Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.
МАЗМҰНЫ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.
Сонымен, бұзақылық дегеніміз - қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық.
Қылмыстық құқықтың қазiргi жай-күйiн бағалай отырып, тұтас алғанда оны серпiндi дамыту қамтамасыз етiлдi деуге болады. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс - қылмысқа қарсы күрестiң, адамның құқықтары мен бостандықтарының, мемлекет пен қоғамның мүдделерiн қылмыстық-құқықтық қорғаудың жеткiлiктi пәрмендi құралы.
Қылмыстық құқықты одан әрi дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргiзiлуге тиiс. Iзгiлендiру - ең бастысы, алғаш рет ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары - жүктi және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға қатысты болуға тиiс. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға кiнәлi, қылмыстық қуғындаудан жасырынып жүрген адамдарға қатысты, сондай-ақ қылмыстар кәнiгiлiгi кезiнде қатал қылмыстық саясатты алдағы уақытта да жүргiзу қажет.
Қылмыстық құқықты одан әрi жетiлдiру адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн заңдардың сапасын арттыруға байланысты, ол заң тұрғысынан дәл әрi оның салдарларының болжамды болуы талаптарына сәйкес келуi тиiс, яғни оның нормалары жеткiлiктi дәрежеде нақты тұжырымдалуы және құқықтық iс-әрекеттi құқыққа қайшы iс-әрекеттен айыруға мүмкiндiк беретiн ұғымды өлшемдерге негiзделген болуы тиiс, бұл ретте заң қағидаларын өз бетiнше түсiндiру мүмкiндiгiн болдырмау қажет [1, 2].
Көптеген әлеуметтік зерттеулер ресми мәліметтердің Қазақстанда жасалып жүрген бұзақылық актілерінің нақты санын және осы қылмыстық қол сұғушылық түрімен күрес жүргізудің жай-күйін көрсете алмайтынын айғақтайды. Бұзақылық актісінің жасырын жасалу деңгейінің жоғарылығы қылмыстылықтың осы түрінің шын мәніндегі көлемі туралы, келтірілген шығындарының дәрежесі мен сипаты жөніндегі көріністерді жәй ғана елестетіп, қылмыстың жасалуына жағдай туғызған мән-жайларды анықтауға қиындықтар туғызады.
Қылмыстың осы түрі, әсіресе еліміздегі әрқайсысы өз мүдделерін мәлімдеуге, өздерінің бар екендігін заңсыз жолдармен көрсетуге тырысқан жастардың жаңа топтары мен соның ішінде ұлтшылдық бағыттағы қозғалыстарының пайда болуына негізделіп отыр деп айтуға болады. Кейде осындай жастар тобының іс-әрекеттері шектен шығып, қаланың және жеке меншіктің мүлкін құртуға дейін ұласады. Осының бәрін осындай субъектілер саналарына салып, ой елегінен өткізе бермейді. Бұл, әрине, өз кезегінде қоғамда орасан зор дабыл қақтырып қана қоймай, сонымен бірге жаппай тәртіпсіздікке, одан қалды ұлтаралық алауыздық тудыруға себеп болатыны сөзсіз.
Мұндай қылмыс түрінің күрт ернеуінен асып кетуі мұндай әлеуметтік құбылыстарға қарсы келетін әрекет жасау мен күрес жүргізуге әзір емес құқық қорғау органдарын аяғынан тік тұрғызды. Сол кезде, тергеу мен сот тәжірибесін талдау осындай қылмыстарды ашу мен тергеу кезінде құқық қорғау органдарының айтарлықтай қиындықтарға тап болатындықтарын айғақтайды. Бұл сонымен бірге қылмыскерлердің ойлау деңгейінің өсуімен, олардың ұтқырлықтарының, техникалық жабдықталуымен және сол сияқты осы қылмысты ашу мен тергеудегі тәжірибенің жеткіліксіздігімен, осы саладғы мақсатты ғылыми зерттеулердің жоқтығымен түсіндіріледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты бұзақылық жасаудың мәні, мақсаттары, себептері, нысандары мен әдістері туралы және тергеу мен соттық тәжірибелерін қорытындылау, тергеудің бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде пайда болған тергеулік жағдайларды талдау мен болжап-бағдарлау, бұзақылықты тергеудің әсерлілігін көтеруге, яғни жеке криминалистикалық әдістеме құруға бағытталғын ғылыми негізделген ұсынымдар негізінде кешенді ұғым қалыптастыру болып табылады.
Аталған мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін мынандай міндеттер қойылады:
- бұзақылық туралы
жинақталған теория мен
- бұзақылықпен күрес жүргізудің қазіргі жай-күйін зерттеу;
- бұзақылық жасауға ықпал етуші объективті және субъективті факторларды ашып білу;
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша бұзақылықтың қылмыстық құқықтық саралаудың ерекшеліктерін айқындау;
- бұзақылық қылмысы
үшін қылмыстық іс жүргізуге
қатысушылардың құқықтық
- бұзақылық қылмысын
алдын-алу тәжірибесін
Дипломдық жұмыстың теориялық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының заңды нормативтік актілері, криминалистика, экспертология, жедел-іздестіру қызметінің, қылмыстық құқық және іс жүргізу теориялары туралы, сондай-ақ ғылыми білімнің басқа салаларының ғылыми және арнаулы әдебиеттері құрайды.
Жұмысты жазу барысында қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, криминология, соттық психология және ғылыми білімнің кейбір басқа салалары бойынша әдебиеттердегі осы зерттеліп отырған құбылысқа қатысты теориялық талдаулар, ғылыми ойлар мен тұжырымдамалар қолданылды.
Өзіміздің бұл жұмысымызда
теориялық мәселелер мен
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеудің теориялық маңыздылығы жұмыстағы негізгі ережелер, ондағы тұжырымдалған қорытындылар мен ұсынымдар қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын, криминалистика ғылымының бөлімі ретіндегі криминалистикалық әдістемелерді және жалпы криминалистиканы одан әрі жетілдіре түсуге үлес қосатындығымен көрінеді.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы сонымен бірге қылмыстың осы түрін тергеудің дербес мамандандырылған жеке криминалистикалық әдістемелерін монографиялық деңгейде кешенді зерттеуден және өңдеуден тұрады. Зерттеу нәтижелерін ҚР ҚК 257-бабында көзделген бұзақылықпен қылмыстық-құқықтық құрамы бойынша сабақтас басқа да қылмыстардың жеке криминалистикалық әдістемелерін одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылуға болады. Жұмыстың теориялық және тәжірибелік тұжырымдары мен ұсынымдарын ғылыми криминалистикалық зерттеулерде, ғылыми әдебиеттер, «Криминалистика» пәні бойынша оқулық және әдістемелік құралдар дайындау кезінде, заңгерлік жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының оқу процесінде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаттары мен талаптарына сай келеді. Жұмыс кіріспеден, жеті бөлімшені біріктіретін екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қылмыстың бұл түрі қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең қауіптісі болып саналады. Еліміз дүние жүзінде дамыған 50 мемлекеттің қатарына өту үрдісінде. Осыған орай, қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық нормалардың тиімді жақтарын пайдалану, қоғамға шамалы қауіпті емес іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны ізгілендіру және қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетілдіруге пайдалану мәселелерін зерттеу-көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.
Қылмыстық заңда көрсетілген
міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық
кодекс қылмыстық жауаптылықтың
негізін белгілейді. Демек, қылмыстық
заңда көрсетілген іс-
Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан кең көлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік шаралардың арқасында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық құрылымдар, ұйымдасқан топ пен қылмыстық бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстары әшкерелініп, ауыздықталуда. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыс істеген адамның лайықты қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады. Ұзақ жылдар бойы орын алған кеңестік әміршілдік-әкімшілдік тоталитарлық жүйе, жеке адамға табыну, тоқырау және қайта құру кезеңдерінде қылмыстылық өршігенін негізгі себеп дей тұрсақта, өрескел мінез-құлықтарды насихаттайтын әдебиеттердің, шет ел фильмдерінің ықпалынан туындайтын бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, кей кезде басқа, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті қылмыс екенін және оның жылдар бойы қоғамнан қалмай келе жатқан дерт екенін мойындау керек. Сондықтан, бұзақылықты жасаған адамдарға істеген іс-әрекеттерін дұрыс саралап, қылмыстық жауаптылықты заңға сәйкес белгілеу, осы қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.
ҚР ҚК-тің 257-бабына сәйкес
бұзақылық деп, яғни қоғамды анық
құрметтемеуiн бiлдiретiн
Сот тәжірибесі көрсеткендей, осы қылмыстарды саралауда, бұзақылықты басқа қылмыстардан дұрыс шектеуде, елеулі қиындықтарға байланысты қателіктер аз жіберілмейді. Соның кесірінен, азаматтардың Конституцияда көрсетілген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады. Бұзақылық қылмысының құрамына анализ жасағанда, әсіресе, қылмыстың объектісі мен объективтік жағы қиындыққа әкеліп соғады. Сонымен қатар, қылмыстың субъективтік жағын анықтаудың да маңызы өте зор. Қылмыстық теорияда, бұзақылықты жанама ниетпен жасалуы мүмкіндігі туралы дискуссиялар аз емес.
Құқық қорғау органдарының тәжіриебесінде, бұзақылықпен күресуде көптеген қиындықтар аз емес, сондықтан да, осы қылмысты детальді түрде, ғылым деңгейінде, қарастыру керектігі туындайды. Кейбiр судьялар ұсақ бұзақылық жөнiндегi iстердi қарай отырып, жасалған әрекетке құқылық тұрғыдан баға беруде қателiктер жiбередi, осының салдарынан қылмысы тұрғысынан жазаланатын бұзақылықты немесе басқа қылмыстарды жасаған адамдар, әкiмшілік жауапкершілiкке тартылады. Көпшілік бұзақылық әрекеттердiң мас болу жағдайында жасалатынына қарамастан, соттар бұл жағдайды айыпкердiң жауапкершiлігін ауырлататын жәйт деп есептеу мәселелерiн әр кезде талқылай бермейдi. Соттардың осы санаттағы iстердi қарау кезiнде қылмыстың жасалуына жағдай тудырған себептер мен жағдайларды және тиiстi шаралар қабылдауды талап ету жөнiндегi өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi орындамайды [6].
Негізінен адамдар тобы арқылы жасалатын бұзақылық қоғамдық тәртіпке елеулі зиян (қоғамдық тәртiптiң ұзақ және табанды бұзылуымен, мүлiктi құрту және бүлдiрумен, бұқаралық шараларды болдырмаумен, немесе қоғамдық көлiктiң және т.б. қалыпты жұмысын ұзақ уақыт тоқтатумен, жаппай сипатқа ие болып, соның нәтижесінде жеке адамдарға қатысты немесе меншікке қатысты аса ауыр қылмыстардың жасалуына алып келеді) келтіреді. Бұзақылық әрекеттер «жаппай» сипатта жасалғанда, көбінесе бұл әрекеттер басқа бағытта, яғни жаппай тәртіп бұзушылыққа айналып кетеді. Сәйкесінше, қоғамға қауіптілік дәрежесі күрт өседі. Осының салдарынан қылмыстың алдын-алу немесе оны тоқтату мүмкін емес болады. Алдымен бұзақылық терминнің қашан және қайда пайда болғанынын қарастырған жөн деп ойлаймын.
«Бұзақылық» деген
термин бізге шетелден келген.
Негізінен «бұзақылық» деген
сөз 18-ғасырда, Лондон
Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы