Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

2) он  бес жылдан аса еңбек сіңірген  жылдары барларға – ұзақтығы  күнтізбелік он күнге;

3) жиырма  жылдан аса еңбек сіңірген  жылдары барларға  ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге берiледi.

2. Биiк  таулы жерлерде (биіктігі бір  мың бес жүз метр және одан  жоғары), тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайтын, климат жағдайы  ауыр және қолайсыз жерлерде  қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы күнтізбелік қырық бес  күн ақылы жыл сайынғы еңбек  демалысы берiледi.

3. Қазақстан  Республикасының заңнамасымен экологиялық  апат аймағы деп жарияланған  өңірлерде, туберкулезге қарсы  ұйымдарда және АИТВ/ЖИТС-тың  алдын алу саласындағы қызметті  жүзеге асыратын денсаулық сақтау  ұйымдарында қызмет өткеретін қызметкерлер ұзақтығы мен беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын жыл сайынғы қосымша демалыс алуға құқылы.

4. Қызметінің  ерекше жағдайлары үшін ұзақтығы  күнтізбелік он күнге дейін  қосымша ақылы демалыс беріледі, ол жыл сайынғы ақылы еңбек  демалысына қосылып есептеледі  және қызметкердің қалауы бойынша  онымен бір мезгілде немесе  бөлек берілуі мүмкін, бұл ретте  қосымша және кезекті демалыстардың  жалпы үзіліссіз ұзақтығы күнтізбелік  елу бес күннен аспауға тиіс.

5. Зиянды  жағдайларда міндеттерін атқарғаны  және қызметінің ерекше сипаты  үшін бір мезгілде қосымша  демалыс алуға құқылы қызметкерлерге  қосымша демалыс олардың таңдауы  бойынша тек бір негіз бойынша  беріледі.

77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған  жалақысы сақталмайтын демалыс

1. Жүктілігі  және босануы бойынша демалыс,  жаңа туылған баланы (балаларды)  асырап алған қызметкерлерге  арналған демалыс, бала үш жасқа  толғанға дейін бағып-күтуге арналған  жалақысы сақталмайтын демалыс  қызметкерлерге ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысынан тыс берiледi. 

2. Жүктілігі  және босануы бойынша демалыс,  жаңа туылған баланы (балаларды)  асырап алған қызметкерлерге  арналған демалыс, бала үш жасқа  толғанға дейін бағып-күтуге арналған  жалақысы сақталмайтын демалыс  ұзақтығы, беру және ақы төлеу  шарттары Қазақстан Республикасының  заңнамасында айқындалатын тәртiппен  белгiленедi. 

3. Бала  үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге  арналған жалақысы сақталмайтын  демалыста болған кезеңінде қызметкер  тиісті органның немесе мекеменің  қарамағына есепке алынады. Үш  жасқа толғанға дейінгі бала  күтімі бойынша жалақысы сақталмай  берілетін демалыс уақытында  қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

78-бап. Демалыстан кері шақырып алу 

1. Қызмет  бабында аса қажет болған жағдайда, құқық қорғау органы  басшысының немесе уәкілетті басшысының жазбаша бұйрығы негiзiнде және қызметкердің жазбаша келісімімен ғана ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үзілуі мүмкін. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi ағымдағы жылы немесе келесi жылы берiледi.

2. Егер  демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi  күнтізбелік он және одан көп  күнді құраса, қызметкерлерге жол  жүруге демалыстан тыс уақыт  берiледi.

3. Қызметкердің  қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған  бөлiгi келесi жылғы ақылы жыл  сайынғы еңбек демалысына қосылуы  мүмкiн.

11-тарау. Құқық  қорғау органдарында қызметті  тоқтату

79-бап. Құқық  қорғау органдарында қызметті  тоқтатудың негіздері 

Құқық қорғау органдарында қызметті тоқтатуға:

1) осы Заңмен белгіленген  тәртіппен жұмыстан шығару;

2) құқық қорғау органы  қызметкерiнiң қайтыс болуы (қаза  табуы) немесе соттың заңды  күшіне енген шешіміне сәйкес  қайтыс болды деп жариялануы;

3) қызметкерді хабарсыз  кеткен немесе іс-әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп  заңда белгіленген тәртіппен  тану негіз болып табылады.  

80-бап. Жұмыстан шығарудың негіздері 

1. Қызметкерлері мынадай  негіздер бойынша:

1)  еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және зейнетақыға құқық беретін қызметті өткерудің шекті жасына жетуі бойынша;

2) қызметте болудың шекті  жасына жетуі бойынша;

3) денсаулық жағдайы бойынша  – әскери-дәрігерлік комиссияның  қызметке жарамсыздығы немесе  шектеулі жарамдылығы туралы  қорытындысы  негізінде;

4) штаттардың қысқаруына  немесе құқық қорғау органының  қайта ұйымдастырылуына байланысты  басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі  болмаған жағдайда;

5) өз қалауы бойынша;

6) белгіленген тәртіппен  басқа мемлекеттік органдарға  және ұйымдарға жұмысқа ауысуына  байланысты;

7) келісімшартты бұзуға  не келісімшарт мерзімінің өтуіне  байланысты;

8) еңбек жағдайларының  өзгеруіне байланысты қызметті  одан әрі өткеруден бас тартқан  жағдайда;

9) аттестаттаудың қорытындысы  бойынша анықталған қызметке  сәйкес келмеуі бойынша;

10) сынақ мерзімінің ішінде  қызметке жарамсыздығы байқалған  жағдайда;

11) Қазақстан Республикасының  азаматтығынан айырылуына байланысты;

12) қызметтік тәртіпті  өрескел бұзғаны үшін;

13) құқық қорғау органына  кір келтіретін теріс қылық  жасағаны үшін;

14) сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық жасауына байланысты;

15) соттың айыптау үкімінің  заңды күшіне енуі немесе қылмыстық  іс ақталмайтын негіздер бойынша  тоқтатылған жағдайларда;

16) осы Заңның 6-бабының  2-тармағында көрсетілген мәліметтерді  бермегені немесе бұрмалағаны  үшін жұмыстан шығарылады.

2. Мынадай әрекеттер, оның  ішінде қызметтік міндеттерін  атқарумен байланысты емес, бірақ  азаматтардың көз алдарында құқық  қорғау органдарының абыройы  мен беделін көзбе-көз түсіретін  әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің  қоғамдық орындарда алкогольге  не есірткіге масаң күйінде  (құқық қорғау органына тиесілігі  айналадағыларға анық белгілі  болғанда)  болу; шұғыл сипаттағы ақпаратты тергеуге зиян келтірумен жария ету; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, тыңдаушыларының және курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудырған қарым қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.

3. Қызметкерлерді жұмыстан  шығарудың осы баптың 1-тармағының 12) – 16) тармақшаларында көзделген  негіздері теріс себептер деп  танылады.

81-бап. Жұмыстан  шығарудың тәртібі және шарттары 

1. Қызметкерлерді жұмыстан  шығаруды қызметкерлерді осы  лауазымдарға қабылдауға және  тағайындауға құқық берілген  лауазымды адамдар жүргізеді.

2. Құқық қорғау органдарында  қызметін тоқтатқан қызметкерлер  құқық қорғау органының басшысы  айқындайтын тәртiппен құқық қорғау  органдарының кадрынан шығарылады.

3. Егер жұмыстан шығарылатындарәскери  қызметке жарамды адамдардың  запаста болуы үшін Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген  шекті жасқа жетпесе, қызметкерлер  әскери есепке қойылып, запасқа шығарылады.

4. Жұмыстан шығарылатын  қызметкерлер, сондай-ақ құқық қорғау  органдары білім беру ұйымдарынан  шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар  қызметтік куәлігін тапсырады. Зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге құқық қорғау органдарының зейнеткері куәлігі беріледі.

5. Өзiнiң қалауымен жұмыстан  шығатын қызметкерлер жұмыстан  шығу жоспарланған күннен кемiнде  бiр ай бұрын өздерi қабылдаған  шешiм туралы тiкелей басшысына  ескертiп, ол туралы жазбаша  баянат бередi.

6. Осы Заңның 80-бабының  1-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында  көзделген негiздемелер бойынша  жұмыстан шығарылатын қызметкерлер  бұл туралы жұмыстан шығарудан  кемiнде бір ай бұрын хабардар  етiледi. 

82-бап. Құқық  қорғау органдарында қызмет етудің  шекті жасы 

1. Құқық қорғау органдарында  қызметте мынадай шекті жасқа:

1) майорға дейінгілер, кіші  кеңесшіні қоса алғанда – қырық  бес жасқа;

2) подполковниктер, кеңесшілер  – қырық жеті жасқа;

3) полковниктер, аға кеңесшілер  – елу үш жасқа;

4) жоғары басшы құрамдағы  адамдар елу сегіз жасқа дейін  бола алады.

2. Құқық қорғау органының  лауазымдарға тағайындау құқығы  берілген басшысы немесе уәкілетті  басшысы жоғары кәсіптік даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс  тәжірибесі бар және денсаулық  жағдайы бойынша қызметті өткеруге  жарамды қызметкерлерге, олардың  келісімімен, қызмет мерзімін  бес жылға дейінгі мерзімге  ұзартады. 

Ерекше жағдайларда, құқық  қорғау органының тиісті лауазымдарға тағайындау құқығы берілген басшысының немесе уәкілетті басшысының шешімі  бойынша қызметкерлерге осы мерзім сол тәртіппен бес жылға дейін, ал ғылыми дәрежесі немесе атағы бар жекелеген қызметкерлерге он жылға дейін қайта ұзартылуы мүмкін.

Қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім осы Заңда  көзделген негіздер бойынша қызметкерді  құқық қорғау органдарынан шығару мүмкіндігінен  айырмайды.

12-тарау. Қорытынды  ережелер

83-бап. Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 

Құқық қорғау органдарын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген  тәртіппен мемлекеттік бюджет  қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

84-бап. Өтпелі ережелер 

Осы Заң  қолданысқа енгізілгенге дейін арнаулы  атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлерге осы арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде еңбек сіңірген мерзімі  осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға  сәйкес есептеледі.

Осы Заңның 9-тарауының күші зейнетақымен қамсыздандыру, жеңілдетілген салық салу, олардың  еңбекке уақытша жарамсыз кезеңіндегі  ақшалай үлес төлеу, тұрғын үйді күтіп-ұстау  және коммуналдық қызмет ақыларын ақшалай  өтемақы төлеу бөлігінде кеден  органдары қызметкерлеріне қолданылмайды, ал прокуратура органдарының қызметкерлеріне  2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады. 

85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 

Осы Заң  алғашқы ресми жарияланғанынан  кейін күнтізбелік он күн өткен  соң қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының

Президенті  Н. НАЗАРБАЕВ 

Астана, Ақорда, 2011 жылдың 6-шы қаңтары

380-IV ҚРЗ

Бас прокурор Асхат Дауылбаев


Информация о работе Лекция по "Криминологии"