Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:39, реферат
Әйелдердiң қылмыстық мiнез-құлқы жеткiлiктi меңгерiлмеген. Сонымен қатар қоғамға қайшы, соның iшiнде әйелдердiң қылмыстық мiнездерi қоғамға, отбасына керi әсерiн тигiзiп жатыр. Әйелдер қылмыстылығы – қоғамның, оның рухының салауатты жүрiс –тұрысының көрсеткiшi, адамзат құндылығының негiзiне деген қатынасы.
1 Әйел қылмыстылығы және оны ескерту 3
2 Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, динамикасы және құрылымы 4
3 Әйелдер қылмыстылығының себептерi 17
4 Әйелдер қылмыстылығын ескерту 25
Қорытынды 29
Әдебиеттер 30
</h3>
Әйелдер қылмыстылығының құрылымындағы күшейтiлген қарқынның негiзi бiр себебi экономиканың ауыр келеңсiздiктерiнен көрiнедi. Өз уақытында халық шарушылығының саласында (бiлiм, денсаулық сақтау, әртүрлi қызмет ететiн мекемелер) әйелде әлi күнге дейiн қызметтiк жалақы жағынан ұтылып келдi. Бiрiншi кезекте осы факторлар отбасы игiлiгiне керi әсер ететiн әйел үшiн әлеуметтiк нәрсенiң қамқорлығы болғандықтан жағдай болып табылды. Iшкi абыржу, әйелдердiң қайғыруы оның iшiнде өз балалары мен жақындары тағдыры үшiн күшейедi. Экономиканың агроөндiрiс кешенiнде iшкi саясаттың, ауылшаруашылық кәсiпорындарының жекешелендiруiн өткiзудi жүзеге асыруға байланысты көпшiлiгi жұмыстан айырылады. Статистикалық мәлiметтер бойынша 1995 жылда ауылды жерден республика қалаларына 26 мыңнан астам әйелдер көштi.
Еңбек қолдарына сұраныс балмағандықтан 45 жастан жоғары және орта бiлiмi бар әйелдер мамандығы бойынша жұмыс iзденiстерi жоқ. Тағы бiр өткiр мәселе ауылдық жерлерде, кiшi қалаларда және поселкелерде жұмысқа орналасу. Бұл жерде жасына, бiлiмiне, мамандығына қарамастан әйелдерге жұмыс табу өте қиын. Жалпы республика бойынша еңбекпен қамтамасыз ету қызметiне 1999 жылы келген әйелдердiң iшiнен 1,3% ғана жұмысқа орналаса алды. Жалпы, жұмыссыз деп танылған әйелдердiң жартысынан көбiнде жас балалары, олардың iшiнде туылғаннан мүгедектерi бар, олардың 5% астамы жалғыз аналар, шамасы 9% - көпбалалылар. Көптеген жұмыссыз әйелдердiң қабаты қалыптасты: 38% алты айдан астам жұмыссыздар құрайды, 18%-де 1 жылдан астам.
Нарықтық құрылымның тиiмдi заңды регламентациясының жаңа, бiзге бұрын белгiсiз болған кәсiпкерлiктiң болмауында, бiз жаңа қылмыстық әрекеттермен, оның iшiнде әйелдердiң жаңа нысанымен әсерлесу. Мұның көрсеткiшi болып 1996 жылғы Швейцария полицейлерiнен 1 миллион доллар тұратын, жалпы сомасы 20 миллион АҚШ долларын құрайтын ҚР Ұлттық Банкiнiң 20 жалаған кепiлдiктерiн дайындауда және сатып алуда айыпталған Қазақстанның азаматшасы К-ның қамауға алынуы табылады.
1996 жылы қазанда Алматы қаласында “Номау банкiнiң” төрағасы 1,5 жылға сотталған. Ол банктiң құрылтайшыларымен қылмыстық келiсiмге түсiп, оларға заңсыз түрде 100 мың теңгенi кредитке берiп жiберген, яғни құрылтайшылардың қарамағындағы фирмалар есебiне аударылып, сол жерден нақты алынып иеленiлген.
Қылмыстылық және экономика “параллель курс” жолымен ғана жүрмейдi, шаруашылық және саяси өмiр тұрақтанған жағдайда да, келеңсiз кризистiк материалдық өндiрiстiң салдарлары көптеген жылдар бойы сезiлiп отырады. Мәселе, осының әсерiнен қоғамға қарсы әдет-ғұрыптар және әдептер, аморальды ережелер және елестер қалыптасады. Олардың себептерiн туғызатын әлеуметтiк-экономикалық тәртiп жойылғаннан кейiн де жаңағылар сақталып қлады. Әлеуметтiк ортаның рөлiн және микроәлеуметтiк әсiресе әйелдердiң құқыққа қайшы мiнезiнiң қалыптасуын, сондай-ақ олардың әртүрлi криминогендiк белсендiлiгiн нығайтатын факторларды ұғыну жоғарыдағы түсiнiкте өте қажеттi маңыздылыққа ие.
Бiздiң ойымызша, нашақорлық және жезөкшелiк тәрiздi осындай қоғамға жат құбылыстардың арасына микроәлеуметтiк ортаның керi әсерi бәрiнен бұрын назар аудартады.
Жезөкшелiк және қылмыстылық арасында болған кездесоқсыз және тiкелей байланыс. Бұл жағдайға көбiнесе 1906ж. Гернет көңiл аударған. Бұл жерде қылмыстылықты тудыратын, әлеуметтiк себептермен жезөкшелiкк қатысуды, әйелдердiң кiшi қылмыстылығын түсiндiргенде естен шығармау керек. (см. Гернет .....). грузиядағы жезөкшелiктi оқып бiлунегiзiнде жасалған қорытындылар қызықты. Осы зерттеулердiң мәлiметтерi 22,2% сұрау алынған жезөкшелер есiрткi қолданатын болған.
Жеке адамның криминогендiк бағытының қалыптасуына микроәлеуметтк керi әсер танытудың бiр нысанына назар аудару, жастар тобының керi ықпал етуiмен қылмыстық жолға түсетiн, кәмелетке толмаған және жас қыздарға дәлiрек айтқанда мақсатқа сай келедi.
Жезөкшелiкке және соған сай басқа да қылмыстық әрекеттердiң нысандарына кәмелетке толмағандар елiктейдi. Мамандардың кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алудағы есебi бойынша, қазiр Алматыда мыңға жуық жезөкше-қыздар жұмыс жасайды. Жасырын бейнестудияларда таспаларға балалар порнографиясының сценалары өте сұмдық түрде, тiптi үй жануарларымен қосылып, қатынасқа түсуiне дейiн жазылу жүзеге асырылады. Балалар “порносының” 1 минуттық жазылымы шамасы 100 АҚШ долларынан тұрады.
Әйелдер бара бара қылмыстық әрекеттiң ұйымына тартылып келе жатыр. Кәсiпқой ұрылар, алаяқтар, притон ұстаушылар, есiрткi және ұрланған заттарды алушылар қылмыстық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды белсендi алып жүрушiлер болып жатыр, өз әрекеттерiнiң аясын кеңейтiп жатыр және оған көптеген әйелдер мен қыздарды, әсiресе жастарын тартып жатыр. Оның үстiне бұған ақырғы кезде “екiншi тынысын” алған “ұрлықшы ой” деп аталатын өзiне керi дамуын алып жатқанқылмыстық дәстүрлердi, әдет-ғұрыптарды қамтиды. Ол бас бостандығынан айыру орнында бостандықта қалай, сол сияқты бiршама өзгерген нысанда болады.
Әйелдердi бас бостандығынан айыру орындарында ұстаумен және осы орындардан басқа жерлерде олардың келесi қоғамға үйренулерiне байланысты, күрлелi мәселелер қазiргi әйел қылмыстылығының жағдайына ықпал ететiндей күмәнсiз.
Жалпы алғанда, әлеуметтiк-экономикалық процестердiң, әйелдер өмiрiнiң талдауы бойынша қазiргi кездегi олардың арасындағы қылмыстылықтың себептерi келесi құбылыстармен байланысты деп есептеуге болады:
1) әйелдердiң қоғам өндiрiсiндегi едәуiр белсендi қатысулары, өкiнiшке орай олардың материалдық қажеттiлiктерiн және рухани сұраныстарын қанағаттандырмайды. Көбiсi мұндай жұмысты құнттамайды және оны тастайды, өмiр сүру үшiн керегiн заңсыз жолдармен тапқысы келедi. (ұрлықтармен, тонаулармен, жезөкшелiк және т.б.). Қолда бар мәлiметтер бойынша миллиондаған әйелдер бұрынғы кезде құрылысшы мамандығын таңдаған, бiрақ бұл жерде механизацияның деңгейi ортамен 30% жетедi. Әсiресе қол еңбегiнiң үлесi күштi болға, ауылдағы әйелдердiң жағдайын алайық, бiрақ қалаға қарағанда медициналы, сауда, мәдени тұрмыстық қызмет көрсетулер аз орналасқан, көңiл көтерулер, үйлердегi ыңғайластықтар едәуiр аз. Көптеген ауылдық мекендер iрi мәдени және өндiрiстiк орталықтардан ұзақ орналасқан. Ауыр, күрделi жұмыспен ешқандай өкiнiшсiз, оған қайтып оралуға деген ниетсiз айырылады, егер бұған өте келеңсiз жеке басының жағдайлары мәжбүр етпесе. Ол әйелдi әбiржiтiп, тәлкекке салып, одан табиғат берген әйелдiлiк, жұмсақтық, нәзiктiк, сезiмталдық сияқты нығметтерден айыруымен қауiптi. Әйел дөрекi, жылдам, қызу қанды, пайда болған мәселенi дөрекi күшпен шешуге бейiм болыпқалады;
2) әлеуметтiк бақылаудың елеулi әлсiреуi және бiрiншi кезекте отбасының. Бұл қажеттi фактормен жасәйелдердiң құқық бұзушылықтары байланысты, олардың көбiсiн үй-жайсыз омiр сүру алып барады. Оның үстiне, бiз әйел ең еңбегiнiң, әйелдiң жұмыспен қамтылуының құлдырап тұрған кезеңiнде өмiр сүрiп жатырмыз. Пайданың артынан қуу, адамдардың тұрмыстық орынсыздығына бағытталған, бағаны көтеруге шамалау, амал жоқ әлеуметтiк мақсаттарды екiншi жоспарға бағыттайды. Соған сәйкес құқықтық механизмнiң және экономикалық реформа мен нарықтық экономиканың жағдайында әлеуметтiк қорғау және әйелдердiң еңбекке орналасушылығы туралы қазiргi жоқшылық олардың жағдайының нашарлауы салдарынан жанжалдың өрiстеу қаупi туып тұр;
3) қоғамдағы қысымшылықтың өскендiгiнен, адамдардың дабылдылығы, олардың арасындағы жанжалдар мен араздықтар. Отбасы-қажеттiлiгiн қанағаттандыру қиындап барады, ол, бұл бiрiншi кезекте әйелге жүктеледi. Жанұяның игiлiгi, балалары үшiн, кейбiр әйелдер қылмыстық жолға түсуге дайын. Қамтамасыздандырылмаған және нашар қамтылған жанұялардағы әйелдердiң жағдайы едәуiр төмен, олар үшiн көздi қызықтыратын күшi бар киiмнiң сәндi заттары және байқа құнды заттардың ауылы алыс. Сондықтан оларда бағыныштылық , жеңiлiс, төмендiлiк сезiмдерi жоғары болады. Бұл оларды ұрлық, тонау және қарақшылық жасауға итермелеуi мүмкiн, бұдан пайда болған зұлымдық, қызу қандылық және тағылық басынан кешiрген қарсылықтарының психологиялық өкiлеттiгi құралы ретiнде пайдаланылады;
4) нашақорлық, маскүнемдiк, алкоголизм, жезөкшелiк, қаңғыбастық және қайыршылықсияқты қоғамға қарсы құбылыстардың өсiмiмен. Осы барлық құбылыстар өз кезегiнде тұрмыстағы және жұмыстағы әйелдердiң әлеуметтiк ауыртпалығынан туындайды. Отбасылық, аналық мiндеттердi орындаумен бiрге әйелдердiң қызметтерiнiң бiрiктiрiлуi өте қалаусыз салдарларға әкеп соғуы мүмкiн. Бұл оның өзiн өзiне сәйкес шекте онда да, мұнда да алып жүре алмайтындығымен, барлық уақытта жүктелумен еңбек ететiндiгi әрқашан шаршау сезетiндiгi, жүйке қысымы, көптеген жұмысты алып кетуге қорқынышымен көрiнедi, оның қатты абыржуы, жан күйзелiсi, дезадаптация жағдайы, әлемнiң қарсылығын сезiну, бақытсыз екенiн және т.б. осыған сәйкес, әрқайсысында есiнiң “ережесi” күштi. Мұның не екенiнпсихологтар жақсы түсiндiрi. Әр, тiптi ең шаршауда жүрген әйелдiң, ерлерге қарағанда қандай да бiр белгiсi болады екен. Жаңағы “ережемен” өмiрi өмiр емес және әйел өзiне әйел емес сияқты.көпшiлiгi үшiн “ереже” - ыңғайлы үй, жанұя, балалар, әрине қорғаншысы ер. “тұрмысқа шығу” деген сөздi тегiннен ойлап шығармаған ғой. Былай қарағанда күйуесiз болмайтын сияқты. Ендеше, егер “ереже” қандайда бiр себептермен сақталмаса, ауру, жауыздық, жабайы қызғаныш, долылық сияқты жан соқтығысы басталады және сөйтiп - басымдылық.
Қазiргi әйелдер қылмыстылығының детерминациясының мiнездемесi бұл жерден жоғарғы келтiрiлген факторлармен шектелмейтiндiгi күмәнсiз. Жаңағы айтылғандар қғидалық маңызға ие.
Әйелдердiң қылмыстылығын ескерту әлi өз алдына ғылыми және тәжiрибелi мiндет ретiнде бөлiнген жоқ. Осымен оның оңтайлы шешiмi елде заңдылықты және тәртiптi нығайтады, қоғамда адамгершiлiкаясын тазартады, өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесiн жақсартады. Бiрақ бұл құқық бұзушылық түрiнiң алдыналуы, қылмыстылықпен күресудiң жалпы мәселесiнiң бiр бөлiгiнде сәттi бола алмайды. Ол үшiн бүгiнгi таңдағы әлеуметтiк-экономикалық қиыншылықтарды, елдiң езгiге түсiп жатқан, осы мәселесiн жеңу керек. Егер әйелдер еңбегiнiң жағдайы өзгермесе, қоғамда әлеуметтiк қысым төмендетiлмесе, егер олардың шынайы теңқұқыларымен қорғаулығы қамтамасыз етiлмесе болмайды.
Қылмысты жасаған немесе жасауы мүмкiндiгiне әйелдермен алдын ала жұмыстың негiзгi қағидалары ретiнде мыналар танылады:</h4>
- бұл әйелдерге деген адамгершiлiк және мейiрiмдiлiк;
- оларды қылмыстық-жазаланушы немес iзгiлiкке жат қылықтарды жасауға итермелеген себептердi түсiну;
- олардың сұм шеңберден шығып, өз өмiрiнде жолын табуға көмектесу құштарлығы.
Адамгершiлiк және мейiрiмдiлiк әйелдерге деген көрсеткiш ретiнде тек қана нақты лауазымды адамдар не қоғам өкiлдерi тарапынан болмау керек. Оларды заңдар-қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу, қылмыстық атқару, басқа да нормативтiк кесiмдер, мысалы, түзеу мекемелерiндегi iшкi тәртiп ережелерi қамту керек.
Отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға деген жалпы мемемлекеттiк қатынасының аумағында дамыған шет елдердiң зайыптылар арасындағы дауларды және зайыптылар күш қолданулығын басуға бағытталған, әрекеттестiрiлген күштерiнiң әртүрлiлiгiне байланысты шын мәнiн қалып қойғанымызды мойындау керек. Отбасындағы дау-дамай оқиғаларымен соқтығысқан полиция, көбiнесе зайыптылар кеңесi, жанұялық сот, аудандық адвокатуралар, заңды көмек қызметi, арнаулы клиникалар, есiрткiден емдеу орталығы, психологиялық агенттiктер, анонимдiк көмек агенттiктерi, ұрып-соғылған әйелдер үйi, әйелдер орталығы, аз жанұяларға көмек қызметi, шiркеулер, қылмыстың жәбiрленушiлерi мен куәларына көмек беру орталығы, алғашқы әлеуметтiк көмек агенттiгi, құтқару армиясы, тұрғын үй қызметтерi, экономикалық мүмкiншiлiктердi бағалау бойынша ведомстволар және т.б. ұйымдарды iске кiргiздi. (см. Шестаков Д.А. .......)
Балаларына қатысты ата-аналарының күш қолданғандығына да осы шаралар қолданылады.
Айтылған қызметтер мен ұйымдардың бiздiң елемiзде барлығы жоқ екендiгi, шындық. Бiрақ өзiмiздiң тәсiлдерiмiз бен мүмкiншiлiктерiмiз бар. Олар елдiмекенге көмек көрсететiн психотерапевтiк орталықтар. Осы орталықтарда зайыптылар дауларын реттейтiн әдiстемелердi жетiлдiру мақсатқа сай болады. Олардың қызметтердiң тәулiк бойлығы және жанжалдың бiр қатысушысын оны қалпына келтiру уақытына қысқа уақытқа оны орналастыру үшiн шамалы стационарлардың болуы жоғарыдағыдай мекемелердiң мiндеттi жұмыс жағдайы болуы тиiс.
Қазiргi уақытта әкiмшiлiк полиция департаментiнiң жанынан әйелдерге қатысты күш қолданумен күресу жөнiндегi бөлiмелер құрылған. Дiни бiрлестiктермен қарым-қатынасты мiндеттi түрде күшейту керек. IIО-ры өздерiнiң арасында имамды және отбасылық келеңсiздiктерден қайғырып, iзгiлiк-дiни көмегiне мұқтаж адаммен кездестiруге әрқашан әзiр болуы керек.
Бiздiң сот жүйемiздi отбасы судьяларымен толықтыруға тағы да барлық негiздер бар. Бұл судьялар жанұяға қатысты түрлi сұрақтарды: ажырасу, ата-ана құқықтарынан айыру және тұрған алаңынан iшкi жанұялық қылмыстарға дейiн қарастырып, шешуi керекұ мұндай судьялар АҚШ-тың кейбiр штаттарында, Жапония және басқа елдерде сәттi қызмет етуде.
Қазiргi уақыттарда көбiнесе әйелдердi өздерi кейде шынтақтарымен белсендi жұмыс iстеп, өзi қамтамасыздандыру үшiн күресуге мәжбүрледi. Сондықтан еркектiк мiнезге түрiне емес, әйелдiкке тәрбиелеу төтенше маңызға ие. Ол отбасынан басталып, мектепте бекiтiлу керек. Бiрақ осы сипат қыз және қыз бала, қоғамдағы әйелдiң жағдайы, оның адамгершiлiк деңгейi - қамтылатын қатынас жасау сипатымен анықталады.
Әйелдердiң қылмыстылығының алын алу үшiн ерекше маңыз болып жанұяға көмек табылады. Мұндай көмекке, оның iшiнде арнаулы бағдарламалардың шеңберiнде қазiр бiздiң мүмкiншiлiктерiмiз аз. Қаржылық және материалдықтан басқа, обасылар балаларға қамқорлық жасау, қиын-қыстау жағдайларда көмек беру сияқты елеулi көмек алу керек. Мысалы, отбасы мүшесiнен бiреуi ауыруы, әртүрлi түрдегi ұсыныстар , әсiресе жалғыз басты аналарға. Әлеуметтiк қамқорлық, мысалы, жалғыз-аналарға ақшалай төлемақы 1 рет қана берiлмеу керек.
Тағы бiр қиындықты жеңу керек - анықталмаған салааралық және iшкi салалық еңбек ақысының дифференциациясымен байланысты, еркек және әйел табыстарының едәуiр айырмашылығында. Экономикамызды нығайту шарасы бойынша тағы бiр өте қиын көлемдi криминологиялық маңызға ие болатын әлеуметтiк мiндет шешiлуi керек. Мәселе мынада, әйелге еркiн таңдау құқығын беру: тек қана жұмыс iстеу немесе қоғамдық қызметпен шұғылдану, тек үй бикесi болу және балаларды тәрбиелеу, не осының бәрiн қамту. Бiз бұл сұрақтарды , Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетiлген: Қазақстан-2030, экономиканың даму салдарынан, сәйкес еркiн таңдау, мықты материалдық кепiлдiктерге ие болу керек. Олардың еркектермен тең өзi жүзеге асыру және бекiту мүмкiншiлiктерi болу керек. Әйелдер қылмыстылығын ескертуде үлкен рөл ойнайтын IIО-ның кәмелетке толмағандар iстерi бойынша инспекциясы, психология бiлiмдерiмен қарулануға тиiс қызметкерлер (көбiнесе әйелдер) және педагогтар, қылмыстық жолға түсуi мүмкiн жеткiншек қыздарды айқындау қабiлетiнiң болуы және қажеттi көмек көрсетуге, оның iшiнде медициналық дайын болу керек.