Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

- күдік туғызатын қаржылай  операцияларға бақылауды күшейту;

- заңға қайшы алынған  мүліктерді, оның ішінде орындалған  жұмыстың сыйақысын тәркілеу;

- ірі мөлшерде алынған  материалдық игіліктерді тексеріп  декларациялап отыруға;

- жекешелендірілген қылмыстық және өзге де заңсыз активтерді сот тәртібімен жоюға;

- заңсыз алынған материалдық  игіліктерді заңдастырғаны үшін  жауаптылқты нақты іс жүзінде  ауырлату қажет.

Жалдамалы кісі өлтірудің  алдын-алуда ақпараттық аналитикалық қызмет және оған қоса криминологиялық болжаулар кісі өлтірудің заңдылықтарын, оның детерминациясын, себептілігін, виктимологиясын, тапсырыс беруші мен орындаушының тұлғасын анықтауға негізделеді. Криминологиялық болжаулардың негізінде тапсырыспен кісі өлтіру қылмысымен күресудің дұрыс стратегиясын ойлап табуға болады.

Криминологиялық маңызды  ақпараттарға:

- құқық қорғау органдарынан  немесе арнайы әскери жасақтарда жұмыс атқарып, құқық бұзушылық жасап жұмыстан шығарылған немесе жұмыстан өз еркімен шығып, одан кейін ақша жағынан, өзге де жағынан қиын жағдайға тап болған тұлғалардың тізімі. Тәжірибеде жалдамалы кісі өлтіруді тергеп, ашқан уақытта орындаушы ретінде көп жағдайда бұрынғы әскери қызметкерлер боған. Олардың барлығы да қарумен қалай жұмыс істеу керек екенін және де арнайы әскери жасақтарда өз қызметін атқару барысында немесе әскери қақтығыстарда арнайы психологиялық дайындықтардан өткен.

- психологиялары осындай  қылмыстарды жасау үшін деформацияланған  кейбір тұлғаларды айтсақ болады. Оларға маскүнемдер, нашақорлар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар жалдамалы кісі өлтірудің орындаушысы болуы әбден ықтимал. Оның ішінде ауыр қылмыс жасап, жазасын өтеп, қайтадан түзеу жолына түсе алмай жүрген тұлғаларды бөліп алып көрсетуге болады. Олар жалдамалы кісі өлтірудің орындаушылары ғана емес,  кейде ұйымдастырушысы да болуы мүмкін. Ал олардың бұл қылмыс құрамындағы үлесі 65,7% - ды құрап отыр.

- азаматтардың әлеуметтік  категориясындағы неғұрлым қылмыстанғандары, көп жағдайда объективті  және  субъективті жағдайларға байланысты жалдамалы кісі өлтіру қылмысының ұйымдастырушылары болып келеді. Зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек жалдамалы кісі өлтіру қылмысының ұйымдастырушыларының құрылымдық көрсеткіштері төмендегідей болып келеді:

-ірі кәсіпорын ұйымдарының  жетекшілері – 7,6 %;

-заңсыз экономикамен  байланысты қаржы индустриялық  топтардың иелері және қылмыстық  бизнестің иелері – 17,7%;

- ұйымдасқан қылмыстық  топтардың, ұйымдардың лауазымды 

тұлғалары – 31,1%;

- сыбайлас жемқорлыққа  малынған мемлекеттік лауазымды  тұлғалар мен саясаткерлер – 2,5%;

- орта және кісі  кәсіпкерліктің өкілдері – 13,3% және т.б.

- заңсыз риэлторлық  қызметпен айналысатын тұлғалар.олар  әдетте қозғалмайтын мүлікті  жекешелендіру немесе сату барысында оны заңды иегерлерінен тартып алу мақсатында осындай қылмысқа барады.

- экономикалық ең табысты  аймақтардағы жоспары жағынан  тиімді және қайта құрылуға  ыңғайлы шарушылық субъектілерінің,  сонымен қатар қаржылай кредиттік  мекемелердің банкрот болуы. Соның  нәтижесінде олар ұйымдасқан  қылмыстық топтардың қарамағына өтеді [10,98б.].

Ұйымдасқан қылмыстық  топтармен және сыбайлас жемқорлықпен байланысты шенеуніктермен күресудің  алаңында өнеркәсіп салаларындағы  қажеттілікті игеру мақсатында заңды  және нақты бақылауды  айтуға болады.

Экономиканың бұл саласындағы қылмыстанудың жоғарғы нәтижесін және мемлекеттің оларға деген бақылау жасауының нашарлығы жалдамалы кісі өлтірудің қарқынды өсуіне әкеліп соқты. Осы салада кісі өлтірудің     60,7% -қ үлесі табысты кәсіпорындарды иелену  мақсатында немесе сату және сатып алу кезінде жеңілдіктерге ие болу үшін, соның ішінде шет мемлекеттерге мұнай мен металл сату үшін, ал 26,4% - бизнес жасауда өзінің әріптестерін, бәсекелестерінің көзін жою үшін жасалады.

- Қылмысты ұйымдастырушы  болып, басқа аймақтарда немесе  шетелдерде тұратын, жауаптылықтан жасырынып жүрген қылмыстық топтың, ұйымдастықтың басшыларын айтуға болады.

- Жаңа қылмыстарды  іске асыру мақсатында басқа  өлкеге көшетін криминалды топтардың  құрамында жалдамалы кісі өлтіруші  болып табылатын қылмыскерлер.

- Зорлық-зомбылық арқылы ең үлкен дәрежеде криминалды әсерге душар болған халықтың кейбір топтары.

Көп жағдайда қылмыс құрбаны  болып табылатын тұлғаларға:

- ірі қаржылай-өнеркәсіптік  корпорациялардың иелері – 2,4%;

- коммерциялық құрылымдардың  жетекшілері – 14,8%;

- қараңғы экономика және криминалды бизнестің кәсіпкерлері- 15,2%;

- ұйымдасқан қылмыстық топтардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары, жетекшілері, мүшелері – 29,3%;

- өкімет және басқарудың жоғарғы, аймақтық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері – 4,5%;

- құқық қорғау органдарының  қызметкерлері – 1,3%;

- бұқаралық ақпарат  құралдарының қызметкерлері –  1,2 %;

- орта және кіші  бизнес өкілдері – 15,7%;

Бұлардың 90% жағдайларында  еркек жынысты тұлғалар болып табылады.

Қазір тек тапсырыспен  кісі өлтіру ғана емес, сонымен қатар барлық қылмыстылықпен заңға сүйену арқылы күрес жүргізілуде. Егер қолданыстағы заң елдегі жаңадан қалыптасқан қылмыстылықпен күресуді дұрыс қамтамасыз етпесе, ондағы қолданыстағы заңдарды маңызы мен бағыты бойынша өзгертеміз немесе жаңадан құқықтық актілерді жасау қажеттігі туындайды [13,47б.].

Тапсырыспен кісі өлтіруде жеке тұлғалардың барлығы да қатысады демекші, бұқаралық ақпарат құралдары  және де азаматтық қоғам  институттары, азаматтар ғана емес, сонымен қатар  шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар (мысалы, куә немесе куәгер ретінде) куә рөлінде болса, онда куәні қорғаудағы батыстың әлдеқашан қолданып жүрген бағдарламасын әзірлеуге көңіл бөлуіміз қажет. Қылмыстың ашылу төмендігі де осында жатыр.

Қылмысты ұйымдастырушылар мен орындаушыларды анықтау үшін бізде қажетті дәлелдеменің қайнар көзі болып  табылатын куәден айырылып қаламыз. Олар өздерінің жеке басының қауіпсіздігін сезініп қана қоймай өзінің  отбасысының, туған-туысқандарының, бауырларының, өзінің жақын адамдарының өмірі мен денсаулығына алаңдап, білетіндерін жасырады немесе жалған мәліметтер береді. Заң шығаруда куәнің құқықтарын қорғау туралы бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Олардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, басқа аймаққа көшуіне жағдай жасау секілді.

Куәнің көрсетуінің  жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын  ашу үшін маңызды екенін ескерсек, онда анонимді ұсынысының мүмкіндігі сонымен бірге талқылануы керек. «Сөздің куәлік етуі» дауыстың өзгертілуі арқылы аудиотаспаға жазылып бекітілуі  тиіс және т.б. Ал,  бұл үшін соған сәйкес әдіс-тәсілдерді ойлап тауып, оны норма етіп бекітуіміз қажет. Қылмыстық ортада ешкім де қылмысты мен істедім деп мойындамайды, ал басқа біреудің кінәсін дәлелдеу үшін куәлік еткен адамдарға құттықтау сөзін айтып, оларды марапаттамайды. Көптеген елдердің заңнамалық актілерінде айыпталушы мен тергеу органдары арасында мәміле жасалып, өзара келісуі бектілген. Бұл іс-жүргізу құралы табысты қолданылуда. Онда қылмыскердің жазасын жеңілдету немесе жазадан босату жайлы жазылған. Себебі, қылмыскер қылмыстың ашылуна көмектеседі және қасындағы қылмысқа қатысушыларын атайды, бұл әрине, оның айтуымен ашылмайтын қылмыстарға ғана қатысты болатын нәрсе. Әсіресе, бұл адамдардың аз ғана тобы білетін «жалдамалы» кісі өлтіру қылмысы үшін тиімді [22,91б.].

Құқық қорғау органдары осы бағдарламалар арқылы тапсырыспен кісі өлтіруді тергеу, ашу барысында алға үлкен қадам жасайды. Мұның басқа да қылмыстарды ашуға көмектесетіні анық.

«Қажетті қорғану» ережелеріне  де өзгерістер мен толықтыру қажет. «Қажетті қорғану» туралы заң қабылдау қажет. Ондай заң Қазақстанда әлі жоқ. Тек ҚР Жоғарғы сотының нормативтік актілерінде бұл туралы айтылған. Бірақ та осы заңды қабылдауда адамдардың өзін-өзі қорғау барысында атыс қаруын алып жүруіне кейбір тұлғаларға тыйым салу қажет.  Әсіресе, қағамға қауіпті саналатын тұлғалар үшін.

Атыс қаруы демекші, оны азаматтардың ұстап жүруінде  кем дегенде екі теріс жағы бар. Біріншіден, «жалдамалы» кісі өлтіруде атыс қаруын қолданып жасалатын көрсеткіш артады. Ал, бұл жалдамалы кісі өлтіру қылмысының көрсеткішінде елеулі түрде байқалатын болады. Қаруды сатып алу да онша қиындыққа соқтырмайды. Қаруды заңсыз иемдену де қазір көбеюде. Себебі, қару көп мөлшерде сатылса, оның ұрлану коэффициенті артады да, соған сәйкес кісі өлімі де көбейеді. Қарапайым арифметика.

Екіншіден, мемлекет адамдардың өмірін қорғауда өзінің шарасыздығын көрсететін болады. Бұл мемлекеттің былай айтуымен бірдей «біз сендерге қару ұстауға рұқсат бердік, енді өздеріңнің қауіпсіздіктерің өздеріңнің қолдарыңда».

Жалдамалы кісі өлітру қылмысымен күресу халықаралық және екі жақты ынтымақтастықта жүргізілуде. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасаушылардың жеке тұлғасын тексеру барысында аты жер жарған «тапсырыспен» кісі өлтіру оқиғаларынан  кейін,  орындаушылар шетелге кетіп қалып, біраз уақыт өтіп, бәрі тынышталған соң елге қайта оралады. Жалдамалы кісі өлтірушілер кейде сырттан да келуі мүмкін. Осыған сәйкес, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықта жалдамалы кісі өлтіру қылмысымен күресу тиімдірек болып келеді. Тапсырыспен кісі өлтіру қылмысымен күресте жаңадан енгізілген ғылыми және ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдаланып, қылмыскерлерді басып озу мақсатында тапсырыспен кісі өлтіру аясындағы жоғары мамандандырылған кадрлерді ғылыми зерттеу негізінде дайындауды іске асырумыз қажет.

Тапсырыспен кісі өлтірудің  себептілігі және детерминациясы қылмыс жайындағы белгілі бір кезеңнің ақпаратын береді, атап айтқанда , қандай өзара әрекеттестіктердің қандай мән-жайларда қылмыс ретінде қабылданатын және  криминогендік деп бағалауға  мүмкіндік береді.

Бұл ақпаратты одан кейін  экономистер, социологтар, және басқа  да мамандар өңдейді. Ол қайта құру бағдарламаларын, елдің экономикалық, әлеуметтік және басқа да дамуының мақсатты бағдарламаларын жасау процесінде қоғамдық қатынастарды жетілдіру үшін бағдар болады. Криминолог жалдамалы кісі өлтірудегі зерттеулерге сүйеніп, неден аулақ, неменеге жол бермеу керектігін ғана көрсетеді. Ол тапсырыспен кісі өлтірудің қоғамға қауіптілігіне баға береді, қоғамды бұл қылмыс түрінен сауықтыру үшін әр түрлі бағдарламалар жасауда консультант ретінде тартылып, мүдделі ұйымдардың тапсыруы бойынша әлеуметтік экономикалық және басқадай қайта құру бағдарламаларының жобаларына, заң жобаларына криминологиялық сараптама жүргізіп, бұл қылмыс түрінің азаюына ықпал жасайды.

Қылмысты алдын алу  мен құқық қорғау қызметі антиподтар, яғни бір-біріне қарама-қайшы ұғымдар  емес. Олар әрқашан да бірге қолданылуы керек. Бірақ, криминологиялық кәсіпқойлық  әр түрлі қылмыстық жағдайлардың (ұйымдасқан қылмыс, жалдамалы кісі өлтіру) байланысынан тұратындықтан, ұтымды болып келеді. Тапсырыспен кісі өлтіру қылмысымен күресте алдын алу шараларын қолдануда өз күшімізді біліп, сақтап қалғанымыз абзал [23,42б.].

 

 

3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын  алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі

 

 

Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын  алдын алуды жүзеге асырушы субъектілерінің ішінде ең негізгі субъект ол – ішкі істер органдары болып табылады.

Ішкі істер органдарының жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудағы қызметтері олардың ең маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Оған құқық қорғау органдарының ақпаратты жинау барысында анализ жасауда, конспирациялағанда және іздестіруді күшейткендегі қиындықтар болғанымен оның оң нәтижесі болады.

Демек, жалдамалы кісі өлтіруді алдын алуда қаралатын  біздің сұрақтарымыздың контекстінде осы мәселе үлкен маңызға ие. Тек ішкі істер органдарына ғана қаралатын аймақтың қиындықтары тапсырылады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қылмыстық әрекеттердің себебін, олардың жасалу механизмін ғана білу аздық етеді, сонымен қатар жалдамалы кісі өлтірудің  алдын алудың қандай жолдары бар екенін және оның алдын алудың мүмкіндігі де білу абзал [10,97б.].

Криминолог ғалымдардың 1996-2000 жылдар аралығында жүргізілген  сұрауында 200-дей құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің 86,5% -ы мұндай қылмыстардың алдын алу мүмкіндігін жоққа шығарды. Сол уақыттағы анықтау және тергеу органдарының, прокуратура органдарының, осы қылмысты тергеу аясындағы 50 қызметкерінен жауап алынғанда олардың 45,7% -ы мұндай қылмыстарды жақсы ұйымдасқан профилактикалық шаралардың дұрыс қолдануы арқылы алдын алуға болатындығын айтты.

Ішкі істер органдарының жалдамалы кісі өлтіру қылмысы туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін қызметтік  жүйесі бір-бірімен тікелей байланысты, бірақ сол уақытта бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл қылмыс үшін жедел-іздестіру кезінде тікелей детерминантын табатын , өзінде әлеуметтік криминологиялық , криминалистикалық сипатқа тән ақпарттарды қамтиды. Бұл мәліметтерді бірнеше түрлерге бөліп, құқық қорғау органдары үшін ең тиімдісін бөліп алуға болады.

Бұл мәліметтердің ішінде жалдамалы кісі өлітру қылмысының себептері  мен жағдайларын, виктимологиялық  аспектілерін анықтайтын бөліктерін бөліп  алып, бұл қылмыс түрін болашақта  алдын алу мақсатында қолдануға  болады. Осы мәліметтер ішкі істер органдары үшін тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының алдын алудың негізін қалаушы болып табылады және соның базасы арқылы басқа да мәліметтер қосылып жатыр. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысындағы ішкі істер органдарының қызметкерлері пайдаланатын оқиға орны мен оның жасалуы жайындағы криминалистикалық сипаттамалары туралы ақпараттарды қылмыскерлер жиі пайдаланады [21,68б.].

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы