Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

Бұзақылық екі және одан да көп орындаушылардың қатысуымен алдын ала сөз байласпай жасалған жағдайларда “топ болып жасау” айқындаушы белгілері бойынша саралануы мүмкін.

Кінәлі адамдардың әрекеттерін  “топ болып алдын ала сөз байласып”  бұзақылық жасау белгісі бойынша  саралаған кезде екі және одан да көп адамның бұзақылық жасауға  бағытталған кез келген түрдегі  уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса, орындаушылардың бірі қылмыс құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет.

Бұзақылық оны жасау  үшін екі немесе одан да көп адамның  жалпы күші біріктірілген және бірге қатысушылардың әрқайсының әрекеті басқа бірге қатысушылардың әрекет жасауы үшін қажетті шарт болып табылған және рөлдердің алдын ала бөлінуіне сәйкес барлық бірге қатысушылардың әрекетінен туындаған ортақ қылмыстық нәтижемен себепті байланыста болған жағдайларда да “топ болып алдын ала сөз байласып” бұзақылық жасау белгісі бойынша сараланады. Мұндай жағдайларда қылмысқа екі және одан да көп орындаушылардың қатысуы міндетті емес, басқа түрдегі бірдей қатысушылар болғанда бір орындаушы жеткілікті.

Ұйымдастырушының, айдап  салушының немесе көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде бұзақылық жасаушылар болған жағдайларды қоспағанда, ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасалып, ҚК-нің 257-бабы бойынша туындайды.

Бұзақылықты бірге жасаушылармен алдын ала сөз байласпаған, алайда, оны басқа адамдар жасауы барысында соларға қосылған және тікелей қатысқан адам өзі жасаған нақты әрекеттер үшін қылмысты орындаушы ретінде жауапты болуға тиіс.

Бірнеше адамның әрекеттерін  ҚК-нің 257-бабының үшінші бөлігі бойынша, осы баптың екінші бөлігінің “а” тармағында қарастырылған саралау белгісін көрсете отырып саралау туралы мәселені шешкен кезде соттар бірлесіп бұзақылық әрекеттер жасау туралы ғана емес, сондай-ақ қару не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолдану туралы да алдын ала келісімге қол жеткізілуі керектігін назарға алуы қажет. Осындай қылмыс жасауға келіскен адамдардың барлығының қару немесе заттарды қолданған-қолданбағанының жасалған әрекетті саралау үшін маңызы жоқ.

Егер құқыққа қарсы бірлескен әрекеттерді жасау барысында қылмысқа қатысушылардың бірі басқа қатысушылармен алдын ала келісімі болмай тұрып, қару немесе денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген заттарды қолданса немесе қолдануға әрекеттенсе, осыған негіздер болған кезде оның әрекеті ҚК-нің 30-бабының талаптары ескеріле отырып саралануы қажет.

Адамның қылмыстық әрекеттері тікелей бұзақылық әрекеттер  жасалған кезде орын алса және билік  өкіліне не қоғамдық тәртіпті қорғау міндеттерін атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуші адамға қарсыласумен байланысты болса, онда олар ҚК-нің 257-бабы екінші бөлігінің “б” тармағы бойынша саралануы мүмкін.

Билік өкіліне немесе қоғамдық тәртіпті қорғаушының міндетін атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуші өзге адамға қарсылық көрсету деп аталған тұлғалардың қоғамдық тәртіп бұзушылықтың жолын кесуге, мысалы, бұзақылық жасаушы адамды ұстауға немесе қарусыздандыруға, бұзақылық әрекеттердің жалғасуына өзге тәсілмен кедергі келтіруге бағытталған заңды әрекеттеріне айыптының қасақана қарсыласу (соққы беру, ұрып-соғу, дене жарақаттарын салу) әрекеттерін түсіну керек.

Бұзақылық әрекеттер  тыйылғаннан кейін жасалған, мысалы, айыптыны ұстауға байланысты жасалған қарсылық көрсету, бұзақылық пен  бірге қылмыстардың жиынтығы ретінде саралануға жатады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау міндетін атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуші адамға қарсылық көрсетуге, оның ішінде осы адамдарға  қатысты күш көрсетуге немесе оны қолданамын деп қорқытуға  ұласқан бұзақылық әрекеттер ҚК-нің 257-бабы екінші бөлігінің “б” тармағының диспозициясымен толық қамтылады және басқа баптар бойынша қосымша саралауды қажет етпейді.

Күш қолданудың нәтижесінде  тағы одан да ауыр қастандық жасалған жағдайларда ғана қоғамдық тәртіпті сақтау міндетін атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуші адамға қарсылық көрсету бұзақылық құрамымен қамтылмайды.

Егер айыпты қоғамдық тәртіпті сақтау міндетін атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын  кесуші адамға қарсылық көрсеткен кезде оның денсаулығына ауыр зиян немесе ауырлығы орташа дәрежедегі зиян келтірсе, не оны өлтірсе, онда осыған негіздер болған кезде әрекетті ҚК-нің 257-бабы екінші бөлігінің “б” тармағында қарастырылған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралау керек және тиісінше аталған қылмыстар өзінің қызметтік міндетін атқарушы не кәсіби немесе қоғамдық парызын орындаушы адамға қатысты жасалған қылмыстар ретінде ҚК-нің 103-бабы екінші бөлігінің “б” тармағымен, ҚК-нің 104-бабы екінші бөлігінің “б” тармағымен немесе ҚК-нің 96-бабы екінші бөлігінің “б” тармағымен саралануы тиіс.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, сондай-ақ осындай әрекеттерге  өз бастамасымен қатысушы басқа адамдарды  қоғамдық тәртіпті сақтау міндетін атқарушы немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуші өзге адамдар деп түсіну керек.

Адамның ҚК-нің 257-бабы, Қазақ  КСР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша бұрынғы соттылықтары заңмен белгіленген тәртіпте жойылмаған және алынбаған кезде, бұзақылық осы  қылмыс үшін бұрынғы соттылықтың болу белгісі бойынша танылады.

Адамның әрекеттерін  ҚК-нің 257-бабының үшінші бөлігі бойынша  саралағанда, соттар қажет кезде  “Жекелеген қару түрлерінің айналымын  мемлекеттік бақылау жасау туралы”  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және сарапшының қорытындысы негізінде бұзақылық жасалған кезде қолданылған зат немесе құралдың жанды немесе өзге нысанды зақымдауға арналып бейімделген қару болып табылатынын анықтауы керек.

Осыған тиісті негіздер болса, бұзақылық жасаған кезде  қару қолданған адамның әрекеттері ҚК-нің 251-бабы бойынша қосымша саралануы тиіс. Бұл ретте айыпты адам өзінің қару қолданғанын сезінуі тиіс.

Атыс, газ қаруын, пышақтарды, кастеттер мен өзге де суық қаруларды  не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа заттарды қолдану деп оларды тура бағытталған мақсатта, денсаулыққа зиян келтіру үшін қолдануды (ату, шаншып-кесетін соққылар беру), сол сияқты оларды психикалық күштеу құралы ретінде қасақана қолдануды түсіну керек. Яғни мұндай әрекеттерді ҚК-нің 257-бабының үшінші бөлігі бойынша саралау үшін аталған заттарды қолданып жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіру немесе келтіруге әрекеттену ғана емес, сондай-ақ айыптының бұзақылық әрекеттер жасау барысында осындай заттарды қолданып жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін өзге де мінез-құлық көрсетуі негіз болады.

Бұл ретте қару қолдану  оның зақымдайтын мүмкіндіктерін қолдануды  ғана білдіретінін назарға алу керек (мысалы, бұзақылық кезінде қарудың  сабымен соққы берілген жағдайда ол қару емес, денсаулыққа зиян келтіру үшін қолданылған зат ретінде бағалануы керек).

Бұзақылық әрекеттер  барысында жарамсыздығы немесе оқталмағаны  белгілі қару не ҚК-нің 257-бабының  үшінші бөлігінде көрсетілген тек  қаруға ұқсас өзге зат (тапаншаның макеті, ойыншық пышақ немесе кастет және басқалар) қолданылған кезде жәбірленушінің оны қалай қабылдағанына қарамастан айыптының әрекеттері ҚК-нің 257-бабының үшінші бөлігі бойынша саралана алмайды.

Қорқытып сөйлеу, сол  сияқты бұзақылық кезінде қару не басқа заттарды әдейі көрсету  ҚК-нің 257-бабының бірінші бөлігінің диспозициясымен қамтылады және оларды қолданып жасалған бұзақылық ретінде саралана алмайды, өйткені мұндай әрекеттер қаруды не басқа заттарды қолдануды (пайдалануды) білдірмейді, демек, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндірмейді.

Денсаулыққа зиян келтіру  үшін арнайы бейімделген заттар деп  аталған мақсат үшін алдын ала  немесе бұзақылық әрекеттер жасау  кезінде бейімделген, сол сияқты қандайда бір алдын ала өңдеуден өткізілмеген, бірақ айыпты арнайы дайындаған және құрылысының ерекшеліктеріне және бейімділігіне орай адамның денсаулығына зиян келтіру мақсатында өзінде ұстаған заттар (тұрмыстық мақсаттағы пышақтар, бұрауыштар, балталар, сойылдар, бейсбол таяқтары, темір құбырлардың кесінділері, таяқтар, арматура, ұстаралар және т.б.) танылады.

Қылмыс орнынан алынған, денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделмеген заттарды қолдану  немесе қолдануға әрекеттену ҚК-нің 257-бабының үшінші бөлігінің белгілері  бойынша саралауға негіз бола алмайды.

Атыс, газ қаруын, пышақтарды, кастеттерді және өзге суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіруге арнайы бейімделген басқа заттарды қолдануға әрекеттену деп, осы заттарды тікелей мақсатына сәйкес қолдануға бағытталған, бірақ айыптының еркінен тыс мән-жайларға орай соңына дейін жеткізілмеген әрекеттерді түсіну керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БҰЗАҚЫЛЫҚ  ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС  ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ  МӘРТЕБЕСІ

2.1 Бұзақылық  қылмысы үшін қылмыстық іс  жүргізуге қатысушылардың түрлері

Мемлекеттік   органдар,   лауазымды   тұлғалар,   азаматтар,   процеске қатысушы заңды тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады.  Іске қатысудағы рольдері алуан түрлі, сонымен бірге олар процесс субъектілері  ретінде топтарға бөлінеді.

Оның біріншісіне мемлекеттік  органдар және лауазымды тұлғалар - сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы, анықтауды жүргізуші (анықтаушы). Тек аталған тұлғалар ғана құқық  нормасын, сол немесе басқа тұлғаға процессуалдық мәжбірлеу шарасын қолдана алады, іс өндірісінің бастапқы шешімін шығарады, оның бағытын және істің мәнін  шешеді.

Сезікті, айыпкер, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азаматтық жауапкер, азаматтық  талапкер  және олардың өкілдері қылмыстық   процеске   қатысушылардың екінші тобын   құрайды.  

Ендігі қарастыратын мәселе процеске қатысушылардың жүйесі. Процеске субъектілердің және процеске қатысушылардың түсінігінің  арақатынасы топ және түр ретінде  белгіледі. Әрбір, процеске қатысушы оның  субъектісі болады, бірақ әрбір процесс  қатысушы бола алмайды.

Үшінші топ - тұлғалардың бірігуі, бұнда мемлекеттік органдарға көмектесуші  ретінде процеске қатысады. Бұл куә, сарапшы  маман, тілмаш, айғақ, сот  мәжілісінің хатшысы.

Сотта істі қарағанда еңбек ұжымының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық айыпталушылар және қорғаушылар, мекеме өкілдері, кәмелетке толмаған айыпкердің оқитын немесе жұмыс істейтін орындарына қатыса алады.

Жоғарыда айтылып кеткен қылмыстық  процестің субъектілеріне жүктелген  құқықтар мен міндеттер бар. Бұнымен  қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты шектеліп қана қоймайды. Қылмыстық процесс қызметінің түсінігін қолдануда, қылмыстық процесс субъектілерінің сипаты маңызды толықтырылып және тереңдетіледі.

Субъектілердін    әрекет    бағыттарының   түрлері,   олардың    рольдері, тағайындалу немесе іске қатысу мақсаты процессуалдық қызмет деп аталады. Бірінші және екінші топтағы субьектілердің әрекеті үш негізгі қылмыстық - процессуалдық қызметпен белгіленеді: айыптау, қорғау және істі шешу.

Прокурор және жәбірленуші сотқа  тұлғаның кінәлі екендігі сұрағын                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       кояды    және    өзінің   дәлелдеудегі дұрыстығын    мақұлдайды.    Айыпкерді айыптаудан қорғану қызметі, оның қорғаушысы, заңды өкілі жүзеге асырады.  Сот   әділ   сотты   жүзеге   асырушы.   Айыпкерді   қылмыс   жасаудағы   кінәлі екендігін тану құқығын тек оған ғана берген.

 Алдын-ала тергеу сатысының  кызметі келесідей жүзеге асады.  Тергеуші (анықтау органы) дәлелдемелерді  жинауға және тіркеуге күштерін  салып, істің  барлық жағдайларын зерттеп, қылмыс жасаған тұлғаны анықтап алдын-ала тергеуді жүзеге асырады.

Алдын-ала тергеу сатысындағы қорғану  кызметі сезіктінің айыпкердің және оның қорғаушысының толық немесе жартылай жалған екенін білдіруге бағытталған әрекеті. Айыптау және қорғану қызметімен азаматтық талапты қолдаушы   және   одан   қорғану   қызметі   азаматтық   талап   және   азаматтық жауапкер оның өкілдері орындауда жақын жанасады.   

Сонымен бірге алдын-ала тергеу сатысында прокурорлық қадағалау  қызметі алдын-ала тергеу және анықтау органының заңды біркелкі және дұрыс  орындалуын қадағалап отырады.

Соттың істі қарауында мемлекеттік  айыптаушы басқа айыптау түрлеріне  қарағанда негізгі орынды иеленеді - қоғамдық айыпты қолданушы қоғамдық айыпкер және жәбірленуші қолдайтын жеке (азаматтық) айыптаушы. Осындай жағдайда соттың істі қарауындағы айыптау қызметін мемлекеттік айыптаушы, қоғамдық айыптаушы және жәбірленуші орындайды.

Айып әділ соттың міндетті алғы шарты. Онсыз тек қорғану қызметі  пайда   болып   қоймайды   және  әділ   сот   қызметі   болуға   тиіс   емес.   Сот мәжілісінде қорғану қызметін сотталушы, оны қорғаушысы және қоғамдық  қорғаушы жүзеге асырады.

 Алдын-ала тергеу  сатысындағыдай соттың істі қарауында  азаматтық талапты колдаушы және  одан қорғану кызметі орын  алады. Азаматтық  талапкер және онын өкілі материалдық зиянның орнын толтыру мүддесінде әрекет етеді, ал азаматтық жауапкер және оның өкілі барлық жақтардың  кұкықтарын қолдануда азаматтық талаптан қорғану мүддесінде әрекет етеді. Істі, әділ сот қызметін жүзеге асырушы сот шешеді. Айтылып кеткендей, әділ сот кызметінің негізгі мазмұны болып, жақтармен ұсынылған дәлелдемелерді тікелей зерттеу және істі мәні бойынша шешеді, бұл дегеніміз айыпкердің кінәсіз немесе кінәлі екендігін шешу және айыпкерді кінәлі деп танығанда жаза тағайындау.

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы