Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 22:07, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70

Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Құқық реферат.docx

— 120.40 Кб (Скачать)

       Егер жасөспірімнің психикалық  дамуы жөнінен артта қалуы  байқалатындай болса оның психикалық  дамуының деңгейін анықтау қажет,  яғни ол өз әрекеттерін толық сезініп басқара білді ме жоқпа? Ол үшін қажетті жағдайларда балалар психологиясы саласындағы (педагог, психолог) мамандарының қатысуымен сараптама тағайындайды немесе көрсетілген мәселелер сарапшы-психиатордың шешуіне білдіреді. Кәмілетке толмағандарға жаза тағайындау барысында, оның өмір жағдайы мен тәрбиеленуі, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзгеде ерекшеліктері, сонымен қатар жасы үлкендердің оған ықпалы есепке алынуы тиіс. Жасы кәмілетке жетпегендік жеңілдететін мән-жай ретінде , өзге де жеңілдететін және ауырлататын мәністермен жинағында есептеледі. Егер кәмілетке толмаған адам бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталса сот оны жазадан босатуы мүмкін, егер кәмелетке толмаған адамды түзету  мәжбірлеуші тәрбиелеу шараларын қолдану арқылы мүмкін деп есептеген жағдайда. Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына толмаған адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті ересек адамның айдап салуымен  жасаса, онда ол жанама орындаушылық болып есептелінеді. Ал ересек адам тікелей орындашы және кәмілетке толмағандарды қылмысқа тартқаны үшін жауапқа тартылады.

        Қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған  кезде есі дұрыс емес күйде  болған, яғни созылмалы психикалық  ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие болмаған дам қылмыстың жауапқа тартылуға тиіс емес. Есі дұрыс еместік дегеніміз қоғамға қауіпті әрекетті жасау барысында, психикалық ауру жағдайына байланысты әрекеттің мәнісі мен қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы болып табылады. Есі дұрыс еместік түсінігін анықтау барысында заң екі негізді басшылыққа алады. 1) медициналық (биологиялық) және 2) заңи (психологиялық). Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану үшін медициналық және заңдылық критерилердің біреуінің болмауы тұлғаны есі дұрыс емес тануға мүмкіндік бермйді. Медициналық критериге қылмыстық заңға сәйкес төрт түрлі ауру жатқызылған. 1) созылмалы психикалық ауру 2) психикасының уақытша бұзылуы 3) есі кемдік 4) психиканың өзге де ауру жағдайы.

       Есі дұрыс еместіктің заңды критериіне екі белгіні жатқызамыз 1) интеллектуалдық және еріктілік. Заңды критеридің интеллектуалдық белгісі тұлғаның өзінің әрекеттерінің нақты мәнісін және қоғамдық қауіптілігін сезіне алмауы арқылы көрінеді. Ал еріктіліктің белгісі тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы арқылы көрініс береді.

       Егер тұлға өзінің әрекетінің нақты мәнісін түсінуге қабілетсіз болса және әрекеттің содан пайда болған қауіпті салдардың арасындағы себепті байланысты түсінбесе ол өзінің әрекетін басқаруға қабілетсіз болады. Интеллектуалдық белгінің басты негізгі мазмұны тұлғаның, жасаған әрекеттерінің әлеуметтік маңызын, олардың қоғамдық қауіптілік мәнісін түсінуге қаблетсіз болуы.

       Заңдылық критеридің екінші белгісі  жоғарыда атап өткеніміздей  еріктілік белгісі болып табылады. Яғни тұлғаның өз әрекеттеріне басшылық жасай алмауы. Адамның еркі оның санасы мен тығыз байланысты Адам санасы бұзылып, өзінің әрекеттерінің маңызын түсіне алмаған кезде, оның еріктілік қызметі де бұзылып ол өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайды. Жүйке аурулары адамның психикалық қызметінің барлық саласын немесе оның кейбір жеке жақтарын кеселге ұшыратуы мүмкін. Сондықтан кей жағдайда  тұлғаны өзінің жеткілікті түрде сақтай отырып, өзінің әрекетінің нақты жағын және оның әлеуметтік маңызын дұрыс түсінуі мүмкін, алайда психикасының бұзылуы салдарынан өзінің әрекеттеріне басқару жасай алмайды. Оларды кейде импулсивтік құмарлық деп атайды. Мысалы клептомания, пиромания.

       Тұлғаның есі дұрыс еместігі  оның қылмыстық заңда қарастырылған  нақты қоғамдық қауіпті жасау  оқиғасында және оның осы іс-әрекетті  жасаған сәтіне байланысты ғана анықталады. Тұлғаны есі дұрыс емес деп тану туралы түпкілікті шешімді сот, соттық-психикалық сараптаманың негізінде қабылдайды. Егер анықтама тергеу немесе сот тұлғаның психикалық толық қандылығана күмәнді болса соттық-психиатриялық сараптама тағайындауға міндетті. Сонымен есі дұрыс емес деп танылған тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. «Қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс-әрекетінен іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс». Бұл ретте әңгіме қылмыс жасаған есі дұрыс, бірақ психикалық аномалияға ұшыраған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде болып отыр. Осындай тұлғалар шектеулі есі дұрыстық жағдайында қылмыс жасағандар ретінде танылады. Бұл жағдайда тұлғаның өзінің әрекетінің сипатын және қоғамдық қауіптілігін түсіну қаблетінің шектелуі және оларға басшылық жасай алмауы, есі дұрыс еместік болып табылмайтын психикалық бұзылудан туындайды. Тергеу органдары және сот психикалық бұзылудың дәрежесін және оның тұлғаның қылмыс жасауына тигізген ықпалын анықтауы тиіс, олар өз кезегінде соттық – писхиатриялық сараптың қортындысымен және алдын ала тергеу, сот тергеуі материалдарымен анықталады. Есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуын сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға негіз болады.

        Алкогольді ішімдікті, есірткі  заттарды немесе басқада есеңгірететін  заттарды пайдалану салдарынан  қылмыс жасаған адам қылмыстық  жауаптылықтан босатылмайды. Қазіргі  таңда қалыптасып отырған жағдайда  көптеген қылмыстардың әсіресе  бұзақылық, жеке адмға қарсы  күш қолданумен жасалатын, автокөлік  қатысты қылмыстар мас күйінде  жасалатындығы белгілі болып  отыр. Алайда заңда бекітілген  ережені, мас күйінде қылмыс жасаған адам ешуақытта қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды деп түсінбеуіміз керек. Бұл адамның тек мас болу жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтындағында ал басқа жағдай бойынша ол қылмыстың жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Мастықтың екі түрі бар физиологиялық және патологиялық мастық. Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігін сөз қылғанда біз физиологиялық мастықтан, потологиялық мастықтың айырмашылығы оның барысында ішімдік қабылдау адамның қысқа мерзімдік психикалық бұзылуына соқтырады сондықтан ол өз әрекеттеріне есеп бере алмай, оларды басқара алмауы мүмкін. Сонымен қатар созылмалы нашақорлықпен ауыратын адамдардың наркотик заттарды қабылдамауынан психикасы бұзылуы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек.

      Қортындылай айтқанда қылмыс  субъектілерін біз жалпы және  арнайы қылып бөлеміз. Жалпы  субъектінің белгілері жеке тұлға, есі дұрыстық қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу, арнаулы субъектінің белгілеріне Қаз-Республикасы қылмыстық кодекісінің ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қосымша белгілер азаматтығы, жынысы, кәсібі, лауазымдық жағдайы т.б. жатады. Азаматтық қандай жағдайда қылмыс субъектісінің белгісі болуы мүмкін. Мысалы ҚК-тің 165-бабында: Мемлекеттік опасыздық яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден, Қазақстан Республикасының азаматы Қ.Р-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасалған қасақана әрекет-деп көрсетілген. Яғни мемлекеттік сатқындықтың субъектісі болып 16 жасқа толған тек Қазақстан Республикасының азаматы табылады.

        Сонымен қатар ҚК-тің 166 бабына назар аударсақ онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет елдік мемлекетке, шет елдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шет елдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау егер осы әрекеттерді шет елдік азамат немесе азаматтығы  жоқ адам жасаса – деп көрсетілген. Яғни шпиондық субъектісі болып 16 жасқа толған шет елдік азамат немесе азаматтығы жоқ тұлға толады. Адамның жынысы төмендегідей қылмыс түрлерінде қылмыс субъектісінің белгісі болады. Мысалы 120 бабта зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Зорлаудың субъектісі болып 14 жасқа толған ер адам табылады. Алайда әйел адам бірігіп орындаушы болуы мүмкін. Қандай жағдайда (үйге алдап алып келу, күш қолдану, психикалық әсер ету) кәсібі, лауазымдық жағдайы. 118бап: Заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойыншы көмек көрсетуге міндетті адамның дәлелді себептерсіз науқасқа көмек көрсетпеуі, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса деп көрсетілген. Яғни қылмыс субъектісі 16 жасқа толған заңға сәйкес немесе арнайы ереже бойынша медициналық жәрдем көрсетуге міндетті адамдар табылады, оларға дәрігерлер, хирургтар, медсестралар т.б. жатады.

        Қысқаша айтқанда қылмыс субъектісінің  жалпы белгілерімен қатар берілген  қылмыс құрамы үшін міндетті  болып табылатын қосымша белгілерге  ие жеке тұлға қылмыстың арнайы  субъектісі болып таылады. Бұндай  жағдайда әдетте лауазымды тұлға,  әскери қызметкер, белгілі бір  кәсіппен немесе белгілі бір  қызмет түрімен айналысатын тұлғалар  жөнінде айтылады.

        Қылмыстың арнайы субъектісі туралы мәселенің тарихында оны анықтау мен оның белгілерін бекіту тұрғысында әртүрлі пікірлер айтылған. Алайда бұл мәселе түпкілктік шешімін таппаған.

        Әрекет етуші құқықтың барлық  салалары немесе тек қылмыстық  құықық үшін лауазымды тұлғаның  ұғымы туралы пікірталас Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексін күшіне енгізгенге дейін жалғасты.

        Қылмыстық Кодексте лауазымды  тұлға және жауапты мемлекеттік  лауазымды атқаратын тұлға түсініктеріне  анықтама бере отырып Қазақстан заңшығаушылары өте дұрыс жасаған.

       «Лауазымды тұлға» түсінігі ҚК-тің  307 бабының І бөлімінің ескртуінде  былай бекітілген: тұрақты уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республиқасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасның басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды тұлғалар деп танылады. Сонымен қатар аталған баптың екінші бөлімінің ескертуінде: Мемлекеттің функцияларын және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Ресубликасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конситиуциялық және өзге де заңдарында белгіленетін қызметті атқаратын, сол сияқты мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметін атқаратын адамдар деп түсініледі.

        Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінде негізінен арнайы  субъектісі бар қылмыс құрамдарынан  тұратын екі тарау бөлініп берілген , олар лауазымдық және әскери қылмыстар туралы тараулар. Одан басқа ҚК-тің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарының диспозицияларында тікелей көрсетіледі немесе оның мазмұнынан арнайы субъектінің белгілері логикалық түрде анықталады. Олар берілген құрам үшін міндетті, қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі үшін факультативті болып табылады.

       Қылмыстың арнайы субъектісінің  белгілерін тиісті түрлік топтарға  бөлуге яғни оларды сыныптауға  болады. Н.Ф. Кузнецова бұл белгілерді  үш топқа бөледі: 1) субъектінің  арнайы ролін және құқықтық  жағдайын сипаттайтын белгілер (азаматтығы, тұлғаның лауазымдық жағдайы  кәсібі, қызмет түрі, атқаратын жұмысының  сипаты, әскери қызметке қатыстылығы,  сот порцессіне қатысуы, сотталуы  немес қамауға алынуы, сотталғандығы); 2) субъектінің жеке басының ерекшеліктері (жас мөлшері, жынысы, денсаулық жағдайы); 3)субъектінің жәбірленушімен арақатынасы (жәбірленуші және басқа тұлғалар мен туыстық, қызметтік және басқалай ара қатынастары)

         Кәсіби қылмыстылықтың төл тумасы  болып табылатын қылмыстың рецидивімен  күрес практикасы рецидивистерге  арнайы қылмыстық-құқылық шараларды  қолданбайынша оның тамырына балта шабылмайтындығын дәлелдеп отыр. Кәсіби және рецидивті қылмыс ұйымдасқан қылмыстылықтың қалыптасуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Осыған байланысты өмірдің өзі мемлекеттік билік органдарынан жауаптылық пен жазаны күшейтетін қылмыстық-құқылық нормаларды мемлекеттік шаралар ретінде енгізіп, жүзеге асыруды табанды түрде талап етіп отыр. Әрине бұл өз кезегінде қылмысты саралаудың теорясы мен практикасында белгілі бір күрделілікті туындатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ-4. Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы

        Қылмыстың субъективтік жағы  кінә, ниет және мақсаттан тұрады. Жекелеген ғалымдар оның құрамына  эмоцияларды да жатқызады алайда  олар оны кінәнің мазмұнына  кіргізеді.

        Жалпы қалыптасқан пікір бойынша  қылмыстың субъективтік жағын  қылмыстың кінәнің нақты нысанымен, ниет және мақсатымен сипатталатын тұлғаның жасаған қылмысқа деген психикалық қатынасы ретінде бағаланады.

        Қылмыстың субъективтік жағының  белгілері негізгі (міндетті) және  факультативті (қосымша) болып  бөлінеді. Олардың біріншісіне кінә, дәлірек айтқанда оның қасақаналық  және абайсыздық формалары жатқызылады.  Нақты жағдайда бұл қасақаналық  немесе абайсыздық (тиісінше олардың  тікелей және жанама, менмендік  және немқұрайдық түрлері) жасалған  қылмыстың мәнісі мен сипатына  тәуелді түрде қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кез-келген құрамда орын алады. Қазақстанның ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарының диспозицияларында олар жиі көрсетілмегенімен. Мысалы, 157 бап – Басқыншылық соғысты тұтындыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру; 241 бап – Жаппай тәртіпсіздіктер, 177 бап Алаяқтық 120 бап – Зорлау, 312 бап – Пара беру.

Информация о работе Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау