Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмысымды қорытындылай келе, айтарым, қылмыстың бұл түрі қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ең қауіптісі болып саналады. Еліміз дүние жүзінде дамыған 50 мемлекеттің  қатарына өту үрдісінде. Осыған орай, қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық нормалардың тиімді жақтарын пайдалану, қоғамға шамалы қауіпті емес іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны ізгілендіру және қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды жетілдіруге пайдалану мәселелерін зерттеу-көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр.

Қылмыстылықтың санын  азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан кең көлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік шаралардың арқасында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық  құрылымдар, ұйымдасқан топ пен қылмыстық бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстары әшкерелініп, ауыздықталуда. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыс істеген адамның лайықты қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады. Ұзақ жылдар бойы орын алған кеңестік әміршілдік-әкімшілдік тоталитарлық жүйе, жеке адамға табыну, тоқырау және қайта құру кезеңдерінде қылмыстылық өршігенін негізгі себеп дей тұрсақта, өрескел мінез-құлықтарды насихаттайтын әдебиеттердің, шет ел фильмдерінің ықпалынан туындайтын бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін, кей кезде басқа, одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті қылмыс екенін және оның жылдар бойы қоғамнан қалмай келе жатқан дерт екенін мойындау керек. Сондықтан, бұзақылықты жасаған адамдарға істеген іс-әрекеттерін дұрыс саралап, қылмыстық жауаптылықты заңға сәйкес белгілеу, осы қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.

ҚР ҚК-тің 257-бабына сәйкес бұзақылық деп, яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға  қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң  мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылықты айтамыз. Бұл қылмыстың түрінде, адамгершіліктің жалпы қабылдаған қалыптарын көпе-көрінеу жоққа шығару, азаматтарға қатысты құрметтемеушілік, анархизм, эгоизм, қатыгездік т.б.с.с. қоғамдық тәртіпке қарсы әрекеттер анық көрініс табады. Сот тәжірибесі көрсеткендей, бұзақылық үшін сотталғандардың 80 % әрекеттерінде азаматтарға күш қолданумен, бөтеннің мүлкін бүлдіру немесе  жою сияқты әрекеттер көрініс табады. Сонымен қатар, бұзақылық, көбінесе өзге ауыр қылмыстардың жасалуына әкеп соқтырады. Яғни, қылмыстың бұл түрімен күресу, құқық қорғау органдарының басты міндеті болып келеді. Осыдан, қоғамдық тәртіпті қылмыстық-құқықтық қорғауға арналған теориялық мәселелерді дайындаудың өзектілігі және маңыздылығын көреміз. Бұл қылмыстың мәнін дұрыс түсіну, бұзақылық әрекеттерді саралауда,  басқа қылмыс түрлерінен шектеуде және онымен күресуде маңызы өте зор. Негізінен қылмыстың бұл түрі құрамдас болып келгендіктен, ғалымдар арасында бұл қылмыстың белгілері және заңи конструкциясы жөнінде  көптеген дискуссиялар болып жатыр.

Тектік объектісі қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің  мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылатын бұзақылықты қылмыстық-құқықтық саралау қарастырылды. Тікелей объектісі қоғамдық тәртіп болып табылатын бұзақылық. Талданып отырған қылмыстың еркешелігі бұзақылықтың көп объектілі қылмыс болып саналатынғында. Бұзақылықтың құрамы формальдық-материалдық саналады, демек оның нақты пайда болуына байланысты аяқталған деп саналады.

Қоғамдық көліктерде немесе өзге де қоғамдық орындардағы  мүліктерді бүлдіру әрекетін жасаған  жағдайда қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы қылмысты аяқталған деп танудың негізгі шарты болып саналады. Бұзақылықтың субъектісі қылмыстың жасалған кезінде жасы он төртке толған іс жүзінде есі дұрыс адам болып табылады. Бұзақылық қашанда тура ниетпен жасалады.

Қарастырылып отырған  қылмыс түрін тергеудің барысы тергеудің  түрлі кезеңдерінде егжей-тегжейлі дәлелденетін және дәлдеп тексерілетін дәлелдеуге жататын негізгі мән-жайларды анықтауға негізделген. Дәлелдеуге жататын бірқатар көмекші мән-жайларды анықтау дәлелдеуге жататын негізгі мән-жайларды анықтауға жағдай жасайды. Криминалистикалық сипаттамалардың басқа элементтерімен себепті байланыста және бағыныста бола отырып дәлелдеуге жататын негізгі мән-жайлар оның құрылымдық элементі ретінде анықтаушы қызмет атқарады, яғни қылмыстың бір мән-жайы туралы мәліметтің болуының өзі тергеуші үшін белгісіз болып қалған басқа қылмыстар жайында да пікір білдіруге мүмкіндік береді. Сондықтан қылмысты тергеудің нәтижесі оның әрбір кезеңіндегі пайда болған тергеулік жағдайларға байланысты тергеушілер мен анықтаушылардың дәлелдеуге жататын мән-жайларды қаншалықты дұрыс анықтауымен көрінеді. 

Жұмыста жүргізілген  зерттеу нәтижелерінің теориялық  және іс-тәжірибелік маңызы атап өтіледі және оларды әкімшілік, жедел-іздестіру, тергеу, құқық қорғау органдарының ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстарында, сондай-ақ заң саласындағы ғылыми мекемелер мен оқу орындарында пайдаланудың негізгі бағыттары атап өтіледі.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

  1. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 28 тамыздағы  Жарлығы. //«Егемен Қазақстан» 2009 жыл, 28 тамыз.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылы 16 шілде. 
  4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәлеметтері.
  5. Маликова А. Қылмыстық құқықтағы бұзақылық ниеттің пайда болуы және қылмысты саралаудағы маңызы. // Заң және заман. - 2008. - №1.-қаңтар-ақпан. - С. 77-78.
  6. Маликова А. Ш. Қылмыстық құқықтағы бұзақылық қылмысының ұғымы мен саралану ерекшеліктері. // Заңгер. - 2010. - №1. - С. 60-62 б.
  7. «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы №3 нормативтік қаулысы. //Егемен Қазақстан. 12 наурыз 2010 ж.
  8. Шубин В.В. Рассмотрение уголовных дел о хулиганстве.- М., 1980.
  9. Люблинский П.И. Хулиганство и его социально-бытовые корни.-М., 1929
  10. Култеев Т.М. Уголовное право казахов.- Алматы, 1955.
  11. Гурвич В.Я. Хулиганство. // Петроград, 1916.
  12. Мокринский С.М. Озорство и хулиганство.//Еженедельник советской юстиции, 1924.
  13. Ной И.С. О понятии хулиганства. //Ученые записки Саратовского  юридического института, 1957, Вып.5.
  14. Утанов М.А. Проблемы борьбы с хулиганством: монография.- Алматы, 1998.
  15. Еропкин М.И. Защита общественного порядка в области управления. М.,1965.
  16. Нигай М.А. Борьба с хулиганством по советскому законадательству.//Автореф.дисс. на соиск.учен. степ. канд.юрид.наук.-Алматы, 1963
  17. Блиндер Б.А. Квалификация хулиганства по новому уголовному законодательству.-Т., Научные труды ТашГУ, 1968, №3. С.13.
  18. Шаргородский М. Д. Избранные работы по уголовному праву. – СПб: Издательство «Юридический центр Пресс», 2003. – 434 с.
  19. Рарога А. И. Уголовное право России (Особенная часть). – М., 1996.
  20. Қайыржанов Е.І., Нұртаев Р.Т. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне: түсінік. - Алматы: Норма-К, 2004.- 648 бет.
  21. Алауханов Е. Қылмыстық құқық (ерекше бөлім): Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы, 2001.- 256 б.
  22. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бюллетенi. №12. 2008. 124-126 бб.
  23. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленума Верховного Суда Республики Казахстан, нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2005 гг.). – Алматы: Издательство «Норма-К», 2006.
  24. Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тəжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен жəне толықтыруларымен бірге) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жинағы – Астана, 2009. 375-375 бб.
  25. Галкин Б.А. Советский уголовно-процессуальный закон. М., 1962. 98-б.
  26. Толковый словарь русского языка / Под ред. проф. Д.Н. Ушакова. Т.1. - М ., 1935. - С.744.
  27. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. - М., 1958. - С.274.
  28. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. Т.2. - М., 1978. - С.27.
  29. Иванов В.А. Дознание в советском уголовном процессе. - Л. 1966. - С.8.
  30. Готлиб Р.М. Прокурорский надзор за исполнением законов при производстве дознания органами милиции: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. - Л., 1970. - С.4.
  31. Донцов А.М. Проблемы соотношения дознания и предварительного следствия в советском уголовном процессе: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. - Л., 1971.
  32. Қаратаев Т. Сезікті мен айыпталушының қорғану құқығының жүзеге асырылуы барысындағы көкейкесті мәселелер // «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы: оның ережелері, қағидалары және идеяларын жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ҚГЗУ, 2005. – Б. 588-592.
  33. Уголовный процесс. - М., 1972. - С.236.
  34. Кругликов А.П. Правовое положение органов и лиц, производящих дознание в советском уголовном процессе: Уч. пособие. - Волгоград, 1986.- С.13.
  35. Қаратаев Т. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы прокурорлық қадағалау – сезікті мен айыпталушының құқықтарын қорғаудың кепілдігі // «Құқыққорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырудағы ғылымның ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Б. 2– Алматы: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2005. – Б. 244-274.
  36. Каминская В.И. Демократические основы советского социалистического правосудия // Уголовно-процессуальный закон.       - М., 1965. - С.131.
  37. Кругликов А.П. Правовое положение органов и лиц, производящих дознание в советском уголовном процессе: Уч. пособие. - Волгоград. 1986. - С.10.
  38. Каминская В.И. Указ. соч. - С.84. См.: Кругликов А.П. Правовое положение органов и лиц, производящих дознание в советском уголовном процессе: Уч. пособие. - Волгоград. 1986. - С.12.
  39. Мейірбекова Г.Б. Қазақстан Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет. – Алматы, 2007. 184 б.
  40. Тыныбеков С. Қазақстан Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет. Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2003. 317 б.
  41. Н.Ә. <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы