Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 06:08, курсовая работа

Описание работы

Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi
2 Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың мәселелері
2.1 Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
3 Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа содержит 1 файл

шоленттену.doc

— 164.50 Кб (Скачать)

     шағын фермерлiк шаруашылықтардың қалыптасу  процесiн қолдау; 
      шөлейттену және жерлердiң жұтауы, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiнде жергілiктi қауымдастықтардың хабардар болу деңгейiн арттыру; 
      жерлердiң жұтауына қарсы күрес жөнiндегі iс-шараларды қамтитын табиғи ресурстарды басқару, қорғау және молайту бойынша iс-шараларды қаржыландырудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру (жердi, суды, орманды және жайылымдарды пайдаланушылар мен меншiк иелерiнiң, сондай-ақ табиғи ресурстарды ластағаны және жұтағаны үшiн табиғат пайдаланушылардың барлық ауыл шаруашылығы субъектiлерiнiң экономикалық жауапкершілiгiн көздеу); 
      жалға алушылардың және меншiк иелерiнiң пайдалануындағы жұтаған ресурстарды оңалту жөнiндегі барлық деңгейдегi бюджеттiк бағдарламаларға iс-шараларды енгiзу;

     қолданыстағы  нормативтiк-құқықтық кесiмдердi жүйелендiру; 
      экологиялық заңнаманың тиiмділігін арттыру жөнiндегі шараларды айқындау; 
      шөлейттенуге қарсы күресті қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғаудың әлемдiк қауымдастығы таныған қағидаттарын есепке алу кезiнде, әлемнiң негiзгi өнеркәсiптi дамыған мемлекеттерiнiң заңнамасымен ұқсас экологиялық заңнаманы үйлестiру;

     үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):

     әлеуметтiк-экономикалық, демографиялық, энергетикалық, ақпараттық мәселелердi қамтитын табиғат қорғау iс-шараларын жоспарлау жүйесiн  жетiлдiру; 
      шөлейттенуге қарсы күрестiң барлық аспектiлерiн реттеу.     

 Шөлейттенуге  қарсы күрестi ғылыми және ақпараттық  қолдау, насихаттау мынадай iс-шараларды  iске асыру арқылы жүзеге асырылатын  болады:

     бiрiншi кезеңде (2005-2007):

     тұрақты жер пайдалану үшiн қоршаған орта туралы ақпарат мониторингiн және басқару жүйесiн құру;

     Арал  өңiрi халқының денсаулығы жай-күйiне шөлейттену процесiнiң әсер етуiн бағалау;

     өзен  экожүйесiнiң атырау және алабы учаскелерiнiң  жұтау және шөлейттену процестерiнiң  жай-күйiне талдау жүргiзу және зерттеу;

     халықты экологиялық таза өнiммен қамтамасыз ету және шөлейттену процестерiнiң алдын алу үшiн ауыл шаруашылығын тұрақты жүргiзудiң ғылыми әдiстерiн әзiрлеу;

     ғарыш ақпаратын пайдалана отырып, шөлейттену мониторингiнiң тұжырымдамалық негiзiн  әзiрлеу;

     шөлейттенуге  қарсы күрес аспектiлерi бойынша  халықты ақпараттандыруды ұзақ мерзiмдi кампанияны ұлттық деңгейде жүргiзу;

     Солтүстiк  Қазақстан үшiн атмосфералық және топырақтың құрғақшылығы мониторингi жүйесiн әзiрлеу және бидай өндiрудiң  табиғи қатерiн бағалау;

     екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):

     Мемлекеттiк ақпараттық жүйеге (МАЖ) бiрiккен шөлейттенудiң кешендi мониторинг жүйесiн құру;

     жұтаған табиғи ресурстарды iрi көлемдi картографиялық түгендеу;

     жайылымдарды  ұтымды пайдалану бойынша бұрын  әзiрленген жобаларды түзету және қайта құрылымдау;

     фитомелиоративтiк қондырғылар және шөлейттенген аумақтарды фитомелиорациялау, егiстiк айналымынан шығару және өнiмдiлiгi аз және жұтаған жерлердi шалшықтың басып кетуi;

     отандық өндiрiстi дамытуға және пестицидтердi формуляциялауға жәрдемдесу; 
      шөлейттену процестерiне экологиялық моделдеуге, жүйелік талдауға және болжауға, сондай-ақ шөлейттенумен күрестiң нақты әдiстемелерi мен тәсiлдерiн әзiрлеуге ауылшаруашылық, физика-математикалық, химиялық, геологиялық, техникалық ғылым өкiлдерiн кеңiнен қатысуға тарту; 
      ғылыми-зерттеу институттарының өңiрлiк және халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастықта жүргізілетiн шөлейттенуге қарсы күрес және құрғақшылықтың салдарын жеңiлдету бойынша техникалық және ғылыми зерттеу жұмыстарының әлеуетiн ұлғайту;

     оқытылатындардың  даму және қызығушылықшылары деңгейлерiне сәйкес келетiн оқытатын материалдарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығында жергiлiктi халықты экология негіздерiне оқыту; 
      фермерлер мен экономиканың әртүрлі салаларындағы жұмысшылар үшiн семинарлар өткiзу, университеттердегі тренингтер мен пiкiрталастар; 
      шөлейттенуге қарсы күрес мәселелерi бойынша халыққа кеңес беру және ақпараттандыру үшiн қоғамдық комитеттердi құру;

       үшiнші кезеңде (2011-2015 жылдар):

       экологиялық проблемалар бойынша  халықтың құлағдар болуын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын күшейту және пайдалану. Шөлейттену процестері бойынша қоғамдық пiкiрдi жұмылдыру;

     құқықтық  және нормативтік актiлердi әзiрлеуге және шөлейттену мәселелерi бойынша  ақпаратқа халықтың қол жетiмділігі;

       барлық деңгейдегі бiлiм беру мекемелерi үшiн оқыту бағдарламалары мен материалдарын әзiрлеу;

     шөлейттенуді  болдырмаудың әдiстерi және күрес жөнiндегi брошюраларды, ақпараттық материалдарды  жариялау және тарату.     

 Халықаралық  ыңтымақтастық дүниежүзiлiк қауымдастықтан ғылыми-әдістемелік техникалық және қаржылық көмек алу мүмкiндігін ашып бередi, сол арқылы шөлденуге қарсы күрестi жүргiзу процесiнiң дамуына қосымша тыныс бередi.

     Халықаралық ынтымақтастықты бекiту мақсатында мынадай іс-шаралар iске асырылатын болады:

     бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):

     трансшекаралық  экожүйелердiң тепе-теңдiк сақтауға бағытталған мемлекетаралық іс-шараларды  әзiрлеу және жүзеге асыру;

     Шөлейттенуге  қарсы күрес жөнiндегi орталықты  құру;

     екiншi кезең (2008-2010 жылдар):

     шөлейттенуге  қарсы күрес бойынша әдiстердiң және технологиялардың дүниежүзiлiк тәжiрибесiн талдау және бейiмдеу;

     Орталық Азиядағы Шөлейттенуге қарсы күрес  жөнiндегi іс-қимылдың субөңiрлiк бағдарламасы, Таулы аумақтарды тұрақты дамыту жөнiндегi iс-қимылдардың өңiрлiк жоспары, Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-қимылдардың өңірлік жоспары шеңберiндегi шөлейттенумен күрес бойынша ынтымақтастықты күшейту;

     Азиядағы  Тақырыптық бағдарламалық желiнiң  шеңберiндегi өңiрлiк ынтымақтастық; 
      Шөлейттенумен күрес жөнiндегі конвенция, Биологиялық алуантүрлiлiк туралы конвенция, Климаттың өзгеру жөнiндегi үлгілік конвенция бойынша стандарттарды және өзге де бiрлескен деректердi, индикаторларды әзiрлеу, ақпаратты жинаудың келiсiлген есептiлiгi мен рәсiмiн, объектiлер мен проблемаларды түгендеу әдiстемесiн құру;

     үшiншi кезеңде (2011-2015 жылдар):

     аралас  конвенциялар бойынша үлгілiк жобаларды iске асыру, одан кейiнгi практикалық, эксперименталдық (әдiстемелiк) және демонстрациялық (ақпараттық-насихаттық) мақсаттарды iске  асыру;

     Шөлейттенуге  қарсы күрес жөнiндегi конвенцияны iске асыру үшiн техникалық, сараптамалық және қаржылық қолдау түрiнде сыртқы ресурстарды жұмылдыру.     

  Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, жер пайдаланушылардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және мемлекеттiк емес ұйымдардың қызметiн үйлестiру мақсатында мынадай iс-шаралар iске асырылатын болады:

     бiрiншi кезеңде (2005-2007 жылдар):

     Шөлейттенумен күрес жөнiндегi конвенцияның мақсаты  және рөлi, мiндеттерi бойынша халықты  ақпараттандыруды жүргiзу;

     жергілікті  мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк  емес ұйымдардың, табиғат пайдаланушылар мен жұртшылықтың қатысуымен шөлейттенумен  күрес бойынша қоғамдық акцияларды, iс-шараларды ұйымдастыру және жүргiзу; 
      Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегі конвенция тарап елдерiнiң мемлекеттiк емес ұйымдарымен отандық мемлекеттiк емес ұйымдардың өзара байланысын орнатуға жәрдемдесу;

     шөлейттену  процестерi туралы ақпарат алуды  жүргізу;

     екiншi кезеңге арналған Қазақстан Республикасында  шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралардың жоспарын әзiрлеу;

     үшiншi кезеңге арналған Қазақстан Республикасында  шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралардың жоспарын әзiрлеу; 
  2) екiншi кезеңде (2008-2010 жылдар):

       жер ресурстарына залал келтiретiн iс-әрекеттi уақытша тоқтата тұру не тоқтату; 
      жер қорын және ауыл шаруашылық емес жерлердiң агроорман мелиорациясы;

     Шөлейттенумен күрес жөнiндегi конвенция бойынша  шешімдер қабылдау процесiнде жұртшылықтың барынша мүмкiн болатын қатысуын қамтамасыз ету;

     мемлекеттiк  емес ұйымдардың iс-қимылының ұлттық жоспарын әзiрлеу және бiріктiру;

     3) үшінші кезеңде (2011-2015):

     шөлейттену  проблемаларын жалпы білiм беретiн  бағдарламаға бiрiктiру;

     жерлердiң  жұтауы бойынша деректердi жинау және талдау; жергiлiктi табиғи, әлеуметтiк-экономикалық ерекшеліктерiн ескере отырып шөлейттенудiң алдын алу үшiн жұтаған аймақтарды айқындау.      

      Қаржы шығындарын талап ететiн iс-шараларын iске асыру республикалық қаражат  және техникалық әрi консультативтiк көмек желілерi бойынша халықаралық ұйымдар мен донор-елдердiң тартылған ресурстары есебiнен көзделедi.     

       
 
 
 
 
 

     Қорытынды 

   Елбасымыз Н. Назарбаевтың: «Бұл арада біз бірқатар мәселелерді, атап айтқанда, экологиялық  жағынан зардап шеккен аудандардың экономикалық даму мәселелерін шешуде халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіруді, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту жөніндегі заңнамалық нормаларды енгізуді, экологиялық қауіпсіздіктің басқа да элементтерін шешуіміз керек» - деген сөзі қазіргі кезде осы мәселенің мемлекеттік деңгейде қаралып жатқанының дәлелі.

     Жүргізілген  жер ресурстарын пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін арттыру мәселелерін  зерттеу нәтижесінде келесідей  қорытындылар мен ұсыныстар жасалды:

     1. Ғылыми жұмыс жер ресурстарын пайдаланудың экология-экономикалық тиімділігін арттыруға арналды. Зерттеу еңбекте Алматы облысындағы егістік жерлердің пайдалану жағдайын және айналымнан шыққан жерлердің экология-экономикалық зиянын  қарастырдық. Сонымен бірге жүргізген экология-экономикалық ғылыми жұмыстар барысында қол жеткізген нәтижелерге жүйелі экология-экономикалық талдаулар жасадық. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану жөнінде шетелдік озық тәжірибелерді қарастырдық. Барлық айналымнан шыққан ауыл шаруашылық жерлері егістікті дұрыс қолданбауымыз және оларды құнарландыру жұмыстарын жүргізбеуіміздің нәтижесінде пайда болды.

     2. Негізгі зерттелген экология-экономикалық  мәселелер   буындарының шешімдерін  келесі бағыттарда ұсыну:  нарықтық  экономикада жер рентасының және  ауыл шаруашылық жерлерінің теориялық негіздері зерттелді; жер ресурстарын экономикалық бағалаудың методологиялық әдістері сараланды;  ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланудың экологиялық аспектілері нақтыланды, егістік жерлердің жағдайына экология-экономикалық талдау жасалды, ауыл шаруашылық жерлерінің айналымнан шығуның экология-экономикалық зияны есептелді, ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері шығарылды; егістік жерлердің пайдалану мен  құнарлығын арттырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру ұсыныстары жасалды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттердің тізімі 

     1 Проблемы определения и оценки хозяйственного риска//Труды международной научно-практической конференции: «Новые образовательные технологии как фактор устойчивого развития экономики»- Университет «МИРАС» г. Шымкент, 2003. - С. 77-79.-0,2 п.л.

     2 Основные направления повышения  эффективности использования земельных  ресурсов в условиях рынка  и ресурсного дефицита//Труды  международной научно-практической  конфененции "Стратегия развития  экономического роста  Казахстана: опыт, проблемы и перспективы", Центрально-Азиатский университет, Алматы: ЦАУ, 2008. - С. 188-190.-0,2 п.л.

     3 Эколого-экономическая эффективность  рекультивации земель в Южных  областях Казахстана//Исследования, результаты - КазНАУ, 2008. – №3. - С. 105-108.-0,3 п.л.

Информация о работе Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары