Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 22:07, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі. Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
Тарау I. Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысты саралаудың түсінігі........................................................8
Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі............17
Тарау ІІ. Қылмыс құрамының жекелеген элементтері бойынша қылмысты саралау.
Қылмыс объектісінің түсінігі және оның қылмысты саралаудағы рөлі.......................................................................................................30
Қылмыстың объективтік жағының түсінгі және қылмысты саралау.................................................................................................37
Қылмыс субъектісі, арнайы субъектісі бар қылмысты саралау.....44
Кінә нысандарының және қылмыстың субьективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы.......................................54
Тарау ІІІ. Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау.
Қылмысқа қатысушылық түсінігі....................................................62
Нормалар бәсекелестігі ұғымы және қылмысты саралау.............70

Қортынды.............................................................................................................74
Сілтемелер............................................................................................................76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Құқық реферат.docx

— 120.40 Кб (Скачать)

    Қылмыстық заң нормаларының бәсекелстігі құқық теориясы және практикасының дербес институты ретінде оларды тергеу және тиісті соттың істерді тексеру барысында қолдануда белгілі бір қиындықтарды туындатады. Бұлардың бастауы қылмыстық-құқылық нормалардың құрастырылуының өзінде: жалпылама тұжырымдар және ҚК-тің баптарының диспозицияларын нақтылауда олардың бекітулері мен талаптарынан. Сондықтан қылмыстық заң нормаларын жасақтаушылар мен құрастырушыларға заңшығарушы тарапынан қойылатын талаптар өсе түседі. Олардың құқықшығармашылық қызметі барынша күрделі, тергеу және сот практикасын мұқият зерттеуді, жоғарғы деңгейдегі жалпы және арнайы теоретикалық дайындықты, құқық, юриспруденция өрісіндегі білімді талап етеді.

       Қылмыстық-құқылық нормалар бәсекелестігі  дегеніміз бір қылмыстың ҚК-тің  Ерекше бөліміндегі екі немесе  одан да көп қылмыстардың белгілеріне  сай келуі болып табылады, яғни  ол қылмыс бір мезгілде бірнеше  әрекет етуші норманың диспозицияларымен  қамтылады.

      Аталған бәсекелестікті бір құқыққа  қайшы әрекеттің бірдей шамада  жазаланушылығын қарастыратын екі  немесе одан да көп қылмыстық  заңның бар болуы ретінде анықтауға  болады.

      Мысал ретінде төмендегіні келтіре  кетейік, адамдар тобымен алдын  ала сөз байласу арқылы жасалған  ұрлық (п «а». бөлім 2. бап. 175 ҚК) және ұйымдасқан топпен жасалған қылмыс. Немесе «Лауазымдық өкілеттіктерін

теріс пайдалану» (ҚК-тің 307 бабы) және «Қызметтік жалғандық» (ҚК-тің 314 бабы). Бұл жерде лауазымды тұлға өзінің қызметтік жағдайын қасақана қызмет мүдделеріне қарсы пайдалануды мүмкін. Оның әрекеттері жеке мүдделілікпен, пайдакүнемдік мақсатта жасалып және мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Зиян келтіру ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу жасымен жасалады. Тергеушінің және соттың міндеті бәсекелестіктегі қылмыстық-құқылық нормалардың біреуін дұрыс таңдап алу. Яғни іс-әрекетті саралау, жасалған қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің әлеуметтік және құқықтық табиғатын барынша дәл көрсететін ҚК-тің Ерекше бөлімінің тек бір бабы арқылы жасалуы тиіс.

        Қылмыстық-құқықтық нормалардың  бәсекелестігі құқықтық құбылыс ретінде белгілі бір шамадағы күрделі құрылымды білдіреді, бұл нормалардың органикалық байланысы, олардың бір-біріне тәуелділігі ҚК-тің әртүрлі баптарында жазылған бірдей қылмыстардың белгілерін қарастыруы олардың арасындағы ортақтық болады. Берілген фактіде айталық, олардың бірдейлігі ұқсастық болып табылады. Бірақ соңғысы және бұл басты, маңызды тіптен толық емес тек, норманың көлемі мен мазмұны бойынша жекелеген ұқсастық болып табылады. Олардың айырмашылығы да осыдан көрінеді.

      Көрсетілген параметрлар бойынша  жекелеген авторлар нормалар  бәсекелестігінің екі негізгі  түрін айырып көрсетеді. Бұл  түрлер нормалардың көлемі мазмұны  бойынша айырмашылықтарына сайлықты. Өзге авторлар бәсекелестіктің  үш түрін ажыратып көрсетеді:  а) жалпы және арнайы нормалардың;  б) арнайы нормалардың; в) бөлшектің  және бүтіннің. Б.А. Куриновтың  пікірінше екі түрі барынша  айқын көрінеді: 1) жалпы және арнайы  нормалардың бәсекелестігі; 2) арнайы нормалардың бәсекелестігі.

       Егер арнайы нормалардың бәсекелестігін  ұғынуда қиындық болмаса ал жалпы және арнайы норнмалардың бәсекелестігінде бұл кездеседі. Мысалы нормалардың объектісі тұрғасынан бұл бәсекелестік бір норманың өзінің көлемі бойынша іс-әрекеттердің айта қаларлықтай кең шеңберін қарастырса басқа норма – тек олардың бөлігін қарастырады. Норманың мазмұны тұрғысынан бәсекелестіктің берілген түрі олардың өздерінің мазмұны бойынша айырмашылығына байланысты. Жоғарыда келтірілген лауазымдық қылмысқа байланысты мысалдағы деликт «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану» ҚК-тің 307 бабы жалпы норма болып табылады (лауазымдық қылмыстың түсінігі беріледі) ал ҚК-тің 314 бабы «Қызметтік жалғандық жасау»-арнаулы норма ( лауазымдық жалғандықтың белгілері көрсетіледі). Лауазымдық жалғандық – бұл да лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады, бірақ оның жеке жағдайы.

       Нормалардың мазмұны бойынша  айырмашылығының мысалы ретінде  «Қарақшылық» үшін жауапкершілікті  қарастыратын бап (ҚК 179 б.) және 103 бап. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» атауға болады. Бірінші қылмыстық-құқықтық норма өзінің мазмұны бойынша толығырақ. Ол тек адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті денеге зиян келтірулерді қамтып ғана қоймайды сонымен қатар берілген қылмыстың басқада белгілерін де кірістіреді. Ал екінші норма ҚК-тің 103 бабы бұл белгілерді бермейді.

       Ендеше жалпы және арнайы нормалардың  бәсекелестігінде олардың көлемі  бойынша айырмашылығы логикалық  бағыныстылығы мен нақтылануынан  көрініс табады.

       Әрекет етуші заңнама жалпы  және арнаулы нормалардың бәсекелестігі барысындағы қылмысты саралау ережесін бекітеді (ҚК-12 бап. 3бөлім) мысалы, ҚК-тің 228 бабы «Өкілеттіктерді теріс пайдалану» және арнайы норма (ҚК 231 бабы) «Комерциялық сатып алу». Аталған жағдайда арнайы норма қолданылады. Берілген қоғамдық қауіпті әрекет онымен тікелей қарастырылған. Жалпы норма – топтық құрам арнайы нормамен қамтылмайтын болуы мүмкін әлеуметтік-қолайсыз құқық бұзушылықтар үшін бөлек сақталып қойылғандай болады. Соңғысы өз кезегінде жалпы норманың барлық белгілеріне ие болып сонымен қатар өзіндік ерекше белгілерді де кірістіреді. Тек солар ғана арнайы норманы жалпы нормадан ажыратып көрсетеді. Тергеу және сот органдарының практикасы, жалпы нормамен бәсекелестіктегі арнайы норманың басымдығы туралы ғылыми кеңестердің дұрыстығын толық дәлелдеп отыр.

       Нормалардың осындай бәсекелестігі  кезінде мынадай құқықтық жағдай  қалыптасуы мүмкін: бір қылмыстың екі түрлі құрамының арасындағы бәсекелестік. Олар ҚК-тің бір бабының әр түрлі бөлімдерінде немесе пунктерінде көрсетілуі мүмкін. Бұл айтылғандар құрамының негізгі және сараланған түрлері арасындағы бәсекелестіктен басқа ешнәрсе емес. Мысалы 181 баптың 1 бөлімі «Қорқытып алушылық» оның негізгі құрамын қарастырады, ал 2 бөлімі сараланған (күш қолданумен жасалған қорқытып алушылық). Ол арнайы норма болып  табылғандықтан оған басымдық беріледі.

       Құрамының бірнеше басымдық берілген  түрлері арасындағы бәсекелестік  болуы мүмкін.

       Мысалы ҚК-тің 181 бабының 2 бөлімі  аталған баптың 3 бөлімімен бәсекелеседі  «ұйымдасқан топпен немесе жәбірленушінің  денсаулығына ауыр зардап келтірумен  жасалған қорқытып алушылық».  Бұл жерде ауырырақ сараланған  белгі жеңілірек сараланған белгіні сіңіруіне байланысты 181 баптың 3 бөлімі қолданылады.

      Арнайы қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінің барысында қатысты бұл құқықтық жағдайда жазылған ереже әрекет етеді. Яғни жеңілірек қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын нормаға басымдық беріледі. Ол ереже Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық – іс жүргізу заңнамасының жалпы принциптеріне атап айтқанда заңдылық, әділеттік және ізгілікке негізделеді.

      Қазақстан заңшығарушысы Қылмыстық кодексте қылмыстың жиынтығын қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігінен айырып көрсеткен. Бұның негізінде арнайы норма жатқызылады және оның маңызын бекітеді. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық ҚК-тің Ерекше бөлімінің арнайы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

      Қылмыстық-құқылық нормалардың бәсекелестігі  барысында Қылмыстық кодексті  дұрыс қолдану тек төмендегі  шарттар орындалғанда ғана мүмкін  болады. 1) Жасалған іс-әрекетті оның  мазмұнын және белгілерін терең  зерттегенде. 2) ҚК-тің Ерекше және  Жалпы бөлімдері баптарының жүйесін  білу. 3) Әрекет етуші заңнаманы  терең түсініп меңгеру. 
 

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы. 
 

      Біз «Қылмыс құрамы саралаудың  заңды негізі» атты тақырыпқа жазылған дипломдық жұмысымызды қортындылаудан бұрын аталған тақырыптың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы және қылмыстылықпен күрестегі маңызын атап өтуді жөн санаймыз. Жұмысты орындау барысында біз қылмыс құрамының қылмысты саралауда негізгі маңызға ие болатындығына көз жеткіздік. Қылмыс құрамы заңшығарушымен қылмыстық-құқылық нормада бекітілген негізгі белгілерден құрала отырып өз кезегінде қандай іс-әрекеттің қылмыстық жауаптылықты туындататындығын және нақты қандай түрдегі немесе қылмыстың қай түріне жатқызылатындағын айқын көрсетеді. Қылмыс құрамының құқық қолдану практикасында шешуші маңызға ие болатындығын анық байқауға болады әрине біз бұл жерде құқық қолдану ретінде тек қылмыстық заңнаманы қолдану жөнінде әңгіме етіп отырғанымызды еске сала кетудің артығы болмас.

      Әрине берілген жұмыс қылмысты  саралаудың барлық кешенді проблемаларын  толықтай ашып, олардың практикалық  шешімін табудың жолдарын көрсетеді  деп санай алмаймыз. Жұмысты орындау  барысында жалпы жұмысымыздың  мазмұнында біз қылмысты саралаудың  құқық қолданушылық қызметінде  ерекше орын алатындағын яғни  құқықтық нормаларды қолданудың  көптеген басқа түрлерін жүзеге  асыру үшін алғы шарт болып  табылатындығын атап көрсеттік.

       Қылмысты саралау дегеніміз жасалған  іс-әрекет белгілерінің қылмыстық  заңда қарастырылған белгілі  бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін  тиісті процессуалдық актіде  анықтау және бектіу болып  табылады.

       Қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие екендігін төмендегідей мысалдан байқауға болады. М. Деген азамат өзінің әйелінің төсекте ашынасымен жатқан жерінен үстінен шығып әйелін ерекше қатігездікпен өлтірген. Тергеу органдары оның әрекеттерін ҚК-тің 96 бабының 2 бөлімі «д» пункітімен саралаған ал сот онымен келісіп 12 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындаған алайда кіәлінің әрекетінде жан күйзелісі жағдайы болғандығын атап өткен. Жоғарғы сатыдағы сот кінәлінің әрекетін 98 баптың 2 бөлімімен қайта саралап оған осы бап бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Осы мысалдан қылмысты дұрыс саралаудың әділеттілік, заңдылық үшін, адамдардың тағдыры үшін қандай маңызға ие екендігін түсінуге болады.

       Жұмысымыздың қортындысында қылмысты  саралаудағы қылмыс құрамының негізгі мәселелерінің жоғарыда өзіміз атап көрсеткендей болып табылатынын оның мазмұны негізінен «Қылмыс құрамы» ілімін тереңдетуге бағытталғанын, тергеу мен соттық қызметіндегі оның маңызын атап өтуге тиіспіз. Қылмыстық құқықтың әлдеқандай институттарын жақсы меңгеру негізінде ғана практиканың тиісті мәселелерін оның ішінде оперативтік – тергеу қызметінің қортындысы болып табылатын қылмысты саралауды да дұрыс шешуге мүмкіндік пайда болады. Қылмысты дұрыс саралаудың әділсоттылық үшін қандай маңызға ие болатындығын тағыда атап көрсете отырып, біз қылмысты саралаудың заңды негізі болып табылатын қылмыс құрамының осы орайда шешуші маңызға ие болатындығына назар аударамыз.

       Қылмысты дұрыс саралаудың әрекет  ететін заңнамаға қатаң түрдегі  сәкестікте жүргізілуі, қоғамдағы  әділеттікті қамтамасыз етуге,  адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын сақтап, қорғауға  қылмыстылықпен күресте тиісті  жетістіктерге қол жеткізуге  мүмкіндік беретін бірден-бір  жол.

      Егер осы жұмысты орындау барысында  қылмысты саралаудың негізгі теоретикалық мәселелерін ашып оның барысындағы қылмыс құрамының қылмысты саралаудың заңды негізі ретіндегі маңызына терең талдау жасай алса  автор өзінің алдына қойған міндеттерін орындалды деп санайды.  
 
 
 

                                     Сілтемелер 

1 Куринов  Б.А. Научные основы кваликфикаций  преступлений. МГУ, 1976, 4 б.

2 Кудрявцев  В.Н. Теоретические основы квалификаций  преступлений. М., 1963, 3-4. б.

3 Сергиевский  В., Рахметов С. Квалифакация преступлений  – Алматы: Өркениет, 1999, 8 б.

4 Кудрявцев  В.Н. Теоретические основы квалификаций  преступлений. М., 1963, 6. б

5 Куринов  Б.А. Научные основы квалификаций. МГУ. 1976, 12. б.

6 Сергиевский  В., Рахметов С. Квалификация преступлений  – Алматы: Өркениет, 1999. 9. б.

7 Сергиевский  В., Рахметов С. Аталған еңбек. 10 б

8 Уголовное  право. Особенная часть: Учебник  (Под ред. д. ю н. Проф. Н.  И. Ветрова и д. ю н. Проф. Ю.И. Ляпунова – М.: Новый Юрист,) 1998. 22 б

9 Кудрявцев  В.Н. Аталған еңбек 16 б

10 Сериевский  В., Рахметов С. Аталған еңбек  13 б.

11 Куринов  Б.А. Научные основы квалификаций  преступлений МГУ, 1976. 10 б.

12 Бұл  да сонда 67 б.

13 Советское  уголовное право. Общая часть.  М., «Юрид. Лит.», 1977. 105 б.

14 Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений М., «Юристь», 2001. 57б.

15 Уголовное право. Часть Общая. Т. 1. Уголовный закон. М., 1970. 181 б.

16 Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М., 1957. 60 б.

17 Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М., 1963. 94

18. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. М., 2001. 59 б.

19. Бұл да сонда.

20. Пионтковский. А.А. Учение о преступлении. М., 1961. 115 б.

21. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. М., 2001. 61 б.

Информация о работе Қатысушылықпен жасалған қылмыстарды және қылмысты-құқылық нормалардың бәсекелестігі барысында қылмысты саралау