты кіреді. Қызметкерді кезекті арнаулы  атақ немесе сыныптық шен беруге  ұсыну  негізсіз кешіктірілген жағдайда, тиісті арнаулы атақ немесе сыныптық шен, оның алдындағы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі өткеннен кейінгі  күннен бастап беріледі.

5. Қатардағы  және кіші басшы құрамдағы  атағы бар, орта басшы құрам  лауазымына тағайындалған қызметкерлер, осы атақта еңбек сіңірген  мерзіміне қарамастан, орта басшы  құрамның арнаулы атағын беруге  ұсынылады.

6. Кезекті  арнаулы атақтар немесе сыныптық  шендер берудің  осы Заңда көзделмеген қосымша шарттарын енгізуге тыйым салынады.

25-бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сіңірген  жылдары мерзімін тоқтата тұру 

1. Қызметкерлерге  кезектi арнаулы атақтар немесе  сыныптық шендер тиiсiнше құқық  қорғау органының қарамағында  болған кезде, лауазымға тағайындалғанға  дейiн, алынбаған тәртiптiк жазасы  болғанда, қайта аттестаттау кезiнде  атқаратын лауазымына сәйкес  келетіні туралы мәселе шешiлгенге  дейін, тергеуге дейінгі тексерулер, қылмыстық iс ақтайтын негіздер  бойынша қысқартылғанға дейiн,  ақтау үкімі заңды күшіне енгенге  дейін, қызметтiк тергеу аяқталғанға  дейiн берiлмейдi.

2. Тәртiптiк  жаза қолданудың заңсыздығы туралы  шешім шығарылған немесе қайта  аттестаттау кезінде атқаратын  лауазымына сәйкес келетіні туралы  мәселе шешiлген, қылмыстық iс  ақтайтын негiздер бойынша қысқартылған, ақтау үкімі заңды   күшіне енген   кезде   қызметкерлерге  кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен атқаратын штаттық лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен сәйкес болған жағдайда, бұларды берудiң мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi.

26-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді мерзімінен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша  көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғарылатып беру тәртібі 

1. Полковникке  дейiн қоса алғанда, басшы құрамның  кезектi арнаулы атағы немесе  сыныптық шені қызметте жоғары  нәтижелерге қол жеткiзгенi және  қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны  үшiн көтермелеу тәртібімен, бұған  дейiнгi арнаулы атақта немесе  сыныптық шенде еңбек сiңiрудiң  белгiленген мерзiмi өткенге дейiн  немесе атқаратын штаттық лауазымы  бойынша көзделген арнаулы атақтан  немесе сыныптық шеннен бiр  саты жоғарылатып берiлуi мүмкiн.

2. Арнаулы  атақтар немесе сыныптық шендер  мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта  немесе сыныптық шенде еңбек  сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң  кемiнде жартысы өткенде берiледi.

3. Ғылыми  немесе академиялық дәрежесi не  ғылыми немесе академиялық атағы  бар, бұл ретте құқық қорғау  органының білім беру ұйымдарында  штаттық лауазымда қызмет атқаратын  басшы құрам адамдарына кезектi арнаулы  атақ немесе сыныптық шен арнаулы  атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткенде атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе   сыныптық шеннен бiр саты жоғарылатып берілуі мүмкін.

4. Атқаратын  штаттық лауазымы бойынша көзделген  кезекті арнаулы атақтан немесе  сыныптық шеннен бiр саты жоғары  кезекті арнаулы атақ немесе  сыныптық шен алдыңғы арнаулы  атақтағы немесе сыныптық шендегі  еңбек сіңірген жылдарының кемінде  жартысы өткенде беріледі. 

Бұл ретте  атқаратын лауазымы бойынша көзделген  арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен мерзімінен бұрын бiр саты жоғары арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру құқық қорғау органындағы  қызметінің барлық кезеңі ішінде әрбір  негіз бойынша екі реттен артықжүргізілмейді.

Кезектен  тыс арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді беру құқық  қорғау органының басшысы айқындаған тәртіппен қызметтің барлық кезеңі ішінде екі реттен артық жүргізілмейді. 

5. Кіші  басшы құрамдағы мерзімінен бұрын  немесе бір саты жоғары арнаулы   атақты - уәкілетті басшы, ал орта және аға басшы құрамдағы арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді  құқық қорғау органының басшысы береді.

27-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді төмендету 

1. Арнаулы  атақты немесе сыныптық шендібiр  сатыға төмендетуді  тәртiптiк жаза шарасы ретiнде:

Информация о работе Лекция по "Криминологии"