Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.
Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады.
Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі. Олардың алғышқысында мысал ретінде «Қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау»[24, 8].
Құқықтық білімдердің
энцоклопедиялық сөздігінде
«Квалификация»- термині
латын тілінен аударғанда әлде
бір нәрсенің сапасын, бағасын,
Қылмысты саралау ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының анықтауының логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады.
Теорияда және
практикада қылмысты
Аталған жағдайды
сақтамау немесе ескермеу яғни
істің нақты мән-жайларына
Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды.
Саралау дегеніміз – бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады[28].
Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқылық салдар).
Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.
Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.
Қылмыстық істі
қозғау сатысы қылмыстық істі
қозғау туралы қаулы шығарумен
шектелмейді. Оның мазмұны
В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі»[29].
Қылмыстық процесстің
келесі сатыларында қылмысты
саралау талданып нақтыланады.
Бұл тұлғаны айыпталушы
Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы – аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқылық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.
Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды»[31].
Б.А. Куриновтың пікірінше
қылмысты саралаудың жүргізілуінің
өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда
іс-әрекеттің барынша
«Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.
Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар»[33].
Осыдан біз сілтеме
жасаған оқулықтың авторларының
түсінігінде нақты түрінде
Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.
Мысалы, сотталғанның қылмысы жәбірленушіге пышақ қолданып бұзақылық жасағаны дәлелденбегендіктен сот үкімі өзгертілді. Бұрын сотталмаған А., Батыс Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 7 қарашадағы үкімімен ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің "и" тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сәйкес қылмысты, жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті өтеуге 11 жылға бас бостандығынан айыруға, түзеу колониясының қатаң режимінде жазаны өтеуге сотталған.
Ж., бұрын сотталмаған,
ҚР ҚК-нің 257-бабы 2-бөлігінің "а" тармағымен
2 жылға бас бостандығынан
Сот үкімімен 2005 жылғы 28 мамырда Орал қаласында сағат 22.00 шамасында А., Н., Ж. және тергеумен анықталмаған алты адам, топтасқан түрде, алдын-ала келісілген бұзақылық ой ниетпен қимылдап, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды анық құрметтемейтіндерін білдіріп, азаматтарға қарсы күш қолданып, жәбірленушілер М. мен Қ-ны топ болып, ұрып соққан.
Осыдан кейін, Театрдың жанында тұрған Б., У., Е. және С. таныстары А. мен Қ-ны белгісіз топ адамның ұрып жатқанын көріп, ол екеуіне көмекке келіп, екі топтың арасында төбелес бол-ған.
Сонда Н. бұзақылық әрекеттерін жалғастырып, пышақ қолданып М-ның сол жақ аяғының шабының тұсынан ұрып, жәбірленуші М-ның денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірген.
Төбелес барысында А.
бұзақылық әрекеттерін
Бұдан басқа да алдын-ала
сөз байласқан адамдар тобының
бұзақылық әрекетерінен жәбірленуші
Б-ның ден-саулығына жеңіл
Сотталған А. бірнеше рет жазған аппеляциялық шағымдарында қыл-мыстық оқиғаның қалай дамығанын баяндай отырып, өзінің оқиға болған жерге адам өлтіремін деген оймен бармағанын, өзіне бір топ жігіттер жабылғасын жерде жатқан пышақты көтеріп, алдына қойып сермегенін, сотта оның ісін бір жақты айыптау бағытында қарап шешкендіктен, істің ақ-қарасын анықтап, өзінің қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 99-бабына қайта дәрежелеп, осы бап бойынша жаза тағайындауды сұраған.
Сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушінің өкілі Ш. сотталған А-ның апелляциялық шағымымен келіспей, жазған қарсы пікірлерінде сот үкімін өзгеріссіз, шағымдарын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының іс бойынша баяндамасын, прокурордың сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, сотталған А-ның апелляциялық шағымдарын қанағатандырусыз қалдыруды сұраған пікірін тыңдап, іс құжаттарымен танысып, сот алқасы Батыс Қазақстан облыстық сотының үкімін төмендегі негіздемелерге байланысты ішінара өзгертілуге жатады деген тұжырымға келді.
Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы