Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 13:18, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1]. Бұл мемлекетіміздің адамның өмірін өз мүддесінен жоғары қоятындығын көрсетеді. Адам өміріне қарсы бағытталған кез келген қол сұғушылық заңмен қатаң жазаланады. Адамды өмірінен айырған кезде орны толмас зардаптар келеді. Адамды өлтіріп, өмірге қайта әкелу ешқандай адамның қолынан келмейді.
КІРІСПЕ ....................................................................................................5
1 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ......................................................................................... 8
1.1 Жалдамалы кісі өлтірудің объектісі және объективтік жағы.......... 8
1.2 Жалдамалы кісі өлтірудің субъективтік жағы және субъектісі........ 16
1.3 Жалдамалы кісі өлтірудің өзге де өмірге қарсы қол сұғушылықтардан айырмашылығы ............................................................... 27
2 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУШІНІҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ........................................................................................ 31
2.1 Жалдамалы кісі өлтірушінің жеке тұлғасы ......................................... 31
2.2 Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлері ............................................. 36
3 ЖАЛДАМАЛЫ КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСТАРЫН АЛДЫН АЛУ....................................................................................................................42
3.1 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарының себептері мен жағдайлары................................................................................................... 42
3.2 Жалдамалы кісі өлтіруді алдын алудың негізгі бағыттары .............. 47
3.3 Жалдамалы кісі өлтіру қылмыстарын алдын алуды жүзеге асырушы субъектілердің қызметі ................................................................................. 53
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................ ......... 61
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................... 63
Көп жағдайда қылмыскерлер азанда немесе кешке қылмыс құрбанына шабуыл жасайды. Әрине бұл уақыттарда қылмыс құрбаны жұмысқа бара жатады немесе қайтып бара жатады. Қылмыскерлер қылмыс құрбанының өмірін, оның жүру бағытын алдын ала анықтап, сосын барып жоспар құрып, торуыл жасайды. Мұндай әрекеттер әрқашан назардан тыс қалмайды, барлығы мұны байқауы мүмкін, бірақ та ішкі істер органдарына бұл туралы хабар түспейді. Осыған сәйкес, учаскелік полиция инспекторларына халықпен жұмыс жасауда оларға жеке бас қауіпсіздіктерін қорғау үшін не істеу керектігін түсіндіріп, өздерінің байланыс телефондарын беріп, қауіпті жағдай туған кезде хабарласуды ескертіп айтып қоюы қажет.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысында
жедел-іздестіру қызметінің конфеденциалды
көзден алынған ақпарттарын
- жалдамалы кісі өлтіру
қылмысының қатысушылары
- әкімшілік аумақтар және экономика салаларындағы өз ықпалын күшейтуі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар, қауымдастықтардың жоспарлары туралы мәліметтер. Оның ішінде ерекше ілтипатқа ие болғандарына өздерінің бәсекелестерінің көзін жою үшін күресетін қылмыстық топтар туралы мәліметтерді жатқызуға болады. Олар өздерінің үндемейтін қарызшыларын, қылмыстық қызметтеріне кедергі келтіретін мемекеттік қызметшілердің де көзін жоюға ұмтылады [21,70б.].
Дайындалған және ұйымдастырылып жатқан тапсырыспен кісі өлтіру қылмысын анықтау үшін ішкі істер органдары қисынды мәліметтерді, іске асатын басқа да шаралардың ұтымды жүйесін, дайындалып жатқан қылмыстың нақты жағдайларын есепке алып, белсенді түрде құжаттық әрекеттер арқылы сезіктіні анықтауға бағытталуы керек. Бұл төмендегідей әрекеттермен анықталады:
- тапсырыс берушінің
орындаушысы немесе арадағы
- тапсырыс беруші мен қылмыс құрбаны болатын тұлғаның арасындағы қарым-қатынаста байқалады. Болашақта қылмыс құрбаны болып табылатын тұлға өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарына ескерту қажет немесе күзетшілер жалдауы қажет;
- қаруды алу көзі мен орнын анықтау;
- тапсырысты орындаудың
нәтижелері бойынша нақты әдіс-
- дайындалып жатқан
қылмысты білетін, тапсырыс
Қылмыскер қылмыс жасауға дайындалған кезде алдын ала құжаттармен қамтамасыз етіліп, қылмыс жасалған соң оқиға болған аймақтан бой тасалап кетуі қылмысты ашуға кедергі болып табылады. Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қатысушыларының әрқайсысының рөлі туралы қызметі мен мәліметтердің құжатталуы келесідей шаралар арқылы болады:
- жедел-техникалық бөлімшелерінің күштерімен жасырын акустикалық бақылау жасап, кісі өлтіру қылмысын ұйымдастырып жатқан тұлғалардың әрекетін дыбыстық аудиотаспаларға жазып алу;
- қылмыстық топтардың мекемелеріне дыбыс қабылдағыш аппараттарды орнатып немесе телефон арқылы сөйлескен әңгімелерін жасырын тыңдау;
- тапсырыспен кісі
өлтіру ұйымдарына штаттық
- техникалық бейне, аудио құралдарды көрінбейтін жерге жасырып қою;
- жедел-іздестірудің
арнайы бөлімдерінің
- почта-телеграфтық қызметтерге арнайы бақылау жасау (хаттар, бандеральдар, жеделхаттар т.б) және ұйымдастыру;
- қылмыстық топтың
мүшелерімен техникалық
- жалдамалы кісі өлтіруге дайындалып жатқан қылмыскерлердің транспорттық көліктерін, тұрып жатқан үйлерін жасырын тексеру [21,74б.].
Өте маңызды факторларды айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер түрлерінің толық тізімі осымен шектелмейді. Дегенмен, жалдамалы кісі өлтірудің детерминанттайтын ақпараттардың негізгі бағыттарын болжай отырып, кәсіпқой қылмыстылық және оның өкілдерін бақылаудағы ішкі істер органдарының қызметі осы қылмыс түрімен күресте жоспарлы түрде өз қызметін ұйымдастырып, профилактикалық шараларды жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде жалдамалы кісі өлтірушілер туралы ақпараттарды қамтитын деректер қорын ашу қажет. Олар жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырған кезде өз септігін тигізеді.
Құқық қорғау органдары көп жағдайда жедел-іздестірумен және қылмыстық іс жүргізумен ғана айналысуына байланысты бұл қылмыстың алдын алу сәтсіздікке ұшырауда. А.Н.Долгованың ойынша қылмыстық іс жүргізу қызметі жедел-іздестіру қызметі, барлау қызметі және қарсы барлау қызметтері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірігіп жұмыс істеген жағдайда ғана қылмыстың бұл түрімен күресу өз жемісін береді. Бұлар өз қызметтері мен құрылымдары бойынша көп жағдайда ұқсас, заңдық иммунитеті жағынан әр түрлі. Сол себепті, қылмыстық іс-жүргізу заңдарына жедел-іздестіру қызметі, барлау және қарсы барлау қызметтерінің сипаттарын реттестіру туралы бірқатар сұрақтар туындауда. Сонымен қатар, заңға негізделген дербес детективтік және күзет қызметінің нәтижелерін қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану туралы сұрақтар мұқият талқылануы қажет болып отыр [22,101б.].
Құқық қорғау тәжірибиесінде жалдамалы кісі өлтіруді алдын-алудың негізгі бағыттарын белгілеуге болады. Біз осы мәселені қарастыру барысында құқық қорғау органдарының ойдағыдай қолданылатын әдіс-тәсілдерінің ең тиімдісін қарастырамыз. Оның ішінде жалдамалы кісі өлтірудің жекелеген алдын алу шараларын аламыз. Олар қылмысқа қатысушыларының барлығына профилактикалық шаралар өткізіп, олардың әлсіреуіне, жойылуына, бейтараптануына әкеліп соқтырып, олардың пайда болуын азайтады. Олардың ішінде ең маңыздысы болып:
1. Ішкі істер органдарының
әкімшілік қызметімен
Жалпы алдын алудың бір бағыты болып қаруды заңсыз сақтайтын, сататын, дайындайтын, ұрлайтын тұлғаларды анықтау. Жалдамалы кісі өлтіру көп жағдайда заңсыз алынған немесе ұрланған қарумен жасалады. зерттеу барысында жалдамалы кісі өлтіру қылмысын жасауда қолданылған қарулардың шетелде шығарылғандарының үлесі 57,8% - құраған. Қазақстанда қазіргі таңда тіркелмеген қаруларды өткізгені үшін сыйақы мөлшері қарастырылған. Мысалы мылтықты заңсыз сатудағы бағасы 40 мың теңгені көрсетсе, оны құқық қорғау органдарына өткізгендегі баға 80 мың теңгені құрайды. Саудадан сәл ғана хабары бар тұлға өз пайдасын ойлап қаруын құқық қорғау органдарына өткізетіні анық. Халықтың тіркелмеген қаруды өткізу іс-шараларының нәтижесі елеулі түрде байқалады. Осы шаралардың нәтижесінде атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың санының қарқындап өсуі сәл де болса тиылды. Сонымен қатар, заңсыз қаруларды тәркілеу шаралары да жақсы жүргізілуде. Бұл автокөліктерді, жолаушылар пойыздарын, транспорттық көліктерді тексеру барысында өз нәтижесін беруде. Оның ішінде дайындалып жатқан қылмысты немесе жалданып кісі өлтірген тұлғаларды ұстауда көп септігін тигізеді.
2. Жедел-іздесітірудің
алдын алу шаралары криминалды
полицияның жедел
Құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру қызметіндегі алдын алу әрекеттері қажетті деңгейде жалдамалы кісі өлтірумен күресуге шамасы жетпейді, себебі, аса ауырға куә болған тұлғаларды қорғау жүйесі жоқ. Және бұл мәселе қылмысты алдын алу мақсаттарында жылдамдықпен шешілуге жатады.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта жұмыс жасауындағы жалдамалы кісі өлтіруді алдын алу шараларымен байланысты: қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жазадан, соттан немесе тергеу органдарынан жасырынып жүргендерді іздестіру, жауапқа тарту барысында Интерполмен, басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас жасаудағы ең тиімді әдіс болып ақпарат алмасу, жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қатысушыларын бірігіп ұстау, шетелдегі қылмыскерлерді ұстап, жазаға тартып немесе оларды экстрадициялау, сонымен қатар, трансұлттық топтардың жетекшілеріне, қатысушыларына бақылау жасау, олардың заңсыз қару айналымын, жарылғыш заттарды таратуын, жалдамалы кісі өлтіру қылмысының дайындалуын, жасалуын анықтау тиімді болып табылады. Бүгінгі таңда халықаралық ынтымақтастықта қылмыскерді ұстау, оларды экстрадициялау жөнінде бірқатар келісімдердің жоқтығынан қылмыстық қауымдастықтар туралы, қылмыскерлер туралы бірқатар мәліметтер жетіспейді. Мысалы, Қазақстанның территориясында қылмыстық ұйымда мүше болып табылатын тұлға шетелде қылмыс жасап ұсталды. Оған дейін ол Қазақстанда бірнеше қылмыс жасап құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрді. Ал, Қазақстанның ол мемлекетпен келісімі болмағандықтан ол сол елдің заңы бойынша жазасын өтейді. Біздің елге экстрадицияланбайды. Егер ол тұлғаны біздің елге экстрадициялаған жағдайда ол арқылы біраз қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық әрекеттері туралы хабардар болар едік. Қылмыстың ашылу деңгейіне де өз септігін тигізер еді [23,50б.].
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысының қоғамға қауіпті әсер етуінің масштабы үлкейген сайын криминалды полиция құрамынан осы қылмыс түрімен жіті айналысатын, мамандандырылған арнайы жасақ құрып, олардың криминологиялық және жедел-іздестіру ақпараттарын жинап, оған анализ жасауын қамтамасыз ету маңызды екенін түсінеміз. Бұдан бөлек олардың міндетіне жалдамалы кісі өлтіру қылмысын дайындап жатқан немесе жасап болған тұлғаларды іздеп табу, әшкерелеу шараларын мақсат етіп қою қажет.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын терең зерттеуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарының ғалымдары мен мамандары жүргізуде. Бұл бізге қылмыстың бұл түрін алдын алуда арнайы профилактикалық шараларды қалыптастырып, ішкі істер органдарында оның ғылыми іргеатасын қалауда өз көмегін тигізеді. Осылардың ішінде жалдамалы кісі өлтіру қылмысын алдын алуда ең аз көлемде ісер ететін профилактикалық шаралардың бірі, ол бас бостандығынан айыру органдарындағы кәсіпқой қылмыскерлерге жүргізуі болып табылады. А.А.Тайбаковтың пікірі бойынша бірқатар түзеу мекемелерінде әлеуметтік психология аясындағы оң тәжірибие жинаған түзетулер көптеген кәсіби қылмыскерлерге, соның ішінде жалдамалы кісі өлтірушілерге де әсер етті [23,53б.].
Бұқаралық ақпарат құралдарының түзеу мекемелеріне берген қарама-қайшы бағасына қарамастан бұл мекемелердің сотталғандардың құқықтарын, олардың жалпы адамзаттық, моральдық нормаларын сақтауда, әсіресе өзінің саласында «ұста» болғандардың рецидивтілігін азайтуға бағытталған түзетулердің әсері мол болып табылады.
Ішкі істер органдарында жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын (олар потенциалды кәсіби кісі өлтірушілердің резерві, көп жағдайда алғашқы қылмыстарын кісі өлтіруден бастаған, бұған жалданып кісі өлтіру міндетті емес) алдын алуға бағытталған арнайы мамандандырылған бөлімдер бар, ол - кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекциясы. Бұл бөлім кәмелетке толмағандардың әлеуметтік- психологиялық деформациялануын ертеден-ақ жоюға көмектеседі.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын алдын алудағы тағы бір субъект ол ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті. Ол статистикалық мәліметтерді тіркеу арқылы қылмыстарды алдын алады. Бізде осы қылмысты басқа кісі өлтіру қылмыстарымен қатар тіркейді және оны зерттеуде біршама қиындықтар туындайды.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын алдын алуда алынған ақпарттың объективтілігі мен сапасында, оның алынуының дұрыс бағытталуында, ішкі істер органдарының өзара байланысып жұмыс істеуіне және де басқа басқа құқық қоғау органдарының құрылымдық бірлігіне байланысты. Қорыта келе, жалдамалы кісі өлтіру қылмысын алдын алудағы негізгі бағыттарға анализ жасаудағы айта кететін бір жайт, профилактикалық жетілдіру қызметінің маңызды резервтері жоғарғы мамандарылған кадрлерді дайындаудағы олардың «тапсырыспен» кісі өлтірудің алдын алудағы қызметі аймақаралық және халықаралық ақпараттық банктерді, ғылыми зерттеулерінде көрінетінін айта кету қажет. Жалдамалы кісі өлтіру бұл көп факторлы, күрделі, көпжақты кешенді жол талап ететін, жоғары мамандандырылған және арнайы дайындалған субъектілерді қамтитын, өз алдына қисынды тапсырмалар қоятын және бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси көріністермен ерекшеленетін, ұйымдасқан, кәсіби сипатқа ие, адамзатқа қарсы бағытталған қылмыстың бір түрі болғандықтан оны алдын алу қиынға соғатыны анық [22,105б.].
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалдамалы кісі өлтіруші – қоғамға жоғарғы деңгейде қауіп төндіретін, қоғамға орны толмастай зардап тигізетін, пайда табу үшін тапсырыс берушінің нұсқауымен сыйақыға адам өлтіретін қылмыскер.
Жалдамалы кісі өлтірушілердің жеке тұлғасын, оның қылмыстық әлеммен байланысын қылмыстық құқықтық және криминологиялық ғылым тұрғысынан зерттеу барысында төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы 2-бөлігі «з» тармақшасында көзделген қылмыстарды жасаушы тұлғалар, дәлірек айтсақ жалдамалы кісі өлтірушілермен жасалатын қылмыстардың өзге де өмірге қол сұғушылықтардан айырмашылығы туралы бірқатар мәліметтерге қол жеткізілді.
Жалдамалы кісі өлтірушілермен жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіптілік деңгейінің жоғарылығын, яғни адам өміріне тікелей қол сұғуға бағытталған әрекеттің қоғамға қауіптілігін және оның қандай әрекеттермен немесе әрекетсіздіктермен жасалатынын, олардың белгілі бір аядағы адамдарды ғана, белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір орындарда, белгілі бір әдіс-тәсілдерді пайдаланып жасалынатындығы анықталды.
Бұл қылмыс түрін жасаушылардың мақсаттары көп жағдайда пайда табуды көздейді, кінәнің тікелей қасақана түрінде ғана болады. Осындай пиғылда қылмыс жасаған тұлғалар 14 жасқа толып, есі дұрыс болса ғана Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауап береді.
Жалдамалы кісі
өлтіру қылмысын жасаушылар
Жалдамалы кісі өлтірушілердің түрлеріне жалдамалы кісі өлтіру қылмысын бір-ақ рет жасайтын тұлғалар, делитанттар және кәсіпқой жалдамалы кісі өлтірушілер болып табылады. Кәсіпқой жалдамалы кісі өлтірушілер қылмыс жасау әдіс-тәсілдеріне сәйкес, қызмет ету аясына сәйкес, жұмыс жасау деңгейіне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.
Жалдамалы кісі өлтіру қылмысын алдын алуда бірқатар мәселелер тұр. Алдымен оның себептері мен жағдайларын анықтап алып, оларды алдын алудың негізгі бағыттарын ойлап тауып, құқық қорғау органдарына ойлап табылған профилактикалық шаралар арқылы жалдамалы кісі өлтіру қылмысымен күресуге жәрдем жасау.
Информация о работе Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы