Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:39, реферат
Әйелдердiң қылмыстық мiнез-құлқы жеткiлiктi меңгерiлмеген. Сонымен қатар қоғамға қайшы, соның iшiнде әйелдердiң қылмыстық мiнездерi қоғамға, отбасына керi әсерiн тигiзiп жатыр. Әйелдер қылмыстылығы – қоғамның, оның рухының салауатты жүрiс –тұрысының көрсеткiшi, адамзат құндылығының негiзiне деген қатынасы.
1 Әйел қылмыстылығы және оны ескерту 3
2 Әйелдер қылмыстылығының жағдайы, динамикасы және құрылымы 4
3 Әйелдер қылмыстылығының себептерi 17
4 Әйелдер қылмыстылығын ескерту 25
Қорытынды 29
Әдебиеттер 30
</h3>
<h1> Криминалистика</h1>
<h1> Реферат</h1>
<h1> 30</h1>
<h2>Әйел қылмыстылығы және оны ескерту </h2>
<h3>Жоспар
Әйелдердiң қылмыстық мiнез-құлқы жеткiлiктi меңгерiлмеген. Сонымен қатар қоғамға қайшы, соның iшiнде әйелдердiң қылмыстық мiнездерi қоғамға, отбасына керi әсерiн тигiзiп жатыр. Әйелдер қылмыстылығы - қоғамның, оның рухының салауатты жүрiс -тұрысының көрсеткiшi, адамзат құндылығының негiзiне деген қатынасы.
Әйелдердiң бейәлеуметтiк жүрiс-тұрысы өсiп келе жатқан ұрпаққа салғырт әсерiн тигiзедi. Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қылмыстылығының арасында тығыз байланыс бар.</h4>
Кейiнгi жылдары әйелдер қылмыстылығының өсу қарқыны байқалады, сондай-ақ кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасындағы қыздардыңда саны өсуде. Қыздар iшкiлiкке, маскүнемдiкке, нашақорлыққа, жезөкшелiкке белсендi түрде салынатын болып кеттi, жеке адамға қарсы қылмыстарды да сирек жасайтын болды.
Әйелдермен жасалатын қылмыстардың алдын алудың тиiмдiлiгi әлсiз, арнаулы ескеру шаралары өте сирек қолданады және жоспарланады. Сонымен бiрге, ҚР Заңының 19 бап (1тармағына) сәйкес “Қоғамдық қауiпсiздiк, яғни Қазақстан азаматтарының өмiрiнiң, денсаулығыныңжәне мүдделерiнiң қорғалуы және де оларға зардап келтiруге бейiм қауiп-қатерден қазақстан қоғамын құндылығын қорғау, мемлекеттiк органдардың меншiк нысанына қарамастан кез келген органдардың лауазымды адамдардың және азаматтардың олардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн, жеке қауiпсiздiгiн нығайтуға бағытталған әрекеттерi және шешiмдерiмен қамтамасыз етiледi.
Оның үстiне берiлген мiндеттiң шешiмiн Қазақстан Республикасындағы ең жоғарғы құндылық болып адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылатыны туралы (ҚР Конституциясы 1-бап) конституциялық ереженi орындау ретiнде де қарастыру керек.
Әйелдердiң қылмыстық жүрiс-тұрысы еркектердiң қылмыстылығынан көлемi және қылмыстың сипатымен, әдiсiмен және оны жасау құралымен қылмыстық қол сұғудағы құрбанды таңдаумен ерекшеленедi. Әйелдердiң қылмысына көбiнесе отбасылық-тұрмыстық және соған сәйкес жағдайлар жиi ықпал жасайды. Бұл ерекшелiктер қоғамдық қатынастардың жүйесiнде әйелдiң тарихи бейiмделген орнымен, оның әлеуметтiк рөлi және қызметтерiмен, оның биологиялық және психологиялық қабiлетiмен ерекшеленедi. Алайда әйелдердiң қылмыстық мiнезiнiң таралымын, сипаты және әдiстерi, қоғамға қауiптiiк дәрежесi өзгеруiне байланысты, әйелдердiң әлеуметтiк өмiр жағдайы мен өмiр салты өзгередi.</h4>
Статистикалық мәлiметтер бойынша, ақырғы 15 жылдың iшiнде жыл сайын әйелдердiң қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуының едәуiр санының өсуi байқалады. Ендеше, 2000 жылдың 12 айында тек Қарағанды облысы бойынша 10258 адамның қылмыс жасағандығы анықталды, олардың - 1428-i әйел кiсiлер (1999жылға - 9755 және 1161-ге сәйкес келiп тұр).
Әйелдер қылмысының көптеп тараған түрi болып бөтеннiң мүлкiн ұрлау (әйелдер қылмысының жалпы құрылымының 15%-iн құрайды), сенiп тапсырылған мүлiктi иелену және ысырап ету, алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен мүлiктiк залал келтiру (18-20%); тұтынушыларды алдау (13-14%). Бiрақ бiр нәрсенi ескеру керек, ресми статистика әйелдер қылмыстылығын айқын жағдайын толығымен ашпайды. Көптеген қылмыстар (ұрлықтар, әсiресе ұсақ-түйектерi) ашылмайды және тiркелмейдi.
Өз мүддесi үшiн қылмыстарды әйелдер көбiнесе жұмыс орындарында жасайды, яғни әртүрлi мiндеттердi орындау мұқтаждығымен және себебiмен. Ұрлықтың төрттен үш бөлiгi қалалардан орыналады, өйткенi, ауылды жерлерде сауда нүктелерi, қоғамдық азықтану кәсiпорындары едәуiр аз екендiгi айтпасақта түсiнiктi.
Жалпы тұрғыда кiрiстердi немесе басқа да салық салынатын объектiлердi жасырғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған әйелдер 60,9% құрады. Әдеттегiдей бұлар иеленген лауазмының мамандығы бойынша жоғарғы және орта арнайы бiлiмi бар , есеп тапсыру және сауда-қаржының iсiмен 1 жылдан артық шұғылданған жеке фирмалардың жергiлiктi кәсiпорындардың, серiктестердiң, кооперативтердiң бухгалтерлерi сауда кәсiпорындарының меңгерушiлерi. Барлық жағдайларды бұл қылмыстың жасалу схемасы бiрдей десекте болады: бұл келген не кеткелi тұрған тауардың бiр бөлiгiн жасыру, не салықтан түскен пайданың көлемiн түсiрiп жiберу мақсатында есеп бойынша ақша құралдарының қозғалысы туралы есептiлiктi қасақана жымқыру, қызметтiк жұмыспен пара алу да байланысты. Бұрын көбiнесе әйелдер пара алушылықта пара берумен және делдал болумен айналысса, қазiр пара алушылардың саны көбейiп кеттi. Көрiп тұрғанымыздай, мұны әйелдердiң әлеуметтк белсендiлiктерiнiң өсуiмен байланыстыру керек, онымен бiрге, құқық қорғау аясымен де, қанша дегенмен пара алушы әйелдердiң арасында сотта iстейтiндерi, прокуратура және IIО-ры қызметкерлерi де аз емес екен.
Көрсеткiш ретiнде экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы) үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылғандардың iшiнде әйелдер санының көбеюiнiң қарқыны куәлiк етедi. Валюталық, антикварлық және басқа да құндылықтарды шекарадан алып өтiп, кеденмен бекiтiлген ережелердi бұзуға тырысқан “челночный” бизнестiң өкiлдерi көбiнесе бұл қылмысқа жақын келдi.
Ақырғы 15 жыл бойынша әйелдермен жасалан ұрлықтың саны 2 есе өстi. Жалпы алғанда әрбiр анықталған әйел қылмыскерлердiң бесiншiсi- ұры. Ұрлықтың едәуiр саны еңбекпен айналыспайтын, нақты тұрғылықты жерi жоқ әйелдермен жасалады. әйелдер ұрлықты (алдауды, сенiмге кiрудi пайдаланып) темiр жол көлiгiнде және пәтерлерде жасайды. Болашақ құрбанмен вокзалда немесе пойызда танысады, оның орнына жайғасады, оларға жүктерiн сенiп тапсыру мақсатына жетедi, сөйтiп оларды ұрлайды. Алдау пәтерге жайғасу үшiн де қолданылады.
Әйелдер, еркектер сияқты ұрланған заттарды материалдық игiлiк ретiнде жинауды немесе отбасын қамтамасыз етуге сирек қолданады. Әдетте олар дереу ұрлықыны сатып жiбередi және iшiп қояды, оларда отбасылылары да сирек болады. Ал, көптеген қулар және пара алушылар үшiн жинақтау, отбасының материалдық игiлiгiн нығайту, сондай-ақ бағалы заттар, қымбат жиһаздар, престиждi алып жүру заттары, ресторандарға бару, жоғары сапалы қызметтердi пайдалану т.б. жақсы көрiп iстейтiн әдетi. Ұрланған азық-түлiктi әйелдер әдетте үйiне балаларына алып барады. Осыдан ұрылардың, қулардың және пара алушылардың қылмыс жасаумен байланысты жүрiс-тұрыстары әр түрлi деп айтуға болады.
Жалпы жасалған қылмыстардың санынан әйелдермен жасалған кiсi өлтiру (оқталуды қосқанда) 16,3%-iн құрады. Осы тұлғалардың арасынан өз балаларын өлтiргенгендер 9,8%, ал өз күйеулерiн және бiрге тұрғандарын өлтiргендер 44,6% болып шықты.
Отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың кесiрiнен әйелдер зорлықшыл қылмыстар жасайды, мысалы, әртүрлi дәрежедегi денсаулыққа қасақана зиян келтiру (ҚР ҚК 103-105, 108,109 баптар) және бұзақылық (ҚР ҚК 257 бабы). Осы екi топта әйелдердiң үлесi өсуде. Ақырғы жылдары зорлауға қатысқандығы үшiн сотталған әйелдердiң саны көбейiп кеттi. Әрбiр түзеу колониясында жазасын өтеп шыққан төртiншi әйел, зорлықшыл қылмыста кiнәлi. Көрiп тұрғанымыздай әйелдердiң құқыққа қайшы жүрiс-тұсында зорлықшыл қылмыстар көрiнеу орыналады. Олардың көбiсi пайда болған жанжалды қатал күшпен шешуге құмар. Осыдан, кiс өлтiру және денсаулыққа зиян келтiру - әйелдер қылмысының мiнездемесi деп санауға негiз бар деуге болады. Бұл қорытынды қазiргi қылмыстылықты және қоғамның жалпы әдеттiк жағдайына баға беру үшiн өте қажет. Көбiнесе әйелдер зорлықшыл қылмыстық әрекеттердi отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың және интимдi әбiржулердiң арқасында жасайды. Әдетте олардың жәбiрленушiлерi. Күйеулерi, бiрге тұратындары, туысқандары - сирек, көршiлерi, таныстары. 2 жыл бұрын Хабаровск аймағында өте ерекше iстер бойынша тергеушiлер мен срапшылар аяққа тұрғызылған болатын. Мұндағы мәселе, бiр аптаның iшiнде кiсi өлтiрушi әйелдер бұл жерде барлық рекордтан асып түскен: 21 қаңтарда Чегдомын поселкесiнде ер кiсi өлтiрiлген. Жарақаты өте ауыр екен. Жарақатты оған бiрге тұратын әйел пышақпен салған. Екеуi қатынасты бiр жақты ету үшiн кездескен. 23 қаңтарда ауруханада еркiсi қайтыс болды. Ұрыс-керiс кезiнде әйелi оның қолын шапқан. Ақпан ... судың жағасында 40 жасар еркектiң мәйiтi табылды. Сезiктi ретiнде Галина дейтiн ұсталды. Бiр сөзбен, апта бойынша өз күйеулерiн өлтiрген 6 әйел жыныстылар болған. Ал , бiр 25 жасар қыз өз қолымен екеуiнiң сiлесiн қатырған. Әйелдер бөтеннiң мүлкiн иеленудi және бұзақылық әрекеттердiзорлықпен сирек жасайды. Дегенмен елдiң кейбiр аймақтарында әйелдердiң ұрлыққа, қарақшылыққа және бұзақылыққа қатысу оқиғаларының өсуi байқалып отыр.
Осыдан қызық-қызық өзгерiстер байқалды. Егер бұрын қарақшылық шабуылдарда және ұрлықта әйелдер көмекшi рөлiн атқарды десек, ал қазiргi кезде әлсiз жыныстылар өкiлдерi, бiрлесiп және қаруланып өз беттерiмен еркектердiң көмегiнсiз жасайды.
Зорлықшыл қылмыстар өндiрiсте әйелдер үшiн тура келмейдi. Мысалы, өндiрiсте кiсi өлтiру шектi түрде десек те болады, еркектермен жасалады 96,5%. Жалпы кiсi өлтiру жиынтығында, әйел кiсiлердiң шектi салмағы мұнда бесе есе төмен. Мысалы, әйелдердiң тұрмыстық қылмыстылығында орын алатын мiнездерiнiң жағдайлығы, жылдамдығы өндiрiстi қылмыс жасайтын әйелдерге жұғымсыз. Олармен жасалған қылмыстар, қажеттi психологиялық байланыстарды анықтау, жеке қарым-қатынастар, өз әрекеттерiнiң нақты құпиялылығы және қатысушылармен өзара қарым-қатынастарын өзiне қамтитын дайындау әрекеттерiнiң айырмашылығы бар. Мұндай микро әлеуметтiк ортадағыәйелдердiң созылған қылмыстық әрекеттерi әйелдерде қылмыс жасауда кәсiби қабiлеттердi қалыптастырды.
Ауылды жерлерде қылмыстылық едәуiр төмен дәрееде. өйткенi ол жердегi тығыз әлеуметтiк байланыстар өзiнен өзi әлеуметтiк бақылаудың элементi ретiнде қызмет етедi. Отбасы-тұрмыстық ортада - ауылды жерлерде әйелдер жеке адамға қарсы қылмыстарды да, бөтеннiң мүлкiн ұрлаудыда жасалады, бiрақ осыған сәйкес iс әректтер қалаға қарағанда қоғамның пiкiрiмен қатал түрдебағаланады. Оның үстiне, ауылды жерде қылмыс жасаған және сотталған әйелдер, босатылғаннан кейiн ауылға үйлерiне қайтпай, басқа жерлерде, көбiне қалаларда жиi қалып қояды.
Жалпы жауапкершiлiкке тартылған әйелдердiң арасында әйелдер тобының қылмыстылығы 26% құрады.Тергеумен және сотпен анықталмаған тұлғалармен қатысып, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылғандығы үшiн 4,1% қылмыс жсаған әйелдердiң фактiсi өзiне назар аудартады.
Әйелдер үшiн типтiк қылмыстар - жаңа туған баласын өз анасының өлтiруi (ҚР ҚК 97-бабы), басқа кiсi өлтiру түрлерiне қарағанда, бұл қылмыс ауылды жерлерде көп тараған. Әдетте, мұндай iс әрекеттi тамағы жоқ, көйлегi көп, отбасысы жоқ жас әйелдер жасайды. Бiрқатар жағдайларда бұл қылмыстардың арқасында еркектiң бейнесi тұрғанын байқауға болад, көбiнесе бұл бiрге тұрушысы, немесе ойнасы, бұл ауыр қылмыстар үнсiз келiсiмсiз, жасалады, бiрақ әдетте әйел оның атын тамайды. Таңдамалы мәлiметтер бойынша, жиырмасыншы жылдармен салыстырғанда қылмыстар саны үш есе өстi.
Ақырғы жылдардың күрделiрек қарқыны - бұзақылық үшiн сотталған әйелдердiң өсiмi: қылмыскерлер арасында 3%, ал сотталған бұзақылар арасында 5-6%. Еркектер сияқты, әйелдер әдетте бұзақылықты мас күйiнде жасайды. Бiрақ, бұл кездейсоқ мас күйiнде емес, жүйелi маскүнемдiктiң, қоғамға қарсы өмiр салтының, болмыстағы әрқашан керi жүрiс-тұрысының нәтижесiнде жасайды. Көптеген бұзақылықта кiнәлi әйелдер бұрын қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғандар. Олардың бұзақылық әрекеттерi топтың көзiне түсу ниетiмен, олар өте қымбат тұратын пiкiрлер мен бағалаулармен жиi себеп етiледi.
Кәмелетке толмаған әйелдердiң қылмыстылығын зерттеу, бас бостандығынан айыру орындарында жасаған қылмыстары үшiн жазасын өтегендердiң жартысынан көбi ұрлық үшiн отырғандар. Олардың арасында көпшiлiгi зорлықшыл және қасақана күш қолдану қылмыстар: кiсi өлтiру, қарақшылық, ұрлықта кiнәлiлер. Ересек әйелдердiң қылмыстылығымен салыстырғанда жеткiншек қыздардың қылмыстылығының ерекшелiгi, кейiнгiлердiң арсында бөтеннiң мүлкiнұрлаушылар аз екендiгiнен анықталады, бiрақ зорлауда қатысқандары үшiн сотталғандары төрт есе және бұзақылық әрекеттер жасағандары екi есе көп. Қазiргi кезде үйiнен қашып, қаңғырып, жезөкшелiкпен айналысып, маскүнем болып , есiрткiге дәйiктеп, жыныстық өмiрi өзгерте бастайтын қыздармен келiншектердiң көбеюi қоғамға өте қауiптi. Орта есеппен 8-ден 15%-ке дейiн қылмыс жасаған әйелдер - кәмелетке толмағандар. Шамасы 70% қылмыстар топтарды жеткiншек қыздармен жасалады.(см. Проблемы борьбы сЭ. Преступлениями в Казахстане. Алматы, 1996, стр. 78).
Еркектер мен әйелдердiң бұрынғы соттылықтарының саны туралы мәлiметтердi салыстырғанда қызығарлық қарқын айқындалды: еркектерде әйелдерге қарағанда бiршама соттылық саны көбiрек, ал көп санды соттылығы бар тұлғалардың арасында еркектер мен әйелдердiң үлесi бiрдей. Ендеше, еркектердiң-51%-iде 5 соттылық, әйелдерде-3,2% алты, 1,9% сәйкес, жетi 1,3 және 1,2, сегiз 0,6 және 0,6%, тоғыз 0,6 және 0,7%. Көрiнiп тұрғандай көрсеткiштер теңдесуде, ал тоғыз және одан да көп соттылықтар жанында - бұрын сотталғандар еркектер үлесiнен асып түседi. Қылмыстың қайталануының әйелдер арасыдағы ең жоғары деңгейi ұрлық жасағандар арасынд,а, ең төменгiлерi - кiсi өлтiрушiлер арасында.
Сотталған әйелдер жасы туралы мәлiметтер бойынша, көптеген бостандығынан айырылғандар 25-49 жас топтарына кiредi (68%). Сотталған еркектермен салыстыру олардың арасында жасына байланысты топтар 20-39 жасты көрсеттi. Бұл орта жастың айырмашылығындада көрiнiс тапты: әйелдерде 36,3 жас және еркектерде 32,3. зерттеулер нәтижесi бойынша, (И.В. Корзун жүргiзген) әйелдер - жасына байланысты келесi дәрежеде таратылды: 14-17 жас - 15,4%, 18-24 жас - 13,3%, 25-30 жас - 13,8%, 31-40 жас 26,7%, 41-50 жас - 27,7%, 50-ден жоғары жас - 3,1%.Ең криминогендi топтар - 30-дан 40 жас және 4,-тан 50-ге дейiн жастар болып табылады.
Көрсетiлген жас топтарының криминалды белсендiлiктерi олардың еңбектiк және қоғамдық қызметiнiң әлеуметтiк қарым қатынастардың аясын кеңейтумен байланыст; әйелдер қылмыстық жолға кешiрек жалпы алғанда түседi.; ал қылмыс жасағаннан кейiн әдеттегi қылмыстық ортаға түсiп қана, әлеуметтiк роцесстердiң жаңаруына еркектерге қарағанда қиын берiледi; өмiрлiк қиындықтар, отбасының ақаулары, жеке өмiрiнiң ққалыптаспауы және өзге тұрмыстық келеңсiздiктер жоғары жастағы әйелдермен өткiр қабылданады, қылмыс үшiн оңай жолды жаратады; құқық қорғау органдары және соттар ауыр қылмыстардан басқа бiрiншi қылмыстары үшiн әйелдерге адамгершiлiк танытады және бас бостандығынан айырмайды, ал қалған қылмыстарды бiраз уақыт өткеннен кейiн, әйел үлкенiрек жасқа жеткенде жасай бередi (мұнымен бас бостандығынан айырылған әйелдер, еркектерге қарағанда, көбiрек жоғары жас деңгейiнде екендiгi түсiндiрiледi).