Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:46, курсовая работа
Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу.
1.1 Шетел азаматтарының бала асырап алуы мен оның тарихи аспектісі.
Бала асырап алу – бұл құқықтық институт. Себебі, бала асырап алу заңды актілер арқылы жүзеге асырылады және бала асырап алу, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың белгілі түрі ретінде болуы мүмкін.
Бала асырап алуды үш аспектіде қарастыру қажет:
1) құқықтық механизм ретінде;
3.2 Бала асырап алу ісі туралы сот практикасы.
Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім нысанында шығарылады. Кейбір жағдайларда, іс мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі ұйғарым түрінде шығарылады. Жалпы бұларға сот азаматтық істер бойынша сот актілерін шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды. Басқа сот актілеріне қарағанда, тек ғана сот шешімі толық көлемде сот негізінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын басшылыққа алады. Бала асырап алу ісі бойынша, бала асырап алушы сотқа жүгінгенде сот оған қатысты өз қорытындысын шығарады.
Империтивті күші бар отбасы құқығының нормаларын қолданған кезде, сот шешімінің міндеттілігі одан да үлкен маңызға ие болады. Ал, императивті күші бар нормалар бала асырап алу істеріне байланысты айқын көрініс табады.[7]
Сот шешімінің барлық негізгі қасиеттеріне бала асырап алу істері бойынша тән:
а) жеке анықталған сипат, яғни бала асырап алу бойынша құқықтық қатынастың даулы субъектісі ретінде сот шешімінің заңды күші субъективті шегі таралған нақты жолданушы тұлғаның болуы;
ә) өкілетті органмен шешімнің шығарылуы, яғни соттың ғана әділеттіліктің жүзеге асыруына құқығы бар;
б) заңды факті ретінде шығуы, нәтижесінде бала асырап алу бойынша құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін.
Сот шешімінің қасиеттеріне тиісті теориялық мәселелер, азаматтық іс жүргізу құқығының сот шешімінің мәселесі бойынша жүйеленген, бірақ бала асырап алу істерінде бұл ешқандай теориялық және практикалық мағынада көрініс таппады.
Бірінші атап көрсетілген сот шешімінің қасиеттері маңызды прагматикалық мағынаға ие. Кеңес Үкіметі кезінде отбасы заңнамасында ата-аналардың бала асырап алудан бас тарту құқығы болған. Мұндай жағдай теория саласында да орын алған. Ата-аналардың бала асырап алудан бас тарту құқығы Қазақстан Республикасының “неке және отбасы” заңында көрсетілген. Алайда ата-ананың бас тарту құқығын тек ерекше жағдайда қарастыру керек. Сот шешімі шыққаннан кейін және өз күшіне енгеннен соң баланың ата-анасы мен асырап алушылар бөлек тұрады және сонымен қатар сот, бала асырап алу құпиялылығы туралы нормалар арқылы бала асырап алушыларды бұрынғы баланың ата-анасының іздеулерінен қорғайды.
Осы жерден қорытынды жасасауға болады, оның туған ата-анасын балаға қатысты құқықтарын айыру туралы сот соңғы және қайтарымсыз шешім шығарады. Кейбір жағдайларда, баланың мүдделерін ескере отырып, кейде белгілі шектерде бала мен ата-анасының арасындағы қатынас сақталуы мүмкін. Содай-ақ, ата-ананың біреуімен жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері сақталуы мүмкін. Практикада, мұндай істің болуы теріс көзқарасты көрсетеді және мұндай бала асырап алу істерінен көптеген дұрыс емес құқықтық салдардың туындауы мүмкін. Жалпы айтатын болсақ, ата-ананың біреуінің балаға мұндай құқығының сақталуы, бала асырап алудың жолын қиындатады және бұл келешекте баланың тәрбиесіне байланысты өте үлкен бөгет алып келеді. Бұл үшін бала асырап алу механизмі нормалармен жақсы бекітілген болуы керек және бала асырап алушы мен баланың ата-анасы арасындағы өзара қарым-қатынасқа келу үшін арнайы келісімге отыруы керек. Алайда мұндай келісім барлық туындайтын мәселелерді шешпейді, сонымен қатар теория мен практика мұндай келісімді әлі жасаған жоқ.
Мұндай мәселені шешу үшін сот практикасы қызық жолын тапты. 2000 жылдың 28 сәуірінен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумінің Қаулысымен ата-анасы құқықтарынан айрылған деп – баланың кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі құқықтары, яғни баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына қамқор болу, балалардың орта білім алуына, олардың мүдделерін қорғау және өкіл болу, баланы асырауға келісімін беру не бермеу сияқты тағы да басқа құқықтары көрсетілген.
Жоғарғы Соттың келтірілген құқықтары бірінші кезекте ата-аналар құқығынан айрылудың құқықтық салдарын толық көлемде анықтау үшін өте үлкен маңызы бар.
Бала асырап алу ісі бойынша сот құқықтың қолдануымен ерекше акт шығарады және өзіне берілген құқықтарына сәйкес бала асырап алушылардың барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Бала асырап алу ісі жөнідегі сот шешімінің нәтижесі бойынша республиканың барлық соттары Заң нормаларын сақтамайтыны туралы көрсетті. Зыряновск ауданының АХАЖ бөлімінде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласының сотымен 1999 жылы бала асырап алу туралы шығарылған он шешімнің төртеуі қайта рәсімдеуге жіберілді және ол жерде асырап алынған баланың туған жылы мен жері, атын, тегін өзгерту туралы мәліметтер болған. Осындай қателіктері Атырау облысының Құрманғазы ауданының сотында болған.[8]
Сонымен қатар сот шешімінің құрылысына да назар аудару керек. Кейбір соттарда, әсіресе Алматы қалалық Әуезов Сотында шешімнің талабына заң нормаларының сай келмейтіні анықталды. 1999 жыл бойынша, осы сотпен шығарылған жиырма бес шешімнің, сотпен қабылданған толық немесе қысқартылған шешімдері туралы түсінуге мүмкін еместігін көрсетті. Олардың көбі бір беттік көлемінен аспаған, ал егер олардың мазмұнын айтып өтсек,
кіріспе бөлімінде: “Қазақстан Республикасының Алматы қалалық Әуезов аудандық соты” процесстің қатысушылары көрсетілген:
1) төраға;
2) сот отырысының хатшысы;
3) прокурор.
Әрі қарай мәліметтер көрсетілген, яғни 1999 жылдың 7 маусым айында ашық сот отырысында бала асырап алу туралы Б.С.Б-нің арызы бойынша іс қарастырылған. Қорғау және қамқоршы органның, бала асырап алушының, баланың ата-анасы, тағы басқа мүдделі тұлғалардың қатысу белгілері көрсетілмеген. Іс заңды бұзушылықпен ашық сот отырысында қарастырылған.
Келтірілген шешімнің “сипаттау, дәлелдеу және қорытынды” бөлімдерін сипаттасақ, Бекітті:
Б.С.В. азамат, Ш.С. 4.09.1992 жылы туылған, оның Ш.С.В жұбайының баласын асырап алу туралы өтінішпен қаралды.
Сот отырысында Б.С.В. азамат өтінішін қанағаттандыруын талап етті.
Баланың шешесі Ш.С.В оның баласының Б.С.В. жұбайымен асырап алуына келісті.
Баланың әкесі Ш.А.Б, Б.С.В. азаматымен оның баласын асырап алуға келісті.
Сот отырысында қорғаушы және қамқоршы органның өкілдігі Ш.С. мен Б.С.Б екеуінің бала асырап алуына қарсы болмады.
ҚР “Неке және отбасы” Заңының 76-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларға қатысты және олардың мүдделеріне сәйкес ғана бала асырап алуға жол беріледі.
Сотпен бекітелгендей, Ш.С.-тің асырап алынуға өтініш берушіге ешқандай наразылығы жоқ.
Сонымен, өтінішті қанағаттандыру үшін негіз бар.
ҚР АІЖК 243-бабын басшылыққа ала отырып, сот
Б.С.Б. азамат 4.09.1992 жылы туылған кәмелетке толмаған Ш.С. аырып алуын жүргізсін.
Б.С.Б. азамат Ш.С. баланың әкесі ретінде жаздырту Ш.С.-тің шешесін өзгеріссіз қалдыру.
Ш.С. тегі мен атын өзгертіп, оған Б. деген тегін жаздыру. Баланың атын, туған жылы мен жерін өзгеріссіз қалдыру.
Шешім 10 күн ішінде қалалық сотта шағымдалуы мүмкін.[9]
Судья А.
Келтірілген шешім “заңды мен филологиялық білімсіздіктің эталоны” болып табылады.
2000 жылғы 22 желтоқсан айының Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Пленумінің “Бала асырап алу туралы істерді сотпен қарастыру арқылы неке және отбасы туралы кейбір мәселелерді сот заңнамасын қолдану туралы” Қаулысы бойынша: шешімінің қорытынды бөлімінде бала асырап алу туралы талап қоюшының өтінішін қаағаттандыру, сонымен қатар туу жөніндегі жазба актілеріне кейбір өзгерістер енгізу, сондай-ақ бала асырап алушының туу туралы жазба кітабына баланың ата-анасы ретінде жазу, егерде арызда яғни оның аты, тегі, туған жылы мен жерін өзгерту туралы он жасқа толған баланың келісімі болған жағдайда, асырап алынған баланың ата-анасының бірі немесе баланың қайтыс болған ата-анасының туыстарының бірінің жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтарының сақталуы туралы арыз беруші мен мүдделі тұлғалардың жолдануы бойынша мәселелер сотпен дұрыс шешім шығарылса”.[10] Бұл қаулы қазіргі уақытта бала асырап алу ісін қарастыру бойынша соттар үшін негізгі құжат болып табылады.
Басты мәселе бойынша қорыта келсек, бала асырап алу туралы істерге қатысты көптеген процессуалдық заңнама да қателіктер жіберілген және көптеген процессуалдық нормалар осындай істерді шешу үшін әлсіз күште. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар процессуалдық заңнама жергілікті нормаларда есепке алынуы тиіс. Енді альтернативті вариант ретінде, біртұтас кешенді құқықтық акт, яғни бала асырап алу туралы барлық мәселелер материалды-құқықтық ретінде, сондай-ақ процессуалды-құқықтық мағынада шешілуі керек. Сонымен қатар, отбасы істері және кәмелетке толмағандардың істері бойынша арнайыландырылған соттар құрылуы керек.
Кіріспе
1 Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу
1.1 Шетел азаматтарының бала асырап алуы мен оның тарихи аспектісі.
1.2 Бала асырап алудың құқықтық салдары.
2 Бала асырап алуды құқықтық реттеу.
2.1 Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы аясында реттеу (20.11.1989ж) Балаларды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында реттеу (03.12.1986ж)
2.2 Шетелдік асырап алу қатынастарына байланысты балаларды қорғау мен ынтымақтастық туралы Конвенция аясында реттеу(29.05.1993ж)
3 Қазақстан Республикасы балаларының шетелге кету салдары.
3.1 Шетелге кеткен балалар есебі.
3.2Бала асырап алу ісі туралы сот практикасы.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
2.1 Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы аясында реттеу (20.11.1989ж) және Балалдарды ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алу мен тәрбиелеуге беру жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы аясында реттеу (3.12.1986ж)
Отбасы-қоғамның негізгі түбірі екенін ескере отырып, бала құқықтарын қорғау,баланың толық көлемде дамуына жағдай жасау,баланың өмір сүру жағдайын жақсарту,осы салада халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында,баланың өмір сүру деңгейін күшейтуде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере келе,Адам құқықтары туралы Жалпы декларацияда адам құқықтарының діни , саяси,әлеуметтік деңгейіне,тілі мен түсіне қарамастан құқықтары шектелмейтінін ескере келе, Азаматтық және саяси құқықтары туралы Халықаралық пакт,1924жылғы Бала құқықтары туралы Женева конвенциясына сүйене отырып “Бала құқықтары туралы” Конвенция қабылданған болатын.Осы конвенцияға сәйкес 18 жас мөлшеріне жетпеген адамзат баласы “бала” болып танылады делінген (1бапқа сәйкес)Әр бала өмір сүруге құқылы.Осы Конвенция ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар құқығы мен бала асырап алу мәселесіне 20-21 баптарда тоқталған.Тұрақты немесе уақытша ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттен арнайы қорғау мен көмек алуға құқылы.(20б 1п сәйкес) Әр мемлекет өз ұлттық заңнамасына сәйкес мұндай балаларға қақорлық жасайды.Мұндай қамқорлық,мұсылман құқығы бойынша “кафала” тәрбиелеуге беріледі,асырап алу немесе бала қамқорлығымен айналысатын арнайы мекемеге орналастыру болып табылады.(20б 3п сәйкес) Бала асырап алу жүйесіне рұқсат етілетін мемлекеттер,бірінші кезекте бала мүдделерін қорғауды қамтамассыз етеді.Олар:
- асырап алу тек өкілетті билік органдарымен рұқсат етілуін қамтамассыз етіледі
- кейбір мемлекеттерде бала асырап алу балаға қамқорлық жасаудың альтернативті әдісі ретінде қарастырылады деп танылады,егер балаға өз мемлекетінде сәйкес тәрбие беру мүмкіндігі жоқ болса , ол шетел азаматы арқылы асыралынып алынады.
- басқа мемлекетте бала асырап алынатын болған жағдайда,ішкі мемлекеттік асырап алу қатынасына қолданылатын нормалар мен кепілдіктердің болуын қамтамассыз етеді.
Бала өз аиа-анасының қамқорлығы мен жауапкершілігінде өсуінің тиістілігін ескере, қарулы қақтығыстар, экономикалық кризис, әлеуметтік мәселелер, табиғи опаттар,ішкі дағдарыс салдарынан ата-ана қамқорлығынан айрылған балалардың санының көбеюін ескере,асырап алу немесе тәрбиеге беру процедураларының бала мүдделері қорғау үшін екенін ескере, әлемдік негізгі құқықтық жүйеде әртүрлі пайдалы альтернативті институттаврдың бар екенін,мысалы мұсылман құқығы бойынша “кафала” ескере,Экономикалық,
Информация о работе Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу