Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

Тікелей ниетте жалдамалы кісі өлтіруші өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады, оның зиянды зардабының қалай да болатындығын немесе болуы мүмкін екендігін болжап біледі және оның болуын қалайды. Тікелей ниеттің интеллектуалдық кезеңі жасалатын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін ұғынуды және оның зиянды зардабының қалай да болатындығын алдын ала болжап білуді қамтиды. Еріктік кезең қоғамға қауіпті зардаптардың болуын қалауды қамтиды.

Адамның өлімін көре білу тікелей ниетте екі жақты сипат алады. Адам өлімінің қалайда болатындығын да, болуы мүмкін екендігін де жалдамалы кісі өлтіруші болжай алады [7, 95б.].

Адам өлімінің қалай болуы мүмкін екендігін болжау ол зардаптың қайсыбір себептермен болмай да қалуын білдіреді.

Адам өлімін болуын қалау тікелей ниетте әртүрлі формада көрініс табады: а) адам өлімі кінәлі әрекетінің ақырғы мақсаты болуы мүмкін немесе б) адам өлімі кінәлінің ақырғы мақсатқа жету жолдағы аралық мақсаты болуы мүмкін, не в) адам өлімі кінәлі үшін ақырғы мақсатқа жету жолдағы белгілі бір кезең болуы мүмкін.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарында  материалдық құрамында тікелей  ниеттің мазмұнына осы қылмыс құрамының қажетті белгісі ретінде көзделген зиянды зардаптардың ғана болуын қалау кіреді.

Адам өлтірудегі әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауға құлшыныс және адам өлімін болуын қалау тікелей ниетте әртүрлі себептерден туындайды және қандай да бір мақсатқа жетелейді.

Формальдық қылмыстарда объективтік жақ заң диспозициясында көрсетілген қоғамға қауіпті әрекеттерден немесе әрекетсіздіктерден ғана тұрады және қылмыс құрамына қандай да бір зиянды зардаптың болуы кірмейді. Бұл жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарына қатысты емес.

Құрамы формальды қылмыстардағы  адамның еркі сол іс-әрекеттің  өзіне бағытталған, ол тек тікелей ниет формасында болады. Қылмыс жасауға оқталғанда немесе қылмысқа даярланғанда, құрамында арнайы мақсат бар қылмыстарда жанама ниеттің болуы мүмкін емес. Жанама ниет кейбір жағдайларда қылмысты қатысып жасауды болдырмайды. Жалдамалы кісі өлтіруде жанама ниет тіпті болмайды [7, 98б.].

ҚК-нің 20-бабы ниеттің екі түріне ғана - тікелей және жанама ниеттерге анықтама береді. Қылмыстық құқық теориясы мен сот практикасы ниеттің басқа түрлерін де бөліп алады.

Қалыптасқан уақыты бойынша ниет алдын  ала ойластырылған және тосыннан туындаған болып бөлінеді.Алдын ала ойластырылған ниетте қылмыстық пиғылдың пайда болуы мен оның іске асырылуы арасында уақыт бойынша біршама үзіліс болады. Осы уақыт аралығында жалдамалы кісі өлтіруші қылмысты жасау жоспарын ойластырады, қастандық жасалатын нысанды, , әрекет ету тәсілін және т.б. таңдайды. Алдын ала ойластырылған ниетпен қылмыс жасаған адам, кейбір жағдайларда, тосыннан туындаған ниетпен тура сондай қылмыс жасаған адамға қарағанда қауіптірек.

Айыптының өзі жасайтын іс-әрекеттің қоғамға қауіпті зардабын дәл көре білуіне қарай ниет анықталған (нақтыланған) және анықталмаған (нақтыланбаған) болып бөлінеді. Анықталған ниетте айыпты нақты, дәл анықталған, қоғамға қауіпті зардаптың болатынын алдын ала біледі. Анықталған ниет қарапайым немесе баламалы болуы мүмкін. Қарапайым анықталған ниетте жалдамалы кісі өлтіруші өзі жасайтын іс-әрекеттің нәтижесінде дәл анық бір қоғамға қауіпті зардаптың болатындығын алдын ала біледі (мысалы, жәбірленушінің өлетіндігін). Баламалы анықталған ниетте бір немесе одан көп зардаптардың анық болатындығын алдын ала біледі (мысалы, жәбірленуші өледі немесе ауыр жарақат алады). Қандай нәтиже болса, сол айыпталушыға айып болып тағылады. Анықталмаған ниетте айыпты қоғамға қауіпті зардаптың болатындығын алдын ала біледі, бірақ оның қандай зардап екендігін нақты біле алмайды. Анықталмаған ниетте айыпты нақты болған зардап үшін жауапқа тартылады.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы қылмыс жасаған жалдамалы кісі өлтірушінің жазықтылығымен байланысты мәселелермен шектелмейді. Қылмыс жасағанға дейін, жасау кезінде және одан кейін жалдамалы кісі өлтірушінің психикасында күрделі ішкі процесс жүреді, ол кінәнің формасына ғана байланысты емес.

Сондықтан да жалдамалы кісі өлтірушінің өзі жасайтын қылмысқа және оның зардаптарына психикалық қатысының қалыптасу тетігін, сондай-ақ ішкі мазмұнын айқындау үшін оның қылмыс жасаудағы сылтауының сипатын және мақсатын анықтау керек [7, 108б.].

Жалдамалы кісі өлтірушінің қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін сипаттайтын екі негізгі - интеллектуалдық және еріктік кезеңдерден басқа адам қылмыс жасаған кезде оның қайсыбір қылмысты қандай сезімдік түрткінің әсерімен жасағандығын көрсететін эмоционалдық кезең болады. Сонымен, қылмыстың жасалуына себеп болатын эмоционалдық кезең адамның субъективтік қасиеттерімен және қылмыс жасаған кезде қалыптасатын мән-жайлармен байланысты. Ал, жалдамалы кісі өлтірушілер көп жағдайда сабырлылық танытып, саспай өз ісін аяғына дейін жеткізеді [11, 117б.].

Жалдамалы кісі өлтірудегі қылмыс себебі дегеніміз - қылмыс жасаған қезде субъект басшылыққа алатын ішкі түрткі. Себеп қасақаналық ниеттен бұрын келеді, ол бір немесе бірнеше себептің әсерінен пайда болады және нығаяды. Оны анықтаудың маңыздылығы сонда, ол жалдамалы кісі өлтірушінің қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін бағалауға ғана емес, оны сипаттауға да, оның жеке басына моральдық баға беруге де мүмкіндік тудырады.

Қылмыстың себебі жасалған іс-әрекеттің зияндылық дәрежесін де сипаттайды. Егер қылмыс құрамының қажетті белгісі болып саналса, онда қылмыс сылтауының қылмысты саралауда да маңызы зор, оны сот жаза тағайындағанда жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескереді.

Қылмыстың себептері әр түрлі болады. Олардың қылмыстық заңнамада және сот-тергеу практикасында жиі кездесетіндерін мынадай топтарға бөлуге болады:

Біздің мемлекетімізге, оның егемендігіне немесе аумақтық бүтіндігіне  жауыздық пиғылды білдіретін саяси сипаттағы сылтаулар. Бұл сылтауларды шетелдік барлау агенттері, ланкестер, сондай-ақ біздің мемлекетке теріс көзді адамдар басшылыққа алуы мүмкін. Жалдамалы кісі өлтірушілерді жалдап, билік басындағы адамдарды өлтіру саяси тұрақсыздықты туындатады. Эгоизмдік көрініс табатын пасық сылтаулар. Мысалы, пайдақорлық, баюды армандау, ашкөздік, қызғаныш. Бұлардың қатарына адамның басқа да пасықтық қасиеттерін: маңсапқұмарлықты, кекшілдікті, қорқақтықты, жауапкершіліктен қашуды және т.б. жатқызуға болады [14, 184б.].

Оларға жататындар: жеке бастағы немесе отбасындағы ауыр мән-жайға, материалдық, қызметтік және өзгедей тәуелділікке байланысты, қорқыту, мәжбүрлеу немесе жәбірленушінің оғаш қылығынан туындаған көңіл-күй қобалжуы кезінде, қажетті қорғану шегінен асып кетсе де адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғағанда, қылмыскерді ұстау кезінде қажетті шаралардың шегінен шығып және т.б. қылмыс жасау. Себептердің бұл тобы кейде қылмыстардың нақты құрамдарының міндетті белгілері ретінде заңда көрсетіледі және де жаза тағайындағанда жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының  мақсаты дегеніміз субъектіні ұмтылдыратын, қол жеткізуге талпындыратын нысана. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының  мақсаты да, себеп сияқты, қылмыс жасағанда жалдамалы кісі өлтірушінің санасында жүретін субъективтік процеспен сипатталады [14, 199б.]. Сондықтан да, мақсат қылмыскердің қоғамға қауіптілік дәрежесін көрсетеді, ол тағайындалатын жазаға да ықпал етеді.

ҚК-нің бірқатар баптарында мақсат қылмыс кұрамының міндетті белгісі  ретінде қарастырылады. Бұл заңда  көрсетілген мақсатта жасалған іс-әрекеттер ғана қылмыстың сол кұрамына жатады дегенді білдіреді. Қылмыстың кейбір құрамдарында мақсат қылмыстың саралаушы белгісі ретінде қарастырылған. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын басқа қылмыстардан ерекшелейтін белгісі қылмыс жасаудың мақсаты болып табылады. Пайда табу мақсатында немесе өзге де мақсатта бұл қылмыс түрі жасалады.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын саралауда Қазақстан Республикасының  қылмыстық заңнамасына өзгеріс  енгізу қажет. Бұл қылмысты пайда  табу, қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен, бандитизммен ұштасқан іс-әрекеттермен байланыстырып қоюдың қажеті жоқ. Оны Қылмыстық кодекстің 96-1-бабы ретінде қарастыру қажет.  Біріншіден, жалдамалы кісі өлтіру қылмысында пайда табу мақсаты тек орындаушыда болады. Тапсырыс берушінің мақсатында пайда табу мақсаты міндетті емес. Дегенмен ол басқа мақсатты көздеп (кек алу, қызғаныш және т.б) орындаушыны жалдап, кісі өлтірсе пайда табу мақсатында жасалған кісі өлтіруі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Менің ойымша бұл әділетті емес. Бұл әділеттілікті ту етіп ұстайтын мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіретін секілді.

Сондықтан ҚР ҚК-не 233-1 бабындағыдай (терроризмді насихаттау немесе терроризм  актісін жасауға қол қою) бөлек  қосымша 96-1 бап енгізу қажет.

ҚР ҚК-ң 96-1-бабы. Жалдамалы  кісі өлтіру.

1. Жалдамалы кісі өлтірушіні  жалдау арқылы немесе сыйақыға кісі өлтіру – ... жазаланады.

2.  Жалдамалы кісі  өлтірушіні жалдау арқылы немесе  сыйақыға кісі өлтіру:

а) бірнеше рет;

б) арнайы білім мен  икемдерді пайдалана отырып жасау - ... жазаланады.

3. Жалдамалы кісі өлтіруге  делдал болу - ... жазаланады.

Ниеттің бағыттылығы  жазықтының өз іс-әрекетін жасағанда  алдына қандай мақсат қойғандығымен анықталады. Мақсатты айқындау сырттай ұқсас қылмыстарды бір бірінен ажыратуға мүмкіндік береді.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасаудағы сылтау мен мақсат өзара тығыз байланыста болғанмен ұқсас ұғымдар емес. Олар еріктік процестің әртүрлі жақтарын сипаттайды.

Жалдамалы кісі өлтірушінің  қылмыс жасау алдындағы ойлану процесі әртүрлі және күрделі болады. Объективтік және субъективтік факторлар ықпалымен жалдамалы кісі өлтірушінің ойланысында кінәнің формасына әсер ететін әртүрлі қателіктер кетуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында қателіктер жөніндегі мәселені реттейтін арнайы нормалар жоқ. Олар кінә және оның формалары туралы ережелер негізінде теорияда қарастырылып шешіледі. Қателік өзі жасайтын іс-әрекетке және оның зардаптарына субъектінің психикалық қатысының арнайы формасы болып табылады, сондықтан ол қылмыс құрамының субъективтік жағы туралы мәселе қозғалғанда қарастырылады.

Қате ұғыну адамның субъективтік ерекшеліктерінен және сол іс-әрекет жасалған нақты объективтік жағдайлардан туындайды. Күшіндегі нор- мативтік актілерді білмеу, қажетті жұмыс немесе тұрмыс тәжірибесінің жоқтығы, қорыққандықтан, қобалжығандықтан қылмыс жасаудың қандай да бір мән-жайын, жағдайын дұрыс бағалай алмауы және т.б. адамның субъективтік ерекшеліктеріне жатады. Ал, қылмыстың қандай жағдайда жасалғандығы, жасалған орны, уақыты және басқа нақты мән-жайлар объективтік жаққа жатады. Жалдамалы кісі өлтіру кезінде қателіктер кездесетін жағдайлар да болады. Бұл жалдамалы кісі өлтіруші үшін де, тапсырыс беруші үшін де қауіпті болып келеді. Сондықтан олар қателікке жол бермеуге тырысады [7, 114б.].

Қылмыстық құқық теориясында  қателіктер заңдық және шын мәнісіндегі болып бөлінеді. Заңдық қателік дегеніміз - өзі жасайтын іс-әрекеттің заңдық сипаты мен құқықтық зардабын адамның қате ұғынуы. Заңдық қателік жалдамалы кісі өлтірушілерге тән емес. Шын мәнісіндегі қателік — өзі жасаған іс-әрекеттің шын мәнісіндегі мән-жайын адамның қате ұғынуы. Ол  адамның жасаған қылмысының құрамындағы кейбір элементтерге: объектіге, объективтік жаққа не бұл қылмысты саралаушы мән-жайларға қатысты. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысында осы қателіктерді кездестіруге болады.

Осыған сәйкес шын  мәнісіндегі қате мынадай түрлерге бөлінеді: а) қол сұғу объектісіндегі қателік; б) әрекет сипатындағы қателік; в) субъектінің іс-әрекеті мен оның нәтижесі арасындағы себептік байланыстың дамуындағы қателік.

Объектідегі қателік  болғанда субъект қателесіп өзі ниет қылған объектіден басқа объектіге қол сұғады. Объектідегі қателікті жәбірленушінің жеке басымен байланысты қателікпен шатастырмау керек, соңғы кінә мен қылмыстың саралануына ықпал етпейді. Мысалы, Н. А.-ны өлтірмекші болып, сол екен деп В.-ны өлтіреді. Адам өлтірудің құрамы үшін А.-ның өмірі де, В.-ның өмірі де заң тұрғысынан тең объектілер болып табылады.

Ойластырылған және шын мәнісінде жасалған іс- әрекетте объектілер заң тұрғысынан теңдей болмаса объектідегі қателіктің біршама ерекшелігі бар.

 Өз әрекетінде сол қылмыстың объективтік жағын құрайтын белгілер бар деп адамның теріс ұғымын тудыратын басқа қателікте ниет болмайды, оның әрекетінде қылмыстық құрам жоқ. Қылмыс құрамының объективтік жағының белгілеріне қатысты шын мәнісіндегі қателіктердің бір түріне қылмыс жасау құралдарындағы қателік те жатады, бұл ретте жазықты қателесіп өзі қалаған нәтиже бере алмайтын құралдарды қолданады. Мысалы, өлтіруді мақсат тұтып ақауы бар мылтықпен ату немесе қателесіп удың орнына у емес зат беру.

Бұл көрсетілген жағдайларда саралау өлтіруге оқталғандық ретіндегі ниеттің бағыттылығы бойынша жүргізіледі, себебі айыптыда күткен зардап болмайды.

Атқан кезде жәбірленуші тірі екен деп жазықтының мәйітті атуы субъектінің іс-әрекеті мен болған зардаптың арасындағы себептік байланыстың дамуындағы қателіктің мысалы бола алады. Жәбірленуші атқанға дейін қандай да бір себептермен өліп қалған. Қылмыстық құқық теориясында мұндай жағдайлар жарамсыз объектіге қастандық деп аталады. Жазықты себепті бұл жерде себептік байланыстың дамуындағы қателік орын алады. Жазықтының әрекетінде өлтіруге оқталғандықтың құрамы бар. Бірақ қастандық жасалған тұлға оның іс-әрекетіне дейін өліп қалған. Сол себепті қылмыс құрамы жоқ деп есептелінеді [7, 115б.].

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъектісі және оның сипаттамаларына тоқталып кетсек.

Әрбір қылмыс - адамдардың қоғамға қауіпті іс-қылығы. Сондықтан да қылмыстық заң қылмыстық іс-әрекеттің жасалуына байланысты өз талабын барлық жағдайда адамға қояды.

Жалдамалы кісі өлтіру секілді қоғамға қауіпті әрекетті (әрекетсіздікті) жасаған адам ғана қылмыс субъектісі деп танылады.

Қылмыстық құқық қылмыс субъектісі туралы мәселені зерттеуге қатты көңіл бөледі, себебі кез-келген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, басқа мән-жайлармен (тәсіл, зардап, кінә формасы) қатар, едәуір шамада қылмыскердің өзінің қауіптілігімен де анықталады.

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы