Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық құқықта әрекетті немесе әрекетсіздікті қоғамға келген қауіпті зардаптың себебі деп тану үшін іс-әрекет уақыт бойынша зардаптан бұрын жасалынып, оның болуына нақты мүмкіндік тудыруы және ол зардап басқадан емес, дәл осы іс-әрекеттен болуы тиіс. Себептік байланыс болу үшін іс-әрекет айыптыға қылмыстық зардаптың, дәл сол зардаптың болуына нақты мүмкіндік тудыруы керек. Мысалы, автомашина басып кетіп, жаяу келе жатқан адам қаза табады. Бұл жағдайда көлік жүргізушінің әрекеті мен жәбірленушінің қаза табуы арасында себептік байланыстың болған-болмағандығын айта салу оңай емес. Алдымен жүргізушінің жол жүру қауіпсіздігі ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзған-бұзбағандығын айқындау керек, ол үшін арнайы автотехникалық сараптама жүргізіледі.

Басқа бір мысал. Жарылғыш құрылғының көмегімен бір адамды өлтіруге талпыныс көп адамның өліміне алып келуі мүмкін, бұл жағдайда айыптының әрекеті ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «е» тармағының объективтік белгілеріне сай келеді [7, 85б.]. 

Батыстың қылмыстық-құқықтық әдебиетінде ғалымдар арасында себептік байланысқа қатысты ортақ пікір  жоқ. Екі негізгі теория: қажетті жағдайлар теориясы мен барабар себептілік теориясы кең таралған. Бірінші теорияның мәнісі сонда - келген зардаптың алдындағы барлық жағдайлар, өздерінің жақын-қашықтығына қарамай, бірдей деп саналады, яғни әрбір жағдай болған зардаптың себебі ретінде қарастырылады. Бұл теорияны жақтаушылар қажеттілік пен кездейсоқтық арасын бөлмейді.

Зардаптың басқа емес, дәл осы құбылыстан болғандығы анықталғанда ғана оқиға жағдай емес, себепке айналады. Сондықтан да отандық қылмыстық құқықта себептік байланыс екі түрге: қажетті және кездейсоқ болып бөлінеді. Зиянды зардап мазмұнында осындай зардаптың нақты болу мүмкіндігі бар және ол үшінші адамның араласуынсыз немесе қандай да бір сыртқы күштің көмегінсіз жасалған әрекеттің заңды салдары болып табылса, қажетті себептік байланыс болады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарына қажетті себептік байланыс тән болып келеді.

Зардап белгілі бір  іс-әрекеттің нәтижесінде емес, өзге себептерден және мән-жайлардан  туындаса, ол - кездейсоқ себептік байланысқа жатады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысында кездейсоқ себептік байланыстың болуы ғажап емес, кездессе аз кездеседі.

Бірнеше адамның әрекеті  мен одан келген зардап арасындағы себептік байланысты анықтау керектігі де кейбір жағдайларда туындайды. Бұл ретте қылмыстан келген зардап пен оған қатысқан әр адамның әрекеті арасындағы себептік байланыс анықталады. Жалдамалы кісі өлтіру адамдар тобы алдын-ала келісу нәтижесінде пайда болады. Олардың арасындағы себепті байланысты анықтаудың маңызы зор. Қылмыста орындаушы белгісіз, бірақ тапсырыс беруші басты күдікті. Оның банктік шоттарын анықтап, қанша ақша жұмсағанын, қандай себептермен жұмсағанын анықтау, кімге аударғанын табу арқылы орындаушыны анықтауға болады немесе керісінше. Осылай олардың арсындағы себепті байланысты анықтауға болады [7, 86б.]. 

Жалдамалы кісі өлітіру қылмысы белгілі бір жерде, нақты уақытта және нақты жағдайда жасалынады. Өз мақсатын іске асыру үшін қылмыскер кейде қару немесе қандай да бір құрал пайдаланады.

Қылмысты жасау тәсілі дегеніміз - қылмыскердің қылмыс жасаған кезде пайдаланатын амалдары мен әдістері. Заң шығарушы ҚК-нің кейбір баптарында қылмыстың ұқсас құрамдарын ажырату мақсатында қылмыстың жасалу тәсілін көрсетеді.

Мысалы, ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінде ауырлататын мән-жайда адам өлтіруде қолданылған тәсілге қарай «д» және «с» тармақтарга бөледі («д» - адам өлтірудің аса қатаң тәсілі, «е» - көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру) [3].  Жалдамалы кісі өлтіру қылмысы түрлі түрлі әдістермен жасалынады. Жасалу әдісінен оның қылмыс жасаудағы мақсатын анықтауға болады. Қылмыс жасау барысында қылмыс құрбанын өлтіріп, оның заттарына тиіспеуі мүмкін. Бұл жерде оның нақты мақсаты адамның өмірін қию екенін білеміз.

Адамды өлтірудің көптеген әдістері бар. Оларға: атыс қаруымен ату арқылы, садақпен ату арқылы, жарып жіберу арқылы, суға батырып, тірілей көміп тастап, дарға асып, буындырып механикалық осфикцияға ұшырату, улап өлтіру, ауру адамға дұрыс қарамай әрекетсіздің арқылы өлтіру, жүрегі ауру екенін біле тұра, оны қорқытып, жүрек талдырмасына ұшырату арқылы өлтіру, заттармен ұру арқылы өлтіру, суық қаруды пайдаланып өлтіру, қолмен, аяқпен, баспен соғып өлтіру т.б. Тәсілдердің дайындалуымен адам өлтіру жалдамалы кісі өлтіру қылмысына тән [9, 42б.].

Қылмысты жасау құралы мен қаруы дегеніміз - қылмысты жасауға қажетті қарулар мен құрылғылар. Қылмыстың кейбір құрамдарында, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін баса көрсету мақсатында заң шығарушы  қылмыстың объективтік жағының белгілеріне тиісті кұралдар мен қаруларды да жатқызады.

Мысалы, қару ретінде пайдаланылатын қаруды немесе затты қолдану қылмыстың саралаушы құрамы болып табылады (ҚК-нің 2-бабының «г» тармағы) [3]. 

Қылмыс жасаудың құралы мен қаруы арқылы қылмыстың объектісі мен затына ықпал жасалынады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қаруына статистикалық анализ жасауда мыналар анықталды. Бұл қылмыстарды жасауда 60%-қ көрсеткіште атыс қаруымен жасалған, оның ішінде 60% - тапаншамен жасалынған. Демек, жалдамалы кісі өлтіру қылмысы көп жағдайда  тапаншамен жасалынады. Ал, жарылғыш заттармен қылмыс жасау - 8%,  тесіп кесетін қарулармен жасалатын қылмыс – 20 %, қолмен буындыру, жіппен буындыру кезінде – 3 %, улау арқылы 2% -ды құрап отыр.

Әдетте, қылмысты жасап  болған соң қылмыстың ізін жасыру үшін 70% жағдайда қылмыс қаруын лақтырып кетеді, 6% суға лақтырып жібереді, 2% көміп тастайды, 5% өзінде ұстайды, 10% адам біле бермейтін жерге тығып қояды [10, 44б.].

Жалдамалы кісі өлтірушінің  объектісі мен объективтік жағымен  тікелей байланысты субъектісі мен  субъективтік жағы. Қылмыс құрамының барлық элементтері болған жағдайда ғана  болған жағдайды қылмыс деп айта аламыз.

 

 

1.2 Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы және субъектісі

 

 

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы мен субъектісін  анықтаудың маңызы зор. Осы екі элемент арқылы бұл қылмыс басқа қылмыстардан ерекшеленеді. Енді осы екі элементке жеке-жеке тоқталсақ. Алдымен субъективтік жағына, содан соң субъектісіне тоқталып өтеміз.

Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз - адамның өзі жасаған іс-әрекетке және оның зардаптарына психикалық қатысы. Осыған сәйкес жалдамалы кісі өлтіру қылмысының субъективтік жағы дегеніміз - жалдамалы кісі өлтірушінің жасаған әрекетіне және оның зардаптарына психикалық қатынасы.

Қылмыстың сыртқы жағын  көрсететін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ оның ішкі мәнін білдіреді. Және де қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері өзара тығыз байланыста болады, белгілі бір тұтастық құрайды. Сондықтан субъективтік жақты зерделеу қылмыстың тиісті құрамының объективтік жағына талдау жасалынып жүргізіледі. Жалдамалы кісі өлтіруде субъектінің әрекеті арқылы оның қандай мақсатқа жететіндігін білеміз.

Қылмыстың субъективтік жағын - қылмыс жасаудағы кінәні, сылтауды және мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы зор: қылмыстық әрекетті қылмыс еместен ажыратуға, қылмысты дәл саралауға, объективтік жағы  бойынша ұқсас құрамдарды бір бірінен ажыратуға, қылмыскердің қоғамға қауіптілік деңгейін анықтауға, жазаны жеке даралауға мүмкіндік береді [7, 90б.]. 

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі ҚР Жоғарғы соты Пленумының 30 сәуір 1999 жылғы «Соттардың қылмыстық жаза тағайындалғанда заңдылықты сақтауы туралы» қаулысында айтылған: «Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтағанда соттар ҚК-нің қылмыстардың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін 10-бабының талаптарын да, нақты қылмыстық әрекеттің жасалуына ықпал еткен барлық мән-жайлардың жиынтығын да ескеруге тиіс (қылмыстың кінәсі, сылтауы, тәсілі, мән-жайы және жасалу кезеңдері, келген зардаптың ауырлығы, әр адамның қылмысқа қатысуының дәрежесі мен сипаты және басқалар)» [4]. 

Қылмыстық құқықтың ең негізгі  принципі - кінә болғанда ғана жауапкершілік  белгілеу. Ол жайында ҚК- нің 19-бабында нақты айтылған. Бұл баптың 1-бөлігіне сәйкес «адам өзіне қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады» [3].

Кінә - адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға қауіпті зардабына қасақаналық немесе абайсыздық формасында көрініс тапқан психикалық қатысы.

ҚК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Жалдамалы кісі өлтірудегі кінә - объективтік шындық фактісі. Субъектінің кінәсі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақталған барлық дәлелдемелер негізінде жасайды [3].

Қылмыс жасаған адамның  саналы-ерікті психикалық күйі дегеніміз - өзі жасаған, қылмыстық заңда  көзделген әрекет пен оның зардаптарына адамның саналы және ерікті қатысы болуы. Сана (интеллектуалдық кезең) мен ерік (еріктік кезең) өз жиынтығында кінәнің мазмұнын береді. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысындағы интеллектуалдық кезеңде қылмыскер қылмыс жасауға дайындалады, жоспарлайды, ал, ерікті кезеңде сол қылмысты жасайды немесе жасамайды. Интеллектуалдық және еріктік кезендердің әртүрлі арақатынасы кінәні формаларға, ал форманы түрлерге бөлудің негізіне алынады [11,114б.].

Қылмыстық заңнамада  кінәнің екі негізгі формасы қасақаналық және абайсыздық қарастырылған (ҚК- нің 20 және 21-баптары). Қасақаналықтың мазмұны ҚК-нің 20-бабында ашылған: «Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады» [3].

Егер адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін ұғынса, оның зиянды салдарының болатынын білсе, және оның болуын қаласа онда ол тікелей ниет деп аталады. Егер адам өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігін ұғынса, одан зиянды салдар болатындығын алдын ала көре білсе, ол салдардың болуын қаламаса да, оған саналы түрде жол берсе не оған немқұрайлы қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған болып саналады. Жалдамалы кісі өлтіруде қылмыскер тікелей ниетпен қылмыс жасайды. Яғни ол адам өлтіру кезінде өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілік сипатын ұғынады және оның зиянды зардаптарын көре біледі және қылмыстың осындай зардаптарының болуын қалайды. Өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғыну ниеттің қажетті элементі болып табылады, ол болмаса қасақана кінә де жоқ.

Өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін ұғыну дегеніміз кінәлі адамның оның нақты жағын ғана емес, әлеуметтік маңызын да, яғни қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға сол әрекеттің немесе әрекетсіздіктің келтіретін не келтіруі мүмкін зардаптарын да ұғынуы.

Өмір тәжірибесі, білімі, жалпы мәдениеті, құқықтық сауаты және т.б. бар жалдамалы кісі өлтірушілерде жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғынатындай қабілет болуға тиіс [12, 43б.].

Қасақана кінә үшін жасалынатын іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну қажет, ал оның құқыққа қайшы екендігін білу міндет емес. Заң (ҚК-нің 20-бабы) кұқыққа қайшылықты ұғынуды қасақаналықтың қажетті белгісіне жатқызбайды [3].

Өз іс-әрекетінің қоғамға  қауіпті зардабын, интеллектуалдық кезеңді сипаттайтын белгі ретінде алдын ала көре білуі адамның өз әрекетінің заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіретінін көз алдына елестетуі болып табылады.

Жалдамалы кісі өлтірушілердің қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала көре білуі келген зардаптардың нақты белгілерін ғана көре білу емес, олардың әлеуметтік маңыздылығын, яғни олардың адам, қоғам және мемлекет үшін де зияндығын ұғыну.

Қоғамға қауіпті зардаптарды  көре білу сондай зардаптардың қалай  да болатындығын көре білуден ғана емес, олардың болуы мүмкін екендігін көре білуден де көрініс табады. Мысалы, егер жалдамалы кісі өлтіруші мылтықты тақап тұрып атса, екінші адамның қалай да өлетіндігін алдын ала болжайды, ол мылтықты едәуір қашықтықтан атса ол адамның өлуі мүмкін деп болжайды.

Жасалатын іс-әрекеттің  нақты жағын ұғыну және алдын ала көре білу сол қылмысқа ілескен барлық нақты мән-жайларды емес, тек заңдық маңызы барларын, яғни іс-әрекеттің қылмыстың осы құрамының белгісі ретінде заңда көрсетілген барлық мән-жайларын ұғынуды білдіреді. Жалдамалы кісі өлтірушілердің санасы мен алдын ала көре білуі қылмыстың осы құрамының барлық обьективтік белгілерін - объект сипатын, сондай-ақ қылмыстың осы құрамының объективтік жағын құрайтын барлық нақты мән-жайларды да қамтуға тиіс. Қылмыс субъектісінің айрықша қасиеттері заңда тікелей көрсетілген жағдайда жалдамалы кісі өлтірушінің санасы бұл мән-жайларды да қамтуға тиіс [13, 26б.].

Қылмыстардың материалдық  құрамдарында өз әрекетінін немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілік сипатын ұғыну ғана емес, оның қоғамға қауіпті салдарларын, сондай-ақ жасалған іс-әрекет пен оның зардаптары арасындағы себептік байланыстарды алдын ала болжау да қасақаналыққа жатады.

Заңда сол қылмыс құрамының  қажетті белгісі ретінде көзделген  қоғамға қауіпті салдарларды  ғана көре білу қасақаналыққа кіреді. Қасақаналық болу үшін жалдамалы кісі өлтірушінің жасалған қылмыс пен келген зардап арасындағы себептік байланыстың дамуын жалпылай көре білгендігі жеткілікті. Бұл жерде егжей-тегжейлік керек емес. Мысалы, қасақана адам өлтіруде атқан адам жәбірленуші жүрек жарақатынан өледі деп болжайды, бірақ ол басқа органның жарақатынан өледі.

Қоғамға қауіпті зардаптың болуын қалау немесе оның келуіне саналы түрде жол беру, не оған немкұрайлы қарау психикалық қызметтің еріктік жағын сипаттайды және қасақаналықтың еріктік кезеңін құрайды.

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы