Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 06:08, курсовая работа
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін
Кіріспе
1 Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi
2 Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың мәселелері
2.1 Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
3 Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi
2 Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың мәселелері
2.1 Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
3 Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. мысалы ,Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 – 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады.
Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр.
Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қи¬мыл¬ға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады.
Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым –Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы “Шөлейттенуге қарсы күресу” туралы Конвенция қабылданған. Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. мысалы , ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін – терраса салу жиі қолданылады, т.б.
Болашақта халқымыздың саны 2024 жылы 18 млн. жетпек. Ең бастысы ауыл шаруашылығы саласының нарық талабы мен сұранысына бейімделіп дамуын қамтамасыз жасайтын, жер ресурстарының құнарлығы екенін естен шығармауымыз қажет. Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаның екінші кезеңіне сәйкес, 2009-2010 жылдарда, тұрақты жер пайдаланудың нормативтік талаптары мен экология-экономикалық тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттілігі туындап отыр. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі байқатқандай, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы үшін ойластырылған, жүйелі мемлекет деңгейіндегі экология-экономикалық тетіктерді жетілдіру қажет.
Жер
құнарлығын арттыра отырып, ауыл шаруашылығы
өнімдерінің түсімін молайтуға және сапасын
жақсартуға қол жеткіземіз. Нарықтық тауар-ақша
қатынастарына сәйкес, бонитет балы жоғарлаған
сайын олардың бағасы да жоғарлайды. Ауыл
шаруашылығындағы өндірілген өнім, оған
кеткен шығынды толық ақтап, жер иесіне
пайда әкелуі қажет. Егіс алаңдарының
ұтымды құрылымын әзірлеу кезінде, егістіктің
құнарлығы жоғары алқаптарын ең түсімі
жоғары, экономикалық жағынан тиімді дақылдарға
бөлу қажет. Егістіктің топырақ құнарлығын
біле отырып, түсімді мол беретін дақылдарды
орналастыру керек. Қазіргі қаржы дағдарысы
жағдайында ауыл шаруашылық жерлерін
пайдалану мен қорғауды мемлекет қатаң
бақылауға алудың қажеттілігін әлемдік
тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен қатар,
ауыл шаруашылық жерлерін меншіктің қай
формасына жатуына қарамастан, жылда
құнарлығын арттырып отырудың экономикалық
тетіктерін жетілдіріп отыруға тиіспіз.
Сонда ғана ауыл шаруашылығы саласының
тұрақты дамуына қол жеткіземіз және әлемдік
стандарттарға сай сапалы өнімді өңдеп,
әлемдік рынокта өзіміздің лайықты орнымызды
алуға көмектеседі. Сапалы ауыл шаруашылық
өнімдері халқымыздың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартып, ұлттық экономиканың
тұрақты дамуына оң ықпал жасайды және
егістік жерлердің дағдарысын тоқтату
мүмкіндігіне ие боламыз.
Ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру арқылы халқымызды сапалы азық-түлікпен және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін және ДСҰ мүшелікке кіруде, ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлығын арттыруды басты назарда ұстауы тиіс. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын дамытудың жоғары қуаттылық мүмкіншілігі және егістік алқаптары аудандарының көптігінен әлемнің озық елдерінің қатарында бола алады. Ауыл шаруашылығы саласы елімізді сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз жасауда және ел экономикасының қуаттылығын арттыруда, табиғат тепе-теңдігін сақтауда айрықша маңызды орын алады. Егістік жерлердің құнарлығын арттыру нарықтық экономикадағы шешуін кейінге қалдыруға болмайтын өзекті де күрделі мәселе қатарына жатады. Осыған орай, ғылымға негізделген ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлығын арттырудың экология-экономикалық тетіктерін жетілдіру - аса маңызды экономикалық шара болып табылады.
Зерттелім мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi туралы ұсыныстар енгізу.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеу барысында келесі міндеттер қарастырылған:
- Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi бағалау әдістерінің және пайдалану әдістерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу;
- Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi талдау;
- Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi жетілдіру.
1Қазақстандағы
жердiң шөлейттенуi
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.
2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.
Бағдарламаның
негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн
болдырмау және жердiң тозу ауқымын
қысқарту, шөлейттенумен күрестiң
экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл
шаруашылығы жерлерiнiң
Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық бағалау көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бірақ егемендік алғалы отандық жер ресурстарының құнарлығын арттырудың экономикалық мәселелерімен айналысқан ғылыми еңбектер өте аз болып отыр. Тіпті аймақтар деңгейінде ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан жерлердің экономикалық мәселелерін көтерген еңбектер тапшы екенін айтуға тиіспіз. Жер ресурстарын экономикалық бағалау ұлттық экономикамыздың өзекті де күрделі экономикалық мәселесі екенін айтуға тиіспіз. Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау. Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әртүрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және оған әртүрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады.
Көптеген еңбектерде топырақты агроөндірістік тұрғыдан топтастыру және жерді пайдалану жөнінде ұсыныстар беріледі. Олардың бір тобы мәселені топырақ карталарын жасау арқылы шешеді, екіншілері жерді өндіріс құралы ретінде бағалайды. Бүгінгі таңда топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше жолдары бар. Оларды екіге бөлуге болады:
1)
топырақтың қасиетіне
2) жерді өнімділігіне байланысты табиғи қасиетін ескеріп бағалау.
Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің (гумус), тұздардың, минералдардың шамасына, топырақты суды сіңіру қасиетіне, ауаны өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см қабатында шірінділер (гумус) шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады. Аудан, аймақ және нақты жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдардың көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш арқылы жерді тиімді пайдаланылғаны бағаланады.
Балл бонитеттерін пайдаланып ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бағалауға болады. Экономика ғылымында жер ресурстарын экономикалық бағалауда 2 пікір бар: шығындық және ренталық. Біріншісі бойынша мұнда бағалаудың негізіне жерді пайдалануға жұмсалған еңбек құралдардың шығынын жатқызады. Аталған әдісті академик С.Г.Струмилин ұсынған.
Құнарлылық – топырақтың өсімдікке қажетті қорек мөлшерін тауып беру қабілеттілігі. Құнарлылық 3 бөлінеді: табиғи; жасанды; экономикалық.
1
сурет – Егістік жерлердің
топырақ эрозиясы
Топырақ
эрозиясы 3-ке және қорғау шаралары 2-ге
бөлінеді, 1-2 сурет: ұйымдастырушылық:
жерді пайдалану құрылымдарын жақсарту;
ауыспалы егіншілік. Агротехникалық: жерді
өңдеудің озық технологиясы; минералдық
және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану;
зиянкестерге химикаттар қолдану.
2 сурет – Топырақ эрозиясынан қорғау шаралары
Құнарлығын
қорғау шараларын жасау алдында
экология-экономикалық есептеулер жүргізіледі,
содан келесі шаралар жүзеге асырылады,
3 сурет.
3
сурет – Егістік жерлердің
құнарлығын қорғау шаралары
Жерден
не алсаң, соны қайтарумен үнемі айналыссақ
қана егістік түсімі жоғарлайтынын естен
шығармау керек. Яғни, топырақ құнарлығын
арттыра отырып пайдалансақ, тұрақты өнім
алуға қол жеткіземіз. Топырақтың құнарлығын
арттыру жолдары мен әдістерін адамдар
ғасырлар бойы үнемі іздестіріп келеді.
Бірақ адамдар жерден қандай нәрлі заттарды
ауыл шаруашылық дақылдары арқылы алып
кетсе, соны қайтаруды ұмытпауы керек.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны
қорғаудың экологиялық кодексі және ауыл
аумақтарды дамыту арнайы мемлекетте
қабылдаған заңдар негізінде жүзеге асады.
2
Қазақстан Республикасында шөлейттенуге
қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың
мәселелері
2.1
Қазақстандағы өлейттену
Информация о работе Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары