Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:46, курсовая работа

Описание работы

Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу.
1.1 Шетел азаматтарының бала асырап алуы мен оның тарихи аспектісі.
Бала асырап алу – бұл құқықтық институт. Себебі, бала асырап алу заңды актілер арқылы жүзеге асырылады және бала асырап алу, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың белгілі түрі ретінде болуы мүмкін.
Бала асырап алуды үш аспектіде қарастыру қажет:
1) құқықтық механизм ретінде;

Работа содержит 1 файл

бала асырап алу.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

 

 

              2.2 Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы Конвенция аясында реттеу (29.05.1993ж)

   Шетелдік асырап алу балаға тұрақты отбасымен қамтитынын ескере, шетелдік асырап алу, 1989 жылғы Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына,1986 жылғы Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясына,шетелдік асырап алу балаларды сату немесе үрлаумен күрестегі жалғыз құрал екенін ескере отырып осы Конвенция қабылданған болатын.

       Егер қабылдаушы мемлекеттің орталық органы,өтініш беруші тұлғаға бала асырап алуға құқылы деп тапса, ол жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта,отбасы туралы ақпарат, асырап алу себептері, библиографиялық ақпарат,баланың жеке қасиеттерін сипаттайтын құжаттардан тұратын баяндама дайындайды.(15б сәйкес) Егер орталық орган,бала асырап алына алады деп шешсе:

-         жеке басын сипаттайтын ақпараттар, медициналық карта, отбасы туралы ақпарат,асырап алу себептерінен тұратын баяндама дайыдайды;

-         баланың тәрбиесі мен оның этникалық, діни, мәдени байланыстарын ескереді;

-         асырап алу процессі баланың еркі арқылы болуын ескереді;

Екі мемлекеттің де орталық органдары асырап алынған баланың тұрақты тұратын мемлекетке баруын барлық шараларды жасайды.Орталық атқарушы органдар асырап алу процессін бір-біріне хабарлап отырады.Асырап алушы ата-аналарға баланы тапсыру:

-         орталық органның келісімі арқылы;

-         асырап алушы ата-аналар баланың өсіп қалыптасуына жағымды ықпал тигізеді деп танылса;

-         екі мемлекеттің орталық органдары келісіп,асырап алу үлкен орын алады деп таныса жүргізіледі;

    Әр мемлекеттің заңнамасында рұқсат етілсе, орталық органның қызметін, мемлекеттің билік немесе өкілетті ұйымдар жүзеге асырады,сонымен қатар заңмен рұқсат етілсе мемлекеттік өкілетті биліктің бала асырап алу процессін рәсімдеуі заңды болып табылады.

    Асырап алуды тану дегеніміз:

а)  асырап алушы ата-ана мен бала арасындағы өзара қарым-қатынас;

б)  балаға деген асырап алушы ата-аналардың міндеттілігі;

в)  баланың туған ата-аналары арасындағы құқықтық қатынастардың үзілуі;(26 сәйкес)

Егер бала мен оның туған ата-анасы арасындағы құқықтық қатынастапр үзілген жағдайда,ол қабылдаушы мемлекетте сондай құқықтарға ие болады.Асырап алу процессі жедел түрде өткізілуі тиіс,(35б сәйкес)асырап алу қызметіне қатысты ешкімнің қаржылай пайда табуына тікелей тыйым салынады.Асырап алу процессіне қатысушы басшылар,қызметкерлерге жасаған қызметі үшін сыйақы төленбейді.(32б 3п сәйкес)

 

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

Нормативтік құқықтық актілер:

 

1 “Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық туралы” Конвенция (29.05.1993ж)

 

  2    “Бала құқықтары туралы” БҰҰ Конвенциясы  (20.11.1989ж)

 

3          “Балалдарды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі” БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы (3.12.1986ж)

 

4          ҚР Консулдық Жарғысы 1999ж

 

5          “Неке және Отбасы” заңы (17.12.1998ж)

 

Арнайы әдебиеттер:

 

1 Нечаева А.М. “Семейное право” /М.1998г

 

2   Антокольская М.В. “Семейное право”/ М. 1997г

 

3    Пчелинцева Л.М. “Семейное право России”/ М.1997г

 

4 Нечаева А.М. “Охрана детей сирот в России История и современность.”      /М.1994г

 

5       Кабышев О.А “Усыновление. Опека и попечительство над детьми”/ М. 1998

 

                                 

 

                                     Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін балалар құқығын қорғау саласында глобальды өзгерістерге жетті.2002жылы 8 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы Заңы құқығының дамуына өте орасан зор әсерін тигізді.Бала құқығымен байланысты құқықтық актілер мен нормалар біртұтас жүйелік институтты құрады.Осы бала құқығында басты назар аударатын мәселе бала асырап алу мәселесі. Бала асырап алу – бұл құқықтық институт. Себебі, бала асырап алу  заңды актілер арқылы жүзеге асырылады және бала асырап алу, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың белгілі түрі ретінде болуы мүмкін.Бала асырап алудың басты мақсаты толық көлемде заңдармен сәйкес бала құқығын қамтамассыз ету.Тақырыптың өзектілігі:Қазіргі таңда мемлекетіміздегі жалғыз басты аналар мен тастанды балалардың саны күннен-күнге көбеюде.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы шетелге бала асырап алу жүйесіне рұқсат етті.2007 жылғы мәліметтер бойынша 6589 қазақстандық бала шетелдіктермен асырап алынған,бірақ бұл қаншалықты дұрыс,баланың болашақ тағдырының жақсы болуына кім кепіл, бала асырап алу туралы істерге қатысты көптеген процессуалдық заңнама да қателіктер жіберілген және көптеген процессуалдық нормалар  осындай істерді шешу үшін әлсіз күште,оны қалай ретке келтіреміз,асырап алу мәселесін реттейтін басты құжат Гаага конвенциясына сәйкес  асырап алу процессі тез уақытта жүргізілуі тиіс,ал айлап созылып жатқан қазақстандық асырап алу істерін қалай түсіндіруге болады,2007жылы республикамыздың соттарында 715 асырап алу ісі қарастырылған болса,оның барлығы да қанағаттандырарлық шешімін тапқан мұның өзі бала тағдырына бақылаудың жоқтығын білдіреді,республикамызда асырап алу процедураларына тапсырылатын құжаттардың қаншалықты рас екенін анықтайтын орган жоқ Жұмыстың мақсаты:Бала асырап алуға байланысты басты құжаттарға  талдау жүргізу,асырап алу процедураларын жекелеп қарастыру,асырап алу институтының шығу тарихын анықтау,республикамыздағы кетіп жатқан балалар туралы мәлімет алу,практикада жүргізіліп жатқан істермен танысу. Жұмыстың жаңалығы:Қазақстандық жетім балаларды халықаралық асырап алу соттың қатысуынсыз өтілуі тиіс.Бұл шетелдік ата-аналарға балаларды беру процессін қысқартудың жалғыз әдісі.Асырап алынған қазақстандық балалар барған мемлекетінде қамқорлықты талап етеді,бірақ олардың құқықтары біздің заңнамада бекітілген,ал асырап алушы ата-аналар біздің мемлекетіміздің азаматы болып танылмайды,сондықтан республикамыз “Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау және ынтымақтастық” туралы Гаага конвенция қосылуы тиіс.Асырап алу процессінің уақытын қысқарту,оны сәйкесінше бақылау үшін Білім министрлңгі аясында құрылған бала құқығы жөніндегі Комитетпен қамқоршы немесе қорғаншы орган қарастыруы тиіс,ал сот ерекше жағдайда қатысады.Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер;Негізі курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады,әр бөлім екі бөліктен құралған.Бірінші бөлім, Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу деп аталынады. Ол шетел азаматтарының бала асырап алуы мен оның тарихи  аспектісі мен бала асырап алудың құқықтық салдарын қамтиды.Екінші бөлім, Бала асырап алуды құқықтық реттеу деп аталынады.Ол Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы аясында реттеу (20.11.1989ж)  Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында      (03.12.1986ж)

    Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау мен ынтымақтастық туралы Конвенция аясында (29.05.1993ж) реттеуді толық ашып қарастырады.Үшінші бөлім,    Қазақстан Республикасы балаларының шетелге кету салдары деп аталынады.Ол  Шетелге кеткен балалар есебін,

    Бала асырап алу ісі туралы сот практикасын қарастырады.

                     

                             Қорытынды

    Осы жұмысты қорыта келе,әр бір бала мемлекет қамқорлығында болуы тиіс деп ойлаймыз.Отбасы-қоғамымыздың түп тамыры,бала отбасының негізі.Беспаловтың айтуынша баланы асырап алу-бала мүдделерін қорғау үшін сотпен қолданылатын әдіс.

    Бала асырап алу кезінде объективті және субъективті критерийлер қолданылады. Объективті критерийге бала асырап алушының отбасында  баланың дұрыс дамуына, тәрбиелену мен білім алуға  жағдайлардың болуы. Субъективті критерийге бала асырап алушыға тікелей қатынастың болуы, яғни ол баланы бағу ғана емес, сонымен қатар оның дұрыс тәрбиеленуін қамтамасыз ету. Бала құқығымен байланысты құқықтық актілер мен нормалар біртұтас жүйелік институтты құрайды.Сонымен қатар оқу орындарында бұл құқықтық норма жүйесі арнайы және терең оқылмайды.Бала өз құқығын және оны қорғауға деген мүмкіншіліктерін білуі қажет.Сонымен қатар жоғарғы оқу орындарында бала құқығы деп аталынатын арнайы курс енгізу және оған оқулықтар мен нормативтік құқықтық актілер жинағын шығару қажет.Тастанды балалардың көбеюі мемлекеттік жүйеде әлеуметтік қамтамассыздандырудың жалғыз басты аналар мен кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы мен жеңілдіктердің  аздығы себеп деп ойлаймыз.Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік жәрдемақыны өздері белгілейді және олардың төлемдерін өздері жүзеге асырады.Бұл әрекеттің өз бетінше әр аймақта әртүрлі әлеуметтік жәрдемақы көлемінің жүзеге асырылуына әкеліп соқтырады,ал бұл адам құқықтарының бұзылуын білдіреді.

  Сонымен, бала құқығын қамтамассыздандыру мен бала құқықтарын қорғау бойынша ұлттық заңнамаларды халықаралық стандарттық деңгейде жеткізуіміз тиіс.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық құқық кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жүмыс

ТАҚЫРЫБЫ:“Халықаралық асырап алу,қорғаншылық және қамқоршылық”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                           Тексерген:

                                                                                           Нысанбекова Л.Б.

                                                                                           Орындаған:Ералиева Ә                                                                                                                                                                                

                                                                                           Тобы:МП-41К

 

 
 
 
                                            Алматы-2007ж   

 

 

 

 

 

 



[1] Гойхбарг А.Г. Сравнительное семейное право. М.: 1927

[2] Римское частное право:Учебник//Под ред.проф.И.Б.Новицкого и проф.И.С.Перетерского, М.:1994

[3] Созақбаев С.У. Тәуке хан. Жеті Жарғы (Танымдық әдебиет). Алматы,1994

[4] Бошко В.И. Очерки советского семейного право. Киев:1952

[5] Заллеский В.В., Авилов Г.Е., Вильданов М.М. Основные институты гражданского право зарубежных стран. М.:1999

[6] КазИНФОРМ 16.05.2007

[7] Базарбаев Б.Б., Басин Ю.Г. Семейное право. А.:1984

[8] Справка Управление организации юридических услуг Министерства Юстиции РК “О результатах обобщения практики органов записи актов гражданского состояние республики по вопросам регистрации усыновления за 1999 года”.

[9] Материалы архива суда Ауэзовского района г.Алматы 1999г

[10] Казахстанская правда 9 январь 2001 года.


Информация о работе Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу