Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:46, курсовая работа

Описание работы

Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу.
1.1 Шетел азаматтарының бала асырап алуы мен оның тарихи аспектісі.
Бала асырап алу – бұл құқықтық институт. Себебі, бала асырап алу заңды актілер арқылы жүзеге асырылады және бала асырап алу, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың белгілі түрі ретінде болуы мүмкін.
Бала асырап алуды үш аспектіде қарастыру қажет:
1) құқықтық механизм ретінде;

Работа содержит 1 файл

бала асырап алу.doc

— 210.50 Кб (Скачать)


1 Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу.

 

1.1 Шетел азаматтарының бала асырап алуы мен оның тарихи аспектісі.

Бала асырап алу – бұл құқықтық институт. Себебі, бала асырап алу  заңды актілер арқылы жүзеге асырылады және бала асырап алу, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың белгілі түрі ретінде болуы мүмкін.

Бала асырап алуды үш аспектіде қарастыру қажет:

1)       құқықтық механизм ретінде;

2)       заңды процедурасы ретінде;

3)       құқықтық-қатынас ретінде.

Бала асырап алудың құқықтық механизмі ретінде – бала асырап алушы мен асырап алынушы арасында пайда болатын процесстерді реттейтін материалдық құқықтық нормаларының жиынтығы ретінде түсінуге болады;

Бала асырап алудың заңды процедурасы ретінде – бұл бала асырап алу қатынастары бойынша сот ісі арқылы, камқоршы мен қорғаушы органдарының әрекеттерінің жиынтығы. Бала асырап алудың заңды процедурасының қорытындысы сот билігінің актісінің шығуы жолымен – бала асырап алу туралы сот шешімі арқылы жүзеге асырылады;

Бала асырап алудың құқықтық-қатынастары ретінде – отбасы құқығында жалпы теориялық мәселелеріне негізделеді. Отбасы құқықтық-қатынастардағы бала асырап алудың арнайы субъектісі, объект және мазмұны тән.

Бала асырап алу – бұл кешенді метериалды-құқықтық және процессуалды-құқықтық нормаларды құрайтын және баланы отбасында тәрбиелеуге алатын қатынастарды реттейтін құқықтық институт болып табылады. Бала асырап алудың мақсаты толық көлемде заңдармен сәйкес бала құқығын қамтамасыз ету.

Бала асырап алу кезінде объективті және субъективті

критерийлер қолданылады. Объективті критерийге бала асырап алушының отбасында  баланың дұрыс дамуына, тәрбиелену мен білім алуға  жағдайлардың болуы. Субъективті критерийге бала асырап алушыға тікелей қатынастың болуы, яғни ол баланы бағу ғана емес, сонымен қатар оның дұрыс тәрбиеленуін қамтамасыз ету.

              Мемлекет пен құқықтың және отбасының пайда болуы бала асырап алудың құқықтық институты да пайда болды. Бала асырап алу қазіргі және бұрынғы кезеңде екі нысанда болды: жеке, яғни баланы бөлек отбасында асырап алу, және қоғамдық, яғни бала асырап алушы жеке тұлға ретінде емес, біртұтас ұйым ретінде бала асырап алу. Афина өз уақытысында Аристида қыздарын асырап алған, Рим Публикола мен Деция қыздарын асырап алған. Солон “отанды қорғаушылардың” балаларын асырап алу туралы заң шығарған.[1] 

              Жеке бала асырап алу римнің жеке құқығында әйгілі болды. Рим некесінде туылмаған балалар, ата-аналарының балаларына билігін жүргізу ретінде заңдастыру, яғни бұл бөтен балаларға билік жүргізу ретінде қарастыру. Бала асырап алу arrogatio нысанымен айрықшаланды, яғни егер бала асыралып алынушы persona sui juris болса (яғни, тұлға ата-анасының билігінен еркін болу), және бала асырап алу adoptio нысанда болуы, бұл бала асыралып алынушы persona alieni juris болса (ата-анасының билігі әкесінде болуы). Тағы да белгісіз мәліметтер бойынша бала асырап алудың үшінші түрі болған – adoptio testamentaria бұл бала асырап алушының өсиеті бойынша бала асырап алу ретінде қарастырылды.[2] Сонымен рим заңгерлері бала асырап алу механизмін құрды және  бұл басқа да жеке-құқықтық институттар ретінде жүйеленіп, қазіргі заманғы құқықта да жүйелендірілді.

              Қазақстанда бала асырап алу институтының пайда болуын қарастырсақ, қазақтың әдет-ғұрып құқығының неке-отбасы нормаларын алып қараса болады. Олар Есім ханның, Қасым ханның және Тәуке ханның заңдарында бекітілген. Әсіресе, Тәуке ханның “Жеті Жарғы” заңы өзіне көп көңіл бөлдіреді. Бала асырап алу  институты қазақ қоғамында әртүрлі нысанда болды, олардың бірі амангерлік институты – бұл әкесіз немесе  ата-анасының екеуінсіз қалған балаларды қамқорлыққа алу, яғни қайтыс болған еркектің балаларын ұрпақ қалдыру үшін амангерлік институты қолданылған, яғни қайтыс болған күйеуінің ағасына (немесе інісіне) тұрмысқа шығу[3]. Қайтыс болғанның ағасы оның балаларына туған әкесі ретінде болды.  Қазақтарда бала асырап алу екі туысы немесе екі куәгердің көзінше жүзеге асырылған.

              XIX ғасырда ресей құқығында бала асырап алу институты рұқсат етіле бастады, бірақ кейбір шектеулермен. Егер бала асырап алушы шаруа болса, онда асырап алынушы шаруа құқығына ие болмады және патшаның рұқсатынсыз асырап алынушы бала асырап алушының тегін алуға құығы болмады. Сонымен қатар бала асырап алушының ұрпақтан келе жатқан мүліктеріне мұра болу құқығына иеленбеді.[4]

              Тарихта көптеген оқиғалар белгілі, сонын ішінде қараусыз қалған балаларды мемлекетпен асырап алынған, 1917 жылы Францияда  “мемлекетпен асырап алынған балалар туралы” заң шығарылған. Бұл Заң олардың ата-анасы немесе олардың туыстары соғыстың құрбандары болған немесе соғыстың әсерінен ауыр жарақатталған немесе қатты аурудан тұралмай, балаларын асыра алмайтын адамдар үшін таралған. Сондай-ақ, Италияда 1917 жылы 9 шілде айында “Соғыстан жетім қалған балаларды қамқор көрсету мен көмектесу туралы” Заң қабылданған.

              Бала асырап алу институты неке мен отбасы институтымен тығыз байланысты. Ата-анасының бірі некеге тұрған кезде өгей әкесі немесе өгей шешесі жағынан бала асырап алуына әкелді.

              Қазақстан Республикасы 1998 жылы 17 желтоқсанда “Неке және отбасы туралы” Заң қабылдады. Бұл заңда бұрынғы әлеуметтік көзқараспен көңілге алмаған мысалы, неке тұру келісімі, ерлі-зайыптардың мүлкін белгілейтін диспозитивті нормалар, суррогат ана және т.б. сиқты көптеген новеллалар бар. Отбасы құқығы салт бойынша жеке құқықтың бір бөлігі болған және сол үшін де жеке кодекстің қабылдауын керек етпеді. Заң толық көлемде отбасы-неке қатынастарының негіздерін реттей алды. Бұл бірінші кезекте отбасы-неке қатынастарының тараптарының құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету нормалары болды. Олардың ішінен аса маңызды нормалардың бірі – кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мен сақтау болып табылады. Бала асырап алу мәселесі де шетте қалмады. Көптеген елдерде  бала асырап алу мәселесі тікелей азаматтық кодекс арқылы реттеледі.1804 жылғы Францияның азаматтық кодексі “Тұлғалар туралы” Бірінші кітабы, ол 12 бөлімнен тұрады, 9-шы бөлімі “Бала асырап алу” деп аталады.1896 жылғы Герман Азаматтық Ережесі бес кітаптан тұрады, бала асырап алу мәселесі “Отбасы құқығы” деп аталатын төртінші кітабында шешілген. 1942 жылы Италияның азаматтық кодексі қабылданды, неке-отбасы қатынастары “адамдар мен отбасы” деген он төрт бөлімнен тұратын бірінші кітабында реттелінген. 1970 жылғы Нидерландының Азаматтық Кодексі бірінші кітабы “отбасы және тұлғалар туралы” бұлда отбасы құқығының нормаларымен бірге, бала асырап алу нормаларын да қарастырады.[5]

 

 

 

 

             1.2 Бала асырып алудың құқықтық салдары.

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты және солардың  мүдделеріне сәйкес ғана ұл немесе қыз асырап алуға жол беріледі.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұл балаларды  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған жағдайларда ғана шетелдіктерге асырап алуға, не балалардың туыстарына осы туыстарының азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан асырап алуға берілуі мүмкін.

Балалар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, балалардың туысы емес шетелдіктерге аталған балалар орталықтандырылған есепке қойылған күннен үш ай өткеннен соң асырап алуға берілуі мүмкін.

Бала асырап алғысы келетін шетелдіктер:

-         баланы жеке өзі таңдап алуға,

-         кемінде екі апта бойы тікелей жақын араласуға,

-         қорғаншы мен қамқоршы органға баланы асырап алғысы келетіні туралы жазбаша арыз өткізуге,

-         мемлекеттік лицензиялар негізінде осындай қызметті жүзеге асыратын агенттіктер беретін ықтимал ата-аналардың қаржы жағынан әл-ауқаты туралы анықтама,

-         отбасы жағдайы туралы анықтама,

-         денсаулық жағдайы және жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама беруге міндетті.

Тұлғалардың өтініші арқылы сот асырап алу процедурасын жүзеге асырады.Сот процессінде міндетті тәртіпте асырап алушының жағдайы тексеріледі.Шетелдіктер асырап алуы үшін қосымша процедуралардан өтуі тиіс.Шетел тұлғалары баланы алып кетуі үшін құзыретті органның рұқсатын алуы тиіс, консулдық есепке енгізу үшін келесідей құжаттар:

-         асырап алынған баланы консулдық есепке енгізуі үшін өтініш

-         асырап алушының жеке басын анықтайтын құжаты

-         баланың 2 суреті

-         баланың нотариалды куәландырылған туу туралы куәлігінің көшірмесі

-  нотариалды куәландырылған асырап алу куәлігінің көшірмесі тапсырылуы тиіс

        Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген ережелер бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді.Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды.Қазақстан Республикасында аймақтық,орталық есеп жүргізіледі немесе Қазақстан Республикасы азаматтары үшін арнайы журнал есебі жүргізіледі.Бала асырап алатын тұлға біріншіден құзыретті органға арыз жазуы тиіс.Асырап алу үшін арызға келесідей құжаттар қосылып тапсырылады:

-         баланың туу туралы куәлігі

-         құзыретті органдардың денсаулық жағдайына байланысты медициналық қорытындысы

-         заң талап етсе,баланы асырап алу үшін ата-анасының келісімі

-         бала 10 жасқа толса , баланың келісімі

-         өтініш беруші асырап алушы екендігін куәландыратын дәлелдер

-         асырап алушының өмір сүру жағдайын тексергендегі қорытынды құжат

Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Сонымен қатар, сот баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің  көшірмесін шешім шығарған орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органға жіберуге міндетті. Бала асырап алу азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуі үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Бала асырап алуға бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты дамуы, тәрбиеленуі және білім алуы үшін жағдайлар болған кезде рұқсат етіледі.

Мына адамдар:

1)                         сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі  деп таныған адамдарды;

2)                         сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі  деп таныған ерлі-зайыптыларды;

3)                         сот арқылы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

4)                         өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдарды;

5)                         егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдарды;

6)                         денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, қай жыныстан болса да кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар бола алады. Баланы асырап алуға, оны қорғаншылығына (қамқоршылығына) алуға, патронатқа алуға болмайтын адамның бойындағы ауруларының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардың белгілі бір баланы бірлесіп асырап алуына болмайды. Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиіс және сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылған болуы мүмкін.

Баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. Жасы он алтыға жетпеген, кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын асырап алғанда, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе қорғаншыларының (қамқоршыларының), патронат тәрбиешілерінің келісімі, ал ата-аналары немесе қорғаншылары (қамқоршылары) болмаған жағдайда – қорғаншы және қамқоршы органның келісімі қажет. Бала асырап алуға ата-аналардың келісімі нотариат куәландырған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын мекеменің басшысы растаған не бала асырап алу жүргізілген орындағы немесе ата-ананың тұрғылықты жеріндегі қорғаншы және қамқоршы орган бекіткен арызда көрсетілуге тиіс, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін. Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы.

Ата-аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей-ақ баланы асырап алуына келісім беруі мүмкін. Қорғаншы және қамқоршы органдар сотқа баланы асырап алудың бала мүдделеріне сай келетіні туралы қорытынды береді. Мұндай қорытынды баланы оның өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған кезде талап етілмейді.

Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған балаларды асырап алу үшін олардың қорғаншыларының (қамқоршыларының) жазбаша түрдегі келісімі қажет, ал патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алу үшін патронат тәрбиешілерінің жазбаша түрдегі келісімі қажет. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелердегі балаларды асырап алу үшін осы мекемелер басшыларының жазбаша түрдегі келісімі қажет.

Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу, егер ата-аналарын: сот белгісіз немесе өлген, хабар ошарсыз кеткен деп таныса; сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; сот ата-ана құқықтарынан айырса және баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді.

Асырап алынған баланың өз аты, әкесінің аты және тегі сақталады. Бала асырап алушының өтініші бойынша, егер бұл балаларның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, асырап алынған балаға бала асырап алушының тегі, сондай-ақ ол ұсынған ат беріледі. Асырап алынған баланың әкесінің аты болып, егер бала асырап алушы еркек болса, асырап алушының аты, ал егер асырап алушы әйел болса, асырап алынған баланың әкесі ретінде сол әйел ұсынған адамның аты танылады. Егер бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың тектері әртүрлі болса, бала асырап алушы ерлі-зайыптылардың келісімдері бойынша, асырап  алынған балаға олардың біреуінің тегі беріледі.

Информация о работе Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу