Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.
Сот сотталған Қ.-ның
осы қылмысты оқиғаның қалай өрбігенін
сот үкімінде анықталған қылмысты қалай
жасағандарын көрсеткен алдын ала
тергеу барысындағы жауаптары
Атап айтқанда, сотта жәбірленуші М. 13 наурыз 2007 жылы сағат 01-30-дар шамасында С.-мен «П» кафесіне барғандарын, ол жерде 1–2 туылған күн болып жатқанын, сонда бір баламен ілінісіп қалып, С. екеуі далаға шыққанда, шатасып қалған балдар 14–15 шақты бала болып шыққанын, олардың арасында Н. мен Р. болғанын, Р. С.-мен төбелескенде Р.-дың қолында пышақ болғанын, Н. төбелесті бастағанда оны бірінші ұрғанын, сосын С. екеуі кафенің даяшылар бөлмесіне кіріп, есікті жауып алғанын, соңынан әлгі балдар қуып келіп, даяшылар бөлмесінің есігін пышақпен сыртынан ұрғанда пышақ С.-ның бір жеріне кіріп кеткенін, қолында пышағы бар баланың үстіне жемпірі ақ жолағы барлығын, кейіннен бейнетаспаны көргенде оның Н. екені анықталғанын, ол даяшылар бөлмесіне бірінші болып кіріп, өзін бетінен пышақпен, сосын қолымен ұрғанда есінен танып қалғанын, Н.-дан басқа 5–6 бала кіргенін, даладағы және даяшылар бөлмесіндегі төбелесте Қ.-ны көрмегенін, есін жиғанда С.-ның үсті-басы қан екенін көргенін, басында болған бас киімі мен тапаншасы жоғалып кеткенін, жедел жәрдем келгенше, С.-ның қайтыс болғанын білгенін бекіткен.
Жәбірленуші М. осы жауаптарын Р.-мен, Н.-мен беттестіру кезінде де қолдап, даладағы төбелес кезінде Р.-дың қолынан пышақ көргенін, ал бөлме ішінде Н. оны жұдырығымен ұрғанында есінен таныпқұлап қалғанын айтып көрсеткен.
Сотта куә А. 13 наурыз 2007 жылы «П» кафесінде күзетте болғанын, кафе жабылар кезде М. мен С. далаға шыққанда, арттарынан 10 шақты бала шыққанын, артынша олар қашып кафеге қайтып кіргендерінде, сыртқы есікті құлыптап жауып тастағанын, сырттан есікті ұрып аш деп, есікті сындырып, кафеге топ бала кіргенін, Р.-дың қолында пышақ болғанын, содан Р., Н., Г. және тағы басқалары 10 шақты бала болып, екінші қабатқа көтеріліп, даяшылар бөлмесінің есігін ұрғанын, ол соңынан жоғарыға көтерілгенде, ол балдар даяшылар бөлмесіне кіріп кеткенін, содан балдар кеткесін даяшылар бөлмесіне барғанда есігінің сынғанын, бөлме ішінде М.-ның, оның үстінде С.-ның жатқанын, жедел жәрдем келіп болмағасын, ол М. және Ж. үшеуі С.-ны көтеріп төменге түсіргенін, С.-ның үсті, аяқ, қолдары, киімі қан болғанын көрсетіп, оны Р.-мен беттесу кезінде де бекіткен.
Сотта куә Д. 13 наурыз 2007 жылы сағат 22-лер шамасында «П» кафесінде Е. есімді баланың туған күні болғанын, сонда билеп жүргенде М. Т.-мен керісіп қалғанда, арашалағанын, сосын далаға шыққанда, С. Н.-ны бетінен жұдырығымен ұрғанын, Н. кафенің қапталына қарай кетіп қалғанын, ол Н.-ның қасына барғанда, Н. оны қолымен ұрғанын, бірақ ұрғаны оған тимегенін, ол кафенің алдына қайтып келгенде, С.-ның қолы қан болғанын, С. мен М. кафеге қашып кіріп кеткенін, Р. «неге тоқтап тұрсыңдар?» деп айқайлағанын, сол кезде Р.-дың қолынан шаппа пышақ көргенін, Н. Р.-ға өзін көрсетіп, «бұны да сындырып таста» дегенін, Р. қасына келіп, «қайдан келдің?» деп сұрағанда, Байғанин ауданының Ноғайты ауылынан екендігін айтқанда, одан «Қ. деген ағайды танисың ба?» деп сұрағанда, танитындығын айтқанын, Р. өзінің атын айтып, қасындағы балдарға тиіспеңдер дегенін, өзінің кафеге кіргенінде, екінші қабаттан топ балдар жүгіріп түсіп келе жатқанда, Н.-ның қолында ұзын пышағы болғанын, даяшылар бөлмесіне барғанда, бөлменің есігі сынғанын, бөлменің ішінде М. мен С.-ның жатқанын көргенін, кафеден шыққанда Р. «автокөлікке отыр, апарып тастаймыз» деп, Н.-ның автокөлігі қозғалып бара жатқанда өзін отырғызып алғанын, сосын «С» аялдамасынан түсіп қалғанын, автокөлікке отырғанда, Н. Қ.-ға «сен көп тықтың» деп айтқанын, ол Қ.-ның қолынан пышақ немесе қолы қан болғанын көрмегенін және автокөлікте Қ. біреуге пышақ салдым деп айтпағанын көрсеткен осы жауабын Р.-мен, Н.-мен де беттестіру кезінде де қолдап бекіткен.
Сот-дәрігерлік сараптама
қорытындысы бойынша, М.-ға оң жақ
қас үсті аймағындағы кесілген жеңіл
дене жарақаты, түйреп-кесетін үшкір
қатты заттың, пышақтың жүзімен, куәландырушының
өзі көрсеткен уақыт пен
Сот-дәрігерлік сараптаманың 10 сәуір 2007 жылғы қорытындысына сәйкес, С.-ның өлімі сол жақ өкпесі зақымдалып, сол жақ кеуде клеткасына кірген түйреп-кесілген жарақаттың қансырауынан және оң жақ кеуде клеткасының денеге кірмеген жарақаттарынан, сондай-ақ екі қолының және оң аяғының көптеген түйреп-кесілген жарақаттары салдарынан қайтқаны анықталған.
Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, сотталған Н. мен Р.-дың ақыл-естері дұрыс, ешқашан жүйке ауруларымен ауырмаған, қылмыс жасаған кезде өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болған деп танылған.
Сот сотталған Н.-ның қылмыстарын ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен, ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен және 175-бабының 1-бөлігімен, ал Р.-дың қылмыстық әрекетін ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж» тармағымен, ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен және Г. мен Қ.-ның қылмыстарын ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің «а», «б» тармақтарымен дұрыс дәрежелеген.
Онда сот олардың қылмыстық әрекеттері, өзара тығыз байланыста болғанын, істегі жиналған дәлелдемелердің негізінде Н. мен Р.-дың қылмысты ойларының С.-ны өлтіруге бағытталғанын және олардың бұзақылық жасағандарын дұрыс тұжырымдағанына сәйкес, сотталғандар мен қорғаушыларының және жәбірленушінің апелляциялық шағымдарындағы уәждері қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.
Сотталған Н., Р., Г. мен
Қ.-ға жаза тағайындағанда, жасаған
қылмыстарының қоғамға
Айтылғандар негізінде Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 411-бабының 1-тармағымен және 423-бабын басшылыққа алып, сот алқасы Ақтөбе облыстық сотының 2008 жылғы 13 тамыздағы Н., Р., Г. және Қ. жөніндегі үкімін өзгеріссіз қалдыруға. Жәбірленуші С.-ның, сотталған Р. мен Н. және қорғаушылары Қ. мен М.-ның апелляциялық шағымдарын қанағаттандырмауға шешім қабылдады [35, 124-125].
Бұзақылық үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдану аясында туындаған мәселелер бойынша соттарға түсіндірме беру қажеттілігіне орай және біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету мақсатында әрі қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы №13 «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» нормативті қаулысы қабылданды [36].
Айыптының айналасындағы адамдарға өзін қарсы қою және оларды менсінбеу ниетінен туындаған, қоғамды және адамгершілік нормаларын көрінеу құрметтемеуді білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті қасақана бұзуы заңға сәйкес қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық болып танылуы мүмкін.
Қылмыстық жазалауға жататын бұзақылықтың ұсақ бұзақылықпен салыстырғанда қоғамға өте қауіпті екенін куәландыратын айрықша белгілер қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық, қоғамды көрінеу құрметтемеу болып табылады.
Қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке адамдарға кемсітушілікпен тиісу, тұрғын үйлерді, көпшілік орындарды ластау және айналасындағы адамдарды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және жеке адамдардың мазасын алатын осындай басқа да әрекеттер күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ұштасқан жағдайларда, олар әкімшілік құқық бұзушылықтың шегінен шығады және қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық құрамын құрайды.
Азаматтарға күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан, қоғамды көрінеу құрметтемеуді білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып танылуы мүмкін. Қоғамдық тәртіпті ұзақ және қасарыса ұдайы бұзу, көпшілік шараларға кедергі келтіру, кәсіпорынның, ұйымының, мекеменің немесе қоғамдық көліктің қалыпты жұмысын уақытша тоқтату осындай әрекеттерге жатқызылуы мүмкін.
Айналасындағы адамдарға
өзін қарсы қою, оларды менсінбейтінін
көрсету ниетінен туындаған, мінез-құлықтың
жалпыға ортақ нормалары мен ер
Жалпыға ортақ адамгершілік нормаларын әдейі елемеумен, мысалы ұятсыздықпен ауруды, кәріні, дәрменсіз күйдегі адамдарды қорлаумен ұштасқан бұзақылық әрекеттерді ерекше арсыздық деп түсіну керек.
Қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың тым өрескелдігі мен бұзақылық әрекеттердің әдепсіздігінің нақты сипаты айыпталушы ретінде тану туралы қаулыда, айыптау қорытындысында және үкімде міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қылмыстық ізге түсу органдармен айыпталушыға тағылмаған бұзақылықты саралау белгілері істі қосымша тергеуге жіберместен үкімде көрсетілуге тиіс емес.
Қылмыстар көп болып, оның кейбіреулерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі-ҚК) 257-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бар болған кезде “Қылмыстардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысында берілген ҚК-нің 12-бабын қолдану жөніндегі түсіндірмелерді басшылыққа алу қажет[37].
Адамның ниетінің, себебінің,
мақсатының мазмұны мен бағытына
және ол жасаған әрекеттердің мән-жайларына
байланысты бұзақылықты басқа
Жеке бас араздығының,
жәбірленушілердің теріс
Жеке бас араздығының салдарынан болған жанжал немесе төбелес барысында болған күш қолданудан бұзақылық ниетпен күш қолдануды ажыратқан кезде айыпты мен жәбірленушінің қарым-қатынасының сипатын, жанжалдың сылтауы мен себебін ескеріп, оның бастамашысы кім болғанын, жанжалға қатысушылардың әрекеттерінің қарқыны мен сипатын, айыптының ниетінің бағытын көрсететін басқа да мән-жайларды анықтау керек.
Егер кісі өлтіруге, денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге, мысалы, қызғаныш, кек алу, жеке бас араздығы және жеке қарым-қатынастың негізінде туындаған басқа сезімдер, сол сияқты жәбірленушінің жанжал немесе төбелесті бастаған заңға қайшы мінез-құлқы себеп болса, онда олар қоғамдық орында немесе бөгде азаматтардың көзінше жасалғанына ғана байланысты бұзақылық ниетпен жасалған деп қарастырылмайды.
Айыптының кісі өлтіру немесе адамның денсаулығына әртүрлі дәрежедегі зиян келтірумен ұштасқан бұзақылық әрекеттерін саралаған кезде “Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы №1 нормативтік қаулысындағы түсіндірмелерді басшылыққа алу қажет.
Атап айтқанда, ҚК-нің 257-бабында көрсетілген белгілерге жататын, жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтірумен ұштасқан бұзақылық әрекеттер ҚК-нің 105-бабы бойынша қосымша саралауды қажет етпейді.
Сонымен бірге, бұзақылық
ниетпен адамның денсаулығына ауырлығы
орташа дәрежедегі зиян, ауыр зиян келтіру
немесе бұзақылық ниетпен кісі өлтіру
ҚК-нің адамның өмірі мен
Бұзақылық ниетпен жәбірленушіні өлтіргенге немесе денсаулыққа ауырлығы орташа не ауыр зиян келтіргенге дейін, сондай-ақ ол әрекеттерден кейін жасалған бұзақылық әрекеттер аталған әрекеттермен бір ниетпен байланысты болмаса, барлық жағдайларда ҚК-нің 257-бабымен дербес саралануға жатады.
Бұзақылық жасаған кезде абайсызда денсаулыққа зиян келтіру күш қолданумен ұштасқан әрекеттер деп саралана алмайды.
Бұзақылық жасалған кезде бөтеннің мүлкі заңсыз алынып қойылған жағдайларда ол мүліктің қандай мақсатпен алынғанын анықтау қажет. Егер тұлға пайдакүнемдік мақсат көздеген болса, оның әрекеттері мүлікті иемдену тәсіліне байланысты меншікке қарсы қылмыстар мен бұзақылықтың жиынтығы ретінде саралануы тиіс.
Егер ҚК-нің 187-бабында қарастырылған қылмысты ауырлататын мән-жайлар болған кезде жасалған бұзақылық әрекеттер барысында бөтеннің мүлкін қасақана жоюдың немесе бүлдірудің нәтижесінде елеулі зиян келтірілсе, онда мұндай әрекеттер аталған баппен қосымша саралануға жатады.
Жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгені туралы мәселені шешкен кезде жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру құнын негізге алу керек.
Бұзақылықты тағылықтан, яғни ғимараттарды немесе өзге құрылыстарды арамдауға, қоғамдық көліктегі немесе өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіруге бағытталған әрекеттер жасаудан ажырату керек. Тағылықтың салдарлары анықталғанша қоғамдық тәртіпті бұзушылық белгісіз болып қалатындықтан, тағылық кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу көрінеу өрескел сипатта болмайды және барлық жағдайларда бірдей қоғамды көрінеу құрметтемеуді білдірмейді.
Айыптының әрекеттеріне “топ болып”, “топ болып алдын ала сөз байласып”, “ұйымдасқан топ болып” бұзақылық жасау айқындаушы белгілері бойынша құқықтық баға бергенде ҚК-нің 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет.
Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы