Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 11:46, курсовая работа

Описание работы

Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу.
1.1 Шетел азаматтарының бала асырап алуы мен оның тарихи аспектісі.
Бала асырап алу – бұл құқықтық институт. Себебі, бала асырап алу заңды актілер арқылы жүзеге асырылады және бала асырап алу, сонымен қатар қоғамдық қатынастардың белгілі түрі ретінде болуы мүмкін.
Бала асырап алуды үш аспектіде қарастыру қажет:
1) құқықтық механизм ретінде;

Работа содержит 1 файл

бала асырап алу.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

Баланы некеде тұрмайтын адам асырап алған жағдайда, оның өтініші бойынша туу туралы кітапқа асырап алынған бала шешесінің (әкесінің) тегі, аты мен әкесінің аты осы адамның (бала асырап алушының) көрсетуі бойынша жазылады. Бала асырап алудың құпиялылығы талап еткен жағдайларды қоспағанда, он жасқа жеткен асырап алынған  баланың тегі, аты мен әкесінің аты тек сол баланың келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін және асырап алынған баланың тегі, аты және әкесінің аты өзгертілгені туралы оны асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі.

Асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша, ал бала асырап алушылар және олардың туыстары асырап алынған балалар мен олардың ұрпақтарына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер жағынан тегі бір туыстарға теңестіріледі. Асырап алынған балалар  өздерінің ата-аналарына (өздерінің туыстарына) қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады. Баланы бір адам асырап алған жағдайда, егер бала асырап алушы еркек болса, әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттердің сақталуы мүмкін.

Асырап алынған баланың меншігіндегі мүліктің сақталуы үшін бала асырап алушы жауапты болады. Бала асырап алудан бас тартқан жағдайда бұл мүлікті қайтару жөніндегі міндет те бала асырап алушыға жүктеледі. Асырап алынған баланың ата-анасының біреуімен немесе қайтыс болған ата-анасының туыстарымен қарым-қатынастары сақталуы жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде көрсетіледі. Баланың туу туралы акт жазбасындағы бала асырап алушылардың ата-анасы ретінде жазылуына қарамастан құқықтық салдары пайда болады.

Бала асырап алуды жарамсыз деп тану асырап алу туралы шешім жалған құжаттар негізінде қабылданған, сонымен қатар заң бойынша міндетті болса да, бала асырап алу ата-аналардың келісімінсіз жасалған және некеде тұрған адам жұбайының келісімінсіз бала асырап алған жағдайларда жарамсыз деп танылады. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізіледі. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы істі сот қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қарайды. Сонымен қатар бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талапты асырап алынушының ата-аналары, асырап алушының жұбайы, бала асырап алуға байланысты құқықтары бұзылған адамдар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы орган қоюға құқылы.

Бала асырап алудың құпиялылығы заңмен қорғалады. Бала асырап алу туралы шешім шығарған судьялар немесе бала асырап алуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған лауазымда адамдар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған адамдар бала асырап алудың құпиялылығын сақтауға міндетті.

Бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан кезден бастап бала асырап алу жарамсыз деп танылады. Бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, асырап алынған баланың және асырап алушылардың өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер мұны баланың мүдделері қажет етсе, баланың және оның ата-анасының өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі. Ата-ананың талап етуі бойынша балаға бұрынғы аты, әкесінің аты және тегі беріледі.

Сот бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

Бала асырап алушылар өздеріне жүктелген міндеттерін орындаудан жалтарған, ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, асырап алынған балаға қатал қараған, соның ішінде оған күш қолданып немесе психикалық зорлық-зомбылық етіп, жыныстық пәктігіне қастық жасаған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған жағдайда баланы асырап алудың күші жойылуы мүмкін.

Сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, басқа да негіздер бойынша баланы асырап алудың күшін жоюға құқылы.

              Бала асырап алудың күшін жою сот тәртібімен жүргізіледі және бала асырап алудың күшін жою туралы іс қорғаншы және қамқоршы органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заң күшіне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады. Сот бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісі бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.

              Сот бала асырап алудың күшін жойған кезде, асырап алынған баланың және баланы асырап алғандардың, бала асырап алушылар туыстарының өзара құқықтары мен міндеттері тоқтатылады және егер баланың мүдделері талап етсе, бала мен оның ата-анасының өзара құқықтары мен міндеттері қалпына келтіріледі. Бала асырап алудың күші жойылған кезде бала сот шешімі бойынша ата-анасына беріледі. Ата-аналары болмаған кезде, сондай-ақ баланы ата-анасына беру оның мүдделеріне қайшы келсе, бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі. Сот баланың асырап алынуына байланысты оған берілген аты, әкесінің аты және тегі сақталу-сақталмау мәселесін де шешеді. Он жасқа толған баланың атын, әкесінің атын немесе тегін тек оның келісімімен ғана өзгерту мүмкін болады.  3.Қазақстан Республикасы балаларының шетелге                                                         кету салдары.

3.1Шетелге кеткен балалар есебі

     Шетел азаматтарымен 2006 жылдың сәуірдегі қорытынды бойынша 5394 қазақстандық бала асырап алынған,оның 4750 АҚШ азаматтарымен асырап алынған.[6] Шетел азаматтарымен асырап алынған балалар саны 2007 жылдың қорытындысы бойынша  6589 жеткен.Қазіргі таңда 93мың жетім бала тіркелген,жыл сайын оның саны 10 мыңға  көбеюде.Бас прокуратура есебімен,Астанада 1 қамқоршыға 60 мың,Алматыда 40 мың,Оңтүстік Қазақстанда 90 мың бала тиесілі.Асырап алушылардың 20% туыстары арқылы, халықаралық асырап алу үлесі 20-23%,бедеу ата-аналар үлесі 15-20% тиесілі.

     Алғашқы халықаралық асырап алу 04.11.1992жылы Өскемен қаласында тіркелді.Елубаева Жұлдыз Болатқызы АҚШ азаматтары Симнор Эдвардпен Симнор Кэренмен асырап алынды.

        Статистика бойынша кеткен балалар есебі:

 

Кеткен уақыты

Тіркелген асырап алушылар саны

халықаралығы

1992 ж

 

1

1993 ж

568

12 (2,1 %)

1994 ж

609

14 (2,3 %)

1995 ж

543

2 (0,4 %)

1996 г

433

-

1997 ж

427

-

1998 ж

398

2 (0,5)

1999 ж

343

42 (12.2 %)

2000 ж

409

70 (17%)

2001 ж

443

87 (19,6%)

2002 ж

429

93 (21,7 %)

2003 ж

423

89 (21 %)

2004 ж

407

93 (22,8 %)

2005 ж

395

89 (23 %)

 

 

 

 

2002-2005 жылдар аралығындағы қорытындылар бойынша шетелдік азаматтардың  5 жэасқа дейінгі балаларға сұранысының көп екенін байқауға болады.

 

 

Кеткен уақыты

 

Барлығы

жынысы

Ұлты

Жас мөлшері

 

ұл

қыз   қаз

орыс

өзге ұлт.

5 жасқа дейін

5-10жас аралығы

10 жастан жоғары

 

 

2002 ж.

93

51

42

42

47

4

68

19

6

2003 ж.

89

46

43

31

55

3

59

28

12

2004 ж.

93

42

51

25

67

1

55

28

10

1 жар 2005 ж.

38

17

21

11

25

2

31

3

 

 

 

Географиалық құрылымына байланысты шетел асырап алушылары негізінен бірнеше мемлекеттерде көрсетілген

 

Кеткен уақыты

АҚШ

Ирландия

Бельгия

ФРГ

Аргентина

Австралия

ЮАР

РФ

Канада

Латвия

2002 ж.

63

14

5

5

-

1

1

3

1

-

2003 ж.

70

6

2

2

2

-

2

5

-

-

2004 ж.

68

7

1

7

-

-

3

5

-

2

2005 ж.

73

8

-

4

-

-

4

-

-

-

Информация о работе Бала асырап алу отбасы құқығының институты ретінде құқықтық реттеу