Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 06:08, курсовая работа

Описание работы

Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi
2 Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың мәселелері
2.1 Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
3 Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа содержит 1 файл

шоленттену.doc

— 164.50 Кб (Скачать)
">     Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Шөлейттенуге қарсы  күрес жөнiндегi конвенциясының (бұдан әрі - Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенция) айқындауына сәйкес - шөлейттену "климаттың өзгеруі мен адам қызметiн қоса алғанда, әр түрлi факторлардың iс-әрекетi нәтижесiнде құрғақ, жартылай құрғақ және қуаңшылық субгумидтік аудандардағы жерлердiң жұтауы".

     Табиғи  және антропогендiк факторлар Қазақстандағы  шөлейттенудің себептерi болып табылады.

     Қазақстандағы шөлейттену процесiнiң дамуына ықпал  ететiн негізгi табиғи фактор құмдардың (30 млн.га-ға дейiн) және сортаңданған жерлердiң (127 млн. га) кең таралуына алып келетiн климаттың құрлықтылығын және құрғақшылығын, су ресурстарының кедейлігі мен бөлуiнiң бiркелкiлiгін айқындайтын елдiң iшкi құрлықтық жағдайы болып табылады. Жерлердің жұтау процестерiн дамыту үшiн жағдай, құрғақшылықтың әсерi кезiнде топырақ құраудың маусымдық ерекшелiктерiн бұзу кезiнде жасалады. Сондай-ақ топырақ-өсiмдiк жамылғысының әлсiз жинақылығы және оның серпiндiлiгi шөлейттенудің алғы шарты болып табылады. Қазақстанның бұл табиғи ерекшелiктерi антропогендiк әсер етулерге табиғи ортаның әлсiз тұрақтылығымен белгілi (қолда бар деректер бойынша елдiң шамамен 75% аумағы экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары қатерiне ұшыраған). 
       Қазақстандағы шөлейттену процестерiнiң туындауына және дамуына алып келетiн антропогендiк факторлар, ең алдымен шаруашылық қызметiнiң мынадай түрлерiмен байланысты: малды жаю; егін шаруашылығы; жер қойнауын әзiрлеу; өнеркәсiптiк, әскери және азаматтық объектiлердi, суландыру және желiлiк құрылғыларды салу және пайдалануға беру. Шөлейттену сондай-ақ, орманды жоспарсыз жаппай кесудiң, мал азығы мен отынға бұталар мен жартылай бұталарды шабудың, орман және дала өрттерiнiң, жүйесiз рекреацияның, елдi мекендер аумағында қоқыстарды ұйымдастырудың, топырақтардың және улы заттармен жер асты суларының ластануының, көлiктiң әсер етуiнiң нәтижесi болып табылады. 
      Шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияда қабылданған өлшемдерiне сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудiң басты тұрпаты мыналар болып табылды: өсiмдiктердiң жұтауы; топырақтың сулы және желдi эррозиясы; топырақтың сортаңдануы және қарашiрiнсiзденуi; топырақтың, грунт және жерасты суларының химиялық ластануы; жердiң және гидрологиялық режимнiң техногендiк бұзылуы.

     Өсiмдiк  жамылғысының жұтауы - бұл ормандардың, жайылымдық жерлер мен шабындықтардың жұтауы түрiнде көрiнiс беретiн шөлейттенудің ең көп тараған және сырттай айқындалатын процесi.

     Республиканың есептiк ормандылығы орман жамылғыларына  сексеуiлдi орманжайылымдарын және бұталар тоғайын қоса алған кезде 4,6%-ды құрайды, орман құрамына тек ағаштарды қоса алған кезде нақты ормандылық 2,3%-ды құрайды.

     Соңғы он жыл iшiнде орманжайылымының жұтауына 0,52-ден 0,47 дейiн, яғни 10%-ға кемiген, олардың  тығыздылығының төмендегенiн көрсетедi. Ормандылықтың төмендеуi және жасанды  орман өсiру көлемiнiң қысқаруы Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесiк - Атырау және басқа да массивтердiң басым шөлейт бөлiгiнде жайылымдардың азуы мен жұтауының өсуiне алапатты қауiп төндiредi. 
       Соңғы 40 жылдың iшiнде қылқан жапырақты ормандардың өнiмдiлiгi 7% кемiген, майқарағай ағаштарының ауданы 13% кемiген, Кендi және Оңтүстiк Алтай ормандарында ағаштардың жұтауы неғұрлым байқалады. Жоңғар және Iле Алатауында өсетiн алма ормандарының ауданы 24% қысқарды. 
      Шөлдi өзендердiң алабындағы ормандар өте қатты жұтауда. Осы ормандардағы өзен ағыстарын реттеу нәтижесiнде топырақ ылғалдылығы кемiгендiктен түрлердiң қажетсiз өзгеруiне әкелiп соғуда. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Сырдария өзенiнiң алабында тұранға ағашының шамамен үштен бiр бөлiгi шыңғылдың қажетсiз бұталарына айналды. 
       Жайылымдар мен шабындықтардың жұтауы. Тың жерлердi жаппай жырту Қазақстанның дала экожүйесiне неғұрлым керi және кешендi әсерiн тигiздi. 
       Жайылымдықтарды жыртқан сайын, малды өнiмдiлігі төмен жерге ығыстырған, сонымен бiрге мал басын көбейту салдарынан қалған тың жай-күйiндегi жайылымдардың жүктемесi ұлғайды. Құнарлы жерлердiң басым бөлiгiн жырту, көл маңы етегі және қазаншұңқырларының ылғалды сор шалғындарын қоса алғанда малды өнiмдiлiгi аз, кәрiзденбеген, сортаң аумаққа ығыстырды және жинақтады.

     Барынша жұтауға, ауылды жерлерге, шалғайдағы малшаруашылығына, сиыр сауу құрылымдарына  және құдықтарға iргелес жайылымдар ұшыраған. 
       Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгінiң деректерi бойынша 2004 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 188,9 млн. га-дан соңғы дәрежелi жұтауға 26,6 млн. га жеткен, ол күштi және өте күштi шөлейттенгенiн көрсетедi. Республиканың орманды-дала және дала аймақтарында жерлерiнiң 34,8 млн. га жерiн жайылымдар құрайды, оның 5,6 млн. га өте қатты жұтаған. Жайылымдардың жұтау процесiнiң өсу үрдiсi байқалуда. 
       Қазақстанның 5,0 млн. га ауданында шабындықтар бар. Шөлейттену салдарынан шабындықтардың ауданы қысқаруда, оларды улы өсiмдiктердiң басуы, бұталардың көбеюiнде, шалғындық өсiмдiктердiң ресурстық қана емес, сонымен қатар, суды реттейтiн рөлi де толық немесе жартылай жойылуында көрiнiс бередi.
 
 

     2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері 

     Топырақтың  жел және су эррозиясы. Қазақстанда  топырақтың жел эррозиясымен туындаған шөлейттену далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейттi және шөлейттi ландшафтарды қамтыған. Жел эрозиясының әсерiнен топырақтың жұқа бөлшектерiнiң ұшып кетуi және топырақтың құмдануы болады. Егістік жерлердiң желмен үрленген қабатында қарашiрiннiң құрамы азаяды, сiңiрiп алу көлемi қысқарады, карбонаттылығы көбейедi, агрохимикалық және сулы-физикалық қасиеттерi нашарлайды. 
      Бүгiнгі таңда Қазақстанда егістiк жерлерде дефляцияның зияндығының әлсiздiгiне оның қысқаруына байланысты болжау жасауға болады. Алайда, республикамыздың қуаңшылық аймақтарында, әсiресе қатты жұтаған жайылымдарда жер эррозиясының күшею қауiптiлігі бар. 
       Суармалы жерлердi кеңейту жөнiндегi бағдарламаны iске асыру барысында суландыруға сорғытылмаған және тұздалған топырақтардың ауқымды алқаптары тартылды. Көлемдi суландырудағы өңiрлердiң су және экологиялық проблемаларының басты себебi болып жетiспеушiлiк емес, осындай табиғи жағдайдағы басқа елдерде судың үлестік шығыстарынан орташа алғанда, бiр табан жоғары тұратын, суды үнемсiз пайдалану болып қалуда. Бұл суды тасымалдаудың қарабайыр технологияларымен, экономикалық ынталандырудың және оны үнемдеу дәстүрiнiң болмауымен белгіленедi. 
       Зop сүзгi шығындары мен суғарудың үнемсiз емес нормалары қайталама тұзданудың, батпақтанудың және су эрозиясының негiзгi себебiне айналды, ал кәрiздi сулардың төгіндiсi өзендердiң тыңайтқыштармен, пестицидтермен ластануына және жоғары минералдануына алып келдi. Алапаттың салдары Әмудария, Сырдария және Iле өзендерiнiң ластануы мен су балансының бұзылуына әкелдi. Олардың ықпалы Балқаш және Арал өңiрiнiң экологиялық және экономикалық проблемалар кешенiне де әсерiн тигiздi. 
      Арал өңiрiндегі экологиялық шиеленiс осы ғасырдың ең қайғылы оқиғаларының бiрi болып табылады. Шөл орталығында орналасқан теңiз қоршаған өңiрлердiң табиғи-климаттық және экологиялық жағдайына қолайлы әсер еткен және Арал өңiрiнiң кең аумағында ылғалдылықтың реттеушiсi, оңтүстiк шөлдерден келетiн аңызақ желдерден қорғаушы болды. Теңiз жоғары биологиялық өнiмділiкке ие болды, маңызды балық шаруашылығы, аң шаруашылығы, көлiк және рекреациялық мәнi болды.

     Әмудария  мен Сырдария өзендерiнiң су ресурстарын  суғаруға экстенсивтi пайдалану нәтижесiнде  теңiз екi су қоймасына - Yлкен және Кiшi Аралға бөлiндi. Өзендердiң күзгi жайылуы қысқарды, тоғай және қамыс тез майды, фауна мен флораға бай көптеген теңiз маңы көлдерi құрғап қалды, құмды шөлдердiң шекарасы кеңейдi, климаттың құрғақшылығы күшейдi, ауаның ылғалдылығы 10-18% азайды, аязсыз кезеңнiң ұзақтығы 30-35 күнге қысқарды. Сортаңдану және батпақтану нәтижесiнде ғана Сырдария өзенiнiң бассейнiнде жыл сайын ауыл шаруашылығы айналымынан суғарылатын жерлердiң 10-15% шығады. Жайылымдардың өнiмдiлiгi 2-3 есе азайды және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi қысқарды.

     Арал қасiретiнiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салдарлары зор. Арал өңiрi аудандарында төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты және мұнда соңғы 15-20 жылда жұқпалы аурулар, әсiресе, iш сүзегi, туберкулез, вирусты гепатит, сондай-ақ онкологиялық аурулар ұлғайды.

     Осындай проблемалар Балқаш маңы өңiрiнде  де туындауы мүмкiн. 
       Гидрографиялық желiнi жаппай реттеудiң төтенше терiс салдары болды. Малды суару және жеткiлiксiз гидрологиялық негiздерсiз суғарылатын жайылымдарда дақылдарды суғару мақсаты үшiн өзен қазаншұңқырлары мен шағын өзендердiң сағаларында жайылмалы ағыстың бiраз бөлiгiне кедергi келтiретiн көптеген бөгендер, тоғандар, апандар салынды. Резервтегi судың бiраз бөлiгі ұтымды пайдаланылды, қалғаны - сүзгі және жерасты ағысына ағу салдарынан жоғалды. Көптеген көлдер кеуiп қалды, қалғандарында - олардың шаруашылық-ауыз су, балық шаруашылығы және рекреациялық маңызы құнсызданып, судың минералдануы бiраз артты. Жерүстi ағысының бiраз бөлiгiн жоғалтқан көлдер мен шағын өзендерде судың өзiн өзi тазарту процесi әлсiредi және коммуналдық және өнеркәсiптiк ластаушылардың шоғырлануы өстi. 
       Ретке келтiрiлген өзендерде қарқынды су жайылуларының қысқаруы жайылма экожүйелердiң жұтауына: жайылма топырақтарының сортаңдануына, құнарлы шабындықтардың өнiмділігінiң жоғалуына, тоғай ормандарының қысқартуына алып келдi.

     Топырақтың  дегумификациялануы және сортаңдануы. Барлық жайылымдық жерлер мен жайылымдарда дегумификация процесi тiркелген. Қарашiрiндiнiң  азаюы егiндi нелiктен шығару жолымен қоректi заттарды қалпына келтiрiлмейтiн шығарылуымен байланысты. Суғарылатын топырақта қарашiрiндiнi жоғалту өзен атырауларында ағысты реттеу және қоршаған аумақтардың шөлейттенуi, сондай-ақ ирригациялық эрозия нәтижесiнде болуда.

     Суармалы  емес жайылымның жалпы аумағынан дегумификация есебiнен әлсiз деңгейінде - 4,5, орташа - 5,2 және жоғары деңгейiнде 1,5 млн. га шөлейттенген. Суармалы жерлердiң қарашiрiнсiздену үлесi 0,7 млн. га-ны құрайды.

     Алдын ала мелиоративтiк iс-шараларсыз ауылшаруашылығы  дақылдарын себуге арналған қолайлы жер көлемi 23,3 млн. га-ны құрайды. Қалған жерлер арнайы iс-шараларды талап етедi: сортаңданған жерлердiң мелиорациясы, сортаңданған жерлердiң мелиоративті жай-күйiн жақсарту, су және жел эрозияларының алдын алу. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегі агенттiгiнiң деректерi бойынша сортаңданған және сортаң жерлер 94,9 млн. га-ны - 42,1% құрайды. Топырақ эрозиясы 30,5 млн. га-ны - 13,0% қамтиды. 
      Шөлейттенудiң факторы ретiндегi суармалы топырақтың сортаңдануы проблеманың екi үлкен аспектiсiне ие: ағынсыз бассейндерде сортаң шөлдердiң өсуi және суармалы жерлердiң қайталама сортаңдануы. Сортаңданған топырақтардағы шөлейттенудің ерекшелігі олардың аймақтық және құрылымдық әртүрлiлiгiмен байланысты. Сортаңданған топырақтың үлесi барлық суармалы жерлер аумағының шамамен 20 % құрайды. Суарылмалы егiн шаруашылығындағы қалыптасқан жағдай өсiмдiк өнімiнiң жиынтық өнiмiн 1,6-1,8 есеге азайтты.

     Көлдер  мен басқа да су қоймаларының құрғап қалуы кезiндегі топырақтың сортаңдануы да Қазақстанның ерекшелiгi болып табылады. Суландыруды тоқтату немесе жедел азайту грунт суларының төмен түсу деңгейiнiң артуына топырақ құраудың гидрологиялық режимiнiң өзгеруiне, топырақтың құрғауына және шөлейттенуiне алып келедi.

     Топырақтың  және грунт суларының ластануы. Соңғы екі онжылдықта ауыл шаруашылығы жерлерiн химиялық өңдеуден арнайы заттармен топырақтың химиялық ластануы, өндiрiстiк қалдықтарды орналастыру, сарқынды суларды, атмосфералық төгiнділердi қалалар мен өнеркәсiп орталықтарына төгу қауiптiлігі қатты өстi. Топырақты мал шаруашылығы кешендерiнiң сарқындылары да ластайды.

     Жер асты суларының ластануы Қазақстанда  өте кең таралған және оның әсер етуi салдарынан мынадай фактор ретiнде  қаралады: жерлердiң шөлейттенуi, топырақтың, өсiмдiктердiң қайталама сортаңдануы, ауыз сумен жабдықтау жағдайының нашарлауы. Пайдалы қазбаларды өндiрудiң және ұқсатудың кәсiпорындары, химиялық және улы қалдықтары бар басқа да өндірістep, мал шаруашылығы кешендерi, қала агломерациялары және т.б. неғұрлым үлкен ластануды құрайды.

     Техногендiк  шөлейттену. Қазақстандағы индустриалдық  өндiрістi дамыту және пайдалы қазбалар кен орындарын әзiрлеу көлiк және инженерлiк инфрақұрылымды салумен, су және жер ресурстарының жедел  алынуымен және ластануымен, экожүйелерге тiкелей және жанама терiс әсер етумен сүйемелдендi. Осы әсер етудiң түрлерiмен қатар, техногендiк шөлейттену процестерiне әуе бассейнiне улы заттардың шығарындылары бiраз әсер еттi, тiптен, өсімдiктерге улы өнеркәсiптiк шығарындылардың тiкелей әсер ету жағдайы да байқалған.

     Автожолдар  жүйесi де техногендiк әсерiн тигiзуде. Республикада олардың жалпы қашықтығы  шамамен 100 мың км, оның жартысы қатты  жамылғымен қамтылған, яғни 1 км аумаққа  жалпы пайдаланудағы 0,036 км жол келедi, ал қатты жамылғымен - 0,017 км. Автокөлiк үшiн жолсыз учаскелердiң жалпы қолжетiмдiлiгi кезiнде олардың өте сирек желiсi ретсiз қозғалысқа алып келдi, оның нәтижесiнде тұрақты емес жолдар шөлейттенудiң маңызды факторларының бiрiне айналды.

     Қоршаған  ортаға әсер көрсететiн желiлiк инфрақұрылымның өзге түрлерiнен темiржолдарды, мұнай және газ құбырларын, жоғары вольтты электржелiлерiн атап өту қажет.

     Техногендiк  шөлейттенудiң ерекше нысандары  қазiргi уақытта, республиканың 6% аумағын  алып жатқан, ғарыш, әскери және бұрынғы  ядролық сынақ полигондарының аумағының  шегiнде көрiнiс бередi. Бұл ретте, олардың әсер ету аймағы егер, оған зымырандардың ұшу трассасын енгiзсе, бiраз ұлғаяды. Жерлердi тiкелей алып қоюды қоспағанда, полигондардың терiс әсер етуi атмосферада жанбаған зымыран бөлшектерiнiң фрагменттерiнiң және басқа да ұшу аппараттары бөлшегiнiң құлауында, ұшыру орындарында және құлаған бөлшектердiң маңында аса улы зымыран отынының төгiлулерiнде, оттегi жануының зор көлемдерiнде және зымыранды ұшыру сәтiнде озон қабатының бұзылуында көрiнiс бередi.

Информация о работе Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары