Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

АДИЛХАН ДИПЛОМ проверенный.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ....................................................................................................5

 

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ.........................................................................................  8

1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы..........  8

1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16

1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан  айырмашылығы ............................................................... 27

 

2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31

2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің  жеке тұлғасы ......................................... 31

2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36

 

3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42

3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42

3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын  алудың негізгі бағыттары .............. 47

3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын  алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53

 

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................  ......... 61

 

ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Адам құқықтары туралы жалпы декларацияда, саяси және азаматтық құқық туралы халықаралық Пактіде, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы декларацияда және ең негізгі еліміздегі заң – Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның өмірін жоғары етіп алады.

Қазақстан Республикасының  Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді.  Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.

Кісі өлтіру ежелден  бері ауыр қылмыс болып есептеліп келеді. Барлық адамзат өмір сүрген заманда бұл қылмыс болып саналды. Алғашқы кісі өлтіру қашан болғанын ешкім білмейді. Бірақ та діни ағымдарда бұл туралы жазылған. Онда алғашқы кісі өлтіруші Қабыл деп жазады. Қабыл Адам атаның алғашқы баласы, жерде туылған тұңғыш адам. Ол қызғаныштан өзінің інісі Абылды өлтіреді. Содан бері адамның адамды өлтіруі әлі жалғасып келуде. Ал ең алғаш жалдамалы кісі өлтіру туралы ешкім білмейді. Тарихта ондай қылмыс алғашқы жалдамалы кісі өлтіру деп тіркелмеген.

Адам өміріне қол  сұғудағы ең қауіптісі, тергелу жағынан  ең қиыны жалдамалы кісі өлтіру болып  табылады. Бұл қылмыс түрі адамдар арасындағы түсініспеушілікті, жауластықты жоюдың ең тиімді тәсілі болып табылады. Өкінішке орай, ақшаң болса, шешілмейтін мәселе болып тұрса, тек кісі өлтіру арқылы шешуге тура келетін болса жалдамалы кісі өлтірушіні жалдау тығырықтан шығудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Жалдамалы кісі өлтірушілер кісі өлтіруді өз қызметі ретінде ғана көреді. Адам өмірі олар үшін түкке тұрмайды. Олар тек материалды жағынан қамтамасыз етілуін ғана ойлайды. Кейбір жалдамалы кісі өлтірушілер өз ісінен ләззат алатын жағдайлар да кездеседі. Жалданып кісі өлтіру қылмыстары қоғамға елеулі түрде қауіп төндіреді [2, 71б.].

Мемлекет адам өмірін ең жоғарғы қазынасы етіп алады. Ал бұл қылмыс түрі адам өміріне тікелей  қасақаналықпен бағытталған іс әрекеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ерекше бөлімі 96-бабы, 2 бөлігі «з» тармақшасында көзделгендей пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен ұштасқан іс-әрекет деп бұл қылмысқа баға береді. Оның жазасына келсек «мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы не онсыз өлім жазасына не мүлкін тәркілеу арқылы не онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп аса ауыр қылмыстар қатарына жатқызады, және өте қатаң жаза қолданады [3].

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанындағы «Азаматтардың  өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін  заңдарды соттардың қолданылуы туралы» қаулыда пайда табу үшін жасалған кісі өлтіруге «өзі немесе басқа адамдар үшін қандай да бір материалдық пайда (ақша, зат, мүліктік құқық, пәтер үйге құқық т.б) табу мақсатында, не материалдық шығындардан құтылу (мүліктік борышты, қызметі үшін төлемді қайтару, мүліктік міндеттемелерді орындау, алимент төлеу т.б) мақсатында адамды қасақана өлтіру» жатқызылған. Яғни тапсырыс беруші мен орындаушының арасында жасалынған келісім шарт нәтижесінде пайда болатын қылмыс болып табылады [4].

Қазақстандағы қазіргі қылмыстылық жағдайы өзінің масштабы жағынан да, қоғамдық өмірге кері ықпал ету жағынан да, өршіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне, қызметіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіруде. Ал кісі өлтіру қылмыстары қоғамның назарында болады және азаматтар оның тергелуіне сәйкес құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігіне баға береді.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының себептері мен жағдайларын зерттеудегі  мәселелер тек осы салаға ғана қатысты емес, бүкіл криминологияға қатысты деп қиналмастан айтуға болады. Осы мәселені шешуде криминологиялық теорияның мазмұны мен тәжірибиелік бағыттылығын анықтауға болады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысы көптеген жағдайлардың жиынтығынан, факторлардан, себептерден тұратын күрделі құбылыс [5,210б.].

Соңғы жылдары көптеген ғалымдар (мысалы, В.Н.Антонов , А.Козусев , А.В.Кучинский , В.А.Номоконов , Н.А.Селиванов , М.И.Слинько, А.И.Сотов және т.б) жалдамалы кісі өлтіру қылмысына құқық қолдануда біршама қиындық туғызатын мәселелерге жолығып, бірнеше қарама-қарсы пікірлер қалыптасты. Бұл мәселелер қатарына қылмысқа қатысушылардың қылмысын саралауда, қылмыстың басталу уақыты мен аяқталу уақыты, заңда кәсіпқой орындаушыларға арнайы бөліп алып көрсету туралы және т.б мәселелер кіреді. Бұл мәселелер әлі күнге дейін өз шешімін табар емес.

Профессор Ю.М.Антонянның пайымдауынша жалдамалы кісі өлтірушілердің психологиялық ерекшеліктерін жыныстық сипаттағы күш қолданушы маньяктармен және саяси террористермен ұқсатады. Оларда эмпатияның (жанашырлық таныту) жоқтығы, күш қолдану, қиратушы факторлардың басымдығы, айналасындағы адамдардан басым түсуге, оларды өзіне бағындыруға ұмтылу  секілді қасиеттер тән. Олардың қоғамға қауіптілігі ең жоғарғы критерийлермен бағаланады.

Бүгінгі күндері жалдамалы  кісі өлтіру түсінігінің детерминациясы маңызды орынға ие болып, сыртқы қылмыстылықтың әлеуметтік құбылыстары мен жағдайларына, оның өзіндік детерминациясына ықпал етуде. Іс жүзінде біз бұл қылмыс түрінің ішкі және сыртқы құбылыстарының қарым-қатынасын өзгеруін бақылап отырмыз. Бұл жерде жүйелік ықпал етудің маңызы зор. Жалпы әлеуметтік құбылыстардағыдай (жалпы, арнайы алдын-алу)  сияқты, кәдімгі қылмыстылықтың, жекелеп алсақ жалдамалы кісі өлтіруді жан-жақтан, қоғамдық, мемлекеттік өмір арқылы толық қалпына келтіріп, декриминализациялануы маңызды орынға ие болып отыр.

Дипломдық  зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысынының құрбандары атақты кәсіпкерлер, саясаткерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының тележүргізушілері және т.б тұлғалар болып табылады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының кең таралуына қарамастан, Қазақстан Республикасында бұл қылмысқа криминологиялық зерттеулер аз жүргізілген. Сондықтан бұл қылмыс түрімен күресуде шешілмеген мәселелер көп. Бұл қылмысты алдын алу үшін тиімді шараларды қажет етеді. Ал бұл үшін осы қылмысты зерттеп, оның криминологиялық ерекшеліктерін, жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын жасаушы тұлғалардың ерекшеліктерін, оларды қылмысқа итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтап табу дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмалар қойылды:

а) криминология тұрғысынан жалдамалы кісі өлтіру қылмысының ерекше белгілерін талдап, оны зерттеу;

ә) жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасаушылардың жеке тұлғасын қарап, оларға баға беру;

б)  бұл қылмыстылықтың себептілігі мен жағдайларын анықтау;

в) жалдамалы кісі өлтіру қылмысының алдын алу шараларын  қамтамасыз ету.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеудің ғылыми теориялық негізін қылмыстық құқық, криминология саласындағы бірқатар шетелдік (Долгова А.Н., Кутькин А.Д., Бородуллин А.И., Мацкеевич И., Локк Р., Тайбаков А.А., Кролачева Н.М., Чуфаровский Ю.В., Попов В.И.,  Сотов А.И., Слинько М.И.) және отандық (Алауханов Е.О., Ағыбаев А.Н.) авторлардың еңбектері құрады.

Зерттеудің әдістері. Зерттеудің негізгі ғылыми теориялар мен тәжірибиенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері, социологиялық-психологиялық, формальдық-детальдық, статистикалық әдістер пайдаланылып, болжау жасау әдістері қолданылды.

 Зерттелудің объектісі жалдамалы кісі өлтіру қылмысы, жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы және жалдамалы кісі өлтіру қылмысының себептері мен жағдайлары болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден,  үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  және қосымшалардан  тұрады.

 

 

 

1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ

СИПАТТАМАСЫ

 

1.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының объектісі және объективтік жағы

 

 

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігі «з» тармақшасында көзделген  пайда табу мақсытымен, не сол сияқты жалданып, не қарақшылықпен, не қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан іс-әрекетті көрсетеді. Бұл тізбектердің ішінде жалдамалы кісі өлтіру қылмысын кіргізуге болады. Оның объектісі қылмыстық заңмен қорғалатын, адамзаттың ең қымбат қазынасы адамның өмірі  болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында үлкен әріптермен бекітіліп жазылған.

Өмірге қарсы қылмыстың  соның ішінде адам өлтірудің де тікелей  объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез-келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннаң кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Қазіргі заманның медицинасының дамуына байланысты мұндай өлімдер көптеп кезедеседі. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Бірақ та медицинада адам өлімін триаданың тоқтауымен байланыстырады, яғни ми қыртысының, жүректің және өкпенің тоқтауын биологиялық өлім деп атайды. Адам өмірінің соңғы сәті - биологиялық өлім [6, 11б.].

Қылмыстық кодекстің 96-бабына түсініктеме берген кезде оның объектісі  ретінде – адамның өмірі, ол адамның  азаматтығына, ұлтына, дініне, нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына біліміне және т.б байланысты емес. Қылмыстық жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу қасақана адам өлтіргендік үшін жауапкершіліктен босатпайды [6,12б.].

Өмірге қарсы қасақана қаза келтіру  объектісінің бар жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының объектісі  тек тірі адам болып табылады. Жалдамалы кісі өлтіруші объектіні өлтіремін деп барып, өліп жатқан адамды сыртынан атып кетуі мүмкін. Сот медициналық сараптамасы оны  атыс қаруынан келген зардаптардан  емес, жүрек талмасынан өлді деген қорытынды береді. Демек, ол кезде өлген адам өмірі бұл қылмыс үшін объект болып танылмайды.

Қылмыстық кұкық теориясында қылмыс объектісіне қоғамдық қатынастар жатқызылған. Кез келген қоғамда көптеген қоғамдық қатынастар бар, олар адамдар арасында, адам мен мемлекет арасында, адам мен ұйымдар арасында және т.б. қалыптасады.

Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қоғамға қауіпті іс-әрекет деп танылатындығы сондықтан, себебі оның жасалуы мемлекеттің, қоғамның мүдделеріне, жеке адамдардың мүдделеріне қайшы келеді, аса қажетті мұқтаждықтарды қанағаттандыруға кедергі болады. Ал, жалдамалы кісі өлтіру қылмысы адам өмірін қиюға тікелей бағытталғандықтан, объектінің маңызы артқан сайын қоғамға қауіптілік деңгейі артады деген қағидаға сүйеніп, оны аса қауіпті деп тануға болады.

Қоғамдық қатынастар құқықтың барлық жүйесімен, оның ішінде қылмыстық құқықпен, сондай-ақ мораль нормаларымен реттеледі және қорғалады. Қылмыстық заң зияннан қоғамдық қатынастардың барлығын бірдей қорғамайды, тек «заң шығарушының пікірінше аса құнды деп саналатындарын» қорғайды, оның шеңбері әрқашан өзгеріп отырады. Ал, адам өмірін мемлекет әрқашан да қорғайды [7, 60б.].

Кез-келген адамның өмір сүруге құқығы бар. Ол оған тумысынан беріледі және одан заңда көзделген реттерді қоспағанда ешкім айыра алмайды. Адамды өлтірген кезде оны өмірінен айырады және адамның өмір сүру құқығын реттейтін қоғамдық қатынастарға  зиян келтіреді.

 «Ең маңызды да құнды қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісіне жатады» деген тұжырым жасауға болады. «Бұзылуы мемлекет пен қоғамға елеулі зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін қатынастар ең маңызды деп, ал әлеуметтік пайдалы қоғамдық қатынастар ең құнды деп саналады, ал адамның өмірі - ең құнды».

Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы