Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:39, реферат
Әйелдердiң қылмыстық мiнез-құлқы жеткiлiктi меңгерiлмеген. Сонымен қатар қоғамға қайшы, соның iшiнде әйелдердiң қылмыстық мiнездерi қоғамға, отбасына керi әсерiн тигiзiп жатыр. Әйелдер қылмыстылығы – қоғамның, оның рухының салауатты жүрiс –тұрысының көрсеткiшi, адамзат құндылығының негiзiне деген қатынасы.
1 Әйел қылмыстылығы және оны ескерту 3
2 Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, динамикасы және құрылымы 4
3 Әйелдер қылмыстылығының себептерi 17
4 Әйелдер қылмыстылығын ескерту 25
Қорытынды 29
Әдебиеттер 30
</h3>
Өзiндiк мәселе-нашақорлықты қауiп төндiрушi аумақтары, қоғамға жат қылықты әйелдер арасында, олардың маскүнемдiгi, жезөкшелiгi, порнобизнестi таратуы, күш қолдану және т.б. көрiп тұрғанымыздай, осы қауiптi жауыздықпен: экономикалық, идеологиялық, тәрбиелiк, медициналық құқықтық күресу шаралары көрсетiлген, адамгершiлiктi қорғау туралы заң шығару сәтi туды. Кәмелетке толмағандардың қоғамға жат жүрiс-тұрысының алдын алу өте қажет. Тек қана құқық қорғау органдары және заңдардың көмегiмен бұл жерде елелi жетiстiктерге жету мүмкiн. Қыздардың деморализациясының алғашқы алдын алуында медициналық қызметкерлер елеулi рөл атқара алады. Олар қыздарға венерологиялық және геникологиялық көмек көрсете отырып, кәмелетке толмағандарға терiс әсер етушi қайнар көздердi таба алады.
Әйелдiк ұйымдар әйелдердi қоғамдық жұмыстарға тарту, оларға материалдық көмек көрсету, еңбектiк, отбасылық және жеке сұрақтарды шешу сияқты шаралар қолдану керек.
Алдағы уақытта қылмыстық өсуi мүмкiн, оның iшiнде әйелдердiң өйткенi “қылмыстылықпен ұтымды күресу болады тек қана, егер тұрақты экономикалық, әлеуметтiк-саяси қатынастар болса, ал олар бiзде жоқ” “См. Карпец И.И. Экономика и преступность. Зак/сть №3 1992, стр.50).
Сөйтiп, қоғамдық адамгершiлiк пен құқықтық тәртiптiң жағдайына әсер ететiн терiс процестер күшейетiндiгiне дайын болу керек. Бiз айтып кеткендей әйелдер арасындағы құқық бұзушылықтың деңгейi қылмыстылықтың бүтiндей өсуiне әсер етедi. Президенттiң Қазақстан халқына жолдауында тегiн айтылған емес: - “егер әйел отбасы мен қоғамда сыйлы болса, онда бiздiң ел үшiн қам жемеуге болады”.</h4>
<h4>Әдебиеттер